Резюме
В статье рассматривается один из видов сватовства (аменгерлик) в казахских эпосах.
КРЕАТИВТІЛІК ЖӘНЕ ДАРЫНДЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Нұржанова С.А.
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті,
Астана қ., Қазақстан sajila@mail.ru
Егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалып жатқан
талпыныстар жағдайында оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең, білімді,
ізденімпаз, барлық іс-әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын, өз болмысын таныта
алатын шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру маңызды міндет болып отыр.
Қоғамның дамуымен, философиялық және психологиялық ғылымның дамуымен
адамның шығармашылық проблемаларына көзқарас та өзгерді. Мәселен, Қазақстанда жеке
тұлғаны қалыптастыру және оның мүмкіндігін дамыту мәселелері Ш. Уәлиханов,
Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, С. Торайғыров, Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, М.
160
Жұмабаев, М. Дулатов, С. Балаубаев, Т. Тәжібаев, М. Мұқанов, К. Жарықбаев сияқты
тұлғаларды қатты қызықтырды.
Қазіргі кезде педагогтар мен психологтарда студенттердің креативтілігін қалыптастыру
мәселесіне қызығушылық арта түсуде. Бұл креативті, бәсекеге қабілетті мамандарға деген
пісіп-жетілген әлеуметтік қажеттілікпен түсіндіріледі. Осыдан келіп шығармашылық
креативтілігінің қажеттігі, креативтік диагностикасының критерийлері және жалпы ақыл-ой
мүмкіндігі табиғатын теоретикалық тұрғыда қайта қарау жүргізіледі, креативтіктің қайнар-
көздері, креативтік әлеуеттің дамуына мүмкіндік беретін жағдайлар іздестіріледі.
Психология ғылымының дамуымен бірге адамның шығармашылық проблемасына
көзқарас дамыды әрі өзгерді. Түрлі психологиялық мектептер шығармашылық феноменін
зерттеуге, шығармашылық ойлау мен шығармашылық мүмкіндіктер іздестіруге байланысты
өз әдістерін ұсынды.
Қазіргі заманғы психологиялық ғылымда креативтілік түсінігі әртүрлі және мазмұны
жағынан бір-біріне жақындайды, тіпті «дарындылық» тұрғысында бағаласа, бірдей де
болып келеді. Сондықтан да дарындылық пен креативтілікті анықтағанда талдау және
салыстырып саралау қажеттігі туындайды. Дарындылық терминінің көпмағыналылығы адам
қабілеттері саласы мәселесінің көпаспектілігіне сілтейді. Дарындылықтың 100-ден астам
анықтамасы бар, көпшілігі бір-біріне ұқсас.
Дарындылық — қызметті орындау кезінде табысқа жеткізетін қабілеттіліктің өзіндік
бірегей сапалы кірігуі. Белгілі бір құрылымды танытатын біріккен қабілетті іс-қимыл
жекелеген жеткіліксіз қабілетті өзге дамыған қабылеттілік есебінен білдірмей жіберуге
мүмкіндік береді. Дарындылық нышандар жиынтығы, табиғи мәліметтер, өзін көрсету
деңгейінің сипаты және қабілеттіліктің табиғи алғышартының көрінісі.
В.Н. Дружинин «дарындылық» пен «қабілеттілікті» саралай отырып, дарындылық —
жүйелі түрде өмір бойы психиканың сапасы ретінде дамып, адамның бір немесе бірнеше
қызметте жоғары нәтжелерге жету мүмкіндігін айқындайды деп көрсетеді. Сонымен
«дарындылық қызмет барысында жай ғана табысты жұмыс істеу емес, міндетті түрде
жоғары нәтижелерге жеткізетін психиканың неғұрлым сапалы білім деңгейі. Қызметті
күнделікті қарапайым іс барысында да табысты жүргізуге болады, ал дарындылық
шығармашылық өнім болса керек. Ал, В.Н Дружининнің анықтамасында психика
сапасындағы дарындылық сипаты нақтыланбайды. Дарындылық бұл жерде қызмет
барысында жоғары нәтижелерге жетісу деген тұрғыда ғана көрінеді [1].
Дарындылық — адам мүмкіндігінің шеңберін, оның іс-әрекетінің деңгейі мен өзіндік
сипатын танытатын жалпы қабылеттілік немесе қабылетіліктің жалпы бір сәті.
Дарындылық — бұл ақыл әлеуеті немесе интеллект; оқуға деген танымдық мүмкіндік
пен қабілеттіліктің біртұтас жеке сипаты. Бұл идея А.З. Зак, В. Штерн және басқа да
ғалымдар еңбектерінде айрықша байқалады.
Сөйтіп, дарындылықтың кең тараған анықтамаларына талдау жасау кейбір
ғалымдардың механикалық дәстүрді таныта отырып, дарындылық пен креативтілік
түсініктерін ұқсастыратынын көрсетеді. Өзге анықтамаларда дарындылық проблемаға
келудің жан-жақтылығын байқататын психиканың сапасы ретінде ұсынылады.
Айталық, О.А. Жүмаділлаева дарындылықты адам жас дамуының когнитивті-креативті
әлеуеті ретінде қарастырып, оның негізгі үш компоненті — заттық орта, өткен тәжірибе
және ішкі көзқарас мөлшерін бөліп алады. Осының ішінде ғалым үшінші компонентті
заттық орта мен өткен тәжірибеге тәуелсіз субъект ретінде сипатталатын, нақты жағдайды
басқаруға қабілетті және осы жағдайды өзіне икемдеп, басқара алатын ең күрделі
компоннент ретінде қарайды.
А.М.
Матюшкин
дарындылықтың
психологиялық
құралы
адамның
шығармашылығымен шығармашылық дамуын қамтамасыз ететін негізгі құрылымдық
элементтермен сәйкес келеді деген. Шығармашылық дарындылық жаңа идеяларды қозғап,
құрылғандарды жаңа қолданып, атқара білумен байланысты.
161
Көптеген авторлардың зерттеулері бойынша адамның шығармашылдық дарындылығын
функциялауда тұлғалық фактор маңызды болып табылады (интеллектуалды процестердің
эмоционалдығы,
қызығушылығының
бағыттылығы,
бірбеткейлік,
мақсатбағдарлық,
шешімділік, еңбекқорлық, т.б.).
Бірақ А.М. Матюшкин өз зерттеулерінің негізінде белгілегендей: «өкінішке орай қазіргі
мектепке дейінгі және мектепте оқыту орта оқушыға ғана бағышталған, ал кәсіби және
жоғары оқу орнындағы оқыту – орта студент пен орта маман үшін. Сондықтан біздің
болашақтағы шығармашыларымыз, элитамыз бүгінгі күнгі талапты, дарынды тұлғалардан
шығатындықтан, оларға арналған оқыту жүйесін, бағдарламаларды әзірлеу қажет.
Қоғамымызға бүгінгі күні осындай дарын иелерінің керектігін біз әбден мойындадық,
сондықтан бұның мәні зор [2] .
Автордың
пікірінше,
дарындылықтың
психологиялық
құрылымы
адамның
шығармашылығы мен шығармашылық дамуының негізгі құрылымымен сәйкес келеді
Шығармашылық әлеует – дарындылық негізінің дамуы.
Ақыл-ой дарындылығы - адамның өз ойлауын жаңа талаптарға саналы бағыттай
алуының, оны жаңа міндеттерді шешуге және өмірдің жаңа шарттарына бейімдей алудың
жалпы қабілеті.
Шетел зерттеулері шығармашылық дарындылықты түсіндіру үшін «креативтілік»
түсінігіне негізделеді.
Е.П. Торренс бойынша креативтілік – бұл әлеуметтік емес, продуктивті ойлауға деген
қабілет пен жеке бастық сипатпен бағаланатын жалпы интеллект. Е.П. Торренс креативтілік
процесті сипаттау арқылы анықтайды, нәтижесінде адам проблемаларға, білімдегі
проблемаларға
сезімталдық
танытады.
Ақпараттық
жоқтығын
немесе
олардың
элементтерінің дисгормониясы кезінде адамда қисымды сезінушілік күшейеді. Проблемалы
шығармашылық жолмен шешуде адам жалпы қабылдаған, қарапайым проблемаларды
шешуден қарағанда көптеген болжамдар құрып, өз күдіктерін шешуде жолдарды
қарастырады. Е.П. Торренс өзінің жұмысын көп жағдайда Дж. Гилфордтың дивергентті
ойлау теориясына негіздеген. Дж. Гилфорд дивергентті ойлауды проблеманың шешімін
табудағы сонылы және ерекше идеяларды құру процесімен байланыстырады [3,4].
Креативтілік нормативті процесс ретінде танылады, яғни барлық адамдарға тән.
Креативті жаттықтыруға болады. Креативтілік – пайда болған міндеттерді әлдеқашан
белгілі, болған тәсілдермен шешу үшін талап етілетіндердің тысынан шығатын жоғары
түрдегі ойлау. Ойлау процесінде үстемдік еткенде, шығармашылық елес ретінде көрінеді.
Мақсат пен іс - әрекет тәсілінің құрамды бөлігі бола тұра, ол шеберлік пен бастаманың
міндетті шарты ретінде шығармашылық іс - әрекет деңгейіне дейін көтереді.
Жалпы, дарындылық пен креативтілікті дамыту проблемаларына арналған ғылыми-
тәжірибелік жұмыстарға талдау жасау оның бірқатар ерекшеліктерін бөліп қарауға
мүмкіндік береді.
Дарындылық пен креативтілікті қалыптастырып, дамыту үшін ол пайда болысымен
зерттеушілер бұл сапалық қасиеттті анықтап, оның дамуына жағдай жасауға баса көңіл бөлу
керектігін ұсынады. Тұлғаның шығармашылығы қоршаған әлемді өзгертіп, жаңа небір
құндылықтарды құра алатын өзбетті, әрі белсенді тұлға формасы ретінде анықталады.
Қоғамдық маңызы бар шығармашылық қоғам мен елдің процесін анықтайды.
Д.Б. Богоявленская тұжырымдамасына сай креативтілік адамның бастамасы бойынша
кез – келген іс - әрекет түрінің дамуы мен анықталады [5].
Н.С. Лейтес шығармашылық қабілетті зият деңгейінің көрінісі ретінде тұлғаның
тұтастай ойлау қабілетінің дамуы ретінде сипатталады. Зерттеуде әр жастық шақтағы
шығармашылық қабілеттің өзінше көрінуі қарастырылған[6].
Креативтілік түсінігін айқындайтын әдістердің әртүрлілігіне қарамастан олар
дарындылықтың анықтаушы компоненттерінің бірі ретінде индивидтің психикалық сапалық-
қасиетін танытады. Қандай да бір істе «тек жоғары нәтижелерге» жетісу дарындылықтың
162
құрамдас бөлігі ретінде өзге факторлардың жиынтығын білдіретін жаңа шығармашылық іс-
қимыл ( интеллект, дәлелдеу және басқалар) деген сөз.
Креативтіліктің басты көрсеткіші өнімділік ( шығармашылық өнім көлемі) және өзіндік
ерекшелік (қалыпқа түспеген образдар қабілеті мен іс–қимыл әдістері) деп есептеуге болады.
Оған ең алдымен ойлау тәуелсіздігі, тәжірибенің ашықтығы, доминанттық және өзін-өзі
дамыту динамикасы жатады.
Тұлғалық категория ретінде креативтіліктің бірнеше белгілері бар.
Бірінші белгі — интелектуальды шығармашылық бастамшылдық. Креативтілік
тұлғаның шығармашылық көрінісі ретінде алдымен интелллектуалды-шығармашылық
инициативаның болуымен, тікелей атқаратын қызметінің міндеттері мен талаптары
шеңберінен шығып кетуімен сипатталады. «Креативтілік» түсінігі шығармашылықтың
көрінуі мен қалыптасуына ықпал ететін кейбір ойлылық және тұлғалық қасиеттер
жиынтығын қамтиды.
Екінші белгі — «категориялық бөліну кеңдігі». Байланыстылық (ассоциативтік)
қатарлар кеңдігі, «байланыстылық қашықтығы».
Үшінші белгі — ойлау шапшаңдығы мен икемділігі. Бұл қабілеттілік проблемаларды
шешудің түрлі амалдары мен әдістерін тез табады және біріктіреді.
Төртінші белгі — ойлау өзгешелігі. Ол проблемаларды шешудің дербестігімен, өзгеге
ұқсамайтындығымен, өткірлігімен көрінеді.
Бесінші белгі — динамизм шығармашылық даму тетігі ретінде [6].
Жалпы креативтілік психологиялық тұрғыдан алғанда, нәтижесінде жаңа материалдық
рухани құнды дүние тудыратын әрекет. Ал педагогикалық тұрғыдан алсақ, креативтілік
дегеніміз – адамның белсенділігі мен өз бетінше жұмыс істеуінің жоғары түрі және ол
әлеуметтік қажеттілігі мен өзіндің ерекшелігімен бағаланады.
Қазіргі
кезеңде
жеке
тұлғаның
креативтілігін,
шығармашылық
дербестігін
қалыптастыру өте маңызды, күрделі және көп салалы мәселе болып есептеледі.
Креативтілікті қалыптастыру шығармашылыққа жетелейтін қабілеттер мен шығармашылық
қызметі сапасын анықтайтын, жаңаны тану мен жасауға бейімделуге апаратын әрбір жеке
тұлғаға тән интеллектуалдық үрдіс ретінде сипатталады.
Демек, жаңа педагогиканың мақсаты баршаға мәлім білімді игерту және студенттердің
біліктері мен іскерлігін қалыптастыру ғана емес, сонымен бірге, оқу процесінде жаңа
білімдерді алуға жағдай жасау болмақ. Осылайша, креативтік педагогиканың негізгі міндеті
жоғарғы шығармашылық потенциалға ие, әлеуметтік белсенді тұлғаны тәрбиелеу болып
табылады. Білім берудегі мәселелерді талдау адамның шығармашылық және рухани-
лылығына бағытталған жаңа білім беру парадигмасын жасау қажеттілігін тудырды. Білім
беру тәжірибесіндегі негізгі міндеттер қоғам мен табиғат заңдарын оқытып қана қоймай,
«адам-табиғат-қоғам» жүйесіндегі қарым-қатынас ізгілігі мен шығармашылық жаңарудың
әдістемесін меңгеруге көмек болып табылады. Бұндай міндетті басты мақсаты адамның
шығармашылық әлеуетін дамыту және сақтау болып табылатын инновациялық білім беру
ғана жүзеге асыра алады.
Бұл дүниеде жасаушы, құрушы болып, сондай-ақ интеллектуальды болып ешкім
тумайды. Бәрі біздің әрқайсымызда кездесетін әр алуан әлеуетті жүзеге асыру үшін орта
берген мүмкіндікке байланысты.
Креативтілік адамның рухани, дарындылық және шығармашылық еркіндігі, адамзат
өркениетінің маңызды резерві болып табылады. Мәселе әр адамның қай салада дарынды
екенін анықтап, оның талантын жетілдіруде тұр. Өйткені, табиғатта кез-келген адам өзінше
дарынды және ақылды. Шығармашылық әрекетті жүзеге асыратын субъект – тұлға. Қандай
типтегі тұлға шығармашылықта мұратына жетеді десек, ойы ұшқыр, ақылы алғыр болуы
керек екендігі ғылымда дәлелденген. Ең бастысы, шығармашыл тұлғада шығармашылыққа
деген тұрақты қажеттілік, тұрақты сұраныс болып, өз ісіне қанағат табу сезімі болуы қажет.
Бұл шығармашылық – адамды дамытады, шебер етіп шыңға көтеретін факторлардың бірі
екеніне – дәлел бола алады.
163
Креативтілік құрылымының тұжырымы жеке тұлғаның дамуы мен өзектілігін таныту
үшін мүмкіндік береді. Ол өзіндік сипаты мен дарындылықты дамытуға бағытталған.
Психологтар мен педагогтардың міндеті — тұлғаның шығармашылық әлеуетін, оның неге
бейімділігін анықтау, дарындылық қасиетін дамытуға жағдай жасау. Іргелі білім беру ісін
жеке адамды қайта құру негізінде игеру, шығармашылық дамыған тұлғаны тәрбиелеу,
креативтілікті және әр адамның талантын дамытуға бағыттау керек
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Дружинин В.Н. Психология общих способностей. – СПб: Питер, 2000.
2. Матюшкин А.М. Проблемные ситуации в мышлении и обучении. – М., 1972.
3. Torrance E.P. Teaching Creative and Gifted Learners. In: M.C. Wittrock (Ed.). Handbook
of Research on Teaching, (3
rd
ed.). /E.P. Torrance. - N.-Y.: Macmillan Press, 1986.
4. Дж.Гилфорд. Три стороны интеллекта //Психология мышления/ Под ред.
А.М. Матюшкина. –М.,1965
5. Д.Б. Богоявленская Интеллектуальная проблема творчества. Ростов-на-Дону, 1983.
6. Креативная педагогика: методология, теория, практика /Под ред. Ю.Г. Круглова.
– М.: МГОПУ им. М.А. Шолохова, изд. центр «Альфа», 2002.
Резюме
В данной статье анализируется теоретические аспекты формирования креативности и
одаренности, дается определение креативности, как способности, отражающей свойство
индивидов создавать оригинальные ценности, принимать нестандартные решения, выходить
за пределы известного; как интегрального свойства личности.
Summary
The author of the article considers the levels of developing the personal creative qualities. He
gives the conception of creativeness. The exercise game for the definition of the creative level is
offered. The researcher’s works are analyzed, which are considered the activity and mechanism of
creativeness.
АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ ИМАНДЫЛЫҚ, АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІ
Оспанова Ш.М. аға оқытушы
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті,
Алматы қ., Қазақстан
Рухани құндылықтарды уақыт сынайды. Қазіргі біздің заманымызда материалдық
құндылықтар кең өріс алып бағалануда, ал рухани құндылықтарымыз өте төменгі дәрежеде.
Адамдар бір-бірін қызметіне, лауазымына, тұрмысына, киген киміне, мінген көлігіне қарап
бағалайды. Байлықты сөзсіз қайырлы нәрсе деп санамау керек. Иә кейде Алла дүние-мүлік,
бақ-дәулетті, бақытты қалағанына беріп жатады, ал кейде бермейді, бірақ Алланың бергені
де, бермегені де қайырлы болмақ. Өйткені сен жақсы адам болсаң , берілген дүниені
орнымен жұмсасаң, бұл сен үшін қайырлы болмақ. Алайда сен нашар адам болып тура
жолдан айнысаң Алланың бергені де, бермегені де саған жақсылық алып келмейді.
Тура жолда болмасаң, кедейлік сені күпірлікке итермелеуі мүмкін. Кедейлік
ашындырып, құдайға деген наразылықтудыруы мүмкін. Тура жолда жүрмесең, байлықта сен
үшін сор болмақ (тәғәбун сүресі)
164
Адам байып, мәртебесі өскен сайынжаратушы Алланы да ұмытып, өзін енді кереметпін
деп, ешкімді менсінбей, тәкәпарланып, асып-тасып кетеді. Данышпан ұлы Абайда мына өлең
шумағымен адамдардың осы жаман қасиеттеріне тоқтау айтқандай.
Мен боламын демеңдер
Аяқты алшаң басқанға
Екі көзің аларып,
Құр қарайсың аспанға
Өйткені адам жолығар
Кешікпей – ақ тосқанға.
Өзін зор санағанда Алла қор санайды. Өзін кішіпейіл ұстаған сайын оның абыройын
Алла биіктетеді. Жүрегінде сәл тәкәпарлығы бар пенде жұмаққа кірмейді деген екен
пайғамбарымыз. Адамның бұл дүниедегі шынайы байлығының жасаған жақсылықтары. Бір
хадисте: «қазаны тек қана дұға қайтарып, ғұмырды тек қана жақсылық ұзартады» - деген.
Кей кездерде мынандай сұрақтар туындайды. Неге арсыз, залы, жемқор адамдар ойларына
келгенін істеп, тайраңдап рахат өмір сүреді? «Заманның түлкі болса, тазы боп шал» деген
қағиданың осы заманмен астасып жатқаны ма? Тазы боп шалып, ар-ұятты жоғалып, түлкі
заманда жақсы өмірді солар көруде. Халықты алдап, елдің экономикасындамытуға берілген
ақшаны бас пайдасына пайдаланып, шет ел асып рахат өмір кешуде. Абайдың 44-ші сөзінде
«талаптың ішінде адам баласы көбінесе басына кәдер іздеп, сол талапта толады. Біреуі мал
қуыпжатыр. Сараңдықпен, армдықпен әйтеуір мал мансап, «мал тапқанердің жазығы жоқ»
дейтұғын, мақалға сеніп, халықтың түріне қарай итте болса, малды сөге алмайды деп, бұл
мал һәм пайда, һәм қасиет болады бойыма дейді. Мұнысы рас, қазақтың өз құлқынына
қарағанда бірақ адамдыққа, ақылға қарағанда, қазақ түгіл, көңіл жиіркендіретін іс. Осыған
орай біреу қажетке жарармын, біреу батыреке атанамын, біреулер білгіш, қу, сұм атанамын
деп сол харакетте жүр. Әрқайсысы қазаққа бұлдамақ болып, басына «осымбір сыпыра елеу
азық болар» деген талаппен қарекет қылып жүр». Бұл сөзде қазақ қазақтың бетіне қарап,
тамырын ұстап, осыған осым қымбатты, керек секілді, осыны әкеліп өткізсем пайда түсетін
сынды деушілік. Абай заманындағы қазақпен қазіргі замандағы қазақтың айырмашылығы
жоқ екенін көріп отырмыз. Қоғам өзгерді, бірақ адам өзгермейді екен.
Ұлы Абай философиясы адам баласының рухани – интеллектуалдық байлығын өсіру
мен мінез – құлқын түзеп өзгерту мақсатын алдына қояды. Бұл туралы кезінде М.Әуезов
былай деп тұжырымдаған екен: «Біздің білуімізше, Абайдағы философиялық көзқарастың
көбі адамгершілік мәселесіне тіреледі...
Жеке адамдарды жаманшылықтардан арылтып, сол арқылы замандағы қауым мен
қоғамды және бар халқын түзеп өзгерпек болады». Абай көзқарастары мұсылман
фалсафашыларының көрнекті өкілдері көзқарастарымен үндес, өзектес.Ирандық дінтанушы
Мұстафа Мүтәххаридің «Ақиғат жолындағы арыстар» кітабының «Исламдық кісілік келбет»
туралы дастандар» атты әңгімелерінен «Кім күшті» атты әңгімесіне көңіл бөлсек, жас
ұрпақты асқақ адамгершілік рухта тәрбиелеуде бұл өнегелікбаяндардың өмірімен маңызы
көп екенін көреміз. Бірнеше мұсылман жасөспірімдері бірігіп, өзара күш сынаспақ болады.
Сөйтіп олар кірдің тасын олай-бұлай көтеріп байқаған соң, күш сынасарға жақсы құрал
екендігін айтысып, істеріне кірісіп кетсе керек. Сол мезет пайғамбар олардың қасына келіп:
-
Бұнда не істеп жатырсыздар?-деп сұрапты.
-
Күш сынасып, кімнің мықты екендігін көрейік деп жатырмыз – депті олар.
-
Онда кімнің күшті екендігін айтып бергендігімді қалаған болар ма едіңдер?-деп
сұрапты пайғамбар.
Бізге Алланың елшісінің өзі айтқан төреліктен артық мақтаныш жоқ,
деп даурығысқан олар артынша тыныш тұра қалды. Іштей қобалжу да бар, қазір мені
атап қалар ма екен? деген үмітте бар. Бәрі пайғамбардың аузына қарап, ақтарылып тұрды.
Сонда пайғамбар айтыпты.
Өзінің көрсе қызарлығын көрсетіп алып, адамшылдық аясынан шығып кетпейтін,
қалаған мақсатына жете алатын, өзінің адал жүрегін ластамайтын, өтірік айтып аузын
165
былғамайтын, көргенсіздік көрсетпейтін күшті екенмін деп басқаларға зорлық жасамайтын,
әрқашан өзін бір межеде ұстай білетін артық кетпейтін адам нағыз күштінің өзі!
Абайдың 1889 жылы жазылған «Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек» деген өлеңінде:
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек,- дейді.
Абайдың пайдасыз сөзі жоқ, тек оған құлақ қойсақ, оның әр сөзіне зер сала білсек,
келер ұрпаққа жазылған өсиетнама деп қабылдауға болады. Адамшылдық туралы айтқан
терең мағналы үлгілі сөздері көпшіліктің мінезін тәрбиелеп, ақыл көзін ашып, кеңейтпек.
Ел жайын біліп қансаңыз,
Айтайын құлақ салсаңыз:
Кейбіреу дүрсін жүр,
Жер тәңірісінкер мағыз
Кейбіреуі – зоконшіл,
Оңдырмасып берсе арыз
Кейбіреуі пірге қол берген
Іші – залым, сырты – абыз.
Кейбіреуі қажыға барып жүр,,
Болмаса да қаж. Парыз
Мұсылмандық ел ойлап,
Өтеген қашан ел қарыз?
Жүректен толғанып, ызамен қайрат айдап шыққан қайғылы, қапалы, зорлы сөздері
адамның ақылын ішіне үңілтіп жанымен сырластырып, ұғып, оқып түсінгендердің сезімін
тәрбиелемек. Абай өлеңінің көбі – ақ мінез түзеу жолына арналған. Көп өлеңінің ішінен
мысал үшін мына бір өлеңді алайық:
Мазлұмға жаның ашып ішің күйіп,
Харекет қыл пайдасы көпке түссін
Көптің қамын әуелде тәңірі ойлаған
Мен сүйгенді сүйді деп кең сүйсін.
Терең толғап, халықты болжап фәлсафа жолымен де сөйлегендігіне кейінгі сөздерді
мысал қылуға болады:
Кім жүрер тіршілікке көңіл бөлмей,
Бақи қоймас фәнидің мінін көрмей
Міне қайда екенін біле алмассың
Терең ойдың телміреп соңына ермей.
Адамның тән және жан табиғаты тұтаста болғанда өмір сүру кеңестігі – фәни дүние, ал
екеуі бір-бірінен ажырап, жан табиғаты өзінше өмір басталғандығы мекен – бақи ғұмыр.
Адам фәни дүниеде ерікті. Сондықтан ол періштеге де шайтанға да ілесіп сеніп кетеді. Ерікті
дүниеде ізгілік пен зұлымдық тану десек, бұл жолда қауіп те, қатер де мол, мүмкін осының
бәрі Абай айтқан фәнидің міні болса керекті. Яғниадамның фәниде іс еркіндігі, ой еркіндігі,
сенім еркіндігі бар. «Кім жүрер тіршілікке көңіл бермей?» дегенде, осының өзі фәнидің міні
деген ой айтып отыр. Тіршілікке көңіл беру бақи дүние бар екенін ұмыту, жалған ғұмырмен
шектеліп, соған разы болу, дүние болмысы туралы терең ой толғамау. Бұл адамның міні.
Фәнидің міні дегеніміз дүниенің міні. Сонда адам міні, дүние міні деген ұғымдар бары
анықталды. Адамның ғұмыры өлшеулі, яғни оған бұл дүниежалған. Осының мәңгілік
тұрақтайтын мекені бұл емес. Оны түсінбеу адамның міні. Фәнидің міні – адам тағдыры, оны
өзгертуге талпыну бос әурешілік. Адамның қай ісі мінді, қай ісі мінсіз. Дүниенің өзі мінді
болса, адамның ісі мінсіз болуы мүмкін бе? Мінсіздік жаратушыға ғана тән, адам болған соң
мінсіз жан болуы мүмкін емес. Өмірде біз көбінесе тұнып тұрған міннен мінсіздікті көре
алмаймыз. Әрине оның да түрлі себептері бар. Кейде мін айқалап тұрса да оны көргіміз,
аңғарғымыз келмейді немесе мін айтуға тыйым салынады. Бұл әсіресе, саяси мәселелерде
жиі көрсететін жай. Керсінше, мінсіз істі іске жарағысызетіп мінеу дегенде бар. Адамның
міні жеке өз басымызда, мінезінде, әрекетінде ісінде. Ал адам өзгелерге еліктеп жасаған
166
әрекетінен ешқашанда өзіне мұра таппайды. Адам ең алдымен өзіне сену керек, Абай
айтқандай ақылы мен қайратына сеніп, өз жүрегін тыңдауы керек, қайратына сеніп, өз
жүрегін шыңдау керек.
Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап,
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар
Еңбегің мен ақылың екі жақтап....
дегенді құрғақ ақыл есебінде қабылдай алмаймыз. Кетілседе жетілген, қайраты
қайырылған, жігері шыңдалған жанның намысын жану, қара тасты да қақ жаратынеңбекті
дәріптеу, адамды адам қылғанақылды мойындау деп түсінеміз.
Бас-басына би болған өңкей қиқым,
Мінекей бұзған жоқ па елдің сиқын?
Өздеріңді түзелер дей алмаймын,
Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың....-деген жорлдарды оқығанда күні кеше ғана
тілімізге қарсы шығып, Абай тілін құрдымға батырып, жер анамызды өзгенің қанжығасына
байлап жіберуге даяр тұрған намыссыз қазақ жігіттері доллар үшін бәрін сатып жіберуге
даяр әкімдер, үкіметті қызметкерлерді, бизнесмен мырзалар көз алдымызға келеді. Сезімі
ояу, көңілі қаяу ақынның бұдан бір ғасыр бұрын айтқан сөзі осы күні де маңызын
жоғалтпаса, бұл да Абай поэзиясының құдреті.
Абай туған халқын қаншалықты жақсы көрсе, сан халықтың бойындағы ерсі мінез,
кесір хылықты, данғойлық пен мансапқорлықты жек көргені де рас. Ұлы ақынның 1894
жылы жазылған «Әсемпаз болма әрнеге» деген өлеңінде:
Қайрат пен ақыл жол табар,
Қашқанға да қуғанға.
Әділет, шапағат кімде бар,
Сол жарасар туғанға – дейді. Бұл жерде «әділет» пен «шапағат» жүргенде Құдайы бар
иманды адамның қасиеттері екені айғақ. Абайды бүкіл қазақ халқының, күллі қазақ
жұртының, қазақ мемлекетінің кемеңгер идеологы деп қабылдау ләзім. Тәуелсіз еліміздің
мемлекеттік кеңесшілері де , парламентте заңдар қабылдап отырған халық қалаулылары да
Абай сөзіне мән беріп, жүгінсе, ақылының әрбір өлеңі, әрбір қара сөзі әр түрлі заңдардың
өзегі немесе арқауы болуға сұранып – ақ тұр. Абай шығармалары мен «Абай жолы» романы
бүкіл қазақ халқыныңзиялы хакімдердің әкімдердің үстелі үстінде жататын кітаптар болуы
керек. «Абайлаңыз, байқаңыз», - деп Абай сақтандырған кеселдер – сабырсыздық, арсыздық,
еріншектік, арызшылдық, өсекқұмарлық жалған мақтаншылық –ақынды өкіндірген, өкініші көп
өмірді қазақ халқы әліде басынанкешіріп жатқан сөзге құлақ асып жатқанталапты жас аз.
Ынсап, ұлт,ар намыс, сабыр, талап,
Бұларды керек қылмас ешкім қалап
Терең ой, терең ғылым іздемейді,
Өтірік пен өсекті жүндей сабап.
Осыны оқып, ойлай бер, болсаң зерек.
Еңбекті сат, ар сатып неге керек?
Үш – ақ нәрсе – адамның қасиеті:
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
Ақыл келер заман көк тұман деп, көкірегі қарс айырылса да алдамшы өмірден бір жола
түңіліп кетпейді, келешектен үмітін үзбейді, «қайрат» пен ақыл жол табар қашқанға да,
қуғанға» - деп жігерді қайраттан парасатты ақылдан, жақсылықты әділетпен күтеді.
Қиянатшыл дүниеден жүрегі қырық жамау болсада: «Адамды сүй, Алланың хикіметін сез,
Не қызық бар өмірде онан басқа»- деп өмірді сүюге шақырады. «Алланың өзі де, сөзі де
рас» деген өлеңінен бастап басқа да өлең жырлары мен қара сөздерінде Алланы сүю мен
адамды сүю деген ұғымдарды қатар қарайды, ар мен ұяттың күзетшісі ақылды барлық
қасиеттен биік қойып, шайтан ісінен аулақ жүріп, Алланы тануға иман келтіруге, адамдық
атты жаймауға үндейді. Абай «қулық саумақ, көз сүзіп, тілінен адам саумақ – өнерсіз иттің
167
ісі. Әуелі құдайға сиынып, екіншісі өз қайратыңа сүйініп, еңбегіңдісау, еңбек қылсаң қара
жер де береді, құр тастамайды» - дейді.
Абай да сөздері пайғамбар хадистерімен үндес. Ұлы ақын Абайды тану бәрімізге
парыз. Абай айтқандай « Әкесініп баласы - адамның дұшпаны, адамның баласы – бауырың»
- демек бәріміз «Адам» болуға тырысып бағайық. Дүниеге Адам болып келіп, дүниеден Адам
болып өтуді ойлайық. Хадисте айтқандай: Қолымыздан келгенше бір-бірімізге жақсылықтар
жасап, бұл дүниедегі ғұмырымыздан ұзартайық».
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Ж. Аймауытов. М.Әуезов «Абайдың өнері һәм қызметі» 1918 ж.
2. Ғ. Есімов журнал Абай 1, 2004 ж
3. А. Шаяхмет. Абай 4,2003. (35б,39б)
4. А. Омаров. Абай 4 ,2003.(28б, 35б)
5. «Абай» шығармалары А,1984.
6. Мұстафа Мүтәххари «Исламдық кісілік келбет». Абай 3. 2004, 87б.
7. А. Құнанбайұлы монографиялық зерттеу. Алматы: Санат, 1995, 175б.
Достарыңызбен бөлісу: |