Министрлігі ғылым академиясы ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих және этнология инст



Pdf көрінісі
бет15/76
Дата26.01.2017
өлшемі21,27 Mb.
#2753
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   76

Қоныстар мен түрғын үйлер. 

Қазақстан  аумағынДа қола дәуірі  қоныст- 

арының көп екені мәлім, олардың алпысында археологиялық қазба жүмыс- 

тары жүргізілді.

Әдетте, қоныстар өзендердің жайпақ жағасында, кең жайылмада, мүйісте, 

кейде көл маңында орналасты; бірақ мүнда да олар ойпаң жерлерде, жылға- 

лардын,  немесе  дала  өзендерінің  құяр  жерінде  жайғасты,  ейткені  мұндай

109


жерлерде шөп көп, ал топырағы кетпенмен ұксатуға ыңғайлы болды. Қоны- 

стар  әдетте  6—10  үйден,  үлкендері  20  үйден  күралды;  олар  өзен  жағасына 

бір  немесе  екі катар  болып  орналасты.  Мүйістегі  үйлер  ортада ашық алаң 

қалдырып айнала салынды;  бұл алаң қоғамдык жиындар орны ретінде  не­

месе  мал қамау  үшін  пайдаланылды.  Тұрғын  үйлер  жартылай  жертөлелер 

мен  жер  бетіндегі  үйлер  болып  бөлінеді.  Жартылай  жертөлелердің  негізгі 

үш түрін атап өтуге болады, олар: тік бүрышты, сопақ және сегіздік тәрізді 

жертөлелер; бәрінің де дәліз сияқты шығар аузы болды. Қабырғаларды бой- 

лай тік бағандар орнатылды,  олардың арасына ортасынан  жарылған ағаш- 

тар  немесе  шарбак ұсталып,  балшыкпен  сыланатын,  сыртына  күл себіліп, 

шым каланатын болды.  Тұрғын үйлердің аумағы  100  шаршы метрден 300— 

400 шаршы метрге дейін жетіп отырды. Орталык және Батыс Қазакстан ау- 

дандарында ағаштын болмауы себепті мұнда тұрғын үйлер салғанда тас көп 

қолданылды. Қабырғалардың ішкі жағынан тас қаланды, тастан калап бөлме- 

бөлме  етіп  бөлінді  (Атасу,  Бұғылы-1,  2,  Акбауыр,  Тастыбұтак).  Ал  жер 

үстіндегі үйлердің кабырғалары боренелерден жасалған түрпайы кима үйлер 

болды. Ортаңғы кола дәуірінің соңғы кезеңінде тұргын үйлер аумағы шағын, 

шаршы етіліп, жер үстіне, каркас негізді, төбесі шаршылы пирамида сияқ- 

ты етіп салынды. Қабырғалар қазылып орнатылған бөренелерден емес, қата- 

рластыра койылған боренелерден жасалды, сондықтан оларды тігу де, жығу 

да оңай болды.

Үйлердің төбесі калай жабылғанын Аксу-Аюлы, Дәндібай, Ортау тұрпат- 

гы бейіт күрылыстарының кұрылымынан аңғаруға болады.  Олардын төбе- 

лері қиыстырылып шығарылды немесе тақталар бірінің үстіне бірі сатылана 

салынып,  сүйірлене  кемкерілді,  бірақ  төбесі  жайпақ  үйлердің  болуы  да 

мүмкін еді.

Солтүстік және Шығыс Кдзакстанда тіреме бағаңды күрылымдар түрғын 

үйлер мен қора-қопсылардың негізі болды. Олардың тобесі жайпақ немесе 

екі сайлы етіп жабылды.  Қүрылыста ағаш кеңінен колданылды.

Үй-коралардың  жайғасуы,  жер  ошактардың,  шаруашылык  ұралардын 

саны мен орны үйдің немесе оның жеке бөлігінің нақ неге арналуына бай­

ланысты болды. Арнайы бөлінген жерде металл корытылып, құралдар  жа­

салды. Кейбір үйлер коғамдық жүмыстарға, жиындарға және діни ғұрыпта- 

рды орындауға арналды.

Қоныстарға жакын жерде  рулық зираттар  орналасты.  Қабірлердін үсті 

айнала  жалпасынан  салынған  немесе  кырынан  қойылған  және  қазылып 

орнатылған такта тастардан тік бүрышталып, шаршыланып, дөңгелектеніп 

қоршалды, кевде обалар да етегінен тақта тастармен айнала көмкерілді, осын- 

дай тақта тастар  лақыт  шығарғанда да  колданылды.  Оның  ең  көп тараған 

түрі тақта тастардан тігінен қойып жасалған немесе жалпағынан салып, ішке 

қарай ұмсындыра әріп жапкан тас жәшіктер болды.

Үйдегі кәсіптер. 

Мал шаруашылығы  тамак  өнімдерін  ғана  емес,  соны­

мен қатар киім мен аяқкиім тігілетін шикізаттар да берді.

Қола дәуірінде тоқыма кәсібінің болғанын карапайым тоқыма станогінің 

ұршықбастарының, сүйектен, тастан, балшыктан жасалған шүйке орағыш- 

тардың,  сондай-ақ қарапайым тоқыма  станогінің  арқауын тартатын сүйек 

жуалдыздардың табылуы дәлелдейді30. Жүн киімдер қойдың биязы жүні мен 

ешкінің түбітінен токылды.

Қола дәуіріндегі тайпалар кендірден, кара курайдан, жабайы зығырдан

110


және  калақайдан  иірілген  өсімдік жіптерді  де  қолданды.  Бұлардан шаруа- 

шылықка қажетті аркан есілді, балық аулайтын ау токылды, киім тігілді.

Қабірлерден  табылған  аяқкиім  калдыктарына  карағанда,  олар  теріден 

тігілген, тақалары болмаған, тарамыс жіппен тігіліп, жіліншік тұсынан бау- 

мен тартылып байланған.  Теріні  ұқсату үшін  ірі  малдың жақ сүйектерінен 

жасалған лөкет пышақтар  және  коныстардан жиі  кездесетін тегістегіштер 

қо;щанылды.

Еркектер мен әйелдер басына жүннен тоқылған немесе теріден тігілген 

құлақшын киді. Сырткы киімдер де жүн матадан тігілді. Олар, сірә, кос өңірлі 

немесе  мойнында  ойығы  болып,  сол  жағынан  бір  түймемен  қаусырылған 

болса керек31.

Әйелдердің  киімі  көйлек,  құлақшын,  тері  аяқкиім  болды.  Әдетте  жүн 

матадан тігілген көйлектің етегі тізеден төменірек түсіп тұрған. Жеңі үзын 

болған.  Жеңнің қайырмасына катар-қатар  моншақ тағылды.  Белдемшенің 

алды  белдігінен  етегіне  дейін  бірнеше  катар  ақ  моншақтар  тізбегімен 

сәнделді.  Мата  кызыл  түстің  әр  түрлі  ренімен  — алкызыл,  күлгін-кызыл 

бояумен боялды32.

Қабірлерден табылған көптеген сәндік заттарға карап,  әйелдер кұлакт- 

арына алтын  қаптаған  үлкен  сырғалар  мен  бұрама самай сырға,  мойында- 

рына өңіржиек немесе моншак тізілген алқа таққан, колдарына білезік, жүзік 

салған деуге болады. Киімнің жағасына әйнек моншактар тіккен, кеуделеріне 

дөңгелек  қапсырма таққан.  Табан  із, дөңгелеқ.  ромб тәрізді,  кейде өрнек- 

телген  салпыншақтар  мен  белдік  күрсаушалар  кеңінен  тараған.  Еркектер 

де,  әйелдер  де  сәндік  зат  және  бойтүмар  есебінде  кабыршактарды,  жыр- 

тқыш  андар  мен  үй  жануарларының  азуларын  тағатын  болған.  Олардың 

кейбіреулері қызыл жосамен боялған.

Қоныстарды мекендеушілерде керамика ыдыстарын жасау ісі едәуір орын 

алды.  Оның  бәрі  шаруашылык пен  тұрмыста  пайдалануға  арналды.  Қола 

дәуіріндегі құмырашылар көбінесе әйелдер болды.

Ыдыс-аякка карап, олардың жасалу техншасы туралы сөз етуге болады. 

Балшык  өте  мұқият  тандап  алынып,  кейде  ол  бірнеше  шакырым  жерден 

әкелінген33,  содан  сон  үксатылатын,  атап  айтқанда:  мұздатылатын  (кыст- 

атылатын) немесе жаз бойы кептірілетін, одан кейін жібітіліп, иленетін бо­

лтан34.


Ыдыстар колмен жапсырылып жасалды.  Ыдыстардың көпшілігі  (кабы- 

рғалары тік немесе бүйірі сәл шығыңқы кұты тәрізді) таспалык техникамен 

жасалған. Құмыраларды калыпка салып қалыптастыру әдісі болды; мүндай 

қалыптар ретінде жүн матадан тігіліп, ішіне ылғал құм толтырылған дорба 

пайдаланылды. Дорба тисті формаға келтірілді, оны айнала балшық жапсы­

рылып, түбі бекітілді. Мұндай кесекке жүмыр тас тығылып, бүйірі шығары- 

латын болды. Сөйтіп, ыдыстардың бүйірі де, түбі де дөңгелек, мойыны әде- 

тте тік жасалды. Ыдыстардын көбі су акпайтын болу үшін күйдіруден бүрын, 

қызған  сүйек  тегістеуішпен  немесе  қыздырылған  кішкене  таспен  тегісте- 

ген. Ыдыс жылтыратылғаннан кейін тегіс, тығыз болды, ал күйдірілген соң 

сұйық затгы жақсы сактайтын  қасиет алды35.  Ыдыстар,  әдетте, өрнектедді. 

Өрнек  күйдіруден  бұрын  шикі  немесе  тобарсыған  балшыктың  бетіне, ал- 

дын ала сызылған жобамен емес, көзбен мөлшерленіп салынды.

Ыдыс ашық ауада, келеңкеде немесе желкуарлы үйде кептірідді. Кейде 

қабырғаларының  жүқалау  жерлері  (колмен  жапсырғанда  ондай  болмай

111


қоймайды) қабырғалардың калындау жерлері кепкенше ылғалды сақтау үшін 

уақытша сулы шүберекпен немесе шөппен жабылды36. Ыдыстар, сірә, ашық 

отта күйдірілген болса керек.  Кептіру мен күйдіру кезінде ыдыстар шыты- 

нап кетпеуі үшін балшық майсыздандырылды, ол үшін үгітілген кварц, қабы- 

ршак, кұм, кейде күйдірілген балшық қосылды.

Ыдыстардыңтұрпатын, жасалу техникасын және өрнегін салыстыра зерт­

теу қола дәуіріндегі мәдениеттің әрбір кезеңіне олардың белгілі бір түрі тән 

екенін анықтауға мүмкіндік берді.

Алдыңғы қола дәуірінде бүйірі тік немесе  біраз шығыңқы, мойны ішке 

қайрылған, түбі жайпақ ыдыстар басым болды. Тісті немесе тегіс қалыппен 

түсірілген шырша өрнектері, шаршы, үш бұрышты, сопақша орнектер, қис- 

айта батырылған түтікшемен түсірілген «орак тәрізді», тырнақпен түсірілген 

өрнектер  көп тарады.  Басқа өрнектермен  қатар  «меруерттер»  — дөңгелек, 

томпак ернектер кездеседі.  Ыдыстардың бүйірі мен түбі түгел өрнектеледі. 

Өрнек тік,  көлденең,  ирек  сызықтардың,  тік  ирекшелердің,  сызыкшалар- 

мен толтырылған үш бұрыштардың қиюласуынан тұрады.

Ортаңғы кола дәуіріне тән қүмыралардың түбі жайпақ келеді, иіні дөңге- 

летіліп немесе иініне мойны мен бүйірін бөліп тұратындай ойықжасалады. 

Өрнек тегіс немесе ұсақ тісті қалыппен түсіріледі. Бұл дәуірдегі ең көп кез- 

десетін геометриялық өрнек — үш бұрыш, меандр, сынык, ирек сызық және 

осылардың  әр  түрлі  қиюласуы.  Тұркы  дөңгелетіле  жасалған  ыдыстардың 

кебінесе ернеуі, мойны,  үстіңгі жағы өрнектеледі,  ал  иіні  ойық ыдыстарда 

сурет үш жерге — мойнына, ортасынан жоғарырақ бөлігіне, түбіне жақын- 

дау жерге салынады. Кейде ыдыстың түбі ернектеледі.

Соңғы  қола дәуірін  иіні дөңгелек,  бүйірі  азды-кепті  шығыңкы  кұмыр- 

алар сипаттайды.  Олардың ернеуіне қиғаш және айқыш-ұйқыш кертпелері 

бар балшық таспа жапсырылады.  Кейде  иініне  өрнектің басқа түрлерімен 

катар ирек сызық, кисық ойык, шырша, «меруерт» түрінде сурет салынады. 

Үстіңгі жағы сопақша ойықтармен өрнектелген немесе ешбір өрнексіз ыдыс- 

тап сирек болса да кездесіп қалады.

Қола дәуіріндегі ежелгі тайпалардың көркемдік талғамы мен мәдениеті 

туралы сәндік заттар мен енер бұйымдарына карап қорытынды жасауға бо­

лады. Ілуде бір болса да, «аң» стилінде жасалған заттар кездеседі.  Олардын 

арасында  Шағалалы  мен  Явленко-1  коныстарынан  табылғандарында  жы- 

лқының жак сүйегінен кесіліп жасалған жануарлар басының бейнелері бар. 

Шебер сүйектіңтабиғитүрін пайдаланған; ол сүйекті ойып, көз, кұлакшығ- 

арған; жақтың шетін кесіп тастап, тегістеп жылтыратқан. Әсем жануардын 

басын көрнекті етіп корсету үшін осының озі де жеткілікті болып шыққан.

Нұра өзенінің жағасынан табылған тас келсап барынша назар аударады, 

онда  еркек адам  басының  мүсіндік  бейнесі  бар.  Беті  сопак,  сәл  дөңестеу 

мұрны  өте  ұзын,  танауы  кең.  Маңдайы  тар  және  қабақ  сүйегі  калың, 

шығыңқы болғандықтан, тым тәмендеу кәрінеді. Мүсіннің стильдік сурет- 

теуі тым өзгеше. Қасы, козі, шықшыты самайдан тараған жатық, шығынкы 

кырлармен бейнеленген. Ерні жұқа, ұзын, құлағы ірі, кішкене мұрты да болса 

керек,  сақалы  бетін,  шығыңқы  сүйір  иегін  жауып тұратын  етіп салынған. 

Мүсіннің  сырт жағында,  шамасы көздің деңгейінде  болар,  астымен  катар 

шығыңқы қыр бар, ол мүсіннің бүкіл желке жағын орап тұр. Қырдың орта­

сынан төмен қарай жіңішке кескішпен тігінен қысқа сызық тартылған.

Қола дәуіріндегі тайпалар жауынгерлік қару жасай білді; ол қару үнемі

112


Қола дәуірініңалдыңғы кезеңіндегі Орталык Қазакстаннын  керамикалық ыдыстары.

113


жетілдіріліп отырды.  Қару-жарактын көп жасалуы шаруашылықтың жаңа 

түріне — көшпелі  мал  шаруашылығына  көше  бастауға  байланысты  ежелгі 

қоғамның  өмірінде  соғыстардың  релі  күшейгенін  көрсетеді.  Қару-жарақ 

жапырақ сияқгы,  жебеге кигізілетін ұнғыма жасалған қола ұшы бар жебе- 

лер  болды.  Қолма-қол  шайкаста  қола  үшы  бар  найзалар,  күрзілер,  дүмі 

шығыңқы балталар, шоттар колданылды. Кейбір жауынгерлер кола канжар 

асынды; канжар  жетесінің сүйек  немесе  ағаш сапқа кигізетін  үшы болды. 

Қола дәуірінің сонғы кезеңінде калпакша түрінде жасалған немесе айқыш- 

ұйқыш тұтқа-тиегі бар, тұтас қола канжарлар да пайда болды.

Қоғамдық қатынастар. Қазакстанда кола дәуіріндегі тайпалардың негізгі 

кәсібі бакташылык,  мал шаруашылығы мен кетпенді  егіншілік  болды.Мал 

шаруашылығының дамуы  қоғамның  азық-түлікпен  және  тұтыну  заттары- 

мен  кебірек  қамтамасыз  етілуіне,  артық  азық-түліктердің пайда  болуына, 

айырбастың одан әрі есіп, ұлғаюына, түптеп келгенде, байлықтың қорлана 

бастауына жеткізді.

Мал  шаруашылығының  жедел  дамуы  ең  бірінші  ірі  қоғамдык  еңбек 

болінісінің,  халықтың  басқа  бұқарасынан  бақташы  тайпалардың  болініп 

шығуының негізі болды.  Қола дәуірінде егіншіліктің дамуында да озгеріс- 

тер  болып  отті.  Жер  бұрынғыша  кетпенмен  өнделсе де,  онделетін  жердін 

аумағы едәуір үлғайды. ІПаруашылыкгыңтүрпатындағы өзгерістер коғамдык 

үйымдағы өзгерістерге сөзсіз  жеткізуге тиіс  еді.  Әлеуметтік және әскери- 

саяси қүрылымдарда рулық-тайпалық болімшелер пайда болады.

Еркек-көсем, еркек-жауынгер, қоғамда, материалдык игіліктерді өндіру- 

де  үстем дәреже  алды;  ол рулық қауымның  басшысы  бодцы,  туыстык әке 

жағынан  есептеле бастады.  Бүл дәуірде патриархаттык катынастардың бо- 

лғанын растайтын археологиялык дәлелдердің бірі — андроновтык ескерткі- 

штердегі  кос  табыттар;  онда  күйеуінің  моласына  кейін  әйелін  жерлейтін 

болған. Қола дәу іріндегі жерлеу ғүрпына тән нәрсе — өліктің сол жақ неме­

се оң жақ бүйірімен бүктетіліп, басын батысқа қаратып жаткызылуы.

Патриархаттык әулетгік кауым өзінің дамуында бірнеше  кезеннен отті. 

Алғашқы түрінде  ол  өзінің  алдындағы  матриархатгық әулеттің  кәп белгі- 

лерін: өндіріс құрал-жабдыктары және тұрмыстық мәселелерді шешуде қоға- 

мның барлық ересек мүшелерінің теңдігін, кауым басшысының беделіне өз 

еркімен  бағынуды мұра  етіп алған  еді.  Мұндай кауымнын  негізі,  бүрынғы 

сиякты, жұп отбасы болды, мүның өзі ерлі-зайыптылар байланысынын берік 

болмауымен және ортақ балаларды иемденуге еркектер мен әйелдер кұкыкт- 

арының тендігімен сипатталады.

Ерте кездегі патриархаттық әулеттік қауымдар әке жағынан туыс адам- 

дардың төрт-бес ұрпағынан қүралды және аумағы 200 шаршы метрдей не­

месе  одан да  кең үлкен  үйлерде  бірге  тұрды.  Әрбір  патриархаттық-рулық 

қоныс осындай бірнеше үйлерден кұралды.

Әлеуметтік қауым отбасылық-өндірістік ұжым болды, ал ұжымдық еңбек 

тұсында  ендіріс  құрал-жабдықтары  мен  ондіріс  өнімдеріне  ортақ  меншік 

болған еді. Кейін келе, әсіресе соңғы кола дәуірінде, кейбір күшейген пат­

риархаттык әулеттік қауымдар барған сайын оқшаулануға тырысты; мүның 

өзі  келе-келе  алғашқы  қауымдық  қүрылыстың  ыдырауына,  отбасылық 

меншіктің шығуына әкеліп соқты.

Солтүстік Қазақстандағы қоныстарды қоршай жасалған дуалдар мен 

орлар түріндегі қорғаныс бекіністері қола дәуірінің ортаңғы кезеңінде,

114


тайпалар арасындағы кақтығыстар күшейген дәуірде пайда болған. Сон~ 

дай-ақ қоныстар мен қорымдардан табылған жебелердің кола және сүйек 

үштары да тайпалардың арасындағы кақтығыстарды көрсетеді. Жебе ұшы 

бір  жолы  (Шығыс  Қазақстан)  тізенің  ұршығына,  тағы  бір  жолы  (Орта- 

лық Қазақстан) адам қаңкасының жамбас сүйегіне қадалып тұрған жері- 

нен табылды.

Қола дәуірінің соңғы кезеңінде рудың ыдырауы  және одан  жеке  от- 

басы  шаруашылықтардың  бөлініп  шығуы  нәтижесінде  үйлер  өзгереді. 

Олар  бітеу  кабырғалармен  дербес  отбасыларына  арналған  белімдерге 

бөлінген. Мәселен, Батыс Қазақстандағы Алексеевка қонысында жерте- 

лелердің бірі бір-біріне үқсас  екі болімге бөлінген;  екеуінің де от жаға- 

тын,  тамак  пісіретін  бөлек  жер  ошақтары,  жер  ошақ  жанында  койма- 

ұралары  бар37.  Нақ  сол  жерден  кәсемнің  белгісі  жақсы  тегістелген  тас 

күрзі табылды.

Рулық қүрылыстың ыдырағанын және  мүлік теңсіздігінің пайда болға- 

нын корымдардың материалдары да көрсетеді.  Казакстаннын кола дәуірін- 

дегі корымдардың бәрінде қауымның қатардағы мүшелерінің жүпыны кабі- 

рлерімен  қатар  бай  қабірлер де  кездеседі.  Кедейлердің  қабірлері  кабірдің 

қарапайым жасалынуымен және жерлеу заттарынын жүпыны лығымен ерек- 

шеленеді.  Байлардың қабірлерінен  алтын  және  кола заттар,  шебер  орнек- 

телген қыш ыдыстар табылды. Мүндай молалардағы тас жәшіктердің такта- 

лары  ш еберлікпен  жасалған,  бір-бірімен  жаксы  қиюластырылған, 

жәшіктердің көлемі де үлкен.  Әулет басшыларынын,  ру мен тайпа кесем- 

дерінің қабірлері үстіне биік етіп топырак оба үйілген немесе үлкен-үлкен 

гранит такталардан қоршау жасалған.

Мал санының осуімен қатар азык-түлік онімдері мен шикізат -  сүт, ет, 

тері, жүн, ешкі түбіті көбейді. Бірсыпыра артық азык-түлік болды, олардан 

қор жасауға және айырбастауға жағдай туды. Қола дәуірінін алдыңғы саты- 

ларында  заттай  айырбас  бір  тайпаға  жататын  кауымдардын  арасында 

жүргізілді және кездейсок сипатта болды.

Айырбас  соңғы  қола  дәуірі  кезеңінде  кең  epic  алды.  Копте ген  мыс, 

қалайы кұймалары кен орындары бар жерлерден бұлар жок жерлерге апа- 

рылды.  Трушниково  селосы жанындағы  қоныста меруертті  кабыршақтың 

табылуы кершілерімен ғана емес, алыстағы тайпалармен де айырбас  жаса- 

лғанын  керсетеді.  Айырбастын,  әсіресе  жеке  тайпалар  арасындағы  айыр- 

бастың дамып,  ұлғаюына  жылкыны  мініске  үйретудің,  оны  көлік  ретінде 

пайдаланудың едәуір маңызы болды.

Діни  нанымдар  мен  табынушылықтар. 

Қола  дәуіріндегі  тайпалардьщ 

тұрмысы мен әл-аукаты түгелдей табиғатка тәуелді болды, сондыктан адам 

табиғат  күшін  құдірет деп  білді.  Бұл  ең  алдымен  күн,  от,  жануарлар  мен 

өсімдіктер дүниесі болды. Күн мен от жылылық береді -  мұнын бәрі қайы- 

рымды, құдіретті рухтармен байланыстырылды. Күн тәңірісінің белгілерін 

сәндік заттардан — бір ортадан жан-жаккатарайтын шүғылатүріндегі ернегі 

бар қаптырмалардан, кыш ьщыстардағы меандрлардан керуге болады.

Қола дәуіріндегі тайпалар отқа табынған; мүны сол дәуірде кең тараған 

өлікті өртеу ғұрпы керсетеді.  Қола дәуірінің түрлі  кезендеріндегі қабірле- 

рде өртенген сүйектердін қалдықтары кездесті. Ежелгі адамдардың ұғымы- 

нша, от денені жамандықтардан тазартады  және елген  адамды  зұлым рух- 

тардан қорғады.

115


Кейде  өлік  қойылған  кабірлерде  күл  мен  көмірдің  калдыктары  кез- 

деседі,  мұны  да  отқа  табынушылыкпен  байланысгыруға  болады.  Қола 

дәуірінде  өлікке  кызыл  жоса  себілетін  немесе  молаға  бір  түйір  қызыл 

жоса  салынатын  жерлеу  ғұрпы  кеңінен  колданылды.  Ежелгі  адамдар- 

ды ң  санасында  қызыл  гүс  отты  білдірді  ж әне  күнмен  катар  оттың 

құдіретті  күші,  зүлым  рухтардан  қорғайтын  қасиеті  бар деп  есептеледі. 

Сонымен  бірге қызыл бояу қанның белгісі  болды;  қан да киелі  күш деп 

есептелді38.

Қола дәуірінің соңғы  кезеңінде шаруашылықтың жаңа түрі  — көшпелі 

мал шаруашылығының дамуына байланысты күнге табынумен бірге ай мен 

жұлдыздарға табыну пайда болды, өйткені көшпелілер түнде көшкенде со- 

ларға қарап бағыт ұстайтын болды.

Қола дәуірінің тайпаларында ата-бабаларына сиыну жэне о дүниеге сену 

кеңінен тарады. Олар бабалар аруағының желеп-жебеуіне жетуге тырысты, 

ол көмектеседі,  қамқор  болып корғайды деп сенетін,  сонымен  бірге олар- 

дан қорқатын да еді39.  Сондықтан қола дәуірінің тайпалары олген адамды о 

дүниеде  кажет  болады  деп  тамақпен,  киіммен,  еңбек  кұралдарымен,  қар- 

умен, сәндік заттармен мүмкіндігінше жақсылап жабдыктауғатырысты. Оған 

үйге ұқсас бейіт салды, біраз уақыт өткен соң оған косымша тамақ әкеліп, 

жәшіктің жанына, қоршау тақталардың түбіне немесе обаның топырағына 

көмді; мүның өзі, сірә, бұл кезде бата кылу ғүрпының пайда болғанын көрсе- 

тетін болу керек.

Сол кезде өтуге болмайтын әр түрлі шарбақтар, қоршаулар пайда болды. 

Егінші-малшылар оларды әуелі мал қамау үшін, егінді жабайы және үй жа- 

нуарларынан  корғау  үшін  салды,  ал  кейін  өлген  адамның  шығып  кетпеуі 

үшін моланы да айнала қоршайтын болды.

Қола дәуірінде қүрбан шалу ғұрпы пайда болды. Қоныстардың қасы- 

нда  кұрбан  шалатын  арнайы  орындар  болды.  Олар  таспен  қоршалған 

дөңгелек  алаң немесе  топырақ үйілген  төбешік  еді.  Ғұрып  орындаоын 

казғанда  күйген  д -н н ің   қалдықтары,  астық  түйгіштер,  хайуанда;-цың 

сүйектері,  күлдің  орны,  ыдыс-аяктың,  келсаптардың  сынықтары  шық- 

ты.  Құрбан шалатын екі  орынды  зерттегенде  руда ұсақтайтын тас  кұра- 

лдар да табылды.

Қола дәуірінде күнге, огка, айға, жұлдыздарға, сондай-ақ корғаушы рух- 

тарға арнап қүрбан  шалынды.  Петровка-2 қонысында қорғаныс  орларына 

салынған өткелдің қасында оттың, мал қанкалары мен бас сүйектерінің қа- 

лдықтары бар шүңқыр табылды, ал ордың арнаулы тарамында құрбан шала­

тын  орын  сақталған,  одан  үш  ыдыс,  сиырдың  жақ  суйектері,  қойдың  бас 

сүйектері мен сирақ сүйектері шыкты.

Қола дәуірінің  әр түрлі  кезеңдеріндегі  қабірлерде  жыртқыш  аңның 

(қасқырдың,  түлкінің)  және  үй хайуанының  (иттің,  жылқының) тістері 

кездесті;  олар тек сәндік  заттар  ғана  болып  қоймаған,  сірә,  олар  киелі 

деп  есептелген,  адамды  зұлым  рухтардан  қорғайтын  және  өз  күшінің 

біразын  адамға  беретін  амулет,  «бойтүмарлар»  деп  саналған  болса  ке­

рек.

Қола дәуірінің алдыңғы кезеңінде адам өзін рулық қауымның бөлінбес 



белігі деп сезінген және рудан тыс өмір сүремін деп ойламаған. Соңғы қола 

дәуірінде,  яғни  алғашқы  қауымдық  қүрылыс  ыдыраған  дәуірде,  мүлік 

теңсіздігі пайда болған кезде көп тайпаларда тайпа, ру көсемдерінің немесе

116


бай отбасыларынын, иемденген малы мен еңбек құралдарына тиюге тыйым 

салу, оларды «киелі» деп білу әдеті шықты.

Адамның  ой  өрісінің  дамуы  оның  өзі  туралы  және  табиғат  туралы 

үғымының  күрделенуіне,  діни дүниетанымының  пайда  болуына  әкеліп 

соқты.

3.  ОРТАЛЫ ҚҚАЗАҚСТАННЫ Ң ТАЙПАЛАРЫ

Шүйгін жайылымдар  мен рудалы кен  орындарының көптігі  арқасында 

Орталық  Қазақстан  ежелгі  замандағы  мал  шаруашылығы,  кен  кәсібі  мен 

металлургия дамыған ірі аймакқа, андронов мәдениетінің негізгі орталық- 

тарының біріне айналды. Мал шаруашылығы мен металлургия және бұлар- 

мен  бірге  бакдіа  егіншілігі  аркасында  Орталык  Қазакстанды  мекендеуші 

ежелгі  адамдардың  материалдық және  рухани мәдениеті  жоғары деңгейде 

болды.


Қазақтың ұсак шоқылығының байтақ жерін мекендеген тайпалар тұрғын 

үйлер  мен қора-копсылардың қалдыктары  бар қоныстар,  бейіт  құрылыст- 

ары мен көне рудниктер, жартастағы суреттер мен құрбан  шалу орындары 

сиякты коптеген ескерткіштер қалдырды.

Қола дәуіріндегі ескерткіштердің тараған батыс шегі Жезқазған -  Үлы- 

тау — Арғанаты — Терісақкан озеңінін жоғарғы бойлығы аркылы етеді. Же- 

зқазғанда  бүл  мәдениет  коптеген  кен  орындарымен  корінеді,  олардың 

ішіндегі ең ірілері Кресто, Петро, Златоуст, Милықұдык болды. Солтүстігінде 

бұл шекара Есіл мен Тобыл озендерінің аңғарына дейін, шығысында Ертістің 

сол жагасы мен Шыңғыс жотасына дейін барады, ал оңтүстікте бұл мәдени- 

еттің ошақтары Бетпакдала шөлінің солтүстік шетінен Жетікоңыр өнірінен, 

Тайатқан, Шұнак тауларынан, Батпақсу мен Шажагай озендерінің алқапта- 

рынан мәлім.

Бұл  кең-байтақ  аумакты қола дәуіріндегі тайпалар  әр  келкі  мекендеді. 

Ол кездегі  неғұрлым  игерілген  өңірлер  Нұра, Шерубай-Нұра,  Атасу және 

Тадцы-Нұра озендері мен олардын көптеген салаларының ангарлары, Бүғы- 

лы, Бегазы, Қызыларай, Кент, Қарқаралы, Баянауыл, Кокшетау жоталары- 

ның аралығындағы жазықтар және баскалары болды.

Орталық Қазақстандағы андроновтыққорымдардың көпшілігі осы мәде- 

ниетгің басқа аудандардағы ескерткіштермен салыстырғанда кұрылымының 

күрделілігімен, көрнектілігімен, бейіт қүрылыстарын салудың жоғары тех- 

никасымен  көзге  түседі.  Ертедегі  шеберлер  мөлшері  жағынан  орасан  зор 

тас қоршаулар мен лакыггар салды. Тұрғындар діни кұрылыстарды салуда 

да кұрылыс ісінен тәжірибе жинақтап, дәстүрге ие болды.

Қазіргі уақытта Орталык Қазакстанда кола дәурінің 50-ге жуык қонысы 

мен  150 ірі қорымы табылды. Қазба ісі 40 қорым мен  10 коныста жүргізілді.

Орталық Казақстандағы андронов мәдениеті тайпалары оз дамуында 

бірінен  соң бірі келетін екі кезеңнен  отті:  оның алдыңғысы  -   Нүра ке- 

зеңі,  ортаңғысы -   Атасу  кезеңі (Нұра,  Атасу езендеріне  карай  алынған 

шартты  атаулар).  Соңғы  кола дәуірінде  (б.  з.  б.  X—VIII  ғасырлар)  олар 

андронов  мәдениетімен  салыстырғанда  анағүрлым  жоғары,  көрнекті 

Дәндібай-Бегазы  мәдениетін  күрды  (Қарағанды  каласы  маңындағы 

Дәндібай  аулында  және  солтүстік  Балқаш  өңіріндегі  Бегазы  койнауы-

117



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет