Резюме
Современное общество становится поликультурным, требующим от его субъектов
терпимости и понимания в общении с представителями иных культурных социумов. В связи
с этим особую актуальность приобретают вопросы, связанные с содержанием и организацией
поликультурного образования. Поэтому текстовый материал является как средство
формирования социокультурной компетенции при обучении казахскому языку.
Modern society is becoming multicultural, requiring of its subjects tolerance and
understanding in dealing with representatives of other cultural societies. In this case special
importance is paid to the questions related to the content and organization of multicultural
education. Therefore the text material is as a form of social competence in teaching the Kazakh
language.
375
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ
ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлімжанова Әйгерім
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Бүгінде жоғарғы оқу орындарында жаңа технологияларды және инновациялық
ауқымды жобаларды сабақта қолдану қажеттілігі туралы кеңінен талқыланып жүр. Бұл тек
қана жаңа техникалық тәсілдерді қолдану ғана емес, сондай-ақ оқытудың жаңа формалары
мен әдістерін жетілдіруге мол мүмкіндік беруде. Қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне немесе орыс
топтарында оқытудың негізгі мақсаты студенттің коммуникативтік мәдениеттілігін және
қазақ тілін практика жүзінде меңгеру шеберлігін дамыту болып табылады. Оқытушының
міндеті студенттерге қазақ тілін үйренуге қолайлы жағдай туғызу. Яғни студент өзінің
шығармашылық белсенділігін көрсете алатын оқытудың тәсілін қолдану.
Қазақ тілі сабағында компьютерді қолдану формалары:
Лексиканы меңгеру.
Сөйлеу дағдыларын дамыту.
Диалогты және монолгты дамыту.
Жоба жұмысына үйрету.
Граматтиканы өту.
Қазақ тілі сабағында интернеттің көмегімен түрлі дидактикалық тапсырмаларды
орындауға болады: оқу дағдыларын қалыптастыру, жазу дағдыларын қалыптастыру,
студенттің сөздік қорын кеңейту, студенттің қазақ тілін оқуға деген қызығушылығын
арттыру.
Студенттер интернет желісімен түрлі олимпиадаларға, жарыстарға қатыса алады.
Сонымен қатар тест жұмыстарымен түрлі ойындар арқылы өтетін қызықты жаттығулар
жасауға мүмкіндіктері болады.
Соңғы он жылдықта адамзаттың жеткен жетістіктерінің бірі, яғни оқыту үрдісіне елеулі
әсерін тигізген халықаралық желі- Интернет, ғаламтор [1].
Ғаламторды оқу барысында қолдану бұл – қазіргі тың әдістемелік бағыт болмақ.
Өйткені, интернет желісі негізінде студенттің мәдениетаралық дағдысын қалыптастыруға
болады. Сандаған адамдармен бір мезетте байланысқа шығу арқылы өзіне қажет
мәліметтерді жинай алады, оны саралап, сараптай алады. Сонымен қатар, компьютер
студенттердің жұмысына сын айтпайды, керісінше өзіндік қабілеттерін дамытып, олардың
сенімін арттыра отырып қолайлы әлеуметтік психологиялық атмосфера құрайды.
Қазіргі таңда студенттің білімін ақпараттық потенттік деңгейі арқылы дамыту тиімді
болып отыр. Әлемдегі ақпараттық, дамыған қоғамға ену үшін студент ақпараттық
мәдениетті, түрлі инновациялық жобаларды білу қажет, яғни интернетпен тығыз байланыста
болу керек. Ақпаратты жүйе ретінде Интернет түрлі ақпараттар мен ресурстарды ұсына
алады.
электрондық хат;
теле конференция;
видео конференция;
өзінің ақпаратын беру, өзінің сайтын құрып Web-серверге орналастыру;
ақпараттық ресурстарды қолдану;
ақпараттық жиынтықтар;
желіде сөйлесу мүмкіндігі [2, 4].
Шет елдерде интернет жүйесін тіл үйренуде кеңінен қолданады. Арнайы интернет
курстар, сабақтар, тапсырмалар барлығы да аудио, видео түрінде жинақталып беріледі. Ал
біздің елімізде әзірге мұндай мүмкіндіктер шектеулі болып отыр.
376
Қазіргі таңда қазақ тілін оқытатын, аударатын сайттар пайда болуда. Бірақ шет
елдегідей мәтінді дыбысқа айналдырып, сөйлеу синтезаторын орналастыру әлі де дамымай
отырғанын айтуымыз керек. Мысалы, дамыған елдерде терезеде кез келген сөзді жазы,
бірнеше секундтан кейін компьютер терезесіне енген сөз дыбысталатын бағдарламалар бар.
Дыбысталған сөзді немесе сөйлемді компьютер жадында сақтап, дискіге жазу арқылы
бірнеше рет қолдануға мүмкіндік береді.
Интернет – әлемде болып жатқан соңғы жаңалықтар жайлы мәлімет алудың тез және ең
тиімді жолы. Интернеттің көмегімен аудиторияны жаңалықтар өзегімен қамтамассыз етуге
болады. Қазіргі таңда көптеген газеттердің, журналдардың жеке WEB парақшалары бар.
Сонымен қатар WEB-порталдардың да маңызы артып келеді. Мәселен,
www.bag.kz
сайтын
сабаққа еркін қолдануға болады. Мұндағы әлеуметтік, мәдени, ақпараттық тың мақалалар
мен қызықты мәліметтерге толы материалдардың жиынтығы оқытушыға таптырмас көмекші
әдістемелік құрал және студенттердің қазақ тілінде мол мәлімет алуына жағдай туғызатын
бірден-бір сайт десек болады. Бұл арқылы студенттер оқыған мақаласы жөнінде өз ойын
айтуға және автормен тікелей байланысқа түсуге мумкіндік алады.
Студенттер WEB сайттар арқылы әлемде болып жатқан жаңалықтарды көріп, естіп қана
қоймайды, сонымен қатар оқу арқылы да хабардар бола алады.
Студенттерді екі-екіден немесе үш-үштен бөліп, мақаланы зерттеуге тапсырма беруге
болады. Бұл әдіс бүкіл аудиторияның қызығушылығын арттырып, сабаққа белсенді түрде
қатысып отыруына үлкен ықпалын тигізеді. Дарынды студенттер күрделі мақаламен жұмыс
жасай алады, ал үлгерімі төмен студенттер ауа райымен, мәдениетпен байланысты
мақаламен жұмыс жасауға болады.
Студенттер белгілі бір оқиғаға байланысты өзінің жеке ой-пікірін айтқызуға болады.
Мақалаларды зерттеудегі мәдениаралық біліктілікті дамыту арқылы студенттер мәселені
терең меңгереді, өз ойын жеткізе алады және сараптама жасап үйренеді. Жұмыс жасалғаннан
кейін әрбір студент жұмысын талқылау мақсатында дөңгелек үстел немесе телеконференция
өткізуге болады [2, 79].
Халықаралық хат алмасуды кез-келген және түрлі деңгейдегі аудиторияларда өткізуге
болады. Электрондық хат алмасу қағазға жазудан қарағанда тезірек, ыңғайлы және арзан.
Электрондық хат алмасу түрі біріккен жобаларды жасауға, мәселелерді шешу мақсаттарында
қолдануға болады.
E-mail бағдарламасы электрондық хат қолданудың жеңіл жолы.
Электрондық хат алмасу арқылы оқу бағдарламасынан ауытқымай жолдасыңыздан сол
тақырып жайлы сұрап, кейін сол мәліметтерді баядама ретінде қолдануға болады.
Электрондық хатты қазақ тілін оқыту үрдісінде қолдану тәжірибесін сараптай отырып,
мынадай тұжырымға келуге болады:
1) Оқытушының қатаң қадағалауынсыз студенттер 2 немесе 3 адам болып жұмыс
жасауы керек. Егер студенттерді қызықтыратын тақырыпта талқыланса жұмыстың сапасы
жақсырақ және тезірек болады.
2) Жазу үрдісі өзгереді, яғни студенттер қате жібермеуге тырысып, серіктесінің
көмегіне жүгінеді.
3) Электрондық коммуникация арқылы студенттердің еркін сөйлеп, өз ойларын
жеткізуге мүмкіндіктері бар.
4) E-mail қолдану тілді үйренуге деген қызығушылықты тудырады.
Мұнда оқытушының бір ғана басты мақсаты: студенттердің коммуникативтілігін
жүзеге асыруға мүмкіндік беру. Жалпы білім беретін жоғарғы оқу орындарында студеттердің
коммункативтілігін қазақ тілінде жүзеге асыру қажет сонымен қатар информациялық
біліктілігін негіздеуі керек деп ойлаймыз.
Студенттер өздеріне қажетті информацияны табуды,оны оқып, ішінен ең маңыздысын
табуды және өз қажеттілігіне жұмсауды үйренуі шарт. Және де студеттердің бойында өзіндік
білім алуды, бүгінгі күн талабына сай ізденуді, ақпараттық ағымда жол табу және өзін өзі
377
дамытуды әрі қарай жетілдіру қажет. Студенттер арасындағы байланысты, топтық ұжымдық
жұмысты дамытуға мүмкіндік беруіміз қажет.
Жоғарыда айтылған жобаларды іске асыруда Интернет пен Халықаралық Интернет
жобалар таптырмас құрал. Олар студеттің өзін өзі дамыту және жаңа істі меңгеруге зор
ықпалын тигізеді. Студеттер түрлі зерттелген мәліметтерді пайдалануды үйренеді, өз ойын
нақты және жүйелі түрде қағаз бетіне түсіруді, мәтіндік, сандық және графикалық ақпаратты
көп мөлшерде жіберу және қабылдау, өздеріне берілген мәліметті зерделеу және жаңа
идеаларды көрсету. Олар жоспарлауды, мониторинг жүргізуді үйренеді. Интернет
ресурстары негізіндегі сабақтар және жобалық жұмыс көмек көрсетуді үйренеді,
серіктестікті, жобаларды іске асыруды, жауапкершілікті және толеранттық, көптүрлілікке
және шыдамдылыққа үйренеді. Студенттер таңдауды, мәліметті пайдалануды, гипотеза
ұсынуды және шешім қабылдауды үйренеді. Студенттер чаттар, видеоконференциялар,
форумдармен электронды пошта арқылы тілдесе алады. Олар өмір жайлы жан жақты
мәліметтер алады. Мысалы; тарих, әдебиет және басқада құндылықтар.
Сонымен қатар интернетті граматиканы, лексиканы дамыту мақсатында қолдануға
болады. Мұнда түрлі лексикалық, граматтикалық, фонетикалық жаттығулар, тесттер бар.
Қорыта айтқанда, заманауи инновациялық тәсілдер жаңа информациялық техниканы
қолдану маңыздылығын арттырып отыр. Педагогикалық әдіс ретінде интернет ресурстары
студенттердің дағдыларын дамытып, олардың индивидуалдық ерекшеліктерін анықтауға
көмектеседі.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Клейман Г.Б., Леонов А. Г., Кузьменко М.А. Что Такое Интернет? Информационные
и коммуникационные технологии в образовании. 1998.
2. Полилова Т.А., Пономарева В.В. Внедрение компьютерных технологий в
преподавание иностранных языков. // ИЯШ. – 1997.
Резюме
В статье рассматривается разные методы использования интернета как один из методов
преподавания казахского языка в интернет классах.
The article is devoted to different methods of using Internet as one of the types of teaching of
kazakh languages in Internet classes.
ТҰЛҒАНЫ ДАМЫТУДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ТІЛДІҢ МӘНІ
Байжанова З.Т.
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Астана қ., Қазақстан zina-astana@mail.ru
Адамзат жинаған ілім мен білімнің құралы болып саналатын тілдің қоғам мен жеке
тұлғаның дамуындағы атқаратын рөлі өте зор. Сондықтан ұлттық тілдің бүгінгі күні жаңа
заман талабына сай тұлғаны қалыптастыру мен дамытудағы орнын жаңаша бағамдау қажет.
Тілді субъективті құрылым ретінде бағалайтын антропоцентристік парадигманың енуі
оны оқыту жүйесінде де жаңа бағыттардың тууына әкелді. Зерттеушілер тіл арқылы
субъектінің танымдық қабілеті, тұлғалық мәдениеті, ұлттық психологиясы, өмірлік
дағдылары т.б. қалыптасатынына айрықша назар аудара бастады. Тілдік қатынас пен
танымның сабақтастығы ұлттық тіл мен тұлға дамуы арасында да байланыс бар екенін
анықтайды.
378
Жаһандану заманында ұлттық тілді танымдық тұрғыдан зерделеу оның мемлекеттік
мәртебесін сақтауға, ұлттың ділін қалыптастыру мен мәдени иммунитетін нығайтудағы
мәнін жас ұрпаққа саналы меңгертуге тірек болады. Өйткені бұл жаңа бағыт арқылы оқушы
тіл адамның өмір танымы, болмысы, әлеуметтік мүддесімен тығыз байланысты екенін
түйсінеді. Сол арқылы тілдің өз өміріндегі, қоғамдағы рөлін саналы түрде сезінеді. Бұл
оның дүниетанымын кеңейтіп, тілдік білімге жаңа көзқарасын орнықтырады. Тілді
қоршаған әлеммен, адам факторымен тұтастықта игеруге және тіл болмысын халықтық
таным тұрғысынан зерделеуге мүмкіндік алады.
Қоғам дамуындағы өзгерістер жеке ғылым саласы ретіндегі тіл біліміндегі жаңа
бағыттардың туындауына әсер етсе, өз кезегінде сол өзгерістер оның оқыту жүйесін де
жаңартуды қажет етеді. Осымен байланысты тілді адамдар арасындағы әлеуметтік қарым-
қатынастың құралы ретінде қарастыру етек алды. Адам мен оның тілін әлеуметтік аспектіде
өзара байланыстырып, адамның әлеуметтік рөлі, тілі, мамандығы және қандай әлеуметтік
топқа жататындығы, идиологиялық тәуелділігі т.б. арқылы тілдік тұлғаны анықтауға
басымдылық берілді. Тілді оқытуда оның тілдік қарым-қатынаста қолданылу дәрежесі мен
сипатына, әлеуметтік-психологиялық мәніне көңіл бөлінді. Әдіскер-ғалымдар қазақ тілін
оқыту мәселелерін зерттеу барысында ана тілінің тек қатысымдық қызметін ғана айқындап
қоймай, оның баланы жеке тұлға ретінде қалыптастырудағы мәніне баса назар аудара
бастады. Өйткені тіл арқылы адамдар өмірден өз орнын табады, әркім өзіне қажетті игілікті
іске асырады.
Қазақстан Республикасының бiлiм берудi дамыту тұжырымдамасының: «Қазiр
педагогикалық қоғамдастықтың алдында бiлiм берудiң жаңа моделiн құрудың, сынақтан
өткiзу мен енгiзудiң ауқымды мiндеттерi тұр. Бiлiм берудiң қазiргi негiзгi мақсаты бiлiм
алып, бiлiк пен дағды-машыққа қол жеткiзу ғана емес, солардың негiзiнде дербес, әлеуметтiк
және кәсiби бiлiктiлiкке – ақпаратты өзi iздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам
өзгерiп жатқан бүгiнгi дүниеде лайықты өмiр сүру және жұмыс iстеу болып табылады», – деп
көрсетiлуі басты қағидат ретінде ұлттық тілде сөйлеу қабілетін дамыту қажеттілігімен
толық үндеседі [1].
Ұлттық тілдің оқушылардың тұлға ретіндегі құзіреттілігін қалыптастыруда да
атқаратын рөлі зор. Қазіргі нарық заманы оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыруды,
олардың жеке тұлғалық сапасын дамытуды талап етіп отыр. Ғалымдардың пайымдауынша,
«құзырет» адамның жұмысының аспектісі ретінде танылса, «құзыреттілік» осы аспектіні
орындай алу деңгейімен анықталады. Құзырет оқушының білуі қажет нәрсе болса,
құзыреттілік осы нәрсені жақсы істеуі, өзін-өзі танытуы, білімі, білігі, өзін-өзі бағалауы т.б.
мәселелерді қамтиды. Өмір сүру барысында оқушылардың білімі мен білігін өз қажетіне
қарай ұштастыруға, сөйлеу қабілетін жетілдіруге, танымдық көзқарасын қалыптастыруға,
шығармашылық қабілетін дамытуға т.б. көмектесетін төмендегідей құзыреттіліктердің рөлі
айқындалды.
Қатысымдық құзыреттілік дегеніміз – оқушының түрлі жағдаятта тең дәрежеде
қарым-қатынас жасауға қабілеттілігі және әлеуметтік-мәдени нормаларды сақтай отырып,
ұйымдастыру біліктілігі. Оқушының қатысымдық құзыреттілігі ауызша және жазбаша
коммуникацияны меңгеруі мен әлеуметтік өміріне қажетті қабілеттерді игеруінен көрінеді.
Тілдік бірліктерді дискурс пен пікір білдіруде шығармашылықпен қолдана білуі және жеке
тұлға ретінде кез келген жағдаятта ойын еркін, жүйелі жеткізуінен байқалады.
Қазіргі оқу жүйесінде оқушы өзінің оқуын жоспарлап, өзіне қажетті білімдерді таңдап,
өз жұмысын бағалап үйренуі шарт. Оқыту барысында оқушының алған білімін өз бетінше
дамытып, жетілдіріп, жаңа формада жүзеге асырып, сынап, үнемі ізденіп, кез келген
жағдаятта қолдана білуін қамтамасыз ететін танымдық құзыреттілік болып табылады.
Танымдық құзыреттілік – оқушының ақпаратты өздігінен өңдей білуі, өз бетінше
оқуы, үйренген материалдарын жаңа жағдайда қолдануы, хабардың шығу көзін таба алуы, өз
қабілеті мен білімін бағалауы, өзіне қажетті білімді екшеп, сұрыптап ала білуі, оны
қолданудың жолын меңгеруі.
379
Лингвомәдени құзыреттілік оқушының әлеуметтік және қоғамдық ортада өз орнын
таба білуіне, өзгелермен тіл табысу арқылы белгілі бір мақсат үшін бірлесе еңбек етуіне
қажетті дағдыларды дамыту нәтижесінде қалыптасады.
Лингвомәдени құзыреттілік дегеніміз оқушының тілдік және мәдени бірліктерді
контексте орынды қолдануы, мәдени-тарихи және ерекше ұлттық ақпараттарды тілдік
қарым-қатынаста пайдалануы, лингвоелтанушылық білімдер жүйесін меңгеруі, ұлт тарихы,
дәстүрі, мәдениеті туралы білімін сөйлеуде ұтымды пайдалануы, сөйлеу мәдениетін игеруі.
Оқушының әлеуметтік-тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру – бүгінгі заман
сұранысынан туындап отыр. Әлеуметтік-тұлғалық құзыреттілік оқушының әлеуметтік
шындықты құндылық ретінде түсінуі және белгілі бір әрекетті басқарудағы нақты әлеуметтік
білімінің сапалық деңгейін көрсетеді. Оқушының топ алдында рефератын қорғауы, баяндама
жасауы, пікірталас, ойталқы, ойбөлісте өз ойын еркін жеткізе білуі оның әлеуметтік-
тұлғалық құзыреттілігін жетілдіруге игі әсерін тигізді. Оқушы ертеңгі маман ретінде тілді,
мәдениетті сақтаушы, жеткізуші тұлға ретінде қызмет етеді.
Оқушының әлеуметтік-тұлғалық құзыреттілігі дегеніміз – оның қоғамда, көпшілік
алдында сөйлей білу дағдысы; тұлғаның қоғамда өз мәдени деңгейін, адами сапалық
қасиеттерін таныта алуы; қарым-қатынастың ұлттық және жалпы адамзаттық әдеп
нормаларын ұштастыра білуі; интеллектісі мен парасатын үйлесімде таныта алуы; өзгермелі
дүние жағдайына бейімделе білуі, өмір бойы білім алу парадигмасына сай өз әлеуетін
жетілдіре алуы; көпшілік алдында сөйлеу мен пікірталас мәдениетін жетік меңгеруі; өзіндік
көзқарасын шешендік сөздің тектеріне сәйкес ұтымды жеткізе алу шеберлігі; қоғамдық
қарым-қатынаста тұлғаның өзіндік көзқарасын мен позициясын ұстануы; қоғамдық
пікірталаста өз пікірін қорғай алуы, топ алдында сөйлей алуы.
Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе –
білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі -ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің
таласы жоқ. Осы орайда білім ордасы – мектеп, ал мектептің жаны – мұғалімдердің басты
міндеті - өз ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін қастерлей және оны жалпы азаматтық
деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін тұлға тәрбиелеу болып табылады деп
тұжырымдасақ артық айтпағандық.
Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал
өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Қазіргі
білім берудің басты мақсаты да сол жан-жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға
қалыптастыру болып табылады.
Рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлғадағы ең басты қасиеттердің бірі - тіл
байлығы, өз ойын нақты, терең мағыналы әрі көркем жеткізе білетін, шешен де ойлы сөйлей
білетін, Абайша сөйлегенде сөзі жүрекке жылы тиетін, сөз құдіретін игерген адамдарда да
тұлғалық қасиет болады. Рухани адамгершілікке тәрбиелеудің басты мақсаты оқушылардың
белсенді өмірлік жолын, қоғамдық борышқа саналы көзқарасын, сөз бен істің бірлігін
қамтамасыз етіп, адамгершілік нормаларынан ауытқушыларға жол бермеуді қалыптастыру
болып табылады.
«Ана тілін жақсы білу - әркімнің азаматтық борышы. Егер әр бір сөзді орнымен жұмсай
біліп, айтқан ойы мазмұнды, нысанаға дәл тиетіндей ұғымды шығып, тыңдаушысын баурап
алардай әсерлі болса, ана тілінің құдіреті сонда ғана сезілер еді. Ал мұндай шеберлік тек тіл
мәдениеті жоғары адамдардың ғана қолынан келер жайт» - деп тұжырымдайды М.Балақаев.
[2] Көптеген зерттеуші, ғалымдардың еңбектерін, мерзімді баспасөз ақпараттарын талдай
келе, оқушылардың тіл мәдениеті деңгейін анықтау мақсатында жүргізілген сауалнама,
әңгімелесу, байқауларды негізге ала отырып, бүгінгі күнгі оқушылардың сөз саптауы көңіл
аударарлық, көпшілігінің тіл мәдениеті төменгі деңгейде деген қорытындыға келдік.
Қазіргі кездегі білім беру жүйелерінде оқушылардың тіл мәдениетінің қалыптасуына
дұрыс көңіл бөлінбей отырғандығын байқауға болады. Оқушылардың тіл мәдениетінің
дұрыс қалыптаспауына әсер ететін кемшіліктер қатарына мыналарды жатқызуға болады:
380
1. Ортаның әсері; а) оқушының сөйлеуіне жергілікті тіл немесе басқа тіл әсер етеді, ә)
көшенің әсері (дөрекі, былапыт тіл), б)пән тілінің нормаларын жақсы меңгермеген
мұғалімнің әсері;
2. Сөйлеу дағдыларының жоқтығы (мектептің тіл дамытуға немқұрайлы
қарауы);
3. Жекелеген оқушы тіліндегі кемшілік (сақаулық, быдықтық, мыңғылдық, т.б.).
1. Көркем әдебиет оқуға деген оқушылардың қызығушылығының төмендігі. Тіл
мәдениетіне жастарды тәрбиелеу көркем әдеби шығармаларын көптеп оқумен
байланысты. Көркем әдебиетті аз оқитын адамның сөздік қоры аз болады, соған орай
олардың сөйлеу мәдениеттілігі мен өз ойын логикалық баяндауы да төмен екендігі
байқалады;
2. Мәдени орталықтарға бару, ол туралы пікірлесудің өте сирек кездесетіндігі;
3. Ата-аналардың балаларының тіл мәдениетіне жете мән бермеушілігі;
4. Тілдік ортаның әсері;
5. Тіл мәдениетін қалыптастыруды тек қазақ тілі сабағына міндеттеп, басқа пәндерді
бұл мәселеден мүлдем бөліп тастаушылық;
6. Бастауыш сыныпта казақ алфавитін терең меңгермегендігін ескермей, орыс
тілі, шетел тілі пәндерін қосып үйрету. Бірнеше тілді игеру ауыр тиетіндігіне көңіл бөлінбеу;
7. Кей мүғалімдердің өздерінің тіл мәдениетінің төмендігі. Мұғалімнің оқушы алдында
сөйлейтін сөзін ешбір оқулықпен айырбастауға болмайды. Оқушы мұғалімді тыңдағанда
одан білім алумен қатар сұлу, көркем, анық, түсінікті сөйлей білуге үйренеді;
8. Отбасы тәрбиесінде ұлттық педагогиканың, халық ауыз әдебиеті үлгілерінің тар
шеңберде қолданылуы;
9. Мұғалімдердің көпшілігінің бұл мәселеге арнайы көңіл бөлмеуі т.б.
Қазіргі кезде көптеген зерттеушілер, ғалымдар, педагогтардың ой-тұжырымдары мен
пікірлерін қарастыра келе тіл мәдениетіне қойылатын келесі талаптар анықталып отыр:
- сөйлегенде тілдегі дыбыстарды дұрыс, анық айту;
- сөйлеу әуені, қарқыны, дауыс күші мен кідірісті сақтау;
- екпіннің түсуін, үндестік заңын сақтау;
- сауатты, қатесіз жазу;
- жазба мәтіндерде тыныс белгілерін сақтау;
- әріп таңбаларын дұрыс, түсінікті жазу;
- дұрыс айтып, сөздердің тізбегін табиғи заңдылықтарымен дыбыстау;
- сөйлегенде сөз тұлғаларын, түрленуін сақтау, қосымша, көмекші сөздерді дұрыс, өз
орнында қолдану;
- сөздерді өз мағынасына қарай қолдану, мағыналарын анық біліп отыру;
- сөйлемдерді, әсіресе, күрделі ойды білдіретін кұрмалас сөйлемдерді дұрыс құрастыру;
- керекті сөзді сөздік құрамның ішінен іріктеп, әдеби вариантын қолдану, ретсіз енген,
баламасы бар кірме сөздерді, жергілікті тілге тән диалектілерді, жаргон сөздерді тұс-тұстан
қолданудан қашық болып, реттеп отыру;
- тілдегі ауызекі, ресми іс-қағаздарды, публицистикалық, көркем поэзиялық, ғылыми
стильдердің әрқайсысының ерекшелігін сақтап отыру;
- сөйлеу әдебінің сақталуы;
- тілдегі көркемдік құралдар, тіл байлығын, оның мүмкіндіктерін пайдалану;
- сөйлеуде тілдің өз заңдылықтарына қатысты халықтың ұлттық ерекшеліктерін сақтау;
- сөйлегенде ойдың көлемі, мазмұндық құрылымы, хабардың жеткізу жүйесін реттеу[].
Қазіргі кезде тіл мәдениетінің дұрыс қалыптасуын көрсететін көрсеткіштер белгілі.
Ондай көрсеткіштерге жататындар: тілдің тазалығы, дәлдігі, анықтылығы, ойлылығы,
орындылығы, мәнерлілігі, байлығы, әсерлілігі, жүйелілігі, түсініктілігі, мазмұндылығы,
нақтылылығы, дұрыстығы, тілдік нормаға сай болуы, мағыналылығы, әдебі.
Егер осы айтылған көрсеткіштер адам бойында дамып, жетілсе, онда осы адамның тіл
мәдениеті жоғары деп санауға болады. Сондықтан оқушыларға тілдік тәрбие бергенде тіл
381
мәдениетінің көрсеткіштері мен талаптарын үнемі басшылыққа алып отыру тұлғалық
дамытуды жолға қоюдағы бірден бір амал болып табылады.
Жеке тұлғаны дамыту ұлттық негізде, ұлттық тілге сүйене отырып жүргізу ана тілінде
дұрыс сөйлеуін дамыту арқылы жүзеге асады. Бұл жерде қазақ тілін дамытуға үлес қосқан
А.Байтұрсыновтың анықтаған қазақ тілінде таза сөйлеу ережелерін ескерген абзал. Ол
ережелер былай тұжырымдалады:
-ескірген сөздерді қолданбау;
-жаңадан шыққан сөздерді көп өолданбау;
-өз тіліңде бар сөздердің орнына басқа тілден сқз алмау;
-диалекті сөздерге жоламау.
Тұлға санасының эмоционалдық-еріктік жағын дамытуда адам өміріндегі мәні ерекше
терең ойлар тұжырымдалған халық даналығын жан-жақты талдау арқылы оқушы зердесін,
ой-өрісін жетілдіру, халқымыздың терең ойлы қайраткерлерінің педагогикалық көзқарастары
мен ой-пікірлерін талдау маңызды.
Іс-әрекет мәнерлілігін, мәнділігін дамытуда өз ана тілінде сөйлеу мәдениеттілігі мен
техникасын жетілдіруге көңіл бөлу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |