Микрокомпоненттерді анықтау үшін сынама алу ережелері



бет9/15
Дата02.12.2022
өлшемі102,28 Kb.
#54418
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Байланысты:
лаб, каз ХЭ

Жұмыс барысы
1. Ауыр метал тұзының ерітінділерін дайындау (оқытушының айтуы бойынша). Ерітінділердің концентрациялары металл катионы бойынша есептегенде 1; 2; 3; 4; 8; 10 мг/л болсын.
2. 6 Петри табақшалары (химиялық стакандарды қолданса да болады) мұқият жуып дайындау. Ыдыстың бесеуіне дайындалған ерітінділер, ал алтыншысына дистилляцияланған су құю.
Əрбір ыдысқа өлшемдері бірдей екі зерттелуге арналған тірі организмнен екеуін салу керек. Жарты сағат бақылаудан кейін, жағымсыз өзгерісті байқатқан тірі организмді ауыстыру.
3. Уақыттың белгілі бір аралығында (15 минут; 0,5; 1; 2; 24 сағат) əрбір ыдыстағы өлімді байқап жазып алу. Идеалды вариантта концентрацияның бір мəні анықталу қажет. Концентрация осы мəннен жоғары болғанда, 100% өлім, ал төмен болғанда өлім жоқ болуы шарт. Алынған деректерді кестеге жазу.
Ескерту.Салыстыруға арналған ыдыста өлім болмауы шарт. Ондай болған жағдайда, тəжірибені қайталау қажет. Жоғарыда айтылған концентрацияның мəні табылмаған жағдайда тəжірибені қайталау қажет. Қайталаған тəжірибеде концентрацияның мəнін 5-20 есе артырады.
4. Уақыттың 2 жəне 24 сағат интервалындағы өлім болған түрлер үлесінің концентрацияға тəуелділігін график түрінде көрсету. График бойынша LC50 металдық концентрацияның
мəнін түрлердің 50%-ы үшін анықтау.
Жұмысты тапсыру үшін.
1. Экспериментальдық нəтижелердің кестесі;
2. Деректердің графиктік интерпретациясы;
3. Уақыттың екі интервалы үшін LC50 мəні.
4. Мынадай сұрақтарға жазбаша жауаптар беріңіз:
а) LC50 жəне LD50 деген не?
ə) LC50 сіз алған мəнімен экспериментте пайдаланылған металдың шектік мөлшерлік концентрациясын (ШМК) салыстыру.
б) «Табалдырықтық», «леталдық концентрация» деген не?
Оны сіздің экспериментіңіздің нəтижесінде анықтауға бола ма?


б) Ағынды сулар құрамындағы Cu2+ ионын табиғи сорбенттермен тазалау
Ағынды сулардың құрамына мыс өндіруші химиялық өндіріс орындары, жасанды талшық фабрикасы ағынды суларын, ауылшаруашылық жəне басқа өндірістер ағынды суларын
кездестіруге болады. Концентрлі (1 мг/л 5 г/л) мыстың улылығы химиялық фон түріне қарай металдың кездесетін күйіне байланысты болады. Металдың күйінің өзгеруі оның улылығына
үлкен əсер етеді. Fe2O3 жəне табиғи сорбент бөлшектеріне адсорбцияланған металл гумин қышқылымен қапталған улылық қасиетін азайтады немесе жояды, өйткені жоғары адсорбциялық
ион алмастырғыш сүзгіштік қасиеті жəне арзандығы табиғи дисперстік минералдың қоршаған ортаны қорғауда кең қолдануға мүмкіндік береді. Табиғи сорбенттер құрамына қарай:
1. Дисперстік кремнеземдер (аморфты кремний диоксиді);
2. Қабатталған таспа жəне қабатталған минералдар (тальк);
3. Құрылымдық силикаттар болып үш үлкен топқа бөлінеді.
Cu2+ ионының ШМК концентрациясының мөлшері 1 мг/л.
Жұмыс барысы.
1) 3-50 жəне 100 мл-лік стакан алып, əрқайсысына
CuSO4 · 5 H2O құйыңыз.
2) 1 стаканға – таразыда өлшеп, 0,5 г келіде үгітілген табиғи сорбент қосыңыз.
3) стаканға дəл сондай мөлшерде тальк қосыңыз.
4) стаканға 0,5 г ұнтақталған бор қосыңыз.
5) Қарқынды түрде 1 минут араластырыңыз. Алынған ерітіндіні құйып алып, центрифугада тұнбадан бөліңіз.
6) Центрифугадағы ерітіндіні бөлек құтыға 25-50 мл сүзіңіз.
7) Əмбебеп рН қағазын мен əрбір ерітіндінің рН анықтаңыз.
8) рН өзгерген ерітінділерді белгілеңіз. Ол немен байланысты?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет