Микробиологиялық зертхана. Микроскоптар


Биологиялық (биосынақ) тәсіл



бет4/46
Дата23.12.2022
өлшемі2,43 Mb.
#59161
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Биологиялық (биосынақ) тәсіл — сезімтал лабораториялық жануарлардың микроорганизмдерге сезімталдығына негізделген. Ол үшін жануарлардың жасын, салмағын, түрін ескере отырып микробтың таза дақылымен немесе алынған зерттелінетін материалдың өзімен жарақаттайды. Бұл тәсілде, жасанды қоректік ортада өспейтін патогенді микроорганизмнің таза дақылын бөліп алуға және оның патогенділігі мен вируленттілік дәрежесін анықтауға болады.
Иммунологиялық — (тері-аллергиялық, серологиялық) т ә с і л д е р — серологиялық дигностикасы және жасушалық (Т-жүйесі) және гуморальдық (В-жүйесі) иммунитетке баға беру тәсілдері және тері-аллергиялық сынақ (диагностика) жатады.
Серологиялық диагностикада науқас адамның қан сарысуында арнайы антиденелердің түзілуі мен ауру барысында жиналуына негізделінген. Серологиялық зерттеу әдісі вирусты ауруларға диагноз қоюда кең қолданады (себебі, ағзасында вирусқа қарсы көптеген антиденелер түзіледі), және вирустың таза дақылын бөліп алудың қиындығына байланысты серологиялық зерттеу әдісін қолдану қолайлы және эпидемиологиялық анализде ифекциялық ауруларды анықтауда маңызы өте зор.
Қалыпты жағдайда сау адам ағзасының стерильды болып келетін сұйықтықтарынан микроағзалардың бөлінбеуі.
Зерттеуге арналған материалда, әсіресе дисбактериоз кезінде, шартты-патогенді микроағзалардың өте көп бөлінуі.
Науқастан алынған материалдан бір түрге жататын микроағзалардың қайта-қайта бөлінуі.
Әртүрлі материалдаң ұқсас шартты-патогенді микроағзалардың бөлінуі.
Белгілі бір процесстің қоздырғышы болып есептелетін микроағзалардың шартты-патогенді микроағзалармен салыстырғанда жұп қан сарысуында антидененің титрінің еселеп өсуі.
Шартты-патогенді микроағзалармен жасалған аллергендерге науқаста тері-аллергиялық сынақтың оң болуы.
Госпитальды инфекция кезінде науқастан алынған материалдардан ұқсас микроағзаның дақылының бөлінуі.
Қолды гигиеналық деңгейде тазарту.
Мақсаты: транзиторлық микрофлораны кетіру немесе жою. Наукастың және медициналық қызметкердің жұқпалық кауіпсіздігін қамтамасыз ету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет