Министерство образования и науки республики казахстан



Pdf көрінісі
бет43/90
Дата22.12.2016
өлшемі15,08 Mb.
#127
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   90

Резюме 

 

  Данная  статья  посвящена  изучению  семантических  особенностей  крылатых  слов  в 

казахском и французском языках. 



Summary 

Ethnic  linguistic  is  one  of the dynamically  developing  trend  in  language theory  in the  XXth 

century  this  article  deals  with  research  of  winged  words;  the  sources  of  their  creation  and  some 

ethnolinguistic motives in the semantics of winged words in the comparative aspect. 



ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҚЫСҚАРҒАН СӨЗДЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖАҢА ҮЛГІЛЕРІ

 

 

Қадырқұлова Р.Б.

 

Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ 

Алматы қ., Қазақстан 

 

Тәуелсіздік  алғаннан  бергі  20  жылдың  көлемінде  қоғамдағы  тың  саяси  өзгерістер  мен 



әлеуметтік-экономикалық  жетістіктер  тіл  дамуына  да  ықпалды  құбылыстар  енгізді.  Тілдік 

қорымыздың  молаюы,  өзге  тілден  енген  сөздердің  ана  тілімізден  баламаларын  табуы  – 

тіліміздегі  еркіндіктің  көрінісі.Тілдегі  жаңа  құбылыстар  заңдылық  негізінде  қалыпты 

қолданысқа  айналып,  ғылыми  нақтылығын  дәлелдеп  жатса,  өміршеңдігін  де  сақтап 

қалады.Әсіресе,қазақ  тіліндегі  қысқарған  сөздердің  ықшамдалу  формалары  дәстүрлі 

тәсілдердің  шеңберінен  шығып  кеткендігі  айқын  байқала  бастады.  Өйткені,  нарық 

кезеңіндегі күрделі атаулардың жиілігі мен қолданылу өрісінің  кеңеюі олардың ықшамдалу 

тәсілдерін  де  құбылтып  жіберді.  «...Қысқарған  сөздер  қазіргі  қазақ  тілінде  жаңадан  сөз 



тудырудың  дағдылы  тәсілдерінің  бірі  болып  қалыптасты»  /1/  дегенімізбен,  қысқарту 

арқылы  күрделі  атауларды  ықшамдағанымыз  болмаса,  олардың  мағыналарына  еш  өзгеріс 

қосылмайды.  Қысқарған  сөз  шартты  түрде  алынған  таңба  қалпында  қала  береді. 

Ғалымдарымыздың  зерттеу  еңбектерінде  дәстүрлі  төрт  тәсіл:  күрделі  атаулардың 

құрамындағы сөздердің басқы әріптерінің алынуы (ТМД, БҰҰ), бірінші сөздің басқы буыны 

мен  қалған  сөздердің  басқы  дыбыстарының  алынуы  (ҚазҰУ,  ҚазҰТУ),  күрделі  атаулар 

құрамындағы  сөздердің  басқы  буындарының  алынуы  (Қармет,  ауатком),  бірінші  сөздің 

басқы  буыны  мен  келесі  сөздің  толық  алынуы  (партбилет,  медуниверситет)  -  қысқарған 

сөздердің  жасалу  жолы  ретінде  беріліп  келеді.  Бірақ  күрделі  атауларды  қысқартудағы 


 

299 


шарттылық  жолдары,  күрделілік  ауқымы,  құрылымдық  сипаты  нақты  ережеге  негізделіп 

жүйеленбегендіктен,  кейбір  олқы  тұстардың  көрініс  беріп  қалатыны  жиілеп  барады. 

Аталмыш төрт тәсілдің соңғы үшеуінде де басқы буындардардың қысқартылып алынуы 

деген ереже бар.Шын мәнінде буынның қысқартылатыны мысалдармен дәлелденбейді. Қазақ 

сөзінің  (ҚазҰТУ)  басқы  буыны  -  Қаз.  емес,  Қарағандының  да,  металдың  да  (Қармет) 

алғашқы  буындары  Қар.мен  мет.  бола  алмайды.  Яғни,  сөздердің  басқы  бөлшегі  /шартты 

түрде/ алынады екен.  

Ал 


соңғы 

кездері 


қолданыста 

белсенділікке 

ие 

болған 


Қазмұнайгаз, 

Жезқазғантүстімет, 

ҚазАтомөнеркәсіп, 

Қазэкспортастық, 

СолтҚазЭнерго, 

Қазақтеміртранс,  ҚазАгроинновациялар,  ҚазТұрмысХимия  секілді  күрделі  атаулардың 

ықшамдалу үлгілеріне қарсы уәж айта алмайсың. Бұлардың ешқайсысы да дәстүрлі тәсілдер 

ережесінің  талабына  сай  емес.  Қарсы  уәждің  жоқтығы  –  қысқарған  сөздердің  жаңадан 

жасалған  сөз  еместігінде.  Айтуға  ыңғайлау,  қолдануға  ықшамдау  мақсатында  күрделі 

атаулардың шартты түрде таңба қызметін  атқаруы сөз қысқартудың басты қағидасы болуға 

тиіс.Осы  тұрғыдан  келетін  болсақ,  сөз  қысқартуға  қойылатын  шарттарды  да  белгілеп 

алғанымыз 

жөн. 


Әйтпесе, 

«Жезқазғантүстімет

»-тен 


ықшамдау 

мақсатындағы 

қысқартқанымыз - үш-ақ әріп. Осыған байланысты болар, кейбір біріккен сөздерді қысқарған 

сөздердің  қатарына  жатқызушылар  да  өз  пікірлерін  ұсына  бастады.Қыстыгүні,  желінқап, 



қолғап,  бүгін,  биыл,  асүй,  алжапқыш  секілді  біріккен  немесе  кіріккен  сөздерді  қысқарған 

сөздердің  қатарына  жатқызу  қосымшалар  үнемдеу  мен  дыбыстарды  өзгерудің  күрделі 

атауларды ықшамдау үдерісіне  жатпайтындығын білмегендік пен мойындамағандық болып 

шығар  еді.Сонымен  қатар,  сөз  қысқартудың  мақсаты  –  жаңа  ұғымды  иеленетін  сөз  жасау 

емес.Сөздерді  қалай  қысқартсаң  да,  қалай  ықшамдасаң  да  күрделі  қалпындағы  мәнін 

жоймайды.  Егер  күрделі  атаулардың  бәрін  айтуға  жеңіл,  қолдануға  ықшам  деген  желеумен 

қысқарта  берсек,  тіліміздің  басты  қызметі  –  түсінісуімізді  қиындатып  алатынымызды  естен 

шығармайық.  АҚ  –  Акционерлік  қоғам,  ҚР-  Қазақстан  Республикасы,  ҒА  –  Ғылым 

Академиясы деген ұғымды білдіретінін мектеп қабырғасынан оқытып-үйретеді. Бұл күрделі 

атауларды  қысқартудың  бірінші  тәсілі  болып  саналады.Алайда  осы  қысқарту  тәсілі 

қолданыста  жеке  айтылғанда  күрделі  атаудың  мәнін  иелене  ала  ма?  Жоқ.  Себебі,  бұларды 

қысқартылған үлгі тұлғасында қосымша жалғап, басқа сөздермен байланысқа түсіру қиынға 

соғады / ҚР-дың азаматы, ҒА-ның қызметкері, АҚ-тың мүшесі емес /. Міне, осы тұста өзінен-

өзі  ойлануға  мәжбүрлейтін  сұрақ  туады.  Басқы  әріптерін  алу  үшін  күрделі  сөздің 

құрамындағы  компоненттерінің  саны  кемінде  нешеу  болуға  тиіс?  Егер  БҚО,  СҚО,  ШҚО, 

ОҚО  түріндегі  қысқартулар  болса,  олардың  қай  облыс  екендіктерін  білеміз.  Ал  Алматы, 

Атырау,  Ақмола,  Ақтөбе  облыстарын  бір  ғана  АО  тұлғасында  бере  алмас  едік.  Сонымен, 

күрделі  атауларды  ықшамдаудың  бірінші  тәсілі,  яғни  сөздердің  басқы  әріптерін  алу  үшін 

олардың  құрамындағы  компоненттерінің  саны  үшеуден  кем  болмауы  шарт.  Қазақстан 

Республикасы  Ішкі  Істер  Министрлігі  немесе  Ұлттық  Ғылым  Академиясы  секілді 

күрделі атауларды ҚР ІІМ және ҰҒА түрінде басқы әріптерімен ықшамдау көкейге қонады. 

АҚ  формасындағы  қысқарған  сөздер  де  сол  қоғамның  атауынан  кейін  тіркескенде  ғана 

қолданысқа толық түсе алады. Мысалы: «Тәртіп» АҚ . 

Екінші  тәсіл  бойынша  күрделі  атауларды  ықшамдау  құрамындағы  компоненттерінің 

саны үшеуге толмаса, жүзеге аспайды.Бұл тәсілдің бірінші сөзі, негізінен, Мемлекет немесе 

қала  атауларының  алғашқы  шартты  бөлігі    /буын  болуы  міндетті  емес/  болады  да,  қалған 

құрамдарының  басқы  әріптері  алынады.  Осы  тұста  ескере  кететін  жайт  –  Қазақ  және 

Қазақстан  сөздерінің  ықшамдалу  ерекшеліктері.  Қолданыс  жиілігі  жағынан  Қазақ  сөзі  – 

«Қаз.»,  ал  Қазақстан  сөзі  «Қ»  түрінде  ықшамдалады:  ҚазҰПУ,  Қазмұнайгаз,  ҚазБелАз, 

ҚБТУ  /Қазақстан-Британ  техникалық  университеті/,  ҚР  ҰҒА,  ҚР  Ұлттық  Банкі.  Күрделі 

атауларды  ықшамдаудың  дәстүрлі  үшінші,  төртінші  тәсілдері  айтарлықтай  өзгерістерге 

ұшыраған жоқ.Керісінше, бұл тәсілдердің қатары жаңа ықшамдалулармен толықты. Олар: 

-  Бірінші  сөздің  басқы  бөлшегі  мен  қалған  сөздердің  толық  берілуі:  Қазмұнайгаз, 



Қазатомөнеркәсіп, Қазэкспортастық

 ; 


 

300 


Бірінші, 

екінші 

сөз 


толық, 

қалған 


сөздердің 

басқы 


бөлшегін 

алу: 


Жезқазғантүстімет, Қазақтеміртранс, Барлау өндіру АҚ ;

 

-  Бірінші,  екінші  сөздің  басқы  бөлшегі  мен  келесі  сөздің  толық  берілуі: 



Қазагроинновациялар, Еурохимтыңайтқыш, ҚазкоммерцБанк

 . 


Көріп  отырғанымыздай,  қысқарған  сөздердің  қандай  үлгіде  жалпы  қолданысқа  енуі 

дәстүрлі тәсілдердің аясынан шығып кеткен. Оның қандай үлгіде ықшамдалғандының басты 

төрешісі  күрделі  атаулардың  өміршеңдігі  мен  қолданылу  жиілігі  болып  табылмақ.Баспасөз 

беттерінде  күрделі  атаудың  құрамындағы  шылаудың  да  ықшамдалған  үлгісі  /  БжҒМ-  Білім 

және  ғылым  министрлігі/  беріліп  жүрді.  Оған  қоса,  басқы  буын  /бұл  жерде  буын/  мен 

қосымшадан  ғана  ықшамдалған  қысқарған  сөз  –  зертхана  /зерттеухана  –  лаборатория/ 

үлгісін  жалпы  қолданыспен  қатар,  ғылыми  стильге  енгіздік.  Осы  тұста  күрделі  атауларды 

ықшамдаудағы  мақсатымыз  есімізге  қайта  оралады.    Лаборатория  –  күрделі  атау  емес. 

Қайталап айтуға да қиындық туғызбайды. Сондықтан біз оны ықшамдаған жоқпыз. Біз оның 

қазақша  баламасын  ғана  іздедік.  Констракциялық  қысқартулар  –  жалпы  есімнің 



құрамындағы  екі  дауыссызды    селбестіру:  теңге 

– тг,  дүйсенбі  –  дн,  бейсенбі  –  бн,нүкте-

нк,қос  нүкте-  қн.  немесе    суспензиялар  –  жеке  сөздердің  дауыссызбен  аяқталатын 

алғашқы  бөлшегінің  алынуы:  ауд. 

–  аудан,  обл.  –  облыс,  шығ.  –  шығарма,  даңғ.  –  даңғыл

бұлар  да  күрделі  атауларды  ықшамдау  мақсатындағы  үдерістер  емес.  Контексте  немесе 

арнайы  көрнекілікте  шартты  түрде  берілетін  белгілер  қызметін  атқарады.  Ал  контестік 

қысқартулар  құбылмалы  келеді.Бір  күрделі  атаудың  бірнеше  ықшамдалған  үлгісі  кездесе 

береді.  Назар  аударайық:  1.  ...  «ҚазМұнайГаз»  Барлау  Өндіру»  АҚ  қор  өнімін  ұлғайту 

саясатында тек Лиман блогымен шектеліп отырмағаны аян. 2. Осы оқиға туралы ҚМГ БӨ 

бас директоры былай деді: ...Компания алдағы уықытта барлық акционерлердің мүддесіне 

сай  басымды  активтерді  іздестіруді  жалғастыра  бермекші.  3.  «ҚазМұнайГаз»  БӨ  бас 

геологы  Базар  Есқожа  Солтүстік  Арал  аймағының  кезінде  ескерусіз  қалғанын  қинала 

айтады.  4.  Кезінде  бұл  аумақ  Теңіз  кенішін  игеріп  отырған  «Теңізшевройл»  компаниясына 

тиесілі  болатын.  5.  Мемлекет  меншігіне  қайтару  себебі  –  ТШО  тек  жерасты  палеозын 

игерумен айналысқан-тын / «Жас қазақ» газеті, №14,15.04.2011ж. /.  Берілген мысалдардың 

алғашқы үш сөйлемінде бір күрделі атау үш ықшамдалған үлгіде, ал қалған екі сөйлемде бір 

күрделі атау екі ықшамдалған үлгіде берілген. Дұрысы  – алғашқы нұсқалары. 

Үлгі  көбейген  сайын  қысқарған  сөздердің  орфографиясында  да  күрделі  тұстар  ұлғая 

түседі.Бізге  белгілісі  қысқарған  сөздердің  дәстүрлі  ықшамдалу  түрлеріне  тән  емлелік 

ерекшеліктер  болатын.  Оның  өзі  әр  оқулықта  әр  түрлі  берілгендіктен,  бірізділікті  сақтай 

алмай  келді.  ...Қысқарған  сөздер  бас  әріппен  жазылады  да,  оларға  қосымша  дефис  (  -  ) 

арқылы жалғанады. Мысалы: АҚШ – тың ( Америка Құрама Штаттарының ), ҒА – нан ( 

Ғылым академиясынан ). ... қысқарған сөздердің бірінші буынындағы  бірінші әріп пен кейінгі 

сөздерден  қысқартылып  алынған  бірінші  әріптері  бас  әріппен  жазылады  да,  оларға 

қосымша  дефис  (  -  )  арқылы  жалғанады.  Мысалы:  ҚазҰМУ  –  дің  (Қазақ  Ұлттық 

мемлекеттік  университетінің)  студенті,  ҚазТАГ-  тің  (Қазақ  телеграф  агенттігінің) 

мәлімдемесі  /  2  /.  Сонда  қысқарған  сөздердің  соңғысы  бас  әріппен  белгіленсе,  оған 

жалғанатын  қосымшаның  сол  әріптің  айтылу  заңдылығына  бейімделетінін  АҚШ  –  тың 



(Штатының  емес)  үлгісіндегі  мысал  дәлелдесе,  қосымшаның  соңғы  сөздің  толық 

нұсқасындағы соңғы дыбыстың заңдылығына бағынатынын ҒА-нан  (академиясынан, ҒА – 

дан емес) үлгісіндегі мысал айқындап тұр. Екеуінен бір ортақ қағидаға жүгіну мүмкін емес. 

Сөздерді  қысқартудың  екінші  тәсіліндегі  емле  үлгісі  қазақ  тілінің  үндестік  заңына  қайшы 

қойылған.  ҚазҰМУ  мен  ҚазТАГ  тұлғасындағы  қысқарған  сөздерге  қосымша  жуан 

жалғанады.  Ғалымдарымыздың  енді    бірі  «...Бас  әріптер  арқылы  қысқарған  сөздерге 

қосымша жалғанғанда, қосымшалар соңғы әріптің айтылу әуеніне қарай жалғанып, дефис (-) 

арқылы  жазылады  »  /3/  десе,  Орфография  ережелерінде  «Әріптерден  қысқарған  сөздерге 

қазақ  тілінің  қосымшалары  соңғы  әріптің  немесе  соңғы  цифрдың  айтылу  әуеніне  қарай,  ал 

олардың ішінде дауысты дыбыс болса, сол дыбыстың айтылу әуеніне қарай жуан не жіңішке 

жалғанады  да,  дефис  арқылы  жазылады  »  /  4  /  делінген.  Осылардың  соңғысындағы  қағида 


 

301 


нақты  айтылса  да,  қолданыста  түрліше  жазуға  жол  беріліп  жүр.  Сондықтан,  әріптерден 

қысқарған  сөздерге  қосымша  жалғаудың  дұрыс  үлгісі  ретінде  соңғы  қағидаға    жүгінуден 

танбауымыз қажет. 

  Қысқарған  сөздердің  жаңа  үлгілерінің  қолданыстан  орын  алуын  құптай  отырып, 

тіліміздің  соңғы  жылдардағы  даму  деңгейінің  бірі  ретінде  қабылдасақ,  олардың  жазылу 

үлгісіне  де  жіті  бақылау  жасағанымыз  жөн.  Өйткені,  жарыспалы  нұсқалардың  басылым 

беттерінен орын алуы кейін күрделі мәселелердің біріне айналуы ғажап емес. Жаңа үлгідегі 

Қазмұнайгаз  нұсқасы  ҚазМұнайГаз  тұлғасында    да  жазыла  береді.  СолтҚазэнерго  және 

СолтҚазЭнерго  нұсқалары  қатар  қолданылып  жүр.  Біздің  ұсынымыз 

–  жаңа  үлгідегі 

қысқарған сөздердің құрамындағы компоненттерінң  бас әріп немесе  кіші әріппен жазылуы 

жалқылық  не  жалпылық  мән  иеленуіне  қатысты  тұжырымдалғаны  дұрыс.  Мысалы: 

Қазақстан  –  Беларусь  автозавод  бірлескен  кәсіпорнын  ҚазБелаз    (  ҚазБелАз    емес  )  десек 

жеткілікті. Қазіргі қазақ тіліндегі қысқарған сөздердің жаңа формалары туралы мәселелерді, 

әрине,  бір  мақаланың  көлемінде  реттеп  тастамайтынымыз  белгілі.  Әйтсе  де,  күрделі 

атауларды  ықшамдаудағы  мақсатымызды  сөзжасам  әрекетімен  ауыстырып  ала  беретін 

әдетімізден арылатын мезет жеткен секілді. 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 



 

1. Әбуханов Ғ. Қазақ тілі, Алматы: Мектеп, 1982, - 282 б. 

2.  Исаев С. Қазақ тілі , Алматы : Рауан, 1996 – 236 б. 

3.  Бұл да Ғ. Әбухановтың оқулығынан. 

4.  Рабиға Сыздық. Қазақ тілінің анықтағышы, Астана: Елорда, 2000 – 532 б. 

 

Резюме



 

В 

статье 



рассматриваются 

принципиальные 

вопросы 

создания 

аббревиатур 

современного казахского языка. 

 

Summaru 

The article considers major problems of making a abbreviation of the Kazakh  language. 

 

                                                    

                        

А. БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ТЕРМИНЖАСАМ ҮЛГІСІ

 

 

Қарабаева Х.Ә.

 

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Алматы қ., Қазақстан 

 

Қазір қолданыста жүрген қазақ тіл білімі терминдерінің жалпы санын дөп басып айту 



қиын.  Бірақ  олардың  авторларына  қатысты  құнды  деректер  бар.  Мәселен,    бүгінде 

қолданылып  жүрген  қазақ  тіл  білімі  терминдерінің  көпшілігі    дерлік  халқымыздың  рухани 

көсемі,  реформатор-ғалым  А.  Байтұрсынұлына  тиесілі.  Пән  сөздерін  (терминдерін)  жасау 

арқылы  А.  Байтұрсынұлы  қазақ  тіл  білімінің  теориялық  негізін  қалады.  Профессор  Б. 

Хасанұлының сөзімен айтсақ: «Әлемдік социолингвистика ғылымы тіл дамуы үш бағытта 

жүреді деп есептейді. Ол тілдің таңбалануы (графизация), тілдің жаңаруы (модернизация) 

және  тілдің  қалыпқа  түсуі,  нормалануы  (стандартизация).  Ахаң  тіл  дамытарлық  осы  үш 

бағытта бірдей қалам тартты» [1, 121].  

А.  Байтұрсынұлының  терминжасам  үлгісін  тану  Ахметтану  ілімінің  іргетасы  болмақ. 

Өйткені  А.  Байтұрсынұлы  «  ...  бар  білімін,  ілімін,  бар  қабілет  күшін,  күллі  қару  құралын  тіл 

түрлеуге келістіре жұмсап, ана тілін дүние жүзіндегі ең бай, ең сұлу тілдердің деңгейіне көтерді. 

Әлемдегі  бір  де  бір  тілде  қазақша  баламы  табылмайтын  бір  де  бір  сөз  жоқ  деп  білді.  Сіресіп, 

тіресіп тұрған терминдер Ахаң аузынан шыққанда жібектей есіліп жүре берді» [2, 38].   



 

302 


Терминжасамдағы А. Байтұрсынұлы үлгісі тек қазақ тілінде емес, барлық түркі тілдері үшін 

басшылыққа  алынды  десек  қателеспейміз.  Профессор  Т.  Сайрамбаевтың:  «Бүткіл  түркі 

тілдеріндегі  Ахаң  жасаған  бастауыш,  баяндауыш,  анықтауыш,  толықтауыш,  пысықтауыш  т.б. 

терминдері  Ахаңнан  бұрын  орыс  ғалымдарының  зерттеулерінде  бұрын  болған  емес.  Ал  қазіргі 

кезде қазақ тілінде Ахаң тұсында және онан  кейін бірнеше рет талқыға түскенімен, қазіргі кезде 

сол қалпында пайдаланып отырмыз» – деуі тарихи шындық.     

А. Байтұрсынұлы пән сөздерін жасауда: «қазақ жат сөзге әуестенбей, пән сөздерін өз 

тілінен  жасауға  тырысты.  Әдебиет  тілі  ауылдағы  қазақтың  қат  (хат-  К.К.)  білетін, 

білмейтін –  қайсысына  да болса түсінікті  болуын көздеді. Тіл арасына жік түсіп  айырылмас 

үшін, жат сөздерді амалсыз болған жерде ғана алатын тәртіп қолданды» [3, 413].  

А.  Байтұрсынұлының  авторлық  терминдеріне  тән  дәлдік,  қазақилық,  жалқылық, 

нақтылық,  уәжділік  пен    қарапайымдылық,  ықшамдылық,  жүйелілік  сипат  –  автордың 

сапалы  оқулық  жасауға  бағытталған  өнегесі.  Пән  сөздерінің  осындай  ерекше  белгілері 

олардың қазақ тіл білімінде толық пәрменденуіне жол ашқан.       

Әр  жылдары  шыққан  Ахмет  Байтұрсынұлы  оқулықтарын  өзара  салыстыра  келе,  онда 

берілген  терминдік  атаулардың  жылдан-жылға  сұрыпталып,  жетілдіріліп,  толықтырылып 

отырғаны  көрінеді.  Бұл  жөнінде  А.  Байтұрсынұлының  өзі  де  ескертіп  отыруды  ұмытпаған. 

Айталық,  1928  жылы  Қызылордада  шыққан  «Тіл  жұмсардың»  бұрынғы  «Тіл  –  құралдан» 

өзгеше  тұстары  туралы  А.  Байтұрсынұлы:  «Тіл  –    құрал  қазақ  тілі  қандай  құрал  екендігін 

тұтас  түрінде  таныту  үшін    түрлі  бөлшектерін,  тетіктерін  ұсағын  ұсағынша,  ірісін  ірісінше 

жүйелі  тұрған  орнында  алып  көрсетіп  танытады.  «Тіл  жұмсар»  сол  үлкен  құралдың 

бөлшектерін,  тетіктерін  балаға  шағындап,  бөлек-бөлек  ойыншық  сияқты  құрал  жасап, 

соларды  танытып,  соларды  жұмсату  арқылы  барып  үлкен  құралды  танытады»  [3,  336],  – 

дейді.  Сондықтан  пән  сөздерінің  берілуіне  үнемі  мән  беріп,  оларды  өзгертіп,  толықтырып 

отырған.  Мәселен,  «Тіл  –  құралда»  (1925)  дыбыстарды:  дауысты  дыбыстар,  дауыссыз 



дыбыстар,  жарты  дауысты  дыбыстар,  қатаң  дыбыстар,  ұяң  дыбыстар,  ымыралы 

дыбыстар,  ымырасыз  дыбыстар  деп  жеті  топқа  бөлсе,  «Тіл  жұмсарда»  тіл  дыбыстарының 

жігін  азайтып:  дауысты  дыбыстар,  үнді  дыбыстар,  сыбысты  дыбыстар,  сыбырлы 



дыбыстар деп төрт топқа ғана жіктейді. Оның себебін А. Байтұрсынұлының өзі: «Балаларға 

бұрынғыдан  көрі  осы  түсінікті  болатындықтан,  дыбыстар  осы  негізбен  жіктеліп,  түрлеріне 

осыған қарай ат қойылды» [3, 338] – деп түсіндіреді.  

А.  Байтұрсынұлы  терминжасам  барысында  қолданған    жұрнақтар  қатарларын  да 

анықтап,  олардың  да  пәрменділігі,  пәрменсіздігі  туралы  сөз  қозғауға  болады.  Олай  дейтін 

себебіміз, академик Ө. Айтбаев: «Жылдар бойы қалыптасып келе жатқан сөзжасам амалдары 

терминжасамға  тікелей  қатысып,  олардың  қайсыбірі  белгілі  бір  кезеңде  белсенді  қызмет 

көрсетіп  активтеніп,  қайсыбірі  солғын  тартып,  үнемі  үздіксіз  өзгеріске  түсіп  отырғаны 

көрінеді»  [4,  122],  -  дейді.  Біз  өз  зерттеуіміз  барысында  А.  Байтұрсынұлының  ұзын  саны 

отыздан аса жалаң және құранды жұрнақтар түрін  қолданғанын анықтап, оларды қолданылу 

жиілігіне қарай былай орналастырдық:    

1)  -лық,  -лік,  -дық,  -дік,  -тық,  -тік:  есімдік,  танықтық  есімдік,  етістік,  өздік  етіс, 

өзгелік етіс, көптік жалғау, оңаша тәуелдік, септік жалғау, қосарлық, тастаулық, тыныстық, 

жапсарлық, қосарлық, тастарлық, бөгделік жақ, мендік жақ, сендік жақ, иелік жалғау, реттік 

сан, есептік сан, темілдік сан, бөлімтік сан, мезгілдік үстеу, мекендік үстеу, ілездік одағай;  



2)  -лы,  -лі,  -ды,  -ді,  -ты,  -ті:  дауысты  дыбыс,  ымыралы  дыбыс,  ымыралы  әріп,  лепті 

сөйлем,  тілекті  сөйлем,  сабақты  етіс,  беделді  етіс,  дүркінді  етіс,  шартты  рай,  сенімді  рай,  

азалы рай, үнемді көсемше, ниетті көсемше, өрнекті  сөйлем, үтірлі ноқат, сыбырлы дыбыс, 

сыбысты дыбыс, өткелді, деректі зат;   



3) -у: сөйлеу, тасымалдау, бітеу буын, жалғау, үстеу, демеу, шылау, сүйеу таяқ, оңаша 

тәуелдеу,  жіктеу  есімдігі,  сілтеу  есімдігі,  сұрау  есімдігі,  қалау  рай,  қайрау  рай,  еліктеу 

одағай, бәшелеу белгісі, сұрау белгісі, қамау белгісі;  

4)  -ша,  -ше:  көпше  түр,  жекеше  түр,  көсемше,  есімше,  жақша,  сызықша,  қабатша, 

таңбаша емле, дағдыша емле, туысша емле, дыбысша емле, тұмсықша;      



 

303 


5)  -улы,  -улі:  сұраулы  сөйлем,  жалғаулы  күй,  талғаулы  шырай,  таңдаулы  шырай, 

сыйысулы  құрмалас,  қиысулы  құрмалас,  қымқырулы  дауыстылар,  нықтаулы  үстеу,    ерін 

қамаулысы, тіс қамаулысы, тамақ қамаулысы; 

6)  -уыш,  -уіш:  атауыш  сөздер,  үстеуіш,  демеуіш,  жалғауыш,  еліктеуіш,  лептеуіш, 

бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш; 



7)  -ыңқы,  -іңкі:  өсіңкі  етіс,  басыңқы  сөйлем,  бағыныңқы  сөйлем,  жайылыңқы, 

жиылыңқы  салалас,  қайырыңқы  салалас,  айырыңқы  салалас,  сұйылыңқы  салалас, 

қойылыңқы салалас;    

8) -сыз, -сіз: дауыссыз дыбыс, ымырасыз дыбыс, ымырасыз әріп, ырықсыз етіс, сенімсіз 

рай, үнемсі көсемше, өткелсіз, дерексіз зат;   



9)  -улық,  -улік:  жалғаулық,  нықтаулық  үстеу,  сынаулық  үстеу,  өлшеулік  үстеу,  

дәлдеулік, сұраулық;         



10) -с, -ыс, -іс: етіс, шығыс етіс, көніс рай, шақырыс одағай; 

11) -лас, -лес: құрмалас, салалас, сабақтас, іргелес;  

12) -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе: жайылма сөйлем, қыстырма сөз, қаратпа сөз;    

13) -ынды, -інді: ұйғарынды есімше, қыстырынды сөйлем, келтірінді сөйлем;    

14) -ушы, -уші: айтушы жақ, тыңдаушы жақ, күшейтуші үстеу; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет