Cu2+ концентрациясын дəл анықтау үшін құтыдағы сүзілген ерітіндіге жəне бір бос құты алып, бастапқы ерітіндіден 10 мл құйып (CuSO4 · 5 H2O), əрбір құтыға (5 мл) тамшдырмен
5 тамшы концентрлі аммиак ерітіндісін құйыңыз.
Алынған ерітіндінің түстерін алғашқы 3 құтыдағы ерітіндімен салыстырыңыз.
Берілген адсорбент қайсысы мыс ионын тазалауға əлдеқайда тиімді екеніне қорытынды жасаңыз.
Жұмысты қорытындылап төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. 1. Табиғи сулардың құрамына кіретін химиялық заттар қандай топтарға бөлінеді.
2. Табиғи сулардың минералдануы дегеніміз не?
3. Табиғи суларға түсетін ластағыш металдың негізгі
көздері қандай?
№10 лабораторная работа
Қаланың əртүрлі аймақтарында өсетін ағаштардың жапырақтарындағы қорғасынды анықтау Жұмыстың мақсаты. Қаланың əртүрлі аймақтарында өсетін ағаштардың жапырақтарындағы қорғасынды анықтау. Алынған нəтижелерді салыстыру, ластанудың көздері туралы болжаулар айту.
Əдістің принципі. Қышқылмен өндеуден кейін өсімдік жапырақтарындағы қорғасынның мөлшерін атомдық-абсорбциялық спектромет-
Жұмыс барысы 1. Кептірілмеген өсімдік материалын кептіргіш шкафта 30-40-та майдалап, одан 0,2 г өлшеп алу.
2. Өлшенген массаны 300 мл-лік Кельдаль құтысында ылғалды күлсіздендіру əдісімен ыдыратады. Ол үшін зерттелетін үлгіге 1:1 арақатынаста күкірт жəне азот қышқылы құйылып (1 мл күкірт жəне 1 мл азот қышқылы), абайлап, қайнауға жеткізбей толық тотыққанға дейін (қоңыр түсті азот оксидтері бөлініп біткенше) қыздырады.
3. Құтының ішіндегі қоспаны түгел, дистилляцияланған сумен сұйылтып алып, 25 мл-лік өлшеуіш құтыға құяды. Тотығу процесі аяқталғаннан кейін біраз ерімейтін силикаттар қалатындықтан алынған ерітіндіні өлшеуіш құтыға құйған кезде сүзу қажет.
4. Қорғасынның мөлшерін абсорбциялық əдіспен анықтау үшін құтыны лаборантқа өткізу қажет.
5. Алынған диаграмма бойынша калибрлік график салу, зерттелген ерітіндідегі қорғасынның мөлшерін есептеу. Қорғасынның мөлшерін кептірілген құрғақ өсімдіктік материалының
массасының бірлігіне шағып есептеу.
Жұмысты тапсыру үшін: калибрлік график сызу, қорғасының мөшерін есептеулері, алған нəтижені топтағы басқа студенттердің нəтижелерімен салыстыру қорытындысы.
Мынадай сұрақтарға жазбаша жауаптар беріңіз:
а) сіздің пікіріңіз бойынша өсімдіктердің жапырақтарына қорғасын қайдан келеді?
ə) өсімдіктердегі қорғасынның мөлшері сынама алған ауданға тəуелді ме?
б) жапырақтардағы қорғасынның миграциялануының мүмкін жолдарын айтыңыз.