Микрокомпоненттерді анықтау үшін сынама алу ережелері


-вариант. Қажет құралдар: ұсақ поралы сүзгі, насос, 5х7,5 см өлшемді шыны пластинкалар, микроскоп. Жұмыс барысы



бет14/15
Дата02.12.2022
өлшемі102,28 Kb.
#54418
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
лаб, каз ХЭ

2-вариант. Қажет құралдар: ұсақ поралы сүзгі, насос, 5х7,5 см өлшемді шыны пластинкалар, микроскоп.
Жұмыс барысы
1. Сынама (проба) алатын насостың кіру тесігінде ұсақ поралы сүзгі кигізу.
2. 15 минут бойы зертханадағы ауаны сүзгіден өткізу.
3. Дəл осылайша даладағы ауадан 15 минут сору.
4. Сүзгілерді үлкендігі 5х7,5 см шыны бетіне қойып, микроскоппен қарау. Əрбір квадраттағы бөлшектерді санау.
5. Əрбір квадраттағы бөлшектердің орташа санын анықтау, оны квадрат санына көбейтіп, 2 см2 аудандағы, яғни сүзгі бетіндегі бөлшек саны анықталады.
6. Анықтаңыз
а) 9 см2 ауданда қанша бөлшек бар;
ə) 1см3 ауада қанша бөлшек бар;
б) кезкелген бөлшектің кем дегенде, 20 бөлшектік диаметрін анықтаңыз;
7. Пайыздық үлесін есептеңіз
а) Ірі шаң бөлшектері (10 мкм);
ə) Ұсақ шаң бөлшектері (1-10 мкм);
б) Аэрозольдер (1 мкм);
8. Мына сұрақтарға жауап беріңіз:
а) Ауаның ластануы деп нені түсінеміз;
ə) Ауаның ластануынан қандай экономикалық шығын болады?
б) Фотохимиялық смог деп нені айтады;
в) Адамның тыныс алу жүйесі көлемі 10 мкм үлкен жəне 10 Мкм кіші бөлшектерді ұстайды;
г) Сіздің тұратын аймақтың ауасы ластанған ба?
ғ) Сіздің зертханаңыздың ауасы ластанған ба?
д) Зертхана мен далада алынған ауа сынамаларының қандай айырмашылықтары бар?
е) Қышқыл жаңбырлардың болу себептерін келтіріңіз.
ж) Ауаның ластануын азайту туралы сіздің ұсынысыңыз
жəне автокөліктерде, катализатор қолдануы ластануды қаншалықты азайтады.
15 лабораторная работа


Зертханадағы күкірт диоксидін және хлорды анықтау
Құрал-жабдықтар:
1) Сіңіргіш ыдыстар (сіңіргіштер);
2) Аспиратор;
3) Селикон түтіктер;
Реактивтер:
1) Йод (0,0001% йод ерітіндісі)
2) Крахмал (0,3 % ерітіндісі).
Жұмыс барысы
Сіңіргішке 1 мл 0,0001% йод ерітіндісі мен 1-2 тамшы 0,3% крахмал ерітіндісі қоспасын құйып алу. Төменгі жағында тубусы бар градуирленген шыны ыдысқа дистиляцияланған су толтыру.
Тубустың кранынан жылдамдығы 10 мл/мин жылдамдықпен суды құйып алу. Бұл жылдамдықта сіңіргіштен өтетін көпіршіктерді санау қиындық тудырмайды. Судың ағызып алынуы
кезінде ауа сиреуі нəтижесінде ауа еркін сорылады. Тəжірибе сіңіргіш ерітінді түсі жойылғанша жүргізіледі. Сіңіргіш арқылы өткен ауа көлемін аспиратордан шыққан су көлеміне қарай
анықтауға болады.
Ауадағы күкірт диоксидінің концентрациясын 21-кестені қолданып анықтауға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет