Министерство образования и науки республики казахстан



жүктеу 15.08 Mb.
Pdf просмотр
бет21/90
Дата22.12.2016
өлшемі15.08 Mb.
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   90

Түйін

 

Мақалада  жаһандану  жағдайында  этнопедагогикалық  білім  берудің  көкейкеті  

мәселелері  қарастырылады,  этнопедагогика  мен  халықтық  педагогиканың  мәні  ашып 

көрсетіледі және қазіргі кезеңдегі этнопедагогиканың рөлі анықталды. 

 

Резюме

 

    В статье рассматриваются актуальные проблемы этнопедагогического образования в 

условиях  глобализации,  раскрывается  сущность  этнопедагогики  и  народной  педагогики, 

определена роль этнопедагогики на современном этапе. 



 

 

 

Summary 

The  article  problems  of  ethnopedagogical  education  in  the  conditions  of  globalization  is 

coincident  in  this  article,  the  essence  of  ethnopedagogies  and  people’s  pedagogies  are  shown,  the 

role of ethnopedagogics has been determined in the modern stage.   



 

 

КОМПЬЮТЕРЛІК ЛИНГВИСТИКА БАҒЫТТАРЫ

 

 

Құрманәли М.Ш., Сәрсеке Г.Ә. 

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, 

Павлодар қ., Қазақстан 

aliparis@mail.ru

 

 

Ақпараттық  технологияның  дамуына  байланысты  қазіргі  таңда  түрлі  ғылым 

салаларында  жаңа  бағыттар  пайда  бола  бастады.  ЭЕМ-нің  қолданысқа  енуімен  қолданбалы 

тіл  білімінің  бір  саласы  ретінде  «Компьютерлік  лингвистика»  ғылымы  өткен  ғасырдың  60 

жылдары ғылыми айналымға енді.  

Компьютерлік  лингвистика  бағыты  түркі  тілдері  үшін  тіл  зерттеудің  жаңа  саласы  деп 

есептелгенімен,  үнді-еуропа  тілдерінде  дәстүрлі  болып,  күнделікті  зерттеу  мәселелеріне 

арналған  компьютерлік  лингвистиканың  кейбір  жайттарына  тіл  зерттеудегі  жаңаша 

көзқарасқа қызығушы қауымға арнап, арнайы сөз етуді жөн көрдік [1, 9]. 

Компьютерлік  лингвистика  –  көпсалалы  ғылым.  Оның  қарастыратын  нысаны, 

бағыттары  мен  құрылымдары  саналуан.  «Компьютерлік  лингвистика  ғылымының  құрамы 

мен құрылымы жайлы пікірлер әлі  де болса тұрақтала қойған жоқ. Бірақ мұндай жағдай әр 

ғылым  саласының  да  бастапқы  кезеңіне  тән  екені  белгілі.  Сондықтан  компьютерлік 

лингвистика  туралы  сөз  болғанда  оны  қолданбалы  лингвистиканың  компьютерге, 

компьютерлік программалар жасауға, жасанды интеллектіге қатысты мәселелері деп түсінге 

жөн»  [1,  5].  Профессор  А.Жұбановтың  бұл  пікірі  қазақ  тіл  біліміне  қатысты  екенін  ескере 

келе,  ғаламдық  тіл  білімінде  барынша  тұрақты,  дәстүрлі  ғылым  саласына  айналғанын  айта 

кеткеніміз жөн. 

Компьютерлік  лингвистикаға  қатысты  шетел,  орыс  және  қазақ  тіл  біліміндегі 

зерттеулерді  саралай,  сараптай  келе,  аталған  қолданбалы  лингвистика  саласының 

тұрақталған, зерттеу нысанына айналған келесі бағыттарды атап өтуге болады: компьютерлік 

(online,  электронды)  аударма;    электронды  сөздіктер  (компьютерлік  лексикография), 



 

141 


тезаурустар  мен  онтологиялар  жасау;  табиғи  тілді  жасау  (мәтіннің  синтаксистік, 

морфологиялық,  семантикалық  анализі;  ағыл.  parsing);  мәтіннен  фактіні  автоматты  түрде 

шығару (ақпаратты шығару; ағыл. fact extraction, mining); авторефераттау (мәтінді автоматты 

мазмұндау);  білім  беруді  басқару  жүйелерін  құрастыру;  ақпаратты  іздестіру  жүйесі;  сөзді 

автоматты  танып  білу;  корпустық  лингвистика,  мәтіннің  электронды  корпустарын  жасау 

және  қолдану;  мәтінді  көрсетудегі  гипермәтіндік  технологиялар;  сюжет  құрылымын 

модельдендіру; компьютерлік қарым-қатынасты модельдендіру және т.б.  

Компьютерлік  лингвистиканың  маңызды  бағыттарының  бірі  ақпаратты  іздестіру 



жүйесі  болып  табылады.  Ғылыми-техникалық  ақпараттың,  басылымның  артуына 

байланысты  ХХ  ғ.  50  жылдардың  соңы  мен  60  жылдардың  басында  пайда  болды. 

Ақпараттың сақталуы мен өңделуі, сонымен қатар ақпаратты іздестіру жүйесіндегі іздестіру 

ерекшеліктеріне байланысты екі түрге бөледі: құжаттық және фактографиялық. Құжаттық 



ақпаратты  іздестіру  жүйесінде  тұтынушыға  ұсынылатын  құжат  мәтіні  немесе  олардың 

библиографиялық  сипаттамасы  (рефераттар,  библиографиялық  карточкалар,  т.б.)  жайлы 

мәлімет  береді.  Фактографиялық  ақпаратты  іздестіру  жүйесінде  нақты  фактілер,  дұрыс 

мәліметтер көрініс табады. Оған тек мәтін түріндегі құжаттар ғана емес, сонымен бірге кесте, 

формула, іздеген мәліметтер туралы ақпарат беретін басқа да құжат түрлері жатады. Бүгінгі 

таңда  фактографиялық  ақпаратты  іздестіру  жүйесі  мәліметтер  базасы  технологиясының 

негізінде  жасалады.  Ақпаратты  іздестіру  жүйесінің  аралас  түрі  бар.  Мұнда  құжаттық  және 

фактографиялық ақпаратты іздестіру жүйесі бір ғана мәліметке қатысты болады [2]. 

Ақпаратты  іздестіру  жүйесінде  мәліметтерді  іздеуге  арналған  ақпаратты  іздестіру  тілі 

жасалады.  Бұл  жөнінде  ғалым  А.Жұбановтың  «Компьютерлік  лингвистикаға  кіріспе» 

еңбегінде былайша сөз етілген: «Ақпарат  іздестірудің негізінде құжаттағы ақпарат бейнесін 

сұратудағы  ақпараттың  бейнесімен  теңестіру  әдісі  жатыр.  Сондықтан  олардың  мазмұн 

көрінісін іздестіру жүйесіне «жіберу» мәселесін шешіп алу қажет болады. 

Ол  үшін  құжат  пен  сұратудағы  негізгі  тақырыпты  және  олардың  формалды 

сипаттамаларын баяндауға арналған мамандандырылған арнайы тіл – ақпарат іздестіру тілі 

құрастырылуы  қажет.  Қазіргі  кезде  автоматтандырылған  ақпарат  іздестіру  жүйелерінде 

қолданыс  табатын  барлық  ақпарат  іздестіру  тілін  мынадай  үш  типке  бөліп  қарастыруға 

болады: 


1)

 

ұғымдарды  жүйелі  түрде  топтастыруға  негізделген  –  ақпарат  іздестіру  тілінің 



топтастыру типі; 

2)

 



сөз  немесе  сөзтіркестер  арқылы  көрініс  табатын  лексикалық  бірліктердің  тізбесіне 

негізделген – ақпарат іздестіру тілінің дескрипторлық типі; 

3)

 

белгілі  бір  заттық  аядағы  нысандар  «белгі-мағына»  мазмұнындағы  білім  моделіне 



негізделген – ақпарат іздестіру тілінің нышанды-белгілік типі» [1, 100]. 

Ақпаратты  іздестіру  тілінде  құжатты  сипаттау,  атау  индекстеу  деп  аталады.  Мұның 

негізінде  әрбір  құжатқа  формальды  атау,  мазмұн  беріледі,  ол  құжаттың  іздестіру  бейнесі 

деп аталады. 

Ірі  көлемді  құжаттар  базасын  құрастыру,  ақпаратпен  алмасу  қажеттігі  және  іздестіру 

нәтижелігін  арттыру  мәселелеріне  байланысты  индекстеу  әрекетін  автоматтандыру 

проблемасы  айрықша  актуалдылыққа  ие  болды.  Индекстеу  процесін  автоматтандыру 

мәселесін  зеттеу  ең  алғаш  Г.Лун,  және  П.Баксендейл,  ресейлік  ғалым  Д.Г.Лахути 

есімдерімен тығыз байланысты. 

Ғалым  еңбегінде  ақпаратты  іздестіру  жүйесіне  кеңінен  тоқталып,  осы  салада 

қарастырылатын  барлық  аспектілер  туралы  мәлімет  беріп  өтеді.  Мәселен,  ішкі  жүйелерді 

жабдықтау;  ақпаратты  іздестіру  тілінің  грамматикасы,  ондағы    синтагматикалық  (мәтіндік) 

және  парадигматикалық  (базалық)  қатынастар;  дескрипторлық  тілдер,  т.б.  толығымен 

қарастырылады. 

Компьютерлік лингвистиканың келесі бір бағыты - компьютерлік (online, электронды) 

аударма. 1954 жылы  Джорджтаун университетінде (Вашингтон, АҚШ) машиналық аударма 

жүйесі  алғаш  рет  тәжірибеде  қолданылды.  Осыдан  кейін  дамыған  елдерде  машиналық 



 

142 


аударма  жүйесі  зерттеліп,  жаңа  компьютерлік  аударма  бағдарламалары  жасалына  бастады. 

Шынында, жарты ғасырдан астам уақыт өткенімен компьютрелік аударма мәселесі түбегейлі 

шешіле қойған жоқ.  

Ғалым А.Жұбанов ең алғашқы машиналық аударма жүйелері АҚШ-та пайда болғанын 

айта  келе,  автоматты  аударма  жасаудың  бастамасы  ретінде  ресми  түрде  1949  жыл  деп 

көрсетеді.  Сонымен  қатар  бұл  мерзімге  дейінгі  машиналық  аударма  мәселесін  зерттеген 

ғалымдарға  тоқталып  өткен.  «А.Кахердің  ойлап  тапқан  аударма-жазба  машинасы  жайлы 

мәлімет  «Үава  таа»  газетінде  1924  жылдың  24  ақпанында  шағын  хабарлама  ретінде  жарық 

көрген  болатын.  1933  жылы  Кеңес  Одағында  П.П.Смирнов-Троянскийге  бір  тілден  екінші 

тілге  аудару  машинасын  ойлап  шығарғаны  үшін  арнайы  патент  тапсырылғаны  да 

жұртшылыққа мәлім» [1, 144].  

Еңбекте  компьютерлік  аударманың  зерттелуін  шартты  түрде  кезеңдерге  бөліп 

қарастырған.  Машиналық  аударманың  өзінше  бөлек  ғылыми  бағыт  ретіндегі  даму  кезеңі 

У.Уивердің мемарандумынан бастама алады. Ғалым былайша үш кезеңге бөліп қарастырады: 

1-кезең: 1949 жылдан бастап 60 жылдардың ортасына дейін; 

2-кезең: 60 жылдардың ортасынан 70 жылдардың аяғына дейін; 

3-кезең: 80 жылдардан қазіргі кезеңге дейін. 

Мұндай үш кезеңге бөлуге негіз болған ғылым мен техниканың дамуындағы қол жеткен 

нәтижелер  екені  белгілі.  Міне,  солардың  ішінен  лингвистикалық,  математикалық,  техникалық 

машиналық аударма жүйесін жабдықтау мәселелері айрықша орын алады [1, 146]. 

Машиналық  аударма  жүйесінің  қалыптасуын  ресми  түрде  1949  жыл  екенін  жоғарыда 

айтып  өткен  едік.  У.Уивердің  меморандумымен  жарияланған  бірінші  кезең    1949  жылы 

Вашингтон  университетінде  құрылған  ғылыми  орталықтың  зерттеулерінен  (ағылшынша-

орысша аударма жүйесі) бастама алады. 1950 жылы А.Д.Буттың ғылыми жетекшілік етуімен 

французша-ағылшынша  аударма  орталығы  құрылды.  Кеңес  Одағында  1955  жылы 

Мәскеудегі 

КСРО 

ҒА-ның 


В.А.Стеклов 

атындағы 

Математикалық 

институтында 

О.С.Кулагинаның жетекшілігімен ең бірінші машиналық аударма орталығы ашылды [1, 146]. 

Дегенмен  де  жоғарыда  біз  атап  өткендей  алғашқы  машиналық  аударма  тәжірибесі 

Джорджтаун университетінде профессор Леон Е.Достердің басшылығымен жүзеге асты. 

Компьютерлік  лингвистиканың  басты  жетістіктерінің  бірі  ретінде  RETRANS  жүйесін 

атап  өтуге  болады.  1993  жылы  бұл  жүйенің  алғашқы  нұсқасы    жасалды  және  оны  Ресей, 

Франция,  АҚШ,  Англия  елдерінің  бірқатар  мемлекеттік  мекемелері  қолданды.  1998  жылға 

дейін  MS DOS операциялық жүйесінде қолданылса, ал 1998-2000 жылдары Windows 9x/NT 

операциялық  жүйесі  мен  UNIX-тің  түрлі  нұсқаларында  (Linux,  Solaris  т.б.).қолдануға 

ыңғайландырды. 

2001  жылы  RETRANS    фразеологиялық  машиналық  аударма  жүйесінің  жаңа  нұсқасы 

жасалынды [3]. 

Retrans 


(орысша-ағылшынша, 

ағылшынша-орысша) 

жүйесінің 

құрамына 

жаратылыстану және техника ғылымдары бойынша, экономика, бизнес, саясат, заңнама мен 

әскери  терминдер  жатады.  Тақырыптық  салалар  бойынша  келесі  терминдер  мен 

фразеологиялық бірліктер жатады: 

 



Автоматика и радиоэлектроника 

 



Астрономия 

 



Аэронавтика 

 



Банк ісі 

 



Биология 

 



Ішкі сауда 

 



Есептеуіш техника 

 



География 

 



Геология 

 



Геофизика 

 

143 


 

Тау-кен ісі 



 

Космонавтика 



 

Жеңіл өнеркәсіп 



 

Математика 



 

Машина жасау 



 

Медицина 



 

Металлургия 



 

Мұнай-газ саласы 



 

Робототехника 



 

Байланыс 



 

Ауылшаруашылығы 



 

Құрылыс және сәулет өнері 



 

Транспорт 



 

Физика 



 

Химия 



 

Экология 



 

Электротехника и энергетика. 



Сонымен қатар RETRANS жүйесіндегі көптақырыптық машиналық сөздіктер қатарына 

он екі қосымша тақырыптық сөздіктер жатады. Бұл жүйе компьютерлік лингвистиканың екі 

бағытын  қатар  қарастырылған.  Себебі  жүйеге  машиналық  аударма  мәселесі  мен 

компьютерлік лексикография саласы да енген. 

Компьютерлік 

аударма 


мәселесіндегі 

көптеген 

қиыншылықтарға 

байланысты 

машиналқ  аударма  ісі  жөніндегі  жапон  мемлекеттік  бағдарламасының  жетекшісі,  Киото 

университетінің  профессоры  Макото  Нагаоның    1984  жылы  мақаласы  жарияланды. 

Мақалада  машиналық  аударма  мәселесіне  жаңа  көзқараспен  қарайтын,  тың  концепцияны 

ұсынды [3].  

Компьютерлік лингвистиканың бұл бағыты қазақ тіл білімінде шешімін таппаған өзекті 

мәселелердің  бірі  болып  табылады.  Қазіргі  таңда  А.Байтұрсынов  атындағы  Тіл  білімі 

институтында  профессор  А.Жұбановтың  жетекшілігімен  көптеген  жұмыс  атқарылуда. 

Солардың  бірі  ретінде  компьютерлік  лингвистиканың  келесі  бағыты  компьютерлік 

лексикография саласын айтуға болады.  

Лексикография  –  сөздік  жасаумен  айналысатын  тіл  білімінің  бір  саласы.  Оны  шартты 

түрде екіге бөліп қарастыруға болады: 

1. Дәстүрлі (сөздік жасаудың теориясы мен тәжірибесі); 

2.  Компьютерлік  (электронды,  автоматты  сөздіктер,  лингвистикалық  мәліметтер 

базасын жасау) [4].  

Компьютерлік лексикографияның қарастыратын негізгі мәселелерін былайша көрсетуге 

болады: 


1.  Мәтіннен  компьютердің  көмегімен  автоматты  түрде  әр  түрлі  сөздіктер  алу  (жиілік, 

терминологиялық, т.б.);  

2.  NLP  (Natural  Language  Processing)  жүйесіне  арналған  электронды  сөздіктер 

дайындаудың теориясы мен тәжірибесі; 

3. Дәстүрлі сөздіктердің машиналық (электронды) нұсқасын жасау 

Компьютерлік лингвистиканың бұл саласы шетелдік тіл білімінде толығымен шешімін 

тапты деп айтсақ қателеспейміз.  Аталған мәселе негізінде көптеген еңбектер, компьютерлік 

бағдарламалар  жасалынып,  қолданысқа  енгізілді.  Біз  мақаламызда  қазақ  тіл  біліміндегі 

зерттелу деңгейі мен қол жеткізілген нәтижелерге тоқталып өткенді жөн санап отырмыз. 

Қазақ  тілінің  компьютерлік  қорын  жасау  мәселесіне  байланысты  Қ.Б.Бектаев, 

А.Қ.Жұбановтардың  еңбектері  зор.  Бүгінгі  таңда  А.Жұбанов  жетекшілігімен  қазақ  тілінің 

компьютерлік  лексикографиясына  қатысты  көптеген  зерттеулер  жүргізілуде.  Бұл  жөнінде 



 

144 


ғалымның  «Ана  тілі»  газетінде  жарияланған  «Қазақ  сөзі  компьютерді  жатсынбайды» 

мақаласынан анық байқауға болады. 

Ғалым  мақаласында  қазақ  тілінің  компьютерлік  лексикографиясын  жасау  тек  1973 

жылдан  ғана  бастама  алғанын  айта  келе,  алғашқы  тәжірибе  ретінде  М.Әуезовтің  «Абай 

жолы» романының, ал содан кейін 20 томдық толық шығармалар жинағының мәтіндері ЭЕМ 

жадына  жазылып,  арнайы  бағдарламалар  көмегімен  неше  түрлі  жиілік  сөздіктер  алынғаын 

сөз етеді. 

Кейіннен  «Тіл  –  қазына»  атты  қазақ  сөзінің  компьютерлік  базасы  жасақталғанын 

айтады, ол базаның негізгі мүмкіндіктерін былайша сипаттайды: 

–  қажетті  деген  сөзге  немесе  сөзформаға  қатысты  дәйексөздерді  (мәтін  үзінділерін) 

лезде  тауып  алып,  олармен  компьютердің  экраны  арқылы  немесе  қағаз  бетіне  басып 

шығарып  танысу  мүмкіндігі.  Мұндай  әрекетті  кәртішкі  мәтіні  ішіндегі  сөзқолданыстар 

бойынша да жүзеге асыру алдын ала қарастырылған; 

–  қажетті  деген  сөзге  немесе  сөзформаға  (олардың  бастапқы,  ортаңғы,  соңғы 

бөліктеріне)  байланысты  кәртішкі  ақпаратын,  оның  авторына,  шығарма,  баспа  аттары  мен 

шыққан жылдарына қатысты іздеп табу мүмкіндігі; 

–  «Тіл  –  қазына»  атты  қазақ  сөзінің  деректер  базасындағы  кәртішкілік  мәтіндерді 

өңдеуге, өшіруге немесе жаңарту мүмкіндіктері ескерілген. 

Қазақ  сөзінің  «Тіл  –  қазына»  атты  деректер  базасы  картотекалық  қордың  барлық 

міндетін  атқарумен  бірге,  ол  енді  сөздіктер  мен  мәтіндерді  бейнелеу  қорына  да  айналып 

отыр.  А.Байтұрсынұлы  атындағы  Тіл  білімі  институтының  іргелі  (2006-2008жж.)  және 

қолданбалы (2007-2009жж.) зерттеу бағдарламалары бойынша «Компьютерлік лингвистика» 

ғылыми тобының атқарып жатқан ғылыми жұмыстарының нәтижелері осының айғағы. Қазақ 

лексикасының  түсіндірме  сөздіктері  негізіндегі  «Тіл  –  қазына»  деректер  базасын  іске  қосу 

мақсатына  сай  зерттеу  жұмысының  нысаны  Тіл  білімі  институтында  құрастырылып,  1968 

жылы  жарық  көрген  «Абай  тілінің  сөздігі»  мәтіні  (6  мың  сөз,  1  мыңдай  сөз  тіркес),  1999 

жылы  баспадан  шыққан  «Қазақ  тілінің  сөздігі»  (50  мың  сөз)  және  жаңадан  құрастырылып 

жатқан  15  томдық  «Қазақ  әдеби  тілінің  сөздігінің»  алғашқы  алты  томының  мәтіні.  Сол 

сияқты  «Ұлттық  идея  –  Қазақстанның  даму  негізі»  бағдарламасы  бойынша:  «Қазақ  тілінің 

терминологиялық  қорының  компьютерлік  базасын  жасау  және  оны  терминдік  әлеуеті 

жоғары  дереккөздермен  толықтыру»  атты  ғылыми-зерттеу  жұмысының  негізгі  нысаны 

салалық  екітілді  (қазақша-орысша,  орысша-қазақша)  терминологиялық  сөздіктер  мен  қазақ 

тіліндегі  салалық  терминологиялық  түсіндіме  сөздіктер  материалдары  да  өз  алдына  «Тіл  – 

қазына» атты деректер базасынан орын алатынын айтуға болады [5]. 

Сонымен  қатар  қазіргі  кезде  Мұхтар  Әуезовтің,  Әбіш  Кекілбаевтың,  Мұқағали 

Мақатаевтың, 

Мұқтар 

Мағауинның 



толық 

шығармалар 

жинақтарының 

мәтіндері 

қарастырылып, қазақ тілінің электронды қоры, қазақ тілінің корпусы жасалып жасалатынын 

айтады.  Демек  институт  қызметкерлері  компьютерлік  лингвистиканың  тағы  бір  бағыты  

корпустық лингвистика саласын да зерттеу нысанына айналдыра бастағанын байқаймыз. 

Мақаламызда тоқталып өткен компьютерлік лингвистика бағыттарынан басқа көптеген 

мәселе бар. Ол туралы мақаламыздың басында атап көрсеткен болатынбыз. Бұл мәселелердің 

біразы шетел тіл білімінде (ағылшын, француз, жапон, орыс, т.б.) шешімін толық тапса, енді 

бірі бүгіні таңда қарқынды зерттелу үстінде. Қазақ тіл біліміне қолданбалы тіл білімінің бұл 

саласы кеш жеткендіктен, әлі де болса шетелдік ғылымнан әлдеқайда қалыс қалып отырмыз. 

Компьютерлік  лингвистика  мәселесі  қазақ  тіл  білімінде  кезегін  күттірмей  тұрған  өзекті 

зерттеу нысаны болып табылады. Бұл саланың басқа да бағыттары жайында толығырақ басқа 

да зерттеу мақалаларымызда сөз ететін боламыз. 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 



 

1.

 



Жұбанов А.Қ. Компьютерлік лингвистикаға кіріспе: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ 

университеті, 2007. – 204 б. 



 

145 


2.

 

http://www.krugosvet.ru/enc/gumanitarnye_nauki/lingvistika/KOMPYUTERNAYA_LIN



GVISTIKA.html

 

3.



 

http://www.retrains.ru  

4. 

http://yazykoznanie.ru/



  

5.  Жұбанов  А.  Қолданбалы  тіл  білімінің  мәселелері:  Қазақ  сөзі  компьютерді 

жатсынбайды. // Ана тілі. 5 Maмыр. 2009 

 

Summary 

Computer-linguistic directions consider in this article 

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНДА КИЕЛІ САНАЛАТЫН ҚҰС АТАУЛАРЫ ТУРАЛЫ

 

 

 

Құрманәлиева Қ.А. аға оқытушысы

 

Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалык университеті, 

Алматы қ., Қазақстан 

 

Құс  -  көне  түркі  тайпаларының  ұғымында  көктің  (аспан  әлемінің)  символы.  Көкті 

түркілер  тәңірі  деп  білген.  Қазақ  ертегілері  мен  аңыздарында  құстардың  алуан  түрі:  қарға, 

бүркіт,  алтын  құс,  самұрық,  торғай  және  т.б.кейіпкер  ретінде  көрінеді.  Ертегілерде  бұл 

құстар бірде адамдарды өлімнен құтқарушы, бірде мол байлыққа кенелтуші, кейде мансапқа 

жеткізуші, ал бірде бақытқа апарар жолды сілтеуші керемет күш ретінде сипатталады. Бұның 

бәрі  құстардың  атам  заманғы  тотемдік  ұғымдармен  байланысты  екенін  аңғартса  керек. 

Филология  ғылымдарының  докторы  Р.Шойбеков  былай  деп    жазады:  «Қазақ  тұрмысында 

аққу,  қарқара,  қарға,  үкі,  бүркіт  киелі  құсқа  саналған.  Сондықтан  ертеректе  сиқырлаушы 

аспап  деп  танылған    қобызды    аққуға  ұқсатып  жасаған,  отау  үйге  бүркіттің  тұяғын  іліп 

қойған, бесікке үкінің аяғын байлаған, көкқарғаның етін көкжөтел болған балаларға жегізген 

т.б. Құстарды  киелі санау және соған сәйкес туған әдет-ғұрыптар барлық түркі тілінің өткен  

дәуіріндегі тұрмысына тән жағдай».   

Қазақтың  зергерлік  өнерін  жете  зерттеген  ғалым  қолөнерде  кездесетін  құс  бейнелерін 

жай еліктеу ғана емес, белгілі бір ұғым-түсінікті тұспалдаудан туған деп тұжырым жасайды. 

Біз  осы  ретте  Е.Тұрсыновтың  мына  пікірін  келтіргенді  оң  көрдік:  «Түркі  тектес  

халықтардың құрамында бұрын қарғаны тотем тұтқан рулар әлі күнге дейін сақталған. Бұл-

шорлардың  және  хакастардың  қарға  рулары;  революциядан  бұрын  қарғалар  бөлек    болыс 

құрып,  Мрасс  және  Анзас  өзендерінің  бойында  көшіп  жүрген.  Қазақтың  керей  және  қара 

кедей руларының аттары монғолша «қарға деген мағынаны білдіреді».  Бұл туралы  сондай-

ақ  «Қазақ  энциклопедиясында»  былай  делінеді:  «Қазақ  халқының  наным-сенімдеріндегі 

киелі  жануарлар  көбінесе  діни  ұғымдарға  байланысты  қалыптасқан.  Халқымызда    киелі 

жануарларға  құмырсқа,  өрмекші,  дәуіт,  тасбақа,  қарлығаш,  үкі,  бүркіт,  ұлар,  аққу,  дегелек, 

тырна,  арқар,  киік,  ақбөкен,  құндықыз,  төрт  түлік  мал  жатады»  деп,  құстарға  да  зор  мән 

береді. 


Қазақ  халқының  дәстүрлі  наным-сенімінде,  әдет-ғұрпында  киелі  жануарлармен  бірге 

құстар да жақсылықтың жаршысы, берекенің бастауы, бақыт әкелуші,  ырыс-құттың нышаны 

деп  танылғаны  ықылым  заманнан  белгілі.  Ш.Уәлиханов  «Қазақтардағы  шамандықтың 

қалдығы» атты еңбегінде  былай деп жазды: «Қазақтар киеге мән береді... кейбір жануарлар 

мен  құстарды,  көшпелі  тұрмысқа  қажет  заттарды  киелі  деп  қастерлейді.  Осы  аталғандарды 

құрмет  тұту,  ырым-жорасын  жасап  тұру,    адам  баласына  байлық  пен  бақыт  әкеледі  деп 

түсінеді.  Ал  осы  кәделерді  ұстамау,  киелерді  құрметтемеу  -  жоқшылыққа  душар  етеді. 

Сондай құдіретті күші бар  жан-жануарларды киесі бар дейді, ал олардың өзін киелі санайды. 

Жан-жануарлардың киесін қадірлемеу-киенің қаһарын туғызады. Киенің ашуы, қаһары- кесір 

деп аталады».  

 Киелі жануарларды  ғылым тілінде зоолатрия деп атайды. Ол гректің «zoon-жануар», 


Каталог: files -> colconf
files -> Литература по физико-математическим наукам
colconf -> Г. Д. Рыскелдиева Жинақта «Жаратылыстану гуманитарлық ғылымдары жəне олардың Қазақстан Республикасының индустриалды нновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудағы рөлі» атты
files -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім
files -> «Бекітемін» Алматы облысы білім басқармасының басшысы
files -> Хіх ғасырдағЫ Қазақ Әдебиетінің тарихы
files -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
colconf -> «геология жəне тұРАҚты даму» Ғылыми-теориялық конференциясы еңбектері
colconf -> I ші халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференцияның ЕҢбектері


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   90


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет