Судағы мұнай өнімдерін анықтау Түрлі көздерден түсетін мұнай өнімдері суды қолдануға жарамсыз қыла отырып адамдармен су қоймаларындағы организмдерге қауіп төндіреді. Белгілі болғанындай, мұнай өндіруде, тасымалдауда сақтауда жəне өңдеу кезінде мұнай жəне мұнай өнімдері жиі-жиі қоршаған ортаны ластағыш көзіне айналуда, ал кейде апаттарға дейін алып баруда. Сондықтан мұнайдың жəне оның өнімдерінің қоршаған ортаға (ауа, су, топырақ, өсімдіктер) келтіретін əсерін бағалау, одан қорғау, бақылау мақсатымен түрлі стандарттар мен əдіс тəсілдерді қолдану ластанумен күресудің қажеттігін тудыруда. Өндіріс орындарының жұмыс аймақтарындағы мұнайдың көмірсуларының шектік мөлшерлік концентрациясы (ШМК) Қазақстанда 10 мг/м3, суда 0,3 мг/л (күкірті мол мұнай үшін 0,1 мг/л) болып белгіленген. Елді мекендердің атмосферасымен топырақтағы мұнай өнімдері үшін нормалар əзірше белгіленбеген, бірақ топырақта кейбір ароматты көмірсутектер үшін жəне бенз(а) пиренге ШМК анықталған.
Ауадағы, судағы жəне топырақтағы мұнай өнімдерін (МӨ) бақылау үшін АҚШ, Ресей, Еуропа елдерінде көптеген стандартты əдістемелер жасалған. Олар негізінен, гравиметриялық (салмақтық), хроматографиялық (газдық, сұйықтық хроматография) немесе спектральдық əдістемелер (ИК жəне флуоресценттік спектроскопия), сонымен қатар, газдық хроматография МӨ сомалық мөлшерін анықтап қана қоймай, мұнай өнімдерінің құрамына кіретін көмір сутектерді даралап та анықтай алады.
Бұл əдістердің барлығының ерекшелігі полярлы жəне полярсыз жəне аз полярлы көмірсутектерді полярлы органикалық қосылыстармен мұнай өнімдеріне жатпайтын ластағыштардан бөліп алу болып табылады. Судағы мұнай өнімдерін анықтаудың аналитикалық əдістерін зерттеудің тарихы 40-50-жылдардан басталған. КСРО-ның Госкомгидромет тарапынан бекітіліп, ал кейінрек ауыз суындағы МӨ анықтау əдістемесі (ЭОК елдері) бекітілген. Қазіргі кезде судың санитарлық-химиялық жəне экологиялық сапасын «Республикалық деңгейде бекітілген бақылау əдістемелерін» əсіресе, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік химиялық талдау əдістемелері реестріне кірген əдістер жиі қолданылады. Судың анализінде мұнай өнімдері деп, гександа еріген кезде түзілетін полярсыз немесе аз полярлы қосылыстарды, яғни мұнайдың негізгі құрамына кіретідерді айтады. Гравиметриялық анықтау əдістері Қарастырылған əдістерге қосымша ретінде зертханада жиі қолданылатын мұнай жəне МӨ əртүрлі мөлшеріне қарай анықтау əдістеріне қысқаша шолу жасайық.