Табиғи суларда темір жəне алюминийді анықтау
Табиғи суларда темір бейорганикалық шала оксид жəне оксид түрінде жəне органикалық, коллоидты қосылыстар күйдеболады. Оның анықтау нəтижелерін иондық түрде емес əдетте, Fe(OH)3 белгілейді. Оксидтік темірдін сулардағы мөлшері бірнеше мг/л аспайды. Бірақ қышқыл суларда иондық формада болып, мөлшері де бірнеше г/л жетуі мүмкін.
Шала оксидті темір табиғи суларда көбінесе, иондық түрде жəне бірнеше ондаған мг/л мөлшерде, ол қышқылды кен орындарындағы суларда ондаған г/л де барып қалады.
Темір шала оксид қосылыстары (Fe2+) табиғи суларда тұрақты емес, өйткені оңай тотығып гидроксид түрінде тұнбаға түседі (Fe2++3O2+3H2O=4Fe(OH)3). Сондықтан шала оксидті темірді сынаманы су басында немесе арнайы тұрақтандырғыш қолданып анықтайды.
Аз мөлшердегі темірді 2,2-дипиридил жəне сезгіштігі төмен қызыл қан тұзын қолданып, колориметриялық əдіспен, көп мөлшердегі темірді көлемдік əдіспен, 0,1 н KMnO4
титрлеу ерітіндісімен немесе комплексометриялық əдіспен анықтайды.
Табиғи суларда алюминий өте аз мөлшерде кездеседі (10-3 -10-1 мг/л). Кейбір содалы суларда жүздеген мг/л, ал кейде 10-20 г/л болып қалады.
№6 лабораторная работа
Топырақтың экологиялық күйін бағалау
Топырақтың экологиялық күйін анықтаудың негізгі көрсеткіштеріне оның құрылымы, механикалық құрамы, ылғалдылығы жəне қышқылдылығы жатады.
Топырақтың механикалық құрамы ондағы құм, ұсақ тастар, сары топырақ, биогенді жəне антропогенді қоспалардың болуымен сипатталады.
Топырақтың құрылымын оның тығыздығы, ондағы ауаның болуы, бөлшектер мен кесектілігі анықтайды. Ылғалдылығы топырақта өсетін өсімдіктер мен микроорганизмдердің минералдық қоректенуді қамтамасыз етуші фактор болып саналады. Топырақтағы ылғалдылық ондағы ауаның антогонисті болғандықтан, ылғалдың артық мөлшері де оның жеткіліксіздігі сияқты зиянды келеді.
Маңызды экологиялық фактордың бірі – топырақтың қышқылдылығы. Ол топырақ организмдерімен өсімдіктердің тіршілік жағдайын жасаушы, топырақты ластаушылардың
(металдардың) миграциясын анықтаушы болып саналады. Оның үлкен шамасы көптеген ауылшаруашылық дақылдарының өсуін тежейді, микроорганизмдер тіршілігін тежейді. Топырақ
қышқылдылығын оның тұздық суырындысының рН өлшеу арқылы анықтауға болады.
Оның рН шамасына қарай топырақтар қышқыл, бейтарап жəне сілтілік болып жіктеледі:
рН=4 жəне одан төмендері күшті қышқылды, pH=5 –қышқыл, рH=6 – əлсіз қышқыл, pH=7 – бейтарап жəне pH=8 жəне жоғары болса – сілтілік.
Негізгі ауылшаруашылық дақылдарды өсірудің оптималды рН мəндері төменгі кестеде келтірілген. Топырақтың тұздылығы оңай еритін минералды тұздардың мөлшерінің көптігімен сипатталады да, ол оның физикалық жəне химиялық қасиеттерін анықтай отырып өсімдіктердің өсіп дамуына қолайсыз жағдайлар жасайды. Сондықтан өте күшті тұзды топырақтар ауыл шаруашылығына жарамсыз болады.
Өсімдік
|
рН оптималды мөлшері
|
Бидай
|
6,0-7,5
|
қызанақ
|
6,3-6,7
|
сәбіз
|
5,5-7,0
|
Бұршақ
|
6,0-7,0
|
Қартоп
|
5,0-5,5
|
Капуста
|
6,7-7,4
|
Қияр
|
6,0-7,0
|
Əлдеқайда зиянды əсерді натрийдің карбонаттары хлоридтері мен сульфаттары көрсетеді. Олар өсімдіктердің бүршіктенуін кешіктіріп, гүлдеуі мен өсуін баяулатып, өнімін азайтады, ал өте жоғары концентрацияда өсімдіктер өледі.
Жеңіл еритін тұздардың концентрациясын (карбонаттар, хлоридтер, сульфаттар) сулы суырындыдан химиялық талдау жасау арқылы анықтауға болады. Күшті тұздану кезінде арнаулы гидромелиоративті шаралар (суару, дренаж, жуу) жүргізіледі.
Антропогенді əсерлерден топырақтың құрамында, құрылымында өзгерістер болады.
№7 лабораторная работа
Достарыңызбен бөлісу: |