Министерство образования и науки республики казахстан



жүктеу 15.08 Mb.
Pdf просмотр
бет73/90
Дата22.12.2016
өлшемі15.08 Mb.
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   90

  Қазақ тілінің лексикасынан білім беру тілді оқытудағы өте жауапты мәселелердің бірі. 

Лексикадан  білім  беруде  студентті  қазақша  сөйлеу  қажеттігіне  қарай  бейімдеу  керек.  Тілді 

оқыту кезінде сөздің көп мағыналығы да қиындық келтіреді. Сөздің омонимдік, синонимдік 

қасиеттері  де  сөз  мағынасын  меңгертуді  ауырлататын  жағдайлар.  Сондықтан  оқытушы 

студенттің сөз мағынасын жақсы түсінуіне ерекше көңіл  аударуы керек. Сөз мағынасын сөз 

тіркесінде,  сөйлемде,  мәтінде ғана анық,  нақты білуге болады. 

Студент  көп  мағыналы  сөздің  қай  мағынасы  дұрыс  екенін  толық  түсіне  алмайды. 

Сондықтан мұндай қиындыққа ұшырамау үшін, оқытушы мәтіндегі сөздің студенттке таныс 

мағынадан басқа мағынада қолданғанын ескертіп, сөздің мәтіндегі мағынасын білдіруі керек. 

Сонда  студент  сөздің  мәтіндегі  мағынасын  біліп,  оны  көп  мағыналы  сөзге  жататынын 

аңғарады. 

Тіл үйрету, студенттің сөздік қорын байыту – оқытушының негізгі жұмысы. Студенттің 

сөздік қоры сабақта және сабақтан тыс   уақытта  байиды. Студент үйренген сөзін сөйлеуде 

қолданып дағдылануы керек. Егер студент жаңа сөзді сабақта, сабақтан тыс уақытта қолдана 

алатын  болса,  ол  белсенді  сөздікке  айналады.  Белсенді  емес  сөздік  басқаның  сөзін  ұғуда, 

мәтін,  кітап  оқуда  кездеседі.  Белсенді  емес  сөздіктегі  сөздер  студент  тілінің  дамуына, 

жетілуіне  орай  белсенді  сөздікке  ауысып  отырады.  Оқытушы  студенттің  белсенді  сөздігін 

дамытуды  қалай  қадағаласа,  белсенді  емес  сөздігін  солай  байытуға  ықпал  етуі  керек. 

Студенттің  сөздік  қорын  байыту  сабақпен  байланысты:    әр  сабақта  белгілі  дәрежеде 

студентке  мамандыққа  қатысты  сөздік  минимум  қазақ  және  орыс  тілінде  түзіліп,  сөздіктегі 

сөздер мен терминдердің түсіндірмесі екі тілде берілуі  жоспарланып отырады.  Ол сабақтың 

мазмұнына кіреді.  

Мамандыққа  қатысты  сөздік  қорын  дамыту  дегеніміз  –  мамандыққа  қатысты 

лексикалық единицалар мен терминдердің толық түсінігін қалыптастыру. 

Сөздік  жұмысы  қазақ  тілінде  жиі  колданылатын  сөздермен  жұмыс  істуден  басталып,  

мамандыққа  арналған  сөздер    мен   терминдерді    игерумен    жалғасуы  керек.    Студент  жаңа 

сөздер  мен  терминдерді  меңгреу  үшін  оны  сабақта  бірнеше  рет  қайталауы  керек.  Жаңа 

сөздер  мен  терминдердің  қайталануына  түрлі  жаттығулар  өте  қолайлы.  Лексикалық, 

фонетикалық,  грамматикалық  жаттығулар  үлкен  қызмет  атқарады.  Мамандыққа  қатысты 

мәтіндерді оқу кезінде де сөздің жазылу  бейнесі көру әрекеті арқылы есте сақталады. Тілді 

тек  үздіксіз,  жүйелі  түрде  қайталау,  жаттығу  арқылы  ғана  үйренуге  болады.  Сөздерді 

студенттер  жадында  сақтау  арқылы  сөздік  қоры  байып,  дамиды,  соның  негізінде  сөздікпен 

жұмыс істей білу қабілеті дамып, сөз жаттау қасиеттері қалыптасады да жүзеге асырылады. 

Техникалық  жоғары  оқу  орындарында  мемлекеттік  тілді  мамандыққа  сәйкес  қатынас 

құралы  ретінде    үйрету  барысында,  олардың  сөздік  қорын  байытуға  арналған  әр  түрлі 

тапсырмалар жүргізіледі. 

Мысалы,  терминдерді  түсіндіру,  игерту  мақсатында  студенттердің  өзара    тілдік  

қатынас  жасауы  төмендегідей  сөйлеу  түрлері  арқылы  жүзеге  асады:  

1) ұжымдық сөйлеу; 2) екеуара сөйлеу; 3) жеке-дара сөйлеу. 

  Мамандыққа қатысты лексикалық минимумды игертуде тіл дамыту жұмысының ролін 

анықтауға  мүмкіндік бар. 

Мемлекеттік  тілді  қатынас  құралы  ретінде  меңгертуде  мамандықтарына  қатысты  жиі 

қолданылатын  сөздер  мен  терминдерді  түзу  студенттердің  тілді  үйренуге  деген 

құлшыныстарын арттырады. 

  Қазақ тілінде мамандыққа қатысты сөздердің  екі тілде  түсіндірмесінің қатар берілуі 

студенттердің мамандықтарына қажетті тілдік қорын меңгеруіне әсер етеді. 



 

516 


  Мамандыққа  сай  қазақ  тілін  қатынас  құралы  ретінде  үйретуде  арнайы  сұрыпталған 

лексикалық  минимумдарды  қолдану  тілді    жедел  үйренуге  жол  ашады,  студенттердің 

терминдік ұғымын дәл және дұрыс қалыптастыруға толық мүмкіндік туғызады. 

  Лексикалық  минимумның  түсіндірмесін  беру  студенттердің  мамандығына  қатысты 

сөздер мен терминдерді бір-біріне сұрақ қою  арқылы ауызша және жазбаша жауап беруіне, 

сұрақ-жауаптардың негізінде жүйелі де түсінікті мәтін құрастыруына мүмкіндік жасайды. 

  Ұжымдық  сөйлеу,  екеуара  сөйлеу,  жеке-дара  сөйлеудің  түрлері  студенттердің 

мемлекеттік  тілді белсенді  игерулеріне жол ашады. 

  Мамандықтарына  қатысты  лексика  минимумы  негізінде    төлмәтінмен,  ықшамдалған 

мәтіндермен жұмыс жүргізу студенттердің тілді тез үйренулеріне жол ашады. 

  Тестілік  тапсырмаларға  қойылатын  талаптарды  анықтау  студенттердің  мамандығына 

қажетті лексикалық минимумды меңгеруіне ықпал етеді. 

  Студенттердің  мамандығына  сай  сөздік  қорын  молайту  олардың  болшақ  мамандығы 

бойынша өндіріс орындарында қазақша тілдік қатынас жасауына мүмкіндік береді. 

  Қазақша  сөйлеу  үшін,  ойын  басқаға  жеткізу  үшін,  адам  сөйлем  құрай  білуі  қажет,  

сөйлем  құрау  үшін,  сөздерді  бір-бірімен  байланыстырып,  оларды  сөйлемде  дұрыс 

орналастыру  керек.  Ол  үшін  оқытушы  студенттерге  сөздерді  бір-бірімен  байланыстыратын 

қосымшаларды  үйрету,  сөздердің  сөйлемдердегі  орын  тәртібін  меңгерту,  сөйлемнің  жасалу 

жолдарын    білдіру  қажет.  Өйткені  сөйлемсіз  ойды  жеткізу  мүмкін  емес.  Грамматиканы, 

ситаксисті  жақсы    меңгерген  студент  сөз  тіркесін  дұрыс  біліп,  сөйлем  құрастыра  алады. 

Грамматикадан алған мәліметтер студенттке сөз бен сөзді байланыстыруда, сөйлем құрауда 

қолдануға дағдыландыру үшін қажет. Сонымен,  студенттердің 

сөздік  қорын  дамыту,  грамматикалық  дағдыларды  қалыптастыру,  дыбыстарды  дұрыс 

айта білу, сөз тіркестерін құрастыра алу қабілеттерін дамыту – осылардың барлығы сөйлеуге 

үйретудің  алғы  шарттары  болып  табылады.  Сөйлем  қарым-қатынас  жасаудың  негізгі 

формасы  ретінде  жұмсалады.  Сөйлеу  процесі  сөйлемдер  арқылы  жүзеге  асатындықтан 

студенттер синтаксис саласынан мағлұмат алулары керек. 

Синтаксисті оқу барысында түрлі синтаксистік конструкцияларды меңгеріп, сөз тіркесі 

мен сөйлем ішіндегі сөздерді тұлғалық формаларына қарай таңдап қолдануға дағдыланатын 

болады. 


Кәсіби  тілді  қатысымдық  тұрғыдан  оқыту    сөйлеу  әрекетінің    түрлерін  жан-жақты 

меңгерумен  байланысты. Сондықтан материалды меңгеру кезінде сөйлеу әрекетінің  барлық 

түрі іске асырылады. Сөйлеу әрекетінің түрлері: Тыңдалым. Айтылым. Оқылым. Жазылым. 

Кәсіби тілді қатысым құралы ретінде пайдалану үшін студенттердің бойында сөйлесім 

машықтары  мен  дағдыларын  қалыптастыру;  мамандығына  сәйкес  материалды  меңгерту 

керек. 


Қатысымдық әдістің негізгі мақсаты – сөйлеу әрекетінің түрлерін /айтылым, жазылым, 

тыңдалым, оқылым, тілдесім/ меңгерте білу. 

Кәсіби  тілді  дамытудың  негізгі  бағыты  –  мәтінмен  жұмыс  істеу,  себебі  мәтінде  тілдің 

барлық бөлшектері қатысады: дыбыс, сөз, сөз тіркесі, сөйлем. 

  Техникалық  жоғары  оқу  орнында  практикалық  қазақ  тілі  сабақтарында  тіл  дамыту 

жұмыстары 

мамандыққа 

байланысты 

дайындалған 

мәтіндермен 

жүгізілуі 

қажет. 


Мамандыққа қатысты мәтіндерді беру арқылы студенттерді қазақ тілін оқуға ынталандыруға, 

қызығушылығын арттыруға болады. 

Мамандық  тілін    үйретуде  міндетті  түрде  стилистикалық  жұмыстар  жүргізу  қажет, 

себебі  болашақ маман иесі қазіргі қазақ әдеби стильдерін жетік меңгеруі қажет. 

Стилистикамен  жұмыс  грамматиканы,  лексиканы,  фонетиканы  оқытумен  тығыз 

байланыста жүргізіледі.  

Стилдің  түрлерін  жақсы  меңгерген  студент  тілдің  морфологиялық  құрылысын,  яғни 

сөздердің мағынасына, тұлғасына және синтаксистік қызметтеріндегі өзіндік  ерекшеліктерді 

ажыратып,  күрделі  сөз  тіркесінің  құрамын  негізгі  және  көмекші  сөздер,  олардың  өзара 


 

517 


байланысын  ажырату,  жазуы  қиын  орфографиялық  ережелерді  меңгеріп,  дұрыс,  сауатты 

жазуға дағдыланады. 

  Тілді  мамандыққа  сай  меңгертуде  мәтін    студенттердің  қарым-қатынасын  іс  жүзіне 

асыратын  материал  ретінде  және  өзара  түсінісу,  пікірлесу,  ойды  жеткізу  тұлғасы  ретінде 

қолданылады.  Студенттерге  арналған  ғылыми  мәтінді  талдау  арқылы  логикалық  тұрғыдан 

бөлшектеу  және  мағыналық  жағынан  ықшамдау  мәтінді  практикалық  сабақтарда 

студенттердің  пайымдауын  жеңілдетеді.  Тіл  үйрету  мен  меңгеру  ісінде  –  мәтінмен  жұмыс 

ерекше мәнге ие. Мәтіннің маңыз-мәні, белгілі бір тақырыпқа құрылуы да  студенттер үшін 

аса пайдалы. Мәтін  студентке қазақша сөйлеудің дайын үлгісі.  

Мамандық  тілін  меңгеруде  мәтінмен  байланысты  жұмыстың  бірнеше  түрі  жүргізілуі 

керек.  Мысалы,  мәтінді  оқу,  аудару,      мәтінді  әңгімелеу  үшін  жоспар  жасау,      мазмұнын 

ауызша  әңгімелеу,  мазмұндама  жазу,  мәтін  бойынша  сұхбат  құру,  мәтінді  сұрақ-жауап 

ретінде екі кісі әңгімелеу т.б. 

Мамандыққа  қатысты  мәтінді  қазақша  оқуға  үйренумен  бірге  студент  ондағы  сөздер 

мен  терминдерді  анық  айтуға,  сөз  екпінін  дұрыс  қоюға,  сөйлем  мәнерін  қазақша  айтуға 

қалыптасады. 

Кәсіби  тілді   дамытудағы   негізгі   мәселелердің  бірі  –  мәтінді  аудару. 

Мәтінді аударудан бұрын ондағы жаңа сөздер мен терминдерді  меңгерту керек. Жаңа 

сөздерді  біліп  алған  соң,  студенттерге  мәтінді  аудару  қиынға  түспейді.  Мәтінді  аударуды 

алғашқы  кезеңде  оқытушы  өзі  көрсетіп,  кейін  студентерге    аудартуы  керек.  Мәтін  аудару 

арқылы    студент    оның    мазмұнын    түсінеді,  ойды  қазақша  айтудың  үлгісіне  жаттығады. 

Мәтінде  студент  сөздердің  бір-бірімен    қалай  байланысатынымен,  сөздердің  бір-бірімен 

тіркесу  жолдарымен,  сөйлемнің  түрлері  құрлысымен  кездеседі.  Ең  кіші  мәтіннен  бастап, 

тілдің грамматикалық құрылысымен мәтін арқылы  танысу күрделеніп отыруы қажет. 

Мәтіннің  мазмұнын  әңгімелеуге  үйретудің  мәні  өте  зор.  Алғашқы  кезеңде  студентке 

мәтін бойынша сұрақ қойып, жауап арқылы әңгімелеуге болады. Студенттердің өздеріне бір-

біріне сұрақ қойып, жауап бергізу арқылы мәтінді сұхбатқа айналдыруға да болады. Мәтінді 

әңгімелеуді  жоспар  жасау  арқылы  үйретудің  де  маңызы    күшті.  Мәтінге  жоспар  жасату 

бірнеше түрлі қызмет атқарады: мәтінге жоспар жасау, мәтінді  жақсы түсінуге, ойын жүйелі 

жеткізуге көмектеседі. 

Мәтін  мазмұнына  байланысты  сұрақтарға    жауапты  жазбаша  түрде  жүргізу  арқылы 

студенттің жазбаша тілін  дамытуға болады. Мәтін  бойынша мазмұндаманы жоспар арқылы 

жазғызу өте падалы. Мәтінмен ауызша тіл дамытуға жүргізілген жұмыстардың бәрі жазбаша 

да жүргізіледі. 

Кәсіби  тілді  үйретуде    студент  тілін    дамытуда  мәтіндердің  атқаратын  қызметі  

айрықша.  Мәтін  студентке  білім  береді.  Студентті  оқуға    үйретудің  басты  құралы,  ойын, 

тілін  дамытады,  тәрбиелейді,  қазақша  сөйлеуге  үйретеді.  Осы  қызметтерді  толық  атқару 

үшін мәтінге мынадай талаптар  қойылады: 

-

 

Кәсіби  терминологияны  қамтыған  кәсіби  мазмұндағы  мәтіндерді  жинақтап,  жасап, 



ұсыну;  

-

 



Әр мамандықтың мәтіндері әр деңгейде болады. Алғашқы мәтіндермен оқу жылының 

аяғындағы мәтіндердің көлемі, ондағы сөйлем құрылысы бірдей болмайды; 

-

 

Мәтіндер әр топтың студенттерінің білім деңгейіне сай болу керек; 



-

 

Мәтіндердің  мазмұны  студентті  қызықтыратындай  болуы  керек.  Қызықтыратын 



мәтінді студент жақсы меңгереді. 

Қорыта  келгенде,    қазақ  тілі  сабақтары  бойынша  жүргізілетін    кәсіби  тілді  дамыту 

жұмыстарын жоғарыдағы көрсетілген әр түрлі әдіс тәсілдер арқылы ұйымдастыру пайдалы. 

 

 



          ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 

 

1. Ақаев С. Терминнің танымдық табиғаты. Алматы, «Комплекс», 2000. 



 

518 


4.  Шаханова  Р.  Техникалық  жоғары  оқу  орындарының  орыс  бөлімдеріне  қазақ  тілін 

оқыту әдістемесі. Алматы,  «Ғылым», 2001. 

5.  Оразбаева  Ф.  Тілдік  қатынас:  теориясы  және  әдістемесі.  Алматы,  Ы.  Алтынсарин 

атын. Қазақтың білім  академиясының Респ. баспа кабинеті, 2000. 

6.  Тұрсынова  Г.Т.  Қазақ  тілін  мамандыққа  сәйкес  қатынас  құралы  ретінде  меңгерту 

әдістемесі.  Алматы, «Қазақ университеті», 2005. 

7.  Исаев  Ә.  Қазақ  тілін  оқытудың  дидактикалық  негіздері.  Алматы,  «Қазақ  

университеті», 1993. 

8. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Қ Қадашева. Алматы, «Мұрагер, 2005. 

9. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы, «Санат», 2003.  

10. Балақаев М. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Алматы, «Арыс» , 2008. 

11.  А.  Сатыбаева,  Г.  Сатыбаева  Қазақ  тілін  оқыту  әдістемесі.    Алматы,  «Фолиант», 

2008. 

12. Қ. Ибрагимов Қазақ тілі әдістемесі «Шың-кітап», 2007. 



13. Гарбовский Н. Сопоставительная стилистика профессиональной речи. Издательство 

Московского университета, 1988.  және т.б. 

 

 

Резюме



 

В  статье  говорится  об  обучении  языку  специальности  студентов  технического  вуза  в 

коммуникативном аспекте. 

  

Summary 

This  article  in  about  the  teaching  of  the  language  on  speciality  in  communicative  aspect  of 

higher technical schools students.  

 

 

КӘСІБИ ТІЛДІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

 

 

Аширова А.

 

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 

Филология факультетінің мемлекеттік тіл кафедрасының доценті 

Алматы қ., Қазақстан 

 

Қазіргі  тілді  оқыту  әдістемесінде  құрылымдық  грамматикамен  қатар,  өзге  де 



үйренушінің  қызығушылығын  арттыратын  тәсілдердің  қолданылып  жүргендігі  белгілі. 

Расында  да  тілді  үйрету  тілдің  грамматикалық  құрылымын  түсіндірумен  шектелмейді. 

Әсіресе, ауызекі сөйлеу тіліне үйретуде сөйлеуде қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерін, 

олардың  қолданысын  үлгі  ретінде  бере  отырып  оқытудың  тиімді  екендігі  тілді  оқытудың 

әлемдік  тәжірибесінде  белгілі  болып  отыр.  Сондықтан  қазақ  тілін  оқытуда  осы  сияқты 

тәсілдерді  анықтап  оларды  оқу  барысында  пайдаланудың  қажеті  бар.  Оның  үстіне,  қазақ 

тілін  үйренуге  деген  қажеттіліктің  казіргі  деңгейінде  еш  болмаса  ауызекі  сөйлеу  тіліне 

үйретуге  қажетті  оқыту  әдістемесіндегі  кейбір  мәселелерге,  тиімді  тәсілдерге  тоқталып 

оларды пайдалану жолдарын түсіндіргенді жөн көрдік.  

Қазақ  тілін  меңгерту  барысында  тек  мамандық  бойынша  ғылыми  әдебиеттерді, 

ғылыми-көпшілік  қоғамдық  сипаттағы  газет,  журнал  беттеріндегі  мақалаларды  оқи  алу 

дағдысын қалыптастырып, жетілдіру емес, сонымен қатар тұрмыстық, саяси-қоғамдық және 

кәсібтік  тақырыптар  бойынша  сұхбаттарға  қатыса  алу  дағдысын  қалыптастыру  да  бүгінгі 

алға қойған міндеттеріміздің бірі. Студент өз ойын дұрыс жеткізе білуі керек. 

Қазіргі  таңда  қазақ  тілін  басқа  ұлт  өкілдеріне  оқытуда  студенттерді  болашақ 

мамандықтарына  бағыттап  оқыту  жан-жақты  іске  асырыла  бастады.  Осыған  байланысты 

Ф.Оразбаева,  З.Күзекова,  Г.Қарақұсова,  К.Сариева,  Г.Алдамбергенова,  Ш.Құрманбаева, 


 

519 


Р.Шаханова,  А.Сыбанбаева,  А.Жұмағұлова,  К.Аухадиева,  Ә.Уәбиева,  М.Жорақбаева, 

А.Мұратбекованың еңбектері жарық көрді.  

Бұл  ғылыми-әдістемелік  еңбектерді  қарастырылған  мәселе  –  оқылым,  тыңдалым, 

жазылым,  айтылым,  тілдесім  әрекеттері  арқылы  тіл  үйренушілерге  қазақ  тілін 

коммуникативтік тұрғыдан меңгерту; сауатты жаза білу; кәсіби тілдесімді еркін түрде жүзеге 

асыру.  Аталған  жұмыстарға  тілші  ғалым  Ф.Оразбаеваның  «Тілдік  қатынас:  теориясы  және 

әдістемесі»  атты  еңбегіндегі  теориялық  тұжырымдар  мен    басты  қағидалар  арқау  болған. 

Ғалымның кәсіби тілдесім жөнінде мынадай пікірін келтіру орынды: «Кәсіби тілдесім – тіл 

үйренушілерге  белгілі  бір  мамандықтың  саласына  байланысты  сөйлесудің  үлгілерін, 

мамандыққа қатысты сөздерді, тілдік қолданыстарды, терминдерді үйрету. Адамдардың бір-

бірімен  қандай  мақсатпен,  қалай  сөйлесуіне  байланысты  тілдесім  түрліше  болады:  ресми, 

бейресми, қалыптасқан тілдесім және т.б.» [1, 121 б.]. 

Қазіргі  білім  беру  кеңістігінде  қандай  да  бір  мамандықтың  лексикалық  жүйесіндегі 

термин  сөздерді  меңгеру  оңай  емес.  Мамандар  өздерінің  кәсіби  ортасында  көптеген  өзге 

тілдерден  енген  сөздермен  қатар,  олардың  қазақ  тіліндегі  баламаларымен,  аудармасымен 

түрлі ақпарат көздері арқылы (кітаптар, журналдар, интернет т.б.) танысып отырады. 

Алайда,  егер  сұхбат  құрушылар  әртүрлі  ұлт  өкілдері  болса,  онда  ғылыми,  кәсіби 

ақпараттарды  қабылдау  және  жеткізулері  қиындайды.  Сонда  терминологиялық 



бірліктердің екінші тілге аударылу мәселесі шығады.

 

Сондықтан  тілдік  емес  ЖОО-на  арналған  қазақ  тілі  бойынша  бағдарламада 

студенттердің мамандық бойынша терминологияны және ғылыми әдебиеттерді өз тілдеріне 

аудара алуын талап етеді.  

Ғылыми  стильде  ғылыми  терминдердің  мол  қолданылатындығы,  сөйлемнің  анық, 

түсінікті болуы ғылыми жазбалардың стильдік белгілері болса, мұнда да жалпы тілдің ортақ 

нормаларымен 

қатар 


ғылыми 

стильдің 

стилистикалық 

нормалары 

тұрақтанады. 

Стилистикалық норма ғылыми стильдің стилистикалық категорияларынан түзіледі. 

Ғылыми  стильде  нормадан  тыс  тұратын  сөздер  қолданылмайды,  морфологиялық 

тұлғалардың да жалпы тілдік грамматикалық варианттары жұмсалады. Сөйлем құрылысы да 

тілдік  норманың  қатаң  тәртібін  сақтайды.  Сөздердің  дәл  мағыналарын  жұмсау  басымдық 

танытады,  баяндау  барысында  синтаксистік  нормалардың  жалпы  әдеби  нормадағы 

варианттарына  жол  беріледі.  Бұл  стильде  ғылыми  терминдердің,  оның  ішінде  мамандық 

терминдерінің  қоланылуы  ғылыми  мәтіннің  стильдік  белгісі  әрі  стилистикалық  нормасы 

болып табылады.   

Терминология – кәсіби қарым-қатынас аясында қызмет ететін ғылым мен техниканың 

түрлі саласындағы терминдер жиынтығы. Ғылыми стильдің негізгі сөздік қоры – терминдер. 

Ғылыми  мәнмәтінде  қызмет  ете  отырып,  терминдер  басқа  сөздермен  күрделі  мағыналық 

синтаксистік қатынасқа түседі. 

Өзге аудиторияда мамандыққа бағыттап оқыту барысында қазақша сөйлей білуге қажет 

керекті  лексиканы  талапқа  сай  дұрыс  таңдап  алу  қажет.  Бүгінгі  күні  студенттерді  ауызекі 

сөйлеуді меңгертумен қатар кәсіби тілді де үйрету жүзеге асырылуда. 

Тілді  меңгертудегі  маңызды  ақпараттық  бірлік  –  мәтін  екені  белгілі.  Г.Т. 

Алдамбергенова  “Кәсіптік  мектептердің  орыс  бөлімі  оқушыларының  қазақша  сөйлеу  тілін 

құрылысшы  мамандығына  сәйкес  мәтіндер  арқылы  дамыту”  деген  тақырыпта  кандидаттық 

диссертациясында мәтін арқылы тілді оқыту төмендегі міндеттердің жүзеге асуына  көмегін 

тигізеді: 

 



тұрмыста, өндірісте, әлеуметтік ортада қазақша тілдік қатынасты игеру; 

 



қазақ тілінде мәдени-ресми, кәсіби қатынасқа дайындық; 

 



өз  мамандығы  бойынша  сұрақтарға  жауап  бере  білу,  осы  тақырып  төңірегінде  ойын 

айта білу дағдыларын меңгерту; 

 

кәсіби бағыттағы қарым-қатынастық мәтіндерді аудармасыз түсінуге ұмтылу; 



 

оқушылардың  сөздік  қорын  молайтуда  аударма,  түсіндірме  және  кәсіби  сөздіктерді 



пайдалана білу; 

 

520 


 

қазақша  ойлауға,  қазақша  сөйлеу  әуезділігіне  жету,  үлгісіз,  жетексіз  өз  бетінше 



сөйлеуге, жазуға дағдылану, игеру [2,77]. 

 «Мәтінді  сұрыптағанда  мынадай  факторлардың  кешенді  жүйесін  ескерген  жөн: 

студенттердің  мамандығы  бойынша  актив  сөздер  мен  түсіндірме  терминдердің  ауқымы; 

лексика-грамматикалық  материалдың  ерекшелігін  қамтамасыз  ету;  мәтіннің  қиындық 

деңгейін анықтау критерийі; мәтіннің семантикалық моделін құру мүмкіндігі; мәтінде ойлау-

танымдық  мәннің  болуы;  контекстік  көркемдік  пен  жанрлық  шектеулік;  тақырыптық 

принцип; мәтіннің композициялық-мәндік құрылымы мен стилі» [3, 18]. 

Р.А. Шаханова мәтінді сұрыптауға үш түрлі шарт қояды: 

1. мәтіннің лингвистикалық мақсатқа; 

2. мазмұнының танымдық-педагогикалық ұстамға; 

3. әдістемелік нысанаға сәйкес болуы керек [4, 111]. 

Сондай –ақ Р.А. Шаханованың  зерттеуінде қазақ тілін мамандыққа қатысты үйретудегі 

мәтіннің  маңызды  рөлі  дәлелденіп,  мәтіннің  тілдік  жүйесі  айқындалған.  Ғалымның 

айтуынша, мамандыққа қатысты мәтіндерді іріктеу ұстанымдары дұрыс сөйлеуді жетілдіруге 

қызмет ету үшін: 

1.

 



мазмұндық және тақырыптық тартымдылығымен ерекшеленуі керек; 

2.

 



тіл үйренушілердің өз бетімен жұмыс істеуіне ынталандырылуы; 

3.

 



қатысымдық (коммуникативтік) қасиеті басым болуы керек; 

4.

 



мамандыққа  байланысты  ғылыми  мәтіндер  студенттерде  қажеттілік  сезімін 

туғызып, білім беруде студенттердің сенімін күшейтетін болуы қажет [5, 204]. 

Ғылыми  мәтінді  мақсатты  түрде  мәтін  алды,  мәтіндік  және  мәтіннен  кейінгі  кезеңге 

бөлуге  болады.  Кәсіби  мәтінмен  жұмыстың  мақсаты:  мәтін  ішіндегі  мамандыққа  қатысты 

терминдердің  мағынасын  түсіндіріп,  меңгерту  арқылы  студенттердің  кәсіби  сөз  қорларын 

молайту,  мәтін мазмұнын дұрыс түсінуге машықтандыру. 

Кәсіби мәтінмен жұмыстың тиімділігі: студенттер мамандығына сәйкес терминдермен, 

кәсіби  ұғымдармен  жұмыс  істеуге  үйренеді,  мәтіннің  мазмұнын  өз  сөзімен  айтуға 

дағдыланады, мамандыққа байланысты ой-пікірін қазақша еркін жеткізуге үйренеді.      

Сабақ  барысында  мәтінмен  жұмыстың  алдындағы  жаттығуларды  орындау  арқылы 

студенттер  оның  мазмұнын  түсінуге  дайындалады.    Берілген  сөздермен  сөз  тіркестерін, 

сөйлем  құрастыру  арқылы  олар  өз  кәсібіне  сай  белгілі  бір  ойды  байланыстырып  айту,  жаза 

білуге  үйренеді,  мәтін  мазмұнын  түсінуге  мүмкіндік  алады.  Мәтіналды  жұмысы  жаңа  сөзді 

тыңдатып,  қайталату,  сосын  мағынасын  түсіндіруден,  оның  баламасын  көрсетіп,  синоним, 

антонимдер  арқылы  мағынасына  сипаттама  беру,  аудару,  олармен  сөз  тіркесін,  сөйлем 

құрастыру  дағдысын  қалыптастыру  бағытында  жүргізілсе,  енді  кәсіби  мәтінмен  жұмыс 

жасау   кезеңі  мәтінді тыңдату, тыңдағанын оқытудан басталады.  

Мәтін алды кезеңде жаңа термин сөздер беріліп, олардың мағынасы, жазылуы, түсінігі 

анықталады.  Мәтінмен  жұмыс  алдындағы  кезең  оқытушының  басшылығымен  жүргізіледі. 

Мұнда  алдын-ала  мәтінде  кездесетін  сөздер,  сөз  тіркестері  іріктеліп  алынып,  түрлі 

тапсырмалар,  коммуникативтік,  грамматикалық  жаттығулар  жүйелі  түрде  беріледі.  Бұл 

үйренушінің алдағы оқытылатын мәтінді қиналмай түсінуіне дайындық болмақ. 

Мамандыққа  қатысты  терминді  қабылдау,  әрі  қарай  қолдану  студенттер  үшін  оңай 

емес.  Ал  термин  халықаралық  термин  болса,  студент  үшін  жеңіл  болады.  Алайда  барлық 

терминдер  сол  күйінде  емес,  оларға  түрлі  қазақ  тілінің  жұрнақтары  жалғану  арқылы 

жасалады. Автоматтандыру, механикаландыру, технологиялық, техникалық т.б. 

Мәтінді  оқыту.  Мәтінді  оқыту  кезінде  тек  термин  сөздерді  жалаң  түрде,  мәтіндегі 

сөздерден  бөлек  қарамау  керек.  Жалпы  ғылыми  мәтіннің  ерекшелігін  сипаттайтын 

етістіктерді,  дайын  құрылғылар  туралы  да  айтып  өткен  жөн.  Мәтінмен  жұмыс  кезеңінде 

мәтінді  оқу,  мазмұнын  түсіндіру,  мәтін  бойынша  сұраққа  жауап  беру,  жоспар  жасату, 

бірнеше  бөлімдерге  бөлдіру,  қорытынды  жасату,  т.с.с.  Бұл  жерде  үйренушінің  мәтінді 

түсініп,  мәнерлеп  оқуына,  оқу  жылдамдығына  көңіл  бөлінеді.  Аталмыш  тәсіл  үйренушінің 



 

521 


осы  тақырып  бойынша  сөздік  қорын  дамытып,  сұрақ  қоюға  және  оның  шешімін  табу  үшін 

ойын жетілдіріп, өз пікірін еркін айтуға төселдіреді. 

Оқылым тұрғысынан мәтінмен жұмыс студенттің оқу техникасын одан әрі жетілдіруге, 

мәтінді  түсініп  оқу,  талдау  дағдылары  жетілдіруге,  мәтінмен  өз  бетімен  жұмыс  жасау 

іскерлігіне машықтандыруға бағытталды. Айтылым тұрғысында негізгі мақсат студенттердің 

кәсіби  мәтін  мазмұнын  өз  сөзімен  жеткізу  дағдысы  мен  іскерлігіне    машықтандырудан 

тұрады. 

Жазылым 


тұрғысында 

студенттердің 

жазылым 

техникасын 

жақсарту, 

орфографияның  негізгі  ережелерін  меңгерту;  сөйлемдерді  дұрыс  құру,  қарапайым    мәтін 

құрастыру іскерлігін қалыптастыру жұмыстары жүргізіледі.  

Тілдесім  бойынша  студенттер  мәтін  мазмұны  бойынша  ұсынылған  жағдаяттардың 

біріне  мамандығы  жайында  әңгемелеу,  сұхбат  құру  дағдысын  қалыптастыруға  бағытталған 

жұмыстарды  орындайды. 

Ғылыми  стильдегі  сөйлемдерді  тиянақтайтын  баяндауыш  формасы  көбіне  ауыспалы 

осы шақта тұрады:  

-

 

жұмсауды көздейді, 



-

 

 жағдайды туғызады,  

-

 

шешіп отырады,  



-

 

қадағалайды. 

Мәтіннен кейінгі кезеңде терминдерді тақырып бойынша бекітеміз. Бұл процесс түрлі 

жаттығуларға құрылады. 



1.

 

Терминдерді аудару. 

Түрлі ойындар арқылы: анограмма. 

Сұрақ-жауап арқылы. 

Тест таспырмалары арқылы. 

Жазылым  тұрғысында  студенттердің  жазылым  техникасын  жақсарту,  орфографияның 

негізгі ережелерін меңгерту; сөйлемдерді дұрыс құру, қарапайым  мәтін құрастыру іскерлігін 

қалыптастыру жұмыстары жүргізіледі.  

2.

 

Проблемалық  сипаттағы  материалдар  негізінде  монологтық  (диалог)  сөйлеу 



дағдысын қалыптастыру. Студент мәтінді бірінші жақтан баяндайды. Бұл кезеңде тәжірибеде 

ақпаратты жеткізудің графикалық тәсілдері жиі қолданылады: 

- концептуалды,  

- мағыналық тәсілдер,  

- Венн диаграммасы.  

Мәтін соңындағы жұмыс кезеңі мәтінге түсініктеме беру, ондағы мамандыққа қатысты 

терминдерді күнделікті қарым-қатынас кезінде, болашақта, қызмет барысында еркін қолдану 

үшін  жасалынады.  Тіл  үйренушінің  мәтінді  қаншалықты  меңгергендігі  түрлі  тапсырма, 

проблемалық тақырып, пікірсайыс арқылы жүзеге асады. 

Мамандыққа  қатысты  терминдерді  меңгерту  жолдары  толықтырылып,  өзгертіліп 

отыруы мүмкін. Ол аудиторияға, сабақтың мақсатына байланысты жүзеге асып отырады. 

«Арнайы кәсіби қазақ тілін оқыту мазмұны когнитивтік–коммуникативтік қағидаларға 

сай анықталады. Сондай ақ мұндай бағыттағы ізденістер оқу процесін, оқу бағдарламаларын 

жоспарлап,  оларды  жасауды  жеңілдеткен  болар  еді,  әр  оқытудың  әдістемесін  дамытуда 

ықпал етер еді деп ойлаймыз.  

Сонымен,  бүгінгі  студент  –  ертеңгі  маман  ретінде    жоғарғы  білімді,  оқу  орнынан 

білікті, жаңа технологияны, ағылшын тілін меңгерген жаңашыл тұлға ғана емес, мемлекеттік 

тілді жақсы, кәсіби қазақ тілін жетік меңгерген тұлға болып шығуы керек.  



Каталог: files -> colconf
files -> Литература по физико-математическим наукам
colconf -> Г. Д. Рыскелдиева Жинақта «Жаратылыстану гуманитарлық ғылымдары жəне олардың Қазақстан Республикасының индустриалды нновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудағы рөлі» атты
files -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім
files -> «Бекітемін» Алматы облысы білім басқармасының басшысы
files -> Хіх ғасырдағЫ Қазақ Әдебиетінің тарихы
files -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
colconf -> «геология жəне тұРАҚты даму» Ғылыми-теориялық конференциясы еңбектері
colconf -> I ші халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференцияның ЕҢбектері


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   90


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет