Аннотация
В статье рассматриваются причины появления и история формирования совместной
образовательной русско-китайской программы в рамках системы получения двойного
диплома специалистами естественно-научного и технического профилей в Шеньянском
политехническом университете, (г. Шеньян, КНР) и Томском Политехническом
Университете (г. Томск, Россия). Авторы, представляющие каждую из сторон, сходятся во
мнении относительно наличия определенной специфики в обучении русскому языку
технических специалистов и необходимости учета профессиональных интересов студентов –
как основной мотивирующей составляющей, важности перспективной подготовки к
психологической адаптации студентов в иноязычной среде.
ТЕХНИКАҒА ҚАТЫСТЫ ЖАҢА СӨЗДЕРДІ МЕҢГЕРТУ
– СТУДЕНТТІҢ
СӨЗДІК ҚОРЫН БАЙЫТУ НЕГІЗІ
Рыскелдиева Г.Д., Бакиева А.А.
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті,
Алматы қ., Қазақстан
www.guldariya_ryskeldieva@mail.ru
Жаңа сөзді меңгертудің негізі – керекті сөзді, яғни студенттің біреудің айтқандарын
түсіне алуы мен өз ойын жеткізуі үшін қажетті сөзді, ең қысқа мерзімде түсінікті әрі оңай
тілмен студентке үйрету. Сондықтан оқытушы студентке керекті сөздерді анықтап, солармен
жұмыс жүргізеді.
Жаңа сөзді меңгерткен кезде төмендегі мәселелерге мән берген жөн:
Сөздердің мағынасын қысқаша түсіндіретін мамандыққа қатысты қазақша түсіндірме
сөздік (қажетті жағдайда аударма сөздік) алдыру керек және сөздікпен жұмыс жасауға
дағдыландыру керек.
Студенке алдымен мамандыққа байланысты қолданылатын сөздерді меңгерту керек;
Сөздің мағынасын студентке өзінің ана тілінде түсіндірмеу керек. Керісінше, сөзді
қазақша түсіндіру қажет және студентті де қазақ тілінде түсініп білуге дағдыландыру керек.
Соған байланысты студенттерге мамандыққа қатысты түсіндірме сөздігімен жұмыс жасату
керек;
Егер жаңа сөз бір заттың атауын білдіретін болса, сол заттың өзін немесе суретін
көрсету арқылы үйретуге болады;
Сөзді, егер бар болса, антонимі арқылы үйретуге болады. Бұл әдіс арқылы сөз оңай
меңгеріледі және тез еске түседі. Орта және жоғары деңгейлерде сөзді синонимі арқылы
түсіндіру керек;
Деңгейіне байланысты студенттерге сөздің мағынасын сөйлем ішінде қолданылуына
қарай аңғартуға тырысу керек. Әрбір жаңа сөз кездескенде, сөздікке қарамай-ақ, сөздің
602
мағынасын сөйлемнің (мәтіннің) жалпы ұғымына қарап шығаруға болатынын түсіндіру
болады;
Егер меңгертілетін сөз күрделі сөз немесе туынды сөз болса, оны талдау керек. Оның
түбірінен басқа туынды сөздер жасау керек;
Студент күнделікті сөйлескенде мамандық бойынша жаңа сөздерді үздіксіз қолданатын
болса, үйренген сөздерін ұмытпайды. Сондай-ақ белгілі бір уақыт аралықтарында қайталау
жұмыстарын жүргізу арқылы жаңа сөздердің үйренушінің сана-сезімінде қалыптасып
орнығуын жүзеге асыруға болады. Сол үшін әр сабақта алдыңғы сабақта меңгертілген
сөздерді еске түсіріп, қайталап отыру керек. Қайталау жұмысын жүргізген кезде, жаңа сөзді
меңгертуде қолданылатын ойындар ойнатылса, студентті жалықтырмайды. Негізінде, жаңа
сөзді меңгерткен кезде, оның практика жүзінде қолданылуына көп көңіл бөлу керек. Сонда
ғана негізгі мақсатымызға жетеміз.
Жаңа сөзді қызықты әрі сапалы түрде меңгерту үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді
қолданудың маңызы зор. Сондықтан жаңа сөзді меңгертуді жеңілдететін әдіс-тәсілдерді
зерттеп-зерделеп, ең пайдалыларын қолдану керек. Сондай-ақ берілген әдіс-тәсілдерді
оқытушы өзінің таңдауына, талғамына қарай өзгертіп алса да болады. Мысалы, суретті
қолдану арқылы «Бұл қай мамандық?» ойынын жүргізгенде оқытушы суретті қолдану
арқылы берілген тақырыптағы жаңа сөздерді түсіндіре алады. Мәселен, жаңа тақырыпты
«Мен таңдаған – мамандық» деп алайық: Оқытушы бұл тақырыпты түсіндірмей тұрып, осы
мамандықтарға қатысты суреттерді дайындап алады. Сабақта оларды студенттерге бір-
бірлеп көрсетіп, аттарын айтып, жеке-жеке түсіндіреді. Сондай-ақ «Сурет пен нөмірді
жұптастыру» ойынымен жоғарыда берілген тәсілдегі іс-әрекетті керісінше орындауға
болады.
Ал «Синонимдер» ойынында оқытушы алдымен барлық студенттерді тұрғызады да
алдын-ала таңдаған синонимдік қатардағы бір сөзді тақтаға жазады. Қатармен тақтадағы
сөздің синонимін сұрайды. Егер студент білсе, отырады. Студент білмеген жағдайда келесі
студент жауап бере алады. Берілген сөздің синонимі табылса, тақтаға келесі сөз жазылады.
Жарыс жалғаса береді. Отырғандардан біреуі дұрыс жауап берсе, түрегеліп, тұрғандардың
біреуін отырғыза алады немесе отырғандардың біреуін тұрғыза алады.
Бұл ойынды (оқытушының қалауына қарай) студенттерді топқа бөлу арқылы да
ойнатуға болады.
«Домино» ойынында оқытушы мәтіндегі жаңа мамандыққа қатысты сөздерді тақтаға
араластырып жазады. Студенттер тақтадағы сөздерді қағазға жазады. Оқытушы техника
саласына байланысты мәтінді оқыған кезде, студенттер оқылған сөздің үстін сызады.
(Кейінірек сөздерді мағыналарымен жұптастыратын қағаздарды таратуға болады).
"Домино" ойынын синоним мен антонимде де қолдануға болады. Тақтаға 20 сөз
жазылады. Студенттер олардың ішінен онын қағазға жазады. Оқытушы сөздерді оқыған
сайын, студент сөздің антонимі немесе синонимі болатын сөздің жанына (Х) белгісін қояды.
Сондай-ақ сөз тіркесі тақырыбында «Домино» ойынын былай қолдануға болады.
Студенттерге мәтіндегі (абзацтағы) сөйлемдерден 10 сөз тіркесін (қиыса, матаса т.б.
байланысқан сөз тіркесі деп те шектеуге болады) жазуды тапсырады. Содан соң оқытушы өзі
жазып алған сөз тіркестерін оқиды. Ең көп сәйкестігі бар студент жеңеді.
«Сөзмерген» ойыны қоржынында техникаға қатысты сөз жазылған қағаздар болады.
Бұл сөздердің арасына жаңа сөздерді де қосуға болады. Бұл ойын арқылы өткен
тақырыптағы сөздерді таптыруға болады (мысалы, машинажасау атаулары), мәтіндегі
сөздерді таптыруға болады, сөздің түсініктемесі беріліп, соған сәйкес сөзді таптыруға
болады, бос орынды толтыру мақсатында сөйлемдегі бос орынға қажетті сөзді толтыруға
болады, суреттің атауын таптыруға болады, аралас сөздерден сөйлем құрастыруға болады.
Меңгерілген жаңа техникалық сөздерді тексерудің маңызы зор. Тексеру барысында
ойындар қолдану студенттерді жалықтырмайды. Мысалы, оқытушы студенттерге үйреткен
сөздерінің суретін бір-бірлеп көрсетіп шығады да, олардың атын жазуды тапсырады.
Студенттер өздеріне таратылған қағазға техникалық атауларды жазады. Сондай-ақ тест
603
арқылы сынау оқытушыға әрбір студенттің бағдарламаға сәйкес білімдер мен біліктерді
меңгерудегі жетістіктерінің жеткілікті түрде толық бейнесін береді. Олар студент
білімдерінің қандай тақырып бойынша қанағаттанғысыз екенін айқындап, үйренушінің
әрқайсысына нақты қандай көмек қажет екенін анықтауға мүмкіндік ашады. Төмендегідей
тест түрлері тәжірибеде жиі қолданылып жүр:
Толықтыру тесті – сөйлемдегі жетпей тұрған сөздің, сөз тіркесінің, сандар мен
формулалардың орнындағы көп нүктені тиісті жауаппен алмастырады. Әр сұрақтың жауабы
ықшам, әрі бір мәнді болуы тиіс.
Еске түсіру тесті – сөз, формула, бейне түріндегі бір ғана жауапты керек етеді. Тест
жауабы берілмейді, оны оқушы еске түсіре отырып, өзі орындайды.
Таңдау тестінде сөйлемнің басы беріледі де, соңынан бірнеше үлгілерге жауап ретінде
ұсынылады, оның ішінде дұрысы да бұрысы да бар. Оқушылар дұрыс жауабын таңдауы
керек.
Балама тест (альтернативті жауабы бар тест) қандай бір ұғымды растайтын
сөйлемдерден құрастырылады. Ал жауабы «дұрыс», «дұрыс емес», «иә» немесе «жоқ»
түріндегі сөздермен немесе «+» немесе «–» белгілерімен беріледі.
Салыстыруға арналған тест (сәйкестік тесті). Мұнда бір бағанда тапсырма тек
сөйлеммен, ал екінші бағанда берілген сұрақтан 2–3 есе көп жауап беріледі. Жауапты
тапсырма ретімен жауап ретін қатар беру арқылы белгілейді (мысалы 1–3, 2–1).
Ретіне қарай тізбелеу тесті – құбылыстар, объектілер, шамалар, сипаттамалардан
тұрады. Оларды тәртіппен, яғни маңыздылық мөлшері бойынша реттеу керек. Берілген тізім
жауаптың құрылуына негіз болады.
Құрастырмалы тест (қосынды тест) әртүрлі типтегі тапсырмалардан тұрады. Оқушылар
берілгендердің ішінен оның жауабын таңдайды. Мұнда кестелер жиынтығы, формула,
график, сызба, схема, диаграмма, т.б. түрінде берілуі мүмкін (тапсырма әртүрлі тест
(толықтыру, таңдау, т.б.) түрінде беріледі).
Кәсіби бағыттағы тестерде сұрақпен қоса курс тақырыбымен немесе қандай да бір
мамандықпен байланысты мағлұматтар беріледі.
Сөзді меңгертуде жиі қолдануға болатын әрі пайдасы көп тәсілдердің бірі – жаңылтпаш
айтқызу. Мақсаты – студенттің сөзді үйренгенде және оны айтқанда қиналатын сөздерді
қызықтыра отырып үйрету. Оқытушы керекті сөзді анықтаған соң, сол сөз кездесетін
жаңылтпашты тауып, студенттерге жаттатады. Осылайша студент қиындық туғызатын
сөздерді дұрыс айтып үйренеді
Жалпы техникалық атауларды меңгертіп алғаннан кейін студенттердің сөздік қорын
байыту – кезек күттірмейтін мәселе.
Қазақ тілі сабағындағы сөздік қорды дамыту жұмыстары мынадай әдіс-тәсілдер арқылы
жүзеге асады. Ол – сұрақ- жауап, сөйлесу, әңгімелесу, әңгіме, түсінігін айтқызу, көрнекілік,
аударма, кітаппен жұмыс, мәтінмен жұмыс әдістері .Әр сабақ сайын тақырыпқа сай көрнекі
құралдар, түрлі суреттер , кестелер, видео касеталар, тақырыптар бойынша электронды
оқулықтар мен сабақты көркемдеп отырса, студенттердің сөздік қоры біршама толығады.
Заман өзгерген сайын әдіс-тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып отыр.
Тіл үйренуде ең басты міндет – студенттердің сөйлеу тілін жетілдіру. Мәселен,
түсіндіру әдісі жаңа сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді түсіндіруде қолданады. Сабақ сайын
үйретілетін жаңа сөздер бойынша, яғни сөздік жұмысында іске асады. Сондай-ақ қазақ тілі
грамматикасының кейбір ерекшеліктері (әліпби бойынша қазақ тіліне тән ерекше
дыбыстарды, дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке, ал дауыссыз дыбыстардың қатаң, ұяң,
үнді болып бөлінетіндігі, екпіннің соңғы буынға түсіп ,не істейді? сұрағына жауап беретін
сөздердің сөйлем соңында тұратындығы, жалғау, жұрнақтардың жуан, жіңішке, екі нұсқада
болатындығы кім? сұрағының тек адамға қойылатындығы, ма, ме, ба, бе, па, пе деген
қосымшалардың бірде жалғау болатындығы т.б түсіндіріледі.
Ал көрнекілік әдісі сабақ сайын жүргізіледі. Басқа тілді үйретуде ең нәтижелі және
жиі қолданылады. Сұрақ-жауап әдісі – студенттердің тілін дамыту үшін манызды әдістің
604
бірі. Қай топта болсын, сабақтың қай кезеніңде болсын қолдануға болады . Өте белгілі де
тиімді әдіс. Топ ерекшелігіне байланысты сұрақ дайындайды
Практикалық әдіске ойнау элементтері бойынша тіл үйрену кіреді. Дидактикалық
ойындар студенттердің білімін бекітіп, сөздік қорын молайтады, сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді
дұрыс құрастыруға, қажетті сөздерді дұрыс тауып қоюға, өз мамандығына қатысты мәтін
құрастыруға жаттығады.
Интерактивтік әдісті қолданудың да маңызы зор. Интерактивтік деген сөз
энциклопедияда көрсетілгендей, интеракция деген ұғымнан келіп шығады. Ал интеракция
жеке индивидтердің , топтың, жұптың, өзара біріккен әрекетке бір-біріне алма-кезек әсер
етуі. Бұл әдіс әсіресе , сұхбат құруда студенттердің белсенділігін арттырады . Бірігіп жұмыс
істеуге үйретеді. Олардың ізденуін, шығармашылықпен әрекет етуін қамтамасыз етеді.
Интеракция кезінде студенттердің істі ұйымдастыра білу қабілеттері де көрінеді.
Интерактивті әдіспен сабақ өткізіп кезінде оқытушы кеңесші , серіктес рөлін атқарады. Ал
топ белсенді түрде әрекет ете отырып, бірін- бірі қолдау , толықтыру арқылы сұхбат құруға
үйренеді. Екі студенттің сұхбатына үшіншісі де араласуына болады. Ол қарсы топтың
студенті болуы да мүмкін .
Бұл әдістің негізгі мақсаты – оқу процесінің барлық сатысында біріккен әрекетке
жағдай жасау. Әр студент жеке тапсырмамен жұмыс істей отырып, топ мүддесін ойлауға
үйренеді. Әрқайсысы өз міндетіне жауапкершілікпен қарай отырып, ортақ нәтижеге қол
жеткізуге ұмтылады.
Жаңа сөздерді меңгеру кезінде тренингтер жүргізуге де болады. Тренингтер (ағылш.
«to train» - оқыту, жаттықтыру) оған қатысушылардың өзара әрекеттесе отырып мәселенi әр
қырынан талқылауын қамтамасыз етеді. Бұл – тұлғааралық қарым-қатынасты дамытуға
ықпал ететін: өзiне-өзi баға беру, өзiне басқалардың көзiмен қарау, өзгенiң пiкiрiн тыңдау,
келiсе алмаса да түсiнуге тырысу, басқа да көзқарас-пiкiрлерге деген төзiмдiлiк және әр
адамның шығармашылық дағдылары тануға үйрететін мүмкіндік кеңістігі.
Тренинг жүргізуге қойылатын талаптар:
• студенттер бір-біріне жүзбе-жүз отыратындай етіп айналдыра орындықтар қоюға
мүмкіндігі бар кең дәрісхана (бұл жағдайда еркін пікір алмасуға, жаттығулар мен серігу
кезеңдерін жүргізуге ыңғайлы болады. Бір-біріне сенімділік артып, назарға іліккен
әрекеттерге қызығушылық танытады, ынталы болады);
• тренингке қатысушылар саны 20-25 адамнан аспауы керек (бұл сенім атмосферасын
туғызатын және барлық қатысушылардың назарын тұрақты аударуға мүмкіндік беретін
қатысушылар саны);
• тренингке қатысушыларды марапаттап отыру және барлығының оған қатысуын
қадағалау;
• оқытушы әрбір тапсырманың кесімді уақытта жүзеге асырылуын қадағалауы керек;
• тренингтің бастапқы сәті «танысу» тапсырмасына арналып және «келісім» (топтың
жұмыс ережесі) қабылданады;
• теориялық тапсырмалар мен интерактивті жаттығулардың, сергітудің арасында
сабақтастық болуы керек;
• кез-келген тренинг-сабақ басталар алдында мақсаты-міндеттері айтылады, ал
соңында қорытынды пікірлер жинақталады.
Тренинг түріндегі сабақты өткізген оқытушы:
өзара қарым-қатынас жасау мен хабарларды қабылдауға және ақпараттық
мәліметтермен алмасуға дайын болу жағдайын жасау;
ой қозғау арқылы тілдік қарым-қатынас еркіндігі мен белсенділігін арттыру;
координация – іс-қимылдағы өзара бағыттылық пен келісімділікті қамтамасыз ету;
мотивация –қажетті эмоциялар мен қызығу ынтасын тудыра білу, сол арқылы
өзгерістерді бақылауға жол ашу;
605
қарым-қатынас орнату – байланыстар жүйесіндегі әркімнің өз орнын айқындай
білуіне ықпал ету;
әсер етушілік –мінез-құлықтың және басқа да мүдде-тілектерінің өзгеруіне бағдар
беруге жетекшілік жасауы керек.
Студенттермен жаңа сөздерді меңгерту бойынша жүргізілген тренинг үлгілері:
“Мамандығым – мақтанышым” Қатысушылардың бір-бірін ұмытпастай есте
сақтауына көмектесетін және оның қызықты мәліметтерді ортаға алу мүмкіндігін ашатын
жұмыс. Әрбір қатысушы өз мамандығын айта отырып, соған қоса сол мамандықтың
ерекшелігін таныстыруы шарт (таңқалдыратын мәлімет айту, тосын сырымен бөлісу,
тартымды қимыл жасау, т.б.) Қалған қатысушылар оған осы бағытта көтеріңкі көңіл-күй
одағайларымен көтермелей қолдау көрсетулері қажет. Тапсырма бірлесіп орындауға өте
көңілді. Бұл тапсырманы белгілі тақырыпқа орайластырып, бірнеше сағат отырып шаршай
бастаған сәтте ұйымдастырса да сергіту сәтінің қызметін атқарады.
“Көтерме сөздер” Бұл жұмыс жұппен орындалады. Екі студенттің қалауынша (бір-
біріне қарама-қарсы) жұптасып тұруына болады. Бірінші қатысушы: “маған сенің
мамандығыңда ... ұнайды, ол аса таптырмайтын қасиет, өзіңе сондай жарасымды, т.с.” деп
екінші жұпқа өз пікірі мен көтерме сөзін арнайды. Екінші қатысушы оған “ иә, менің
мамандығым шындығында да сондай, бірақ сен менің кәсібімнің мынадай жақтары бар
екенін байқамадың ба?...” деп уәж айтады. Оған көтерме сөз айтушы міндетті түрде оң жауап
тауып, жақсылықты басым көрсетуге тырысуы керек. Бұдан соң қатысушылар рөлдермен
ауысады. Жүргізуші айтылған нәрсенің бәрі шын көңілден болуы керектігін ескертуі тиіс.
Жаңа сөзді меңгерту – тіл үйренудегі ең маңызды мәселелердің бірі, өйткені сөздік қор
тілдік қарым-қатынаста үлкен рөл атқарады. Сол себепті оқытушы жаңа сөздерді
меңгертудің әдіс-тәсілдеріне ерекше мән беру керек. Жоғарыда айтылған үлгілер,
тренингтер, сөздік қорларын тексерудің амал-тәсілдері – нәтижелі жұмыстың кілті. Ұлы
қытай ойшылы Конфуций: «Айтсаң, ұмытамын, көрсетсең, есте сақтаймын, ал егер өзіме
істетсең, онда мен үйренемін», – деген екен. Сондықтан бұл жұмыстар студенттерді әрекет
субъектісі ретінде қалыптастыруға ықпал ететіні сөзсіз.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңы
2. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. Алматы, 1998.
3. М.М.Жанпейісова. «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы
ретінде». Алматы, 2000.
4. Ж.У.Кобдикова «Үшөлшемді әдістемелік жүйе» нәтижеге бағытталған білім берудің
тиімді механизмі. Алматы, 2008.
5. Ю.Б.Зотов. Организация современного урока, Москва, Просвещение, 1984
6. Мерзімді ғылыми-әдістемелік басылымдар.
Резюме
В этой статье говорится о проблеме изучения новых слов относящихся к технике.
Summary
The tile is said about the problem studying new articles which are threaten to the technique.
ЭЛЕКТРОНДЫ ҚАТЫНАС ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ
ПСИХОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
606
Сағымбаева В.М.
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті,
Алматы қ., Қазақстан
www.venerk_a@mail.ru
Адамзат тарихында қатынас процесінің болмауы мүмкін емес. Қоғамның, мемлекеттік
бірігулердің болуынан бастап осы күнге дейін сөйлесім мен тілді пайдаланып келеді, бірақ
оның түрі қатынас процесінің бүгінгі күніне лайық өзгерген. Сондықтан адамзат
қатынасының тарихы туралы, дәлірек айтсақ, ауызша, жазбаша қатынас түрі деп санауға
болатын электронды қатынастың тарихи түрлері туралы сеніммен айтуға болады. Біз
интернет пен оның негізінде құрылған ақпараттық технологияларды (электрондық пошта,
чат, электрондық үкімет, онлайн режиміндегі форумдар, конференциялар және т.б.)
электрондық қатынастың түрлері ретінде қарастыруға болатынын дәлелдейміз.
Осы формалардың (ауызша, жазбаша, электрондық) кез келгенін қолдана отырып, адам
«осы және қазір» өмір сүретін әлемнің шегінен шығып, кез келген сәтті, шынайылықтың кез
келген нүктесін бейнелеу билігіне ие болады. Қатынас жасаудың осы түрлері арқылы уақыт
пердесін сәл ашуға, уақыт шекарасын жылжыту, қазіргі шақтан өткен кезеңге және
болашаққа қарай алу мүмкіндіктері туды.
Қатынас – адамның, адамдар топтарының немесе қауымдастықтың бір жерге жиналып,
қоғамның, ұлттың, мәдениаралық әрекеттердің, мемлекеттің және толық адамзат атаулының
дамуына аса қажетті мәселелерді шешу қабілеттерінің кезеңмен қалыптасуы. Осыған
байланысты ғалымдар қатынас арқылы өмір сүрудің бүкіл тарихи прогрессивті дамуын
бақылауға мүмкіндік беретін, қатынас және оның түрлерінің қалыптасу кезеңдерін
белгілейді.
Қатынас пен қарым-қатынас процесінің өзіндік спецификалық пәні бар. Ол – қазіргі
әлемде маңызы өте зор болып отырған ақпарат. Ақпарат – адамзат қызметінің барлық
салаларындағы жетекші құрал. Бұл – сатылатын және сатып алуға болатын жоғары
құндылық. Ақпарат – артық айтусыз билік, басқару құралы және т.б. Кез келген басшы,
оқытушы, менеджер ақпаратты тарата, ала, жөндей отырып, өмірлік және кәсіби
қызығушылығымен байланысты адамдарды тәрбиелейді, ұйымдастырады, басқарады,
үйретеді.
Адам үшін қатынас құндылығы өте маңызды, сондықтан ол қалай болса да өмір сүруге
тырысады. Сол үшін ол басқа станогын, жазу машинасын, телеграф, радио, телефон,
киноматограф, теледидар, бейне магнитафон, факс, ұялы телефон, пейджер және интернет
жасады. Бүкіл әлемде аудиоаппаратуралар мен компьютерлік техникаға деген сұраныстың
қарқынды
өсіп
келе
жатқанның
біз
тірі
куәгеріміз.
Яғни,
бұл
техникалық
жаңашылдықтардың енуі мен тиімді пайдалануына жағдай жасай отырып, қоғам мен
адамзаттың өміріне ақпараттандыру процесінің мықтылап кіруі деген сөз.
Техникалық өсудің шегіне қарай болашақта да электронды қатынастың әртүрлі
«ескерткіштері» жасалуы мүмкін.
Біздің заманның белгісі – техникалық құралдар арқылы қатынасты өзгеше жүзеге
асыруға мүмкіндік беретін, ақпараттық қоғам мен техникалық өсу жаңашылдықтарының
қарқынды дамуының қалыптасуы. Осыдан аты шығып тұр – техникалық құралдармен
белгіленген қатынас. Мұндай қатынасқа телефон, факс, чат, электронды оқулық,
электрондық басқару, электрондық дауыс беру, сайлау т.б. жатқызуға болады. Қатынастың
электронды түрінің алдыңғы қатынас түрлерінен мүлдем өзгеше деуге болмайды, өйткені
олардың негізгі сипатын алып, өзінің жаңартылған және жақсартылған, заман
сұраныстарына жауап беретін, ал ең негізгісі – қатынаста бүкіл дүниежүзі тұрғындарының
қажеттіліктерін қанағаттандыру қасиеттеріне ие. Екінші жағынан, кез келген адамға, адамдар
топтарына, қатынас процесіне физикалық және қаржылық шығынды аз жұмсау арқылы
жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, адамзат қызметінің жаңа жеке түрі. Әрі қарай, біз, адамзат
607
қызметінің бүгінгі күннің өзекті және зерттелмеген феномені – электронды қатынас туралы
айтамыз.
Сөйлесім пайда болғаннан бері, ол ауызша диалог формасында өмір сүріп келеді:
ақпарат алмасу процесі кем дегенде екі адамның әңгімелесуі. Адамзат әлеуметінің алғашқы
құрылу этапында, адамзат қызметінің барлық түрлерін жетелеп жүретін ауызша сөйлесім өте
қажет болды.
Қатынас жасаудың ауызша түрі – индивид немесе индивид топтарының арасында
ақпарат алмасуына мүмкіндік берумен қатар, қатынас процесі кезіндегі әрекеттердің толық
гармониясын құру үшін түскен ақпаратқа дәл уақытында және дұрыс қарауға мүмкіндік
беретін адамзаттың баға жетпес құндылығы. Ал, жазба түрі адамға ақпаратты жансыз
тасушы – құжатты айналымға енгізуге мүмкіндік берді. Бұл қатынас сипаты ұстанымды
өзгертті. Ол жеке қатынасқа байланысты емес болды, құжаттағы ақпарат мазмұнына
мүмкіндігі бар адамдар ортасы кеңейді, ақпаратты алыс қашықтықтарға мағынасын
өзгертпей жеткізу мүмкіндіктері туды, ақпаратты сақтау мен жинаудың шынайы негізі
табылды. Ол адамның міндетті қатысуынсыз-ақ уақыт ішінде саяхаттау қабілетіне ие болды.
Жазба – ақпаратпен алмасу процесіне қатысты толған оқиғалар, фактілер, ойлар
панорамасын кеңейтті. Оның белсенді қатысушысы кез келген сауатты адам бола алады.
Қатынас ұғымының күрделілігін ескере отырып, оның жүзеге асуы ауызша, жазбаша
немесе электронды формаларына тәуелді емес, әрбір элементтің нәтижесі шығатындай етіп,
оның құрылымын белгілеуіміз керек. Қызметтің анықтамалары сияқты, қатынас
құрылымына да әр жақтан келуге болады. Біз электронды қатынас құрылысын – қатынас
процесін толық сипаттайтын, коммуникативті, интерактивті және перцептивті үш өзара
байланысты жақтарын бөліп қарастыруды ұсынамыз.
Қатынастың коммуникативтік түрі немесе қарым-қатынастар мағынада адресат пен
адресант рөлінде берілген индивидтердің қатынасы кезінде ақпаратпен алмасудан тұрады
(мысалы, электрондық пошта немесе чат).
Қатынастың интерактивті қырлары қатынас жасап отырған индивидтер арасындағы
өзара әрекеттерді ұйымдастырудан тұрады, яғни, бұл жерде білім, идея алмасумен қатар
әрекет алмасу жүреді. Соңғысы электрондық қатынастың айқын сипаты болып табылады,
себебі техникалық құралдармен белгіленген қатынас жүйесіндегі «диалог» – электрондық
кітапхана, электрондық үкімет, чат, интернет ортасындағы жұмыс болса да үздіксіз әрекет
алмасу болып табылады.
Қатынастың перцептивті түрі – қатынас жасап отырған әріптестердің бір-бірін
қабылдау және тану, осының негізінде өзара түсінушілік құру процесі, т.б. Электрондық
қатынастың перцептивті сипатынан өзге психолингвистикалық ерекшелік туралы айтуға
мүмкіндік береді.
Психолингвистикалық, сондай-ақ әлеуметтік лингвистикалық ерекшеліктерді айту
мүмкіндіктері деп отырғанымыз, сөйлесімнің туу механизміне, қабылдау механизміне,
грамматикалық және лексикалық ерекшеліктеріне, көрсету мүмкіндіктеріне, адресат пен
адресант сипатына қарамастан адам қажеттілігінің қатынасты қанағаттануы болып
табылады.
Бұл өмірде, тек қана адамға тән ерекшелік, оны жануарлардан бөліп, олардан жоғары
көрсететін ерекшелік – қатынас. Адамда қалыптасқан адами ақылдылыққа тәннің
барлығының шығуы – қатынасқа тәуелді.
ХХІ ғасырдың келуімен адамзат өркениеті дамуының жаңа кезеңіне – жаңа ақпаратты-
телекоммуникация революциясының жетілуімен, ақпараттық технологиялардың тез
таралуымен сипатталатын ақпараттық қоғам кезеңіне кірді. Қоғамдағы өмір жайлы, барлығы
ақпаратты пайдаланумен құрылған. Аталмыш жағдайда жетекші болып – адресат пен
адресант арасындағы байланысты ұйымдастырудың өзіне тән ережелері мен заңдары бар
қатынастың электронды түрі болып табылады.
Адам қызметінің барлық салаларына компьютерлік технологияларды енгізуі –
коммуникативті қатынастардың сапалы күрделенгеніне әкеп соққанын әлі көпшілік
608
мойындаған жоқ. Коммуникативті қатынастардың даму бағыты мен тенденцияларын
анықтайтын негізгі фактор – компьютерлік техника құралдары, олардың мүмкіндіктері мен
қолдану ерекшеліктерінің күші болып табылады.
Қазіргі сәтте интернеттің шамадан тыс көлемді ақпараттарды сақтау және тарату
жүйесі қалып, көптеген адамдардың жаңа психологиялық ортасы мен өмірлік қызмет
саласына айналып бара жатқанына ешкім күмән келтірмейтіні анық. Нәтижесінде
компьютерлік
жүйемен
қолданушыларда
осы
кеңістікпен
байланысты
бірқатар
қызығушылықтар, мотивтер, идеялар, қажеттіліктер, ұстанымдар, психологиялық және
әлеуметтік белсенділік түрлері туып отырады.
Интернеттегі қарым-қатынасты бірқатар маңызды ерекшеліктер бөледі: 1) қатынас
жазбаша түрде ғана жүзеге асады, ол бұл кезегінде қатынастың жазбаша түрі
жақындатылады; 2) коммуниканттар арасындағы тікелей байланыс пен қатынасқа
қатысушылар туралы нақты ақпараттар жоқ болады.
Электрондық қарым-қатынас – хабарламаны машина оқығыш формаға айналдыратын
электронды-есептегіш техника мен қазіргі байланыс құралдарын пайдалануды анықтайды.
Бірақ коммуникант пен реципиент үшін бұл хабарламалар жазбаша, визуальді немесе
аудиальді хабарлама түрінде қызмет етеді. Бұл жағдайда хабарлама жазбасын құжат ретінде
рәсімдеп, яғни компьютер жадында өзгермейтін түрде немесе бөлек машинаоқығыш
жинақтауда сақтауға болады.
Электронды қатынас негіздерін білу бүкіл әлемдегі қолданушыларға көптеген жаңа
мүмкіндіктер ашып берді: электронды оқу құралы көмегімен өзінше білім алу мүмкіндігі,
электрондық кітапхана мен баспасөз, электрондық газет-журналдар арқылы кез келген өзекті
және қажетті ақпаратты алу мүмкіндігі, электрондық үкімет жүйесінің көмегі арқылы
үкіметпен келіссөз жүргізу және т.б.
Электронды жадыда ақпаратты өңдеуге арналған коммуникант – адамды электрондық
құжат, электрондық баспа немесе қолданбалы бағдарлама ретінде енгізгендері екені
бәрімізге түсінікті. Ауызша хабарлама немесе кітап мұқабасы түріндегі құжат та, дәстүрлі
жазбаша құжат ретінде компьютер арқылы коммуникант адамнан реципиент адамға ақпарат
береді. Компьютер – ақпаратты жазуға, сақтауға, іздеуге арналған техникалық құрылғы ғана.
Әрине, компьютерлендіру, құжаттарды жазу, құру, сақтау әдістерін, олардың материалдық
формасын, қолдану мүмкіндіктерін өзгертеді. Электронды қарым-қатынас жазбаша немесе
ауызшадан негізі ерекшеленеді деп айтуға бола ма? Құжатты сақтау кезінде ақпараттың
сақталу және таралу түрлері өзгереді; қағаз сақтағыштың орнына электронды сақтау
бағдарламасы пайдаланылады, бірақ жазбаша түрі де жоғалмайды; электронды құжаттар
керек уақытында оңай материалданады.
Коммуниканттар естумен бірге көретіндіктен, ауызша форма қалай қабылдайтынына
байланысты болса, жазбаша және электронды түрлердің ерекшелігі – адресант санасын
ойында бар, бірақ физикалық жоқ коммуникативті әріптестерге бағытталған болуында.
Виртуальді қатынас кезінде қарым-қатынас актінің қатысушы тұлғасын өзі жасайды,
яғни, жағдай былай болады: айтушы ақпарат алушының берілгендеріне сай оның бейнесін
жасап, өз сөздерін қалай қабылданатынын елестетуге тырысады. Бұл ауызша қатынаспен
туыстас, адресатты когнитивті жағдайын бейнелі елестету арқылы «айтушының,
тыңдаушының қазіргі білім жағдайын елестету». Яғни, нақты адресат жоқ, ол тек
жіберушінің
санасында
жіберіліп
отырған
ақпараттағы
тәжірибені,
психикалық
ерекшеліктерді, объективті жағдайларды ескере отырып, оған тән суреттер арқылы
«құрыла» алады. Басқаша айтсақ, чат, электрондық пошта, форум, конференцияларда
вербальді сипат пен өзінің білімінің жағдайына негізделіп бейне құрайтын және бейнелі
қолданушының реакциясын болжап көретін әріптес өз ойындағыдай қолданушы жасап
алады.
Біз тірідей сөйлескенде айтқанымыздың мағынасын толықтыратын вербальді
компоненттерден басқа қимыл, мимика, интонацияны кеңімен қолданамыз. Электронды
каналдар арқылы қатынас жасау, адам қатынасының ең негізгісі – эмоциямен алмасу
609
мүмкіндігінен айырады. Электронды және ауызша қатынастың жақындатар тағы бір
таңқаларлық ерекшелігі – айту жылдамдығымен салыстырғанда өте жоғары болып келетін
хабарламаның жылдамдық алуы.
Алынған хабарлама оқылып болған соң, оның мәтініне қайтадан қайтып келмейді. Егер
жіберуші, монитордағы хабарламасынан жіберілген қателерді көрсе, ол тағы бір түзетілген
хабарлама жібереді. Лингвистикада бұл түсінік метамәтін деп аталады, яғни өзге мәтінді
түсіндіруге бағытталған мәтін. Чат мәтіні диктафон жазбасының жазбаша фиксациясын еске
түсіреді. Чаттағы сөйлесім – ауызша сөйлесімнің осындай фиксациясы болып табылады,
оның жазбаша түрдегі көрінісі айтылғанды талдау және түзету мүмкіндіктері жазбашаның
кейбір белгілерін теориялық сақтағанымен ауызша сөйлесімге ұқсас.
Интернет – айтылымдық материалды рәсімдеу бойынша жазбаша қатынас кеңістігі.
Интернеттегі қатынас жазбаша әдеби және ауызша сөйлесім тілінің өзіндік қоспасы жазбаша
сөйлесім тілінде құралады. Мұндай қоспа нәтижесі әлі жеткілікті зерттелмеген, дегенмен,
бұл саладағы зерттеу бүкіл адамзаттың бағасыз жаңалығы болатыны анық. Әлеуметтік
байланыстың ауызша және жазбаша каналдарының негізін өз уақытында меңгергендік
адамдардың коммуникативтік қатынасының ғасырлар бойы дамуын анықтап берді.
Интернетке көңіл бөлетін көптеген зерттеушілер электронды қарым-қатынас туралы
жаңа сапа мен жаңа мағынаға ие болады. Кеңістіктің жаңа түрі – виртуальді, гиперкеңістік
т.б. ретінде айтуды жөн көреді. Бұл кеңістік қарым-қатынасты шынайы өмірде қиындататын
шарттардан тез босататын, қарым-қатынастық салмақсыздықпен ойлы сипатталады. Бұл
сипаттама – коммуникативті әріптестерді белгілі бір психологиялық, лингвистикалық,
әлеуметтік және басқа кедергілерден босататын аса маңызды психолингвистикалық
ерекшелік болып табылады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Засурский Я.Н. Информационное общество. Интернет и новые средства массовой
информации // Информационное общество. – Москва, 2001. № 2.
2. Курышжанова А. Современный казахский язык и компьютерная лингвистика //
Com&com.kz
3.
Радионов
А.,
Колосов
А.В.
Аудитория
Интернета в
Казахстане.
Computer Club. 2004. № 4.
5. Абдуллина 3.А. Актуальные проблемы государственного регулирования Интернета
в Казахстане // http: // www. molish.html
Достарыңызбен бөлісу: |