Микробиологиялық зертхана. Микроскоптар



бет5/46
Дата23.12.2022
өлшемі2,43 Mb.
#59161
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Қолдану көрсетілімдері: инвазивті емшараларды орындар алдында және орындаған соң, қолғаптарды кию алдында және шешкеннен соң, организмнің биологиялық сұйықтықтармен жанасқаннан соң және мүмкін болатын микробтық ластанудан кейін, иммунитеті төмендеген науқасқа күтім жүргізер алдында.
Дайындаңыз: бір рет қолдануға арналған мөлшерленген сұйық сабынды, тері антисептигін, секундтық тілі бар сағатты, жылы ағынды суды, қағаз сүлгіні, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Қолдың саусақтарынан сақинаны, жүзікті, сағатты және тағы да басқа әшекей-бұйымдарды шешіңіз.

  2. Қол терісінің бүтіндігін тексеріңіз.

  3. Халаттың жеңдерін білектің 2/3 бөлігне дейін қайырып ораңыз.

  4. Қағаз салфеткалар көмегімен су шүмекті ашып, судың температурасын (35°-40°С) реттеңіз. Ол шүмекте орналасқан микроорганизмдермен қолдың жанасуын қорғайды.

  5. Жылы судың жайлы орташа ағымы астында қолды білектің 2/3 бөлігіне дейін сабындап, жуыңыз:алақанды алақанмен;сол қолдың сыртқы жақ бетін оң алақанымен және керісінше;

алақанды алақанмен, бір қолдың саусақтары екінші қолдың саусақтары арасында; оң қолдың саусақтарының сыртқы беті сол қолдың алақаны бойынша және керісінше; үлкен саусақтарды айналмалы қозғалыспен үйкелеңіз; сол қолдың саусақтарының ұшын бірге жинастырып, оң алақанға айналмалы қозғалыспен және керісінше.
Әрбір іс-қимыл 5 реттен кем емес 10 секунд бойы қайталанады.

  1. Қолыңызды ағынды жылы судың астында сабын толық кеткенше шайыңыз.

  2. Шүмекті қолыңыздың оң немесе сол шынтағымен жабыңыз.

  3. Қолыңызды қағаз сүлгімен құрғатыңыз. Егер де шынтақты шүмек болмаса, онда кранды қағаз сүлгі көмегімен жабыңыз.

Ескерту:
Қолды гигиеналық деңгейде жууға қажетті жағдай болмағанда, оларды антисептик көмегімен тазартуға болады;
Микроскоптар мен микроскопия. Микроскоп – микробтарды зерттеуге арналған оптикалық құрал. Микроскопия – микроорганизмдердің морфологиялық ерекшеліктерін, тинкториалдық қасиеттерін (әр түрлі бояуларға, бояу әдістеріне қатынасы), құрылымын (ұрық, капсула), жылжымалығын зерттеуге арналған құрал.Микроскопия оптикалық құралдардың көмегімен жарық, люминесцентті немесе электронды микроскоптардың көмегімен іске асады. Жарық микроскоптары механикалық және оптикалық бөлімнен тұрады. Механикалық бөлімге штатив, зат үстелі, тубус, айналмалы диск (револьвер), макрометрлік және микрометрлік бұрағыштар жатады. Зат үстелінің ортасында жарық беретін саңылауы болады. Зат үстелінің бүйіріндегі бұрандалар оның оңға-солға жылжуын қамтамасыз етеді, ал клеммалар зат шынысын (препаратты) бекітуге арналған. Тубус штатив бағанасының жоғарғы бөлімінде орналасқан. Микрометрлік бұрағыш микроскопия кезінде өте қысқа қашықтыққа қозғайтын қозғалысты қамтамасыз етеді. Микрометрлік бұрағыштың толық бір айналымы тубусты 0,1 мм-ге жылжытады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет