б) нитрат иондарын анықтау. 2-3 мл топырақтың сулы суырымдысынан алып, үстіне тамшылатып дифениламиннің күкірт қышқылындағы ерітіндісінен қосады. Ерітіндіде нитрат иондары болса, ол көк түске
боялады.
№9 лабораторная работа Қоршаған ортаны ластайтын заттарды анықтау а) Ауыр металдар иондарының судағы организмдерге əсері Жұмыс мақсаты 1. Биотестілеу əдісінің принциптерімен танысу.
2. Табылуы оңай объекттерге қарапайым статикалық эксперимент жасау.
3. Аралығы 2 жəне 24 сағат уақыт үшін LС50 мəнін __________есептеу.
Əдістің принципі. Қоршаған ортаның ластану дəрежесін зерттейтін əдістердің бірі – биотестілеу немесе ластаушы заттардың тірі организмдерге əсерін зерттеу. Тестердің негізгі екі түрі жиі қолданылады:
1) сублеталдық, бұларға белгі беретін факторлар: қанның құрамы, қайталап өндірудің интенсивтілігі, өсудегі өзгерістер, т.б.
2) летальдық, мұнда қауіпті жағдайлар туралы тестілейтін объектілердің өлуін негізге алады. Тестінің екінші түрі экспрестік болып табылады, оның нəтижелері бірнеше күнде шығады.
Тестілеу объектілері болып кез келген өсімдік немесе жануарлар организмдері қызмет ете алады.
Сулы ортада көбінесе, балдырларды (хлорелла), дафнийлерді, артемий, кейбір моллюскілерді қолдана отырып, биотестілеу өткізеді.
Токсиканттардың гидробионттарға əсері ластанушы заттың концентрациясына ғана емес, басқа да факторларға: гидробионттың жас мөлшеріне, жынысына, өлшеміне, физикалық күйіне
тəуелді екенін есте сақтаған жөн. Мүмкіндік болса, салыстыруға келетін деректер бар түрлерді таңдап алу қажет. Ластанудың мөлшерлік көрсеткіштері ретінде LC50 немесе LD50 белгілері
қолданылады.