Микрокомпоненттерді анықтау үшін сынама алу ережелері


Сусындар құрамындағы күкіртті анықтау



бет12/15
Дата02.12.2022
өлшемі102,28 Kb.
#54418
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
лаб, каз ХЭ

Сусындар құрамындағы күкіртті анықтау
Жұмыстың мақсаты
Сусындардағы, жасанды бояғыштардың құрамындағы күкіртті анықтау.
Əдістің принципі.
Күкірт диоксидінің мөлшерін иодпен əрекеттесу реакциясы арқылы анықтайды:
SO􀬶 􀵅 J􀬶 􀵅 H􀬶O → SO􀬷 􀵅 2J􀬿 􀵅 2H􀬾
Жұмыс барысы
1. Конустық құтыға 100 мл газсыздандырылған сусыннан 100 мл құйып алып, осыған 5 мл 2М NaOH ерітіндісін қосып, 30 минут уақытқа қою.
2. Құтыға жаңадан дайындалған крахмал 1 мл ерітіндісін, 10 мл 2M H2SO4 eрітіндісін қосып, 0,001 йод ерітіндісімен кетпейтін көк түс пайда болғанша бірден титрлеу.
3. Күкірт диоксидінің концентрациясын сусынның 1 л-не шағып, миллиграммен есептеу.
Жұмысты тапсыру үшін есептеудің нəтижесін топтағы басқа студенттердің сусындармен салыстырып:
Жасанды бояғыш заттар қандай тағамдарда қолданылады? - деген сұраққа жазбаша жауап дайындау.
13 лабораторная работа
Кейбір тамақ өнімдерінің құрамын талдау.
Көкөніс құрамындағы темірді (Ғе) анықтау
Бейорганикалық минералдық қоспалар тамақ өнімдерінің маңызды компоненттерінің бірі минералдық заттар организмнің құрылымдық элементтерінің құрамына кіреді, Мыс: тері,
тырнақ, сүйек, ферменттердің функциясын орындау үшін жəне жүрек, бүйрек, бұлшық ет, ми сияқты маңызды ағзалардың жұмысын қамтамасыз етеуде үлкен орын алады. Минералды
заттарды ыңғайлы болу үшін:
1) макроэлементтер (көп мөлшерде кездесетіндер);
2) микроэлементтер (өте аз мөлшерде болатындар), деп екі үлкен топқа бөледі.
Əрбір ересек адамның денесінде əрбір микроэлементтерден 3-4 г болады. Адам ағзасында 60-75 элемент бар. Осындай аз мөлшеріне қарамай микроэлементтердің кез келгені шектеуші факторлар болуы мүмкін.
Темір организмдегі ауыстырылмайтын элементтер мен зат құрамына кіреді. Белоктың (ақуыздың) құрам бөлігі болып табылады. Темір жетіспеуінен организмде жылдам шаршау, анемия аурулары дамиды. Темір тамақтың құрамында Ғе2+, Ғе3+ түрінде кездеседі. Ғе2+ ионы Ғе3+-ке қарағанда, ащы ішек қабырғасына оңай сіңіп, темір жетіспеушілігін организмде қамтамасыз етеді. Жұмыстағы таңдау əдісі өте сезімтал реакцияға негізделген, ол Ғе3+ аммоний радонидінің ақшыл-қызыл
түске боялған ерітіндіге айналымен байқалады. Тəжірибе барысында темірі бар сынама құрамындағы Ғе2+ толық Ғе3+ айналуы қамтамасыз етіледі. Түстің қоюлығы сынамадағы Ғе3+
концентрациямен анықталады. Анықтау кезінде кедергі келтіретін органикалық заттарды жою үшін тамақ өнімдерінің сынамасы жоғары температурада қыздырылады. Органикалық
заттар күйіп (СО2 жəне Н2О буланып), минералды тұздар, темір тұздары күлдің ішінде қалады. Оны тұз қышқылында еріту нəтижесінде Ғе3+ тиоцианат комплексті қызыл түсті ерітіндісі түзіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет