Министерство образования и науки республики казахстан



жүктеу 15.08 Mb.
Pdf просмотр
бет80/90
Дата22.12.2016
өлшемі15.08 Mb.
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   90

 

1. 


Г.К.Ахметова, 

З.А.Исаева, 

Н.С.Әлқожаева 

«Педагогика», 

Алматы, 

Қазақ 


университеті, 2006 ж. 

2. Ф.Оразбаева «Тілдік қатынас», Алматы, «Сөздік – Словарь» 2005 ж. 

 

Резюме

 

В  статье  говориться  о  роли  казахского  языка  в  формирований  профессионального 

специалиста. Рассматриваются новые технологии преподавания Государственного языка.  

 

Summary 

In  this  article  the  role  of  Kazakh  language  in  forming  a  professional  is  shown.  New 

technologies of teaching the state  language are discussed. 

 

 

 



АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, 

 

СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

 

 

Қалығұлова Әсел Советбекқызы,

 

Қазақстан-Британ техникалық университетінің оқытушысы, 

Алматық., Қазақстан 

 


 

575 


Еліміздің  білім  беру  жүйесі  жаңа  мыңжылдықта  Қазақстан  Республикасының 

мемлекеттік тілі – қазақ тілін ЖОО-да оқытып, үйретуді дүниежүзілік стандарттық үлгілерге 

жақындастыру  және  оларды  жүзеге  асырудың  тиімді  жолдарын  іздестіру  міндетін  қойып 

отыр.  Сонымен  қатар  қазіргі  уақытта  әлеуметтік  сұраныс  жоғары  оқу  орындарының 

студенттеріне  мемлекеттік  тілді  және  сол  тілде  іс  қағаздарын  жүргізе  білуді  оқытып, 

үйретуді  күшейтіп,  мемлекеттік  тілді  ұлтаралық  қатысым  және  іскерлік  қарым-қатынас 

құралына  айналдыру  талабы  да  қойылып  отырғаны  белгілі.  Бұл  туралы  Қазақстан 

Республикасы  Президентінің  2001  жылғы  7  ақпандағы  №550  Жарлығымен  бекітілген 

Тілдерді 

қолдану 


мен 

дамытудың 

2001-2010 

жылдарға 

арналған 

мемлекеттік 

бағдарламасында  «мемлекеттiк  тiлдiң  мемлекеттiк  басқару  тiлi  ретiнде  қолданылуын 

қамтамасыз  ету;  нормативтiк  құқықтық  базасын  жетiлдiру;  іс  жүргiзудi  мемлекеттiк  тiлге 

көшiру  кестесiн  (нақты  мерзiмдер  мен  iс-шараларды  көрсете  отырып)  белгiлеу  арқылы 

барлық  мемлекеттiк  ұйымдарда  және  жергiлiктi  өзiн-өзi  басқару  органдарында  мемлекеттік 

тiлдiң  іс  жүргiзудегi  негiзгi  тiл  ретiнде  қолданылуын  қамтамасыз  ету»  және  «...тілдерді 

тиімді  меңгеру  саласындағы  мүмкіндіктерді  кеңейту  мен  тереңдету  үшін  дәстүрлі  оқу 

орындарында  тілдерді  оқытумен  қатар  жаңа  әдістердің  де  керек  екенін  тәжірибе  көрсетіп 

отыр»  деген  мәселеге  ерекше  көңіл  бөлінген  [1:2].  Яғни  қазіргі  заман  талабына  сай  оқу-

тәрбие үрдісіне инновациялық әдістер мен ақпараттық технологияларды қолданудағы мақсат 

– жеке тұлғаны дамыту, қалыптастыру. Қазіргі кезде ең құнды тауар – ақпарат болғандықтан, 

қай  елдің  тұрғындары  ақпарат  алуға  кең  мүмкіндік  алса,  озық  ақпараттық  технологияны 

пайдаланып терең білім алса, сол ел алдыңғы қатарлы ел болып саналатыны сөзсіз. Осыған 

орай елдің болашағы осы мүмкіндікті пайдаланып, қоғамды ақпаттандыруды жүзеге асыруға 

байланысты.  Оның  жолдарының  бірі  білім  алуды  ақпараттандыру  және  ақпапарттық 

технологиялар арқылы мемлекеттік тілді,  іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуді үйрету, 

студенттердің  ақпараттық  құзыреттілігін  қалыптастыру  болып  саналады.  Яғни  келешек 

ұрпақ алдарына өрелі мақсат қойып, соған жетуде ғылым мен техниканың қазіргі замандағы 

озық  үлгілерін  пайдалана  отырып,  әлемдік  ақпараттық  кеңістіктегі  әр  түрлі  деңгейдегі 

ақпараттарды  қажетіне  қарай,  талғаммен  пайдалана  білген  жағдайда  ғана  білімді,  сауатты, 

қоғамға  пайдалы  маман,  тұлға  болып  қалыптасады.  Техникалық  жоғарғы оқу  орындарында 

«Қазақ  тілі»,  «Мемлекеттік  тілде  іс  қағаздарын  жүргізу»  пәндерін  оқытуда  да  осы 

инновациялық,  ақпараттық  технологияларды  қолдануға  басымдық  беріледі.  Осы  орайда  кез 

келген  оқытушы  жаңа  технология  түрлерін  біліп,  сабақ  тақырыбына  байланысты  өзіне 

қажеттісін, тиімдісін таңдап, студент қажеттілігін өтей алса, тілді меңгерту, пәнді меңгерту 

қиындығын біршама жеңілдете алар еді.  

Қазіргі  заман  талабы  оқу  үрдісінде  компьютерлік  технологияны  енгізуді,  оны  кең 

көлемде  қолдануды  қажет  етеді.  Компьютерлік    технологияны  қолдану,  аудио-видео 

жазбаларды  орнымен  пайдалану,  оқытуға  арналған  бағдарламалық  жабдықтарды  сабақта 

тиімді  пайдалану  пән  мұғалімдерінің  мол  тәжірибесіне,  ізденісіне,  әдістемелік  шеберлігіне 

тікелей 


байланысты. 

Өз 


тәжірибемізде 

студенттердің 

мемлекеттік 

тілге 


деген 

қызығушылығын  арттыруда,  мүмкіндігімізше,  проектор  мен  компьютерді,  видео-роликтер 

мен  аудио-жазбаларды  пайдалануға  тырысамыз.  Өйткені  тыңдау  арқылы  жазып-сызумен 

қатар көзбен көре отырып, алған білім есте ұзақ сақталатыны белгілі. «Мемлекеттік тілде іс 

қағаздарын  жүргізу»  пәнін  оқытуда  негізгі  тақырыпқа  қатысты  ережелер,  сызбалар,  бейне-

көріністер,  іс  қағаздарының  дыбысталған  толық  мәтіні  (мысалы,  өмірбаян,  хабарландыру, 

жарнама  т.б.)  осы  техниканың  көмегін  пайдалана  отырып  берілсе,  студенттердің 

қызығушылығы  артады.  Оған  қоса  мұндай  тәсіл  олардың  есте  сақтау  қабілеттерін  де 

арттырады.  Сонымен  қатар,  «Мемлекеттік  тілде  іс  қағаздарын  жүргізу»  пәні  бойынша 

студенттердің    білім,  білік  дағдыларын  дамытуға  арналған,  қазақ  тілінде  іс  қағаздары 

бойынша алған білімдерін дамытуға арналған педагогикалық үдерістің маңызды компоненті 

болып  табылатын  студенттердің  өздік  жұмысын  (СӨЖ)  жоғарыдағы  техникалардың 

көмегімен ұйымдастыру оң нәтиже береді. 


 

576 


Өздік  жұмыс  ұжымдық  не  жеке  түрде  жүзеге  асырылады.  Оқу  әрекетінің  басқа 

түрлеріне қарағанда өздік жұмысты орындау кезінде студенттер дербес жұмыс істеу арқылы 

сапалы  білім  алуды  көздейді.  Олардың  өздік  жұмыстарды  орындау  кезіндегі  танымдық 

әрекеті ізденіспен жұмыс жасауына, жоғары деңгейдегі белсенділікке, өз бетінше әрекет ете 

алуға  талпындырады.  Оқытушы  студентпен  өздік  жұмыс  жүргізе  отырып,  жан-жақты 

әрекетті  іске  асырады.  Өздік  жұмыс  студенттің  шығармашылық  қабілетін,  танымдық 

қасиетін  аңғартады.  «Мемлекеттік  тілде  іс  қағаздарын  жүргізу»  пәні  бойынша  студенттерді 

жеке  тұлға  ретінде  қалыптастыру  бағытында  өздік  жұмыстың  бірнеше  түрлері  іске 

асырылады.  Олар:  глоссарии;  презентация;  оқытудағы  нақты  жағдаяттық  тапсырма 

(ситуациялық  тапсырма);  жеке  жоба.  Біздің  тәжірибеміздегі  негізгі  өздік  жұмыс  күнделікті 

өтілген  жаңа  тақырыпқа  сәйкес,  яғни  жаңа  іс  қағаздарының  мазмұндық-құрылымдық 

жүйесін меңгерту мақсатында ұсынылатын нақты жағдаяттық тапсырмалар.   



Оқытудағы  нақты  жағдаяттық  тапсырма  (ситуация)  ―    студенттен  белгілі  бір 

тақырып    немесе  құжаттар  бойынша  сұрақтарға  жауап  талап  ететін  жағдай,  жай [13:13-14]. 

Жағдаяттық тапсырмалар жүйесі студенттің өздік ізденісі арқылы құжаттардың қызметі мен 

ерекшелігі,  құрылымдық-мазмұндық  жүйесі,  лексика-грамматиалық  минимумдарды  сақтау 

мен  іскерлік  қарым-қатынас  жағдайында  сөйлеу  әрекеті  компоненттеріне  (этиеттік  сөз 

оралымдарын  пайдалану)  сәйкес  шығармашылық  сипатта  ұсынылады.  Мәселен,  қызметтік 

хаттың  бір  түрі  рекламациялық  хаттың  немесе  шағым  хаттың  жазылу  жағдайын  түсіндіру 

мақсатында жағдаяттық видео-ролик ұсынылады. Ол видео-роликтегі жағдаят сұхбат түрінде 

өрбиді: (Басшының кабинеті) 

-

 



Қайсар Болатбайұлы! Кіруге рұқсат па? 

-

 



Келіңіз, кіріңіз, Мақсат Қанатұлы! Жайшылық па? 

-

 



Бірден іске көшейін, есіңізде ме, осы жылы ақпан айының он бесінде Өскемен мотор 

шығаратын зауытына 50 электрлі моторға тапсырыс беріп едік қой. 

-

 



Иә, иә, тапсырыс берген болатынбыз! 

-

 



Келісімшартқа  сәйкес  сол  тапсырысымызды  15-інші  наурыз  күні  жеткізуге  тиіс 

болатын.  Бірақ  3  күн  кешіктіріп  бүгін  алып  келіп  отыр.  Алайда  алып  келген  моторларды 

тексеру  барысында  екеуі  кем  болып  шықты  және  бірнешеуі  дұрыс  жұмыс  істемейтін 

сияқты. Моторлар тізімі көрсетілген құжатпен келген ілеспе хатта бұл туралы бір ауыз 

сөз жоқ. 

-

 



А,  солай  ма?  Ол  компания  неге  өз  ісіне  жауапкершілікпен  қарамады  екен,  а? 

Келісімшарт  талаптары  бойынша  тауарларды  уақытында  жеткізуге  және  түгелдей 

жеткізуе кепілдік берілген еді ғой.  

-

 



Дұрыс  айтасыз,  келісімшартта  2010  жылдың  15-ші  наурызында  жеткіземіз  деген 

және 50 электрлі мотор деп нақты жазылған. Ондағы мәліметті көрмеуі мүмкін емес.  

-

 



Онда қазір сіз барып, қаншасы дұрыс жұмыс істемейді, санын нақтылап келіңіз. Бұл 

жағдайдың  болуына  не  себепті    жол  берілгендігін  анықтап,  Өскемен  мотор  шығаратын 

зауытының 

басшылығына 

қызметтік 

хат 

жазайық. 

Енді 

мұндай 

жағдайдың 

қайталанбауын  талап  етейік!  Әйтпесе  арадағы  іскерлік    қарым-қатынасты  үзуге  тура 

келеді.  

Осы  тапсырма  сияқты  іс  қағаздарының  басқа  түрлеріне  қатысты  тапсырмалар  да 

шығармашылық сипатта ұсынылады. Мәселен:  

«Өмірбаян» іс қағазы бойынша: 

1)

 



Кадр бөліміне Жеке іс парағына тігу үшін өз өмірбаяныңызды  жазыңыз. 

2)

 



Жаңа  жұмысыңыздың  кадр  бөліміне  тапсыру  үшін  жеке  іс  парағымен  қоса  қандай 

құжат дайындайсыз. 



«Түйіндеме» іс қағазы бойынша: 

1)

 



Өз  мамандығыңыз  бойынша  бос  жұмыс  орнына  үміткер  ретінде  түйіндеме 

дайындаңыз. 

1.

 

«Қымбатты АТФ студенттері! 



 

577 


DNR  (Domain  Name  Registery)  компаниясына  РНР-  бағдарламашысы  қажет.  Жұмыс 

уақыты:    еркін.  Жалақы  100 000  теңгеден  жоғары.  Сұхбаттасуға  өз  түйіндемеңізді  ала 

келіңіз». Хабарландыруға сәйкес түйіндемеңізді құрастырыңыз

«Өтініш» іс қағазы бойынша: 

1)

 



Қаржы-экономикасы  факультеті  деканы  Е.Қ.Бейсембетовтың  атына  Лондон 

қаласында  өтетін  Қаржы-экономика  саласы  бойынша  өтетін  студенттердің  халықаралық 

конференциясына  кетуіңізге  байланысты  қысқы  сессия  мерзімін  екі  аптаға  шегеруге  рұқсат 

сұрайтындығыңыз туралы өтініш жазыңыз.  

2)

 

Өткен  семестрдегі  үлгерім  көрсеткішіңіздің  жоғары  болуына  байланысты  тиісті 



кредитке  (пәнге)  қосымша  кредит  (пән)  алуға  рұқсат  сұрап,    оқу  орныңыздың    тиісті 

басшысының атына қажетті іс қағазын дайындаңыз. Қосымшаңыз болса, сілтеме жасаңыз. 



«Арыз» іс қағазы бойынша: 

1)

 



Жатаханадағы  тұрмыстық  жағдайдың  төмендігі  жайлы  тиісті  орынға  арыз 

дайындаңыз.  



Қолданылатын сөздер мен сөз тіркестері:  

тұрмыстық  жағдай,    істен  шыққан,  дер  кезінде  жөндеу,    қызмет  түрін,  жөндеуден 

өткізуді    қажет  етеді,  келеңсіз  жағдайлар  орын  алып  отыр,    әлеуметтік-тұрмыстық  өмір,  

шара қолдану. 

2)

 

Қазақстан-Британ  техникалық  университетінің  Жалпы  мәселелер  жөніндегі 



проректорына  Тәрбие  секторы  тарапынан    студенттер  арасында  тәрбиелік  іс-шаралар  

ұйымдастырылмайтындығы туралы арыз жазыңыз.  



 Қолданылатын сөздер мен сөз тіркестері: 

елжандылық  тәрбие,    іс-шаралардың  ұйымдастырылмайтындығы,  Тәуелсіздік  күні,  

Наурыз мейрамы, Жеңіс мерекесі,  Тілдер мерекесі, керісінше,  мүлдем елеусіз, мемлекеттік  

мейрамдар,    батыстық  Әулие  Валентин  күні,  23-ақпан,  ерекше,  түнгі  клубтар,  тойланады, 

ұлттық салт-сана, жастар, кері әсерін тигізеді. 

 

«Қолхат» іс қағазы бойынша: 

1)

 



Наурыз  айындағы  бір  күндік  стипендияызды  балалар  үйіне  аударғандығыңызды 

растайтын  қолхат жазыңыз.  

2)

 

Өзіңізді 



оқытатын 

оқытушыдан 

СӨЖ-ге 

қажетті 


әдебиетті 

пайдалануға 

алғандығыңыз туралы қандай құжат дайындайтындығыңыз анықтаңыз және оны жазыңыз. 

 «Бұйрық» іс қағазы бойынша: 

1)

 



Сіз  университет ректорысыз. Студенттердің білімін объективті  бағалау мақсатында 

бағалау  жүйесіне  2011  жылдың  1  қаңтарынан  бастап  қорытынды  бақылауға  бөлінген  30 

балдық  жүйені  40  балға  ауыстыру  туралы,  қорытынды  бақылауда  40  балдың  50%  жинай 

алмаған  студентке  «F»  бағасын  қою  туралы  өзгерістер  енгізіп,  бұйрық  шығарыңыз.  Бұл 

бұйрықтың орындалуын Оқу ісі жөніндегі проректорға міндеттеңіз. 

2)

 



Сіз  белгілі  бір  жоғары  оқу  орнының  басшысысыз.  Нұрғалиұлы  Болат  деген 

азаматтың өтініші негізінде белгілі бір факультет деканы қызметіне қабылдау туралы бұйрық 

шығарыңыз. 

«Хаттама» іс қағазы бойынша: 

1) Берілген күн тәртібіне қатысты топ жиналысының хаттама мәтінін құрастырыңыз.  

                                     Күн тәртібі:  

1.

 



ҚБТУ Наурыз мерекесіне дайындық туралы  (Жауапты – Мажетаев Д.) 

2)  Берілген  күн  тәртібіне  қатысты  UNIT  тобы  мәжілісінің      хаттама  мәтінін 

құрастырыңыз.  

                                     Күн тәртібі:  

1.  №3  жетім  балалар  үйіне  «Тәттілер  жәрмеңкесі»  атты  іс-шара  ұйымдастыру  туралы  

(Жауапты – Сұлтанов М.) 

Өздік  жұмыс  тапсырмаларын  жоғарыдағыдай  шығармашылық  сипатта  құра  отырып, 

оларды  ақпараттық  техниканың  көмегімен  ұсынудың  мақсаты:  студентке  іс  қағаздарының 



 

578 


қызметі  мен  ерекшелігін,  мазмұндық-құрылымдық  жүйесін  жанды  түрде  меңгерту  болып 

табылады. 



Ал міндеті: 

 



түрлі жағдаяттар бойынша құжат үлгісін дайындай алуға; 

 



берілген үлгіні тексеріп, сауатылығын анықтай алуға дағдыландыру; 

 



лексикалық минимумдарды білуге; 

 



грамматикалық минимумдарды білуге; 

 



бекітілген нормаға сай дайындай алуға үйрету. 

Нәтижесінде студент ұсынылған түрлі жағдаяттарда орындалатын құжат түрін дұрыс, 

нақты, сауатты, талапқа сай толтырады, материалдар бойынша және өзі ізденістері негізінде 

жазба  жұмыстар  орындайды.  Бұл  студенттердің  қоғамдық  өмірде  кездесетін  түрлі 

жағдайлардағы  құжаттың  түрлерін  ажырата  білуге,  өз  өмірлерінде  қолдана  алуға,  қолдану 

кезінде сауатты толтыра алуға дағдыландырады.  

Сонымен  қатар  кейс  әдісін  пайдалана  отырып,  проектор  арқылы  студенттерге 

тапсырмалар топтамасын ұсыну да жақсы нәтиже береді. Мәселен: 

1-тапсырма. Материалдық заттарға байланысты жасалған келісім-шарттардың бір 

түріне жазбаша талдау жасау: 

1)

 

Шарттың құрылымдық жүйесі қандай? 

2)

 

Шарт жасасушылар туралы қандай мәліметтер болуы керек? 

3)

 

Шарт жасалған зат туралы қандай мәліметтер болуы керек?  

4)

 

Лексика-грамматикалық минимумдарын анықтау. 

 

2-тапсырма. Сөйлемді толықтырыңыз. 

Біз, төменде ------------------------, Алматы қаласы "Жетісу" шағын ауданы, 28-үйде  ----

----------- азамат Өмірбаев Асқар Өмірбайұлы, ------------------ куәлігі № 548796, Қазақстан 

Республикасының ІІМ берген, Алматы қаласы, Райымбек даңғылы, 83-үйде ----------------------

- Қайырбаев Серік, жеке ------------------------ № 478926, Қазақстан Республикасы IIМ берген, 

төмендегілер --------------------------------------------------------------------------- жасадық.  

 

3-тапсырма. Жағдаят бойынша бұйрық шығарыңыз. 

Айрықша 

еңбек 

көрсеткіштері 

үшін 

қызметкерлеріңізге 

ақшалай 

сыйлық 

беретіндігіңіз туралы бұйрық шығарыңыз.  

Сұрақтарға жауап жазыңыз: 

 

Мекеменің  алдында  тұрған  мәселелерді  шешу  мақсатында  басшылық  жасайтын 

құқықтық  құжат  қалай  деп  аталады?  Оның  қызметі  қандай,  маңыздылығы  неде? 

Жазыңыз. 

1.

 

Бұйрықта етістік қалай беріледі? Бес мысал жазыңыз. 

2.

 

Бұйрық мәтінінің констатациялық бөлігі дегеніміз не? Түсіндіріңіз. 

Өкімдік  бөлім  дегеніміз  не?  Жазыңыз.Мекеме  жұмысына  қатысты  бұйрық 

тармақтарының соңғы тармағында қандай мәлімет болады?  

Кейс түрінде ұсынылған кешенді тапсырмалардың мақсаты – студенттердің белгілі бір 

тақырыпқа  қатысты  білімін  жинақтай  алу,  тапсырмадағы  проблемалық  жағдайды  анықтау, 

көре  және  оқи  отырып  олардың  есте  сақтау  қабілетін  жетілдіру.  Кешенді  тапсырмалардың 

тиімділігі:  студенттер  құжатқа  тән  сөз  оралымдарын  (клишелерді),  яғни  сөз  тіркестері  мен 

сөйлемдерде  қолдана  білуге  дағдыланады.  Ойын  дәл,  нақты  қағаз  бетіне  түсіріп,  әсерлі 

жеткізуде тілдік құралдарды кеңінен қолдана білуге үйретеді.  

Қорыта  айтқанда,  жоғарыда  аталған  кез-келген  іс  қағаздары  түрлеріне  байланысты 

ұсынылған  өздік  жұмыс  түрлері  студенттердің  құзыреттілік  қабілеттерін,  соның  ішінде 

ақпараттық  құзыреттілігін  қалыптастыруға  септігін  тигізеді.  Ал  ақпараттық  құзыреттіліктің 

қалыптасуының  алғышарты  ақпараттық  технология  деп  айтуға  болады.  Яғни  студенттер 

түрлі  ақпарат  көздерінен,  біріншіден,  құжаттардың  түрлі  ситуациядағы  үлгілерін 



 

579 


жинастырады,  яғни, мұнда  студентке  құжат  туралы  жалпы  мәліметті  іздеумен  қатар,  нақты 

құжаттың  үлгілерін  жинастыруға  тапсырма  беріледі;  екіншіден,  жиналған  іс  қағаздарының 

мәтінімен  танысып,  мазмұнын  ұққаннан  кейін  тақырыбына,  қамтылған  мәселесіне  қарай 

іріктеп,  топтастырады,  жан-жақты  талдау  жасайды.  Мұндай  тапсырманы  берудің 

нәтижесінде  студент,  біріншіден,  іс  қағазының  қандай  мазмұндағы  құжат  екенін 

оқытушының  көмегінсіз  өз  бетінше  анықтап,  түсіне  алады,  екіншіден,  құжат  үлгілерін 

жинастыру  барысында  қоғамдағы  әртүрлі  жағдайларға  байланысты  кездесетін  іс 

қағаздарының  құжат  ретіндегі  басты  ерекшелігін  анықтап  (арызға  қатысты  мәселені  шеше 

алатын адамға ғана жазылатыны, жеке бас мәселесін қамтитыны т.б. келісімшартқа қатысты 

кемінде екі тараптың болуы, тараптардың белгілі бір мәселеге байланысты өзара шарттасуы 

т.б.),  оларды  мазмұнына  қарай  топтастырады  (өтініш  түріндегі  арыз,  түсініктеме  түріндегі 

арыз,  шағым  түріндегі  арыз,  еңбек  келісімшарты,  жылжымайтын  мүлікке  байланысты 

келісімшарт,  т.б.),  үшіншіден,  құжаттарды  белгілі  бір  атауға  топтастырудағы  басты  ортақ 

белгілерін тауып, өзіндік ерекшеліктерін анықтап, баяндай алады. Яғни, студент қазіргі кезде 

ең  бағалы  құндылық  болып  саналатын  ақпаратты  ақпараттық  технологияның  көмегімен 

саналы түрде меңгеріп, қажетіне жарата алады.  

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 



 

1.

 



«Тілдерді  қолдану  мен  дамытудың  2001-2010  жылдарға  арналған  мемлекеттік 

бағдарламасы  туралы»  ҚР  Президентінің  2001  жылғы  7  ақпандағы  №550  Жарлығына 

толықтырулар енгізу туралы // Ана тілі. – №23. 7 маусым, 2001. – 2 б. 

2.

 



Жамашева  Ж.Р.  Мемлекеттік  тілде  іс  қағаздарын  қашықтан  оқыту  әдістемесі. 

Педагогика  ғылымдарының  кандидаты  ғылыми  дәрежесін  алу  үшін  дайындалған 

диссертацияның авторефераты, Алматы, 2009. 

 

 



Резюме

 

В данной статье представлены эффекивные формы и методы обучения по дисциплине 

«Делопроизводство на государственном языке». 

Summary 

The  article  considers  the  effective  forms  and  methods  of  teaching  the  discipline  “Business 

papers in the state language”. 

 

 



ҚАЗАҚ ТІЛІН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ

 

 

Қасым Б.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ, 

Мемлекеттік тіл кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор 

Алматы қ., Қазақстан 

 

Еліміздің  XXI  ғасырға  аяқ  басуы  Елбасының  Қазақстан  -  2030  атты  стратегиялық 



бағдарламасына  сәйкес  жаңа  техника  мен  технология  үрдістерінің  дамуы  келешекте  білім 

беру саласы қандай бағытта өрбуі керек деген өзекті мәселені талап етеді. «Тілдерді қолдану 

мен  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарлама»  жобасына  қазақ 

тілінің  мәртебесін  жоғары  деңгейге  көтеретін  мәселелер  қамтылуы  тиіс.  Бұған  біріншіден

«Мемлекеттік  тіл»  Заңы  қабылданып,  толыққанды  жұмыс  жасауы,  ол  Елбасының 



«Қазақстанның  болашағы  –  қазақ  тілінде»  деген  тұжырымдамасымен  үндес  келуі,  яғни 

Қазақстан халқының болашық өмірінің кепілі болуы. Екіншіден, қазақ тілі коммуникативтік 



қарым-қатынасресми   қатынас тілі ретінде жұмыс жасауы.  

 

580 


Елбасының «...Халықаралық тәжірибеге сүйеніп, жақсы технологияларды әкелу» деген 

ұстанымы  Мемлекеттік  тілді  дамыту  бағытында  бар  мүмкіндіктерді  пайдалана  отырып,  тіл 

саясатының  белгілі  бір  жүйемен  істеліп  жатқан  іс-шаралары  қазақ  тілінің  мәртебесін 

нығайтуға  бағытталып  және  тәжірибе  жүзінде  қолданыс  қызметін  кеңейтуге  қызмет  етеді. 

Осы  мақсатта  Қазақстан  Республикасының  бәсекеге  қабілетті  тілдік  тұлғаны 

қалыптастыруда  тиімді  әдістерді  қолдану.  Сол  себепті  оқыту  әдістемесінде  және  тіл 

үйретуде    ақпараттың  көлемді  бөлігін  тиімді  түрде  ұсынатын,    сол  ақпаратты  жоғарғы 

деңгейде  игеретін  және  өмірде,  тәжірибеде  бекіте  алатын  әдістерді  қолдануды  талап  етеді. 

Сонымен  қатар,  қазақ  тілінің  мемлекеттік  тіл  ретіндегі  мәртебесінің  өсуімен,  қоғамдық 

рөлінің артып, әлеуметтік қызметі аясының кеңеюімен байланысты өзгетілді аудиторияларда 

қазақ  тілін  оқытуды  оңтайландыру  мен  қарқынды  ету  қазіргі  заманғы  білім  беруді 

ақпараттандыру  мен  модернизациялау  жағдайындағы  басым  бағыттардың  біріне  айналып 

отыр. 


Ғылым мен техниканың дамуына қарай қазақ тілін оқыту мүмкіншіліктері артты, жаңа 

технологиялар  пайда  болды,  өзіне  тән  әдістемесіне  бірге  электрондық,  ақпараттық 

мультемедиялық  технологиялар  дүниеге  келді.  Бүгінде  қазақ  тілін  оқыту  әдістемесін 

ұйымдастыру  –  жаңа  инновациялық  әдістер  оқытушылар  қауымын  жаңа  технологияны 

шығармашылық іздеуге итермелейді. Инновация – жаңарту, жаңалық өзгеріс деген түсінікті 

білдіреді.  Инновациялық  технологияны  жаңа  білім  беру  парадигмасын  өмірде  жүзеге 

асырудың құралы ретінде қарастырған жөн. 

«Технология»  –  (сөз-грек  тілінен  алғанда  «техне»-өнер,  кәсіп,  ғылым,  +  «логос»  ұғым, 

оқу) деген түсінікті білдіреді. Яғни, оқу-тәрбие процесін жүргізудің тәсілдері мен құралдары 

жайындағы білімдердің жиынтығы  –оқыту процесінің технологиясы. Оның құрлымы: 

•  оқытудың мақсаты, 

• білім беруің мазмұны, 

• педагогикалық өзара әрекеттестіктің құралы /оқыту және мотивация/, оқыту процесін 

ұйымдастыру, 

• оқушы, оқытушы, 

• әрекетің нәтижесі /сонымен бірге кәсіптік дайындықтың деңгейі/ 

Оқыту технологиясы – оқыту үдерісін ұйымдастыру, басқару және бақылау.  

Бүгінде  білім  беруде  нәтижелі  жетілдірудің  құралы  ретінде  практикада  жаңа  оқыту 

технологиясын кіргізуге батыл шаралар қолдану. Сондықтан да бүгінгі ЖОО-ның білім беру 

жүйесі  студенттердің  таным  белсенділігін  дамытатын  оқытудың  белсенді  формалары  мен 

әдістерін көптен енгізу. 

Өзгетілді  топтарда    қазақ  тілін  оқытуда  студентерге  сөйлесім  әрекетінің  түрлерін 

қатысымдық  мақсатта  меңгерту  –  қазіргі  заманғы  лингводидактикадағы  өзекті  мәселенің 

бірі.  Бұл  маңызды  мәселені  шешу  мұғалімге,  оның  оқытудың  мақсаттары  мен  шарттарына 

сай жаңа технологиялар мен әдістемелерді қолдана білуіне тікелей байланысты. Яғни, бүгінгі 

таңда  кәсіби  қазақ  тілін  пәні  оқытушыларының  кәсіби  құзырлылығы  құрылымынан 

оқытудың  ақпараттық-коммуникациялық  технологиялары  ерекше  орын  алады.  Соңғы 

жылдарда  өзгетілді  топтарда  қазақ  тілін  оқытуда  жаңа  ақпараттық-коммуникациялық 

технологияларды, электрондық, мультимедиалық бағдарламалық өнімдерді  қолдану. Ұлттық 

ақпараттандыру  орталығының  базасында  өзгетілді  топтарда  кәсіби  қазақ  тілін  оқытуға 

арналған  мультимедиалық  бағдарламалар  мен  электрондық  оқулықтар  қажеттілікті  өтей 

алады.  Дегенмен,    педагогикалық  тәжірибеде  дайындалған  ақпараттық  электрондық, 

мультимедиалық  өнімдердің  өзгетілді  топтарда  қазақ  тілін  оқытуда  қолданылуының  білім 

берудің  талаптарына,  қазақ  тілін  оқытудың  мақсаттарына,  жинақталған  тәжірибеге  және 

қазіргі  заманғы  педагогикалық  ғылымның  даму  деңгейіне  қарай,  әрине,  толықтылып 

отыруды,  жетілдіруді  қажет  етеді.  Осы  сала  бойынша  кәсіби  бағдарлы  біліктіліктері  мен 

мамандықтарына сай білімді қалыптастыратын бірізді оқулықтар мен бағдарламалар жүйесін 

оқу  процесіне  енгізу;  өзгетілді  топтарда  кәсіби  қазақ  тілін  оқытуда  мультимедиалық 



 

581 


бағдарламалық  өнімдер  мен  электрондық  оқу  құралдарын  қолдану  арқылы  студенттерге 

сөйлесім әрекетінің түрлерін кешенді түрде меңгерту мәселелері алда тұр.  

Жоғары  оқу  орындарында  кәсіби  қазақ  тілінен  берілетін  тақырыптық  оқу 

материалдарын,  курсты  модульге  бөлуде  кәсіби-іскери  мамандануда  ойдағыдай  нәтижеге 

жетуге,  уақытты дұрыс пайдалануға, студенттердің өз  бетімен  ізденіп жұмыс жасауына т.б. 

мүмкіндік  жасау.    Білім  жүйесінде  қолданылатын  модульді-интерактивтік  технология 

мағыналары, 

құрылымы 

жағынан 

бір-бірін 

толықтырады. 

Модульді-интерактивтік 

технология  даралап,  саралап  оқыту  технологиясына  негізделетіндіктен,  модульді-

интерактивтік  технология  студентті  жеке  мүмкіндігіне  қарай  жұмыс  істеуіне  мақсат  қою, 

оны жоспарлау, ұйымдастыра білу, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалауға үйретеді. Бұл жағдай 

студенттің  оқу  әрекетінде  өзін-өзі  жете  түсінуіне,  игерген  білімінің  деңгейін  анықтауға, 

білімі мен  іскерлігіндегі  байқауға мүмкіндік  береді.  Аталған технология әр тіл үйренушінің 

оқу үрдісінде  жеке тұлға ретінде қалыптасуына, білімін тереңдетуге мүмкіндік береді, өзінің 

ішкі мүмкіндіктерін толық аша алуын  қамтамасыз етеді. 

Өзгетілді  топтарында    кәсіби  қазақ  тілінен  мультимедиалық  бағдарламаны  қолданып 

оқыту  арқылы  студенттерге  сөйлесім  әрекетінің  түрлерін  бір-бірімен  байланыста,  кешенді 

меңгерту.  Білім  беру  арқылы  –  өткенді  тануға,  қазіргі  уақытты  бағамдауға  және  келешекті 

болжауға мүмкіндік жасау.  

Кәсіби қазақ

 тілін инновациялық технологиялармен оқытудың бірі: 



Модулдік  оқыту 

–  оқу  үрдісінің  ұйымдастырылуы  мен  мазмұны  адамның 

қажеттіліктілігін  қанағаттандыруда  кепілдік  беретін  және  жаңа  сұранысты  анықтайтын 

икемді білім беретін құрлым құру. 

Модулдің көптеген анықтамаларына  қарамастан, олардың барлығын үш түрлі бағытта 

топтастырып, жүйелеуге болады: 

•  модуль  –  біліктілік    мінездемесінің    талаптарына    жауап  беріп,  мамандық  бойынша 

оқу пәндерінің жиынтығын ұсынатын мемлекеттік білім беру стандарт бірлігінің үлгісі; 

• модуль – пәнаралық әдістемелік-ұйымдастыру құрлымы болып, әр түрлі оқу 

пәндерінің тақырыптық жиынтығы ретінде бір мамандықты меңгеруді және оқу үрдісінде 

пәнаралық қатынасты қамтамасыз етеді; 

• модуль – бір оқу пәнінің шеңберіндегі ұйымдастыру әдістемелік құрлымының бірлігі. 

Оқыту  мазмұнын  таңдап  алғаннан  кейін  сол  мазмұнды  жүйелеу  мәселесі  туындайды. 

Оқу мазмұнын дербес модулдерге жіктеудегі модулдік оқытуға байланысты. 

Модулдік  оқытудың  дидактикалық  жүйесі  басқада  дидактикалық  жүйелер  сияқты 

оқытудың мақсатарына сай жалпы дидактикалық ұстанымдар мен негіздеріне сүйеніледі, оқу 

материалдарының құрылымды жұйесі.  

Сонымен,  модулдік  оқыту  жағдайында  оқу  үрдісін  басқару  мәлімет  беру  үрдісіне 

бағытталған  цикілділігімен,  білім  алушының  өздігімен  жұмыс  істеуі  және  белсенділігін 

арттыратын өзін-өзі басқару мен басқарудың тиімді арақатынасын орнатумен ерекшеленеді. 



Қашықтан  оқыту

  –  қоғамды  ақпараттандырудың  маңызды  бағыттарының  бірі-білім 

беру  ісін  ақпараттандыру.  Бұл  жаңа  ақпараттық  құралдар  мен  әдістерін  дамыта  оқытудың 

идеяларын  жүеге  асыруға,  оқу  –тәрбие  үрдісінің  барлық  деңгейлерін  бір-бірімен  тағыз 

байланысты  өрістетуге  және  олардың  тиімділігі  мен  сапасын  көтеруге,  жас  ұрпақты  жаңа 

қоғам жағдайында өмір сүруге дайындауға пайдалану деген ұғымды білідіреді. 

Бұл күнде қашықтан оқыту білім берудің дамытудың нақты элементті болып табылады. 

Өйткені  қашықтан  оқыту  жүйесінің  икемділігі  және  тиімділігі,  студенттер  дәріс,  семинар 

түріндегі сабақтарға қатыспай, өздеріне ыңғайлы мезгілде, қолайлы жерде, тез жылдамдықта 

жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады. 



Интерактивті  оқыту 

  қазіргі  кезде  қарым-қатынас  үрдісіне  негізделген  оқыту-

интерактивті оқытуға үлкен көңіл бөлуде. Оқыту үрдісі тиімді болу үшін қарым-қатынастың 

үш  жағы  қатысуы  қажет:  1/ақпарттық  /ақпараттық  берілуі  және  сақталуы/;  2/интерактивті  

/біріккен іс-әректте өзара әсердің ұйымдастырылуы/; 


 

582 


Оқу  үрдісінде  жаңа  технологиямен  жұмыс  істеу  үшін  алғышарттар  қажет:  ғылыми-

әдістемелік,  оқыту-әдістемелік,  оқу-әдістемелік  кешендерді  үнемі  талдау  жасап,  назарда 

ұстау,  жаңа  оқулықтардың  мазмұнын  зерттеп  білу,  пәндік  білім  стандартымен  танысу, 

білімді деңгейлеп, кәсіби бағытта беру технологиясын игеру арқылы студенттерге білімді 

стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу, оқу үрдісін ізгілендіру  т.б. 

 

 



Каталог: files -> colconf
files -> Литература по физико-математическим наукам
colconf -> Г. Д. Рыскелдиева Жинақта «Жаратылыстану гуманитарлық ғылымдары жəне олардың Қазақстан Республикасының индустриалды нновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудағы рөлі» атты
files -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім
files -> «Бекітемін» Алматы облысы білім басқармасының басшысы
files -> Хіх ғасырдағЫ Қазақ Әдебиетінің тарихы
files -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
colconf -> «геология жəне тұРАҚты даму» Ғылыми-теориялық конференциясы еңбектері
colconf -> I ші халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференцияның ЕҢбектері


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   90


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет