Əдістің принципі. Йодтың күкіртті газбен йод сутекке дейін тотықсыздануына
негізделген.
J2+ H2O + SO2= SO3 + 2HJ.
Зертханадағы хлорды анықтау Құрал-жабдықтар: 1) индикатор түтік, 2) аспиратор.
а) реактивтер, №1-ерітінді реактиві, 2) индикатор ұнтағы.
№1 реактивін дайындау. 30 г калий бромидімен 1г калий карбонатын 100 мл дистилденген суда ерітіп, оған 0,1 г флуоресцеин (алдын ала 1 мл 10 % калий гидроксидінде ерітілген) қосылады.
ə) Ұнтақ индикатор: Сликогельдің 1 г сынамасына 1,2 мл келетіндей №1 реактивпен өңдеп, 30 минут кептіргіш шкафта кептіру. Индикатор түтігі №1-реактив сіңірілген сликогель ауадағы хлорды сіңіруі нəтижесінде хлордың концентрациясына сəйкес қызыл түске бояла бастайды. Тəсілдің сезгіштігі – 0,002 мг/л. Бромидтерден бромды ығыстырушы заттар кедергі жасайды.
Анықтау барысы: дайындалған ұнтақ салынған индикатор түтік арқылы аспиратордың көмегімен 300 см3 ауа сорып алынады. Қызыл түстің байқалуы ауада хлор ионының бар екенін көрсетеді.
2) Индикатор қағаз көмегімен анықтау Құрал-жабдықтар: Сүзгі қағаз жолақтары.
Реактивтер; № 2-реактив ерітіндісі.
№2-реактивін дайындау. 30г калий бромиді (KBr), 2 г калий карбонаты (К2СО3) 10 мл глицериннің 250 мл судағы ерітіндісіне 0,2 г флуоресцеин ерітіндісін қосып (0,2 г флуоресцеин 2 мл 10 % КОН немесе NаOH ерітіндісінде ерітіп) дайындалады. Алынған ерітіндіден сүзгі жолақтарына сіңдіріп таза ауада кептіру. Флуоресцеиннің калий бромиді негізіндегі сүзгі қағаз
хлормен жанасқанда, сары түске боялады. Хлор концентрациясы 0,03 мг/л болғанда, күлгін түс бірнеше секундтан кейін-ақ байқалады.
3) Йодты крахмал қағазымен анықтау Құрал-жабдықтар: Сүзгі қағаз жолақтары .
Реактивтер; 0,2 % крахмал ерітіндісі 0,5 Калий йодидінің ерітіндісі
Индикатор ерітіндісін дайындау. Сүзгі қағаз жолақтары. 5%-дық калий йодиді жəне 0,2 % крахмал ерітіндісімен сіңіріліп, ауада кептіріледі. Түстері ақ болуы керек. Реакция хлордың калий иодидіндегі йодты ығыстырып шығаруының көк түстің бөлінген йодтың крахмалмен əрекеттесуі нəтижесінде көрінуінен байқалады (немесе қара түс). Хлордың концентрациясы 0,0014 мг/л болғанда 10 минутта түсі байқалады. Бром оксиді мен басқа тотықтырғыштар анықтауға кедерге келтіреді.