133
мен бұйымдар, киімінің өзі де, күлмен, күйген сүйектермен бірге молаға
койылатын болса керек. Олармен қатар сүттен немесе өсімдіктен, кейде ет-
тен жасалған тамағы бар бір-екі ыдыс койылған.
Аймактык ерекшеліктеріне қарамастан, Батыс және Солтүстік Казак-
стан тайпаларының материалдык мәдениетінде бүкіл Казакстанның және
көршілес елдердің дамыған қола дәуіріндегі тайпаларының мәдениетімен
ортак, тектес нәрсе көп.
Соңғы қола мәдениеті. Солтүстік және Батыс Қазакстанньщ соңғы қола
дәуіріндегі тайпаларының мәдениетінде екі кезең болды. Бірінші кезенде,
б. з. б. I мыңжылдықтың басында, батыстағы тайпалар Еділ бойынын, со-
лтүстіктегі тайпалар — Жайық өңірінің сонғы кима мәдениетінің ыкпалына
түсті. Тальк қолданылған және геометриялық фигуралармен киюласатын
ойық ернегі бар, Жайық өңіріне тән ьщыс Есіл бойындағы Явленко-1, Ка
рьерное, Бескол-5 қоныстарында және басқа бірқатар коныстарда пайда
болады. Бұл ыкпал тұрғын үйлердің озінше бір үлгісінен және еңбек күра-
лдарының кейбір түрлерінен көрінеді. Алайда Есіл бойының мәдениетіне
едәуір ыкпал жасай отырып, Ж айык өңірінің тайпалары бірте-бірте
жергілікті түрғындардың арасына сіңіп кетгі.
Соңғы қолатайпаларының дамуындағы екінші кезең мәдениеттердің күрт
ауысуымен байланысты. Бір кезде өркендеген андроновтык-кима кауымнын
бүкіл аумағына — Еділ бойының, Жайық өңірінің, Қазақстанның және Ба
тыс Сібірдің онтүстік өңірінің ұлан-байтақ жазығына «білемді керамика»
мәдениетінің тайпалары қоныстанады. Олар езендердің жайылма алаңкай-
ларындағы кола дәуірі үшін дәстүрлі жерлерді мекендейді, олардын коныс-
жайлары б. з. б. VIII—VII ғасырларға дейін мекен болады. Тобылдағы62 және
Есілдің Қызылжар өніріндегі63 қоныстардың жоғарғы қабаттары солардан
қалған. Шағалалы өзенінің бойында осындай ескерткіштердің үлкен тобы
аныкталды64. Сірә, Обалы қонысы да сол уақытка қатысты болса керек65.
Степняк каласы жанында зерттелген руда қазушылардың коныс-жайларын-
дағы негізгі қабаттар да соңғы коламен байланысты66
Батыс және Солтүстік Қазакстанның әр түрлі қоныстарында сол уакытка
жататын барлығы 60-тан аса тұрғын үй зерттелді. Олар жартылай жертоле-
лер және жер үстіндегі кұрылыстар болып болінеді. Жартылай жертолелер
қоныстардағы негізгі тұрғын үйлер болып табылады. Олардың ішінде түрі
жағынан тікбүрышты, сопакша, сегіздік тәрізді жертолелерді бөліп корсе-
туге болады.
Жартылай жертөле түріндегі тікбүрышты тұрғын үйлер көбірек тараған.
Олар аумағы үлкен, орларының терендігі 0,8-1,5 метр, қабырғалары тік бо-
луымен ерекшеленеді. Үйдің едені біршама тегіс, бірақ әдетге үйдін бір
жартысы екінші жартысынантереңірек. Сірә, мұнда мал ұсталса керек; мұны
жер ошақтардың орналасуы да дәлелдейді, олар құрылыстың едені неғұ-
рлым биігірек жартысында жинақталыпты. Жер ошақтардың қасында тас
тоселген сопақша аландар мен еденде қазылған жыралар кездеседі; олар
үйдің үзына бойына қарай қазылған және кейде жер ошақ шұңқырларымен
жалғасып жатады. Әдетте еденде тіреуіштердің шұңқьірлары көп, бір үйде
200-ден 600-ге дейін жетеді. Тіреуіштер кабырғалардың қаңқалары болған;
үйдің төбесі солармен тірелген; нарлар, теселген тақтайлар осы тіреуіштер-
ге бекітілген, жертәленің іші де осы тіреулердің аралары арқылы қосылып
бөлінген.
134
Сопақша жартылай жертөлелер мен сегіздік тәрізді жартылай жертө-
лелер Шағалалы-1 қонысынан табылды67. Сопақша үйдің аумағы 20x12
м. Едені тегене тәрізді, ортасы дөңестеу. Еденде үш шүңқыр бары байқ-
алды. Бірі жер ошак, екіншісі, сірә, астық сақтайтын ұра болса керек.
Үйдің оңтүстік-шығыс жағындағы үшінші шұңқыр тереңдігі 1,8 метр
дей күдық болып шықты. Үйге іргелес мал қора немесе мал қамайтын
қаша салынған.
Бұл тұрғын жай бірінен-бірі оқшау екі үйден күралған - бірі шығыс
жақта, екіншісі батыс жақта. Үйлердің бітімі сопақша, диаметрі 10 метрдей
болған және бір-бірімен ұзындығы 2 м, ені 1-1,2 м дәлізбен жалғасқан. Үйден
шығатын есік жартылай жертөленің шығыс жактағы жартысында болды.
Ол ұзын, жіңішке дәліз тәрізді; дәліз үйге суық ауа кіргізбейтін ауыз үй
сияқты болған.
Жартылай жертөленің батыс жақ бөлігі түрғын үй болған. Мұнда үлкен
жер ошақ тұрыпты, ал қабырғаларының бірінің түбінде диаметрі 1,4 м, те~
рендігі 2,7 м құдық қазылған. Жартылай жертөленің шығыс жақтағы жар-
тысы тек шаруашылық кажетке ғана арналыпты; онда астык сақтайтын
үралар мен екі күдык бар.
Соңғы қола дәуіріндегі тұрғын үйлер кұрылымының алуан түрлі болуын
шаруашылық кәсіптің күрделілене түсуімен түсіндіруге болады. Жартылай
көшпелі мал шаруашылығына көшуге байланысты тайпалардың көшім-
қонымы көбейгендіктен, жеңіл сопакша үйлер жердің үстіне салынатын
болды. Сонымен қатар аумағы 300—400 шаршы метрдей, асты терендетіліп
казылған үлкен жартылай жертөлелер де тарала бастады; бұларда қыстыгүні
мал ұсталды. Мал санының кебеюі тұрғындардың жейтін тамағының көбі
ет болды деп айтуға мүмкіндік береді.
Қоныстардың тұрғындары қола шот, лекет пышак, ойығы бар ауыр ша-
пашот, шеге тәрізді біз, ұңғысы бар кашау, балдақ сапты пышак, саңыраукү-
лақ тәрізді немесе дөңгелек тиекті сабы бар канжар сиякты кару-күралдар-
ды қолданды. Үңғымасы бар үш қырлы жебе ұштары да, сір
>,
алғаш рет осы
дәуірде шықса керек.
Бүл аймақтағы соңғы кола дәуіріне катысты табылған заттардың ішінде
егіншілікке байланысты еңбек қүралдары толык дерлік жоғалады да, мал
шаруашылығы кәсібінде - тері мен жүнді үксатуда қолданылатын сүйек,
қола бүйымдар, сондай-ақ канжарлар, жебелер мен найзалардың кола
үштары көбейеді. Керамика өндірісі одан әрі өркендейді. Жылқы есірудің
маңызы күрт артады.
Б. з. б. I мыңжылдыктың басында білемді керамика жасаушы тайпа
лар андроновтык-кима мәдени кауымның бүкіл байтак жер аумағына
орналасып кана қоймай, сонымен қатар онымен іргелес өңірлерге де
қоныстанады. Б. з. б. VII ғасыр карсаңында көшпелі мал шаруашылығына
көшу жеделдейді. Солтүстік Қазақстанда бұған климаттың біраз ылғал-
дану кезеңі себеп болды. Негізгі су арналарының - Есіл мен Тобылдың
жайылмаларын тұнба балшық басады, жер күнарлылығынан жэне мал
өсіру-егіншілік шаруашылығы үлгісіндегі бұрынғы маңызынан айыры-
лады. Шөбі шүйгін, ылғалды дала мал шаруашылығының шапшаң да-
муын жеделдете түседі. Қола дәуірінің аяқ кезеңіндегі Солтүстік және
Батыс Қазакстан тайпалары ертедегі темір дәуірінің сақ-сармат мәде-
ниетінің калыптасуына қатысады.
135
5. ІП Ы Ғ Ы С Қ А ЗА Қ С Т А Н Т А Й П А Л А Р Ы
Алтайдың, Қалба жотасы мен Тарбағатайдың таулы және биік таулы ау-
дандары, солтүстігіндегі далалар, оңтүстігіндегі шөл және шөлейт жерлер
— Шығыс Қазақстанның алуан түрлі жер бедері, міне, осындай. Негізгі су
арнасы — Ертіс пен оның көлтеген салалары - Бұқтырма, Күршім, Оба, Үлбі,
ІІІар, Қызылсу және басқалары. Топырағы кұнарлы жазык алқаптар, жайы-
лымдар, таулардағы мыстың, қалайынын, алтынның көптеген кеніштері,
балығы мол өзендері, аңға толы ормандары қола дәуірінің жоғары мәдени-
етінің дамуына себепші болды.
Қола дәуіріндегі Шығыс Қазакстан тайпаларының мәдениеті үш ке-
зеңнің: алдыңғы, ортаңғы және соңғы кезендердің ескерткіштерімен таныл-
ды. Бұлардың ішінде андронов мәдени қауымына жататын ортаңғы қола
ескерткіштері неғұрлым жақсы зерттелген68.
Тайпалардың бүл уақыттағы шаруашылығының негізі андронов мәдени-
етінің барлық ареалдарындағы сияқты бақташылық мал шаруашылығы мен
кетпенмен өндейтін егіншілік болды. Кен өндіру ісі мен металлурги я жоға-
ры деңгейге жетті. Шығыс Қазақстан мыс, қалайы рудаларын және алтын
өндіретін орталықтардың бірі болды. Үй кәсіптері, оның ішінде қыш ыдыс
тар жасау дамыды. Тұрмыста ыдыстың екі түрі: көзелер мен кьіш құмыр-
алар колданылды, әдетте ьщыстың бүкіл сырты тарақ тәрізді қалыппен
түсірілген күрделі геометриялық суретпен молынан өрнектелді. Көзелер-
дегі ою-өрнек шырша түрінде, ал кейде шырша ойықтармен, тырнақ ізді
«маржандармен» ұштастырылып отырды. Тырнақ ізді ою-өрнек бүл кезең
үшін Шығыс Қазақстан керамикасына ғана тән.
Неғұрлым кейінгі кезең мәдениетіне ыдыстың мойнын бүйірінен анық
бөліп тұратын ойығы бар кұмыра бітімдес қыш ыдыстар тән болып келеді.
Олардағы ою-өрнек үш жеріне: ернеуіне, иініне және түбіне салынады.
Көбінесе жылтыр қалыппен салынған ромбылар, тең бүйірлі үш бұрыштар,
сынық сызықгар, меандрлар басым болып келеді, сонымен бірге үсақ тісті
тарақтәрізді қалып та ұшырасады. Көзе түріндегі ыдыстардың біразына ою-
өрнек салынбаған. Бітімі жатык құмыралар да кездеседі.
Өлген адамдарды жерден қазылған шүңқырларға, тас жәшіктерде және
цисталарда жерлеген, ал моланың үстіне үйінді оба немесе тас қоршау іұрғы-
зылатын болған.
Жерлеу құрылыстарының құрылымында, өлікті жерлеу ғұрпында, ою-
ернек мәнерлерінде бұдан бұрынғы кезеңмен сабақтастық байланыс сакта-
лған. Жерлеу құрылыстары қырынан қойылған және жерді қазып орнаты-
лған тақта тастардан тұратын тікбұрышты, шаршы, сопақша қоршаулар бо
лып келеді. Көбінде өлікті көмумен бірге елікті өртеу де кездеседі, мұның
өзі Шығыс Қазақстанды Орталық Қазақстанмен жақындата түседі. Ішінде
бірнеше мола бар үлкен қоршаулар да ұшырасады, бүлар, сірә, әулеттік зи-
раттар болса керек.
Сондай-ақ соңғы қола дәуірі ескерткіштерінің ортаңғы қола дәуірі
ескерткіштерімен - андронов мәдениетімен сабақтастық байланысы да
аңғарылады. Бұл қабір үстіндегі құрылыстардың құрылымынан (қорш-
аулар тікбұрышты, шаршы ж әне шеңбер түрінде болып келеді), жерлеу
құрылыстарынан (жерден қазылған қабір шұңқырлары, тас жәшіктер,
цисталар), жерленгендердің жатқызылуынан (елікті он, немесе сол қыры-
136
нан бүгіп жерлеу), оларды белгілі бір бағытқа қаратып жерлеуден (ба-
сын оңтүстікке қаратып салып, аздап батысқа бүру), жерлеу мүліктері-
нен (бітімі жатык қүмыра түріндегі қыш ыдыстар), ою-өрнектерден (кей
де ыдыс түтастай ою-өрнекпен көмкеріледі) көрінеді. Сонымен бірге
Шығыс Қазақстанның соңғы қола ескерткіштерінде бір-біріне жалға-
сқан шеңбер қоршаулар құрылысынан, бір қабірге бірнеше ересек адам-
ды, кейде балаларымен бірге жерлеуден керінетін Оңтүстік Сібір мен
Алтайдың карасук тайпалары мәдениетінің ықпалы аңғарылады. Бұл
ықпалдың қыш ыдыста да, металл бұйымдарда да (пышақтарда, әшек-
ейлерде) ізі бар.
Бұл аймақтың соңғы қола заманына қыры сәл қайқылау, сапты және
шығыршықты тұтқыры бар қола пышақтар, қоладан істелген қусырма және
сына тәрізді қашаулар, шеге тәрізді заттар, қайлалар, дөңгелек қалпакдіа
тәрізді бәйегі бар қанжарлар, шот-күректер, қырлы дүмі шығыңқы балта-
лар, ойығы бар шапашоттар тән болып келеді.
Шығыс Қазакстан тайпаларының соңғы қола мәдениеті Сібірдің кара-
сук мәдениетіне, Орал сыртыньщ замараев және Орталык Қазақстанның
дәндібай-бегазы мәдениетіне тұстас келеді.
Алдыңғы және ортаңғы қола мәдениеті. Неолит дәуірінің ескерткі-
штерінен (Железинка селосы маңындағы мола69, Пеньки-І, -2 көлдік
тұрақтары70) кейінгі ең ертедегі ескерткіш уақыт жағынан Сібірдің афа-
насьев мәдениетіне жақын Қанай ауылы іргесіндегі бейіт болып табы-
лады71. Ол жер үстінде тігінен қойылған тақта тастардан тұратын шар
шы қоршаумен белгіленген. Қоршаудың қабырғалары әлемнің төрт
жағына қарай бағдарланған. Жерден қазылған қабірден бастарын шығы-
сқа қаратып, шалқасынан жатқызылған еркек пен әйелдің сүйектері
шықты. Сүйектердің біразы жосамен боялған. Жерленгендердің екеуі
де андроновтық антропологиялық тұрпатқа жатады. Қабірде өлік асы-
ның қалдыктары, жебенің жайпақ кола ұшы, ашық-жасыл түсті тас мон-
шақ, таяқшамен әр жерінен батырылып өрнек салынған кезе сияқты
хыш
ыдыстың сынықтары және топайлар сақталған.
Қола дәуірінің ортаңғы (дамыған) кезеңіндегі Шыгас Қазакстан тұрғын-
дарының мәдениеті коныстар мен қорымдардың үлкен тобымен сипатгала-
ды. Неғүрлым көрнекі материалдар Канай ауылы маңындағы қоныстан,
қорымдар мен құрбан шалатын орыннан, Зевакино селосы, Сарыкөл көлі
маңындағы, Кіші қойтас, Нұрмамбет қойнауларындағы және т. б. корымда-
рдан алынды.
Ертістің оң жағалауына орналасқан Қанай ауылы іргесіндегі коны-
ста жапсарластыра салынған шаруашылық құрылыстары бар тікбұрыш
түріндегі (аумағы 50 шаршы метрге жуық) тұрғын жай ашылды. Жай
жартылай жертөле сияқты72. Құрылыс қабырғаларының негізі - тіреу-
лер, олардың арасына қамыс салынып, балшыкпен сыланған. Едені жер,
онда тастан қаланған үш ошақ бар. Оның екеуі тамақ дайындауға, біреуі
үйді жылытуға арналған. Шаруашылық кора-қопсы негізгі тұрғын жай-
мен бірге тұтас жайдақ төбемен жабылған. Тұрғын жайға өзенге қар-
аған тар дәлізден кіреді. Жайдың орталық бөлігі кіретін дәлізден аласа
қабырғамен бөлінген. Бөлінген жағы шаруашылыққа арналған болу ке-
рек - онда төлдер ұсталған (бұзау мен лақтың қаңкалары табылды).
Жайдың біршама биік оңтүстік-шығыс бөлігінен ыдысқа ою-өрнек салу
137
үшін сүйектен істелген жылтыр ж әне тарақ тәрізді калыптар, кыш
жүкш енің сынығы, тас келсап пен үккіш, малдың өңделген жауырыны,
малдың ж ак сүйегінен жасалған сабау, қола моншақтар, білезік бұрама-
сы шықты.
Жапсарлас салынған жайлардың бірінде мыс рудасының түйірі мен ішкі
бетінде мыс шлагы мен мыстың дағы бар кыш ыдыстың сынығы, екінші біре-
уінде құйма қалыптың жартысы табылды. Қоныстың шығыс және солтүстік
жақтарынан тастан каланған коршаулардың калдықтары ұшырасты. Оны
мал қамауға арналған деп топшылауға болады. Қоныстың оңтүстік-шығыс
шетінде салмағы 6 килограмнан астам уатылған мыс рудасының кесектері
табылды. Қонысқа жақын маңнан ағаш көмірімен араласкан мыс шлагы-
ның кесектері (10 кг) бар қорыту пешінің калдықтары ашылды. Шамасы,
руданы қонысқа Нарым жотасындағы жақын мандағы кен орнынан әке-
лген болу керек.
Тұрғындар шаруашылықта және тұрмыста тас дәнүккіштер, үккіштер,
келсаптар, тас тоқпақшалар, кетпендер, жылтыратқыштар, қүйма калыптар,
бұғы мүйізінен істелген кетпендер, сүйек пышақтар мен сабаулар, тегіс және
тарак тәрізді калыптар, малдың өнделген жауырындарын, тоғалар, кола
біздер, моншақтар, білезіктер; үршықтарға арналған қыш кермелер, блок
тәрізді жүкшелер және негізінен екі түрлі ыдыстар: тік немесе шамалы
шығыңқы бүйірлі көзелер мен иіні дөңгелек келген кыш құмыралар тұты-
нған.
Қоныстан оңтүстік-шығысқа таман үш тас қаламамен белгіленген табы-
натын орын болған. Мал сүйектері, бет жағын ыс баскан дәнүккіштердін
сынықтары, сондай-ак күл, көмір мен күйген сүйектер бүл жерде күрбан
шалу ғұрпының аткарылғандығын көрсетеді.
Зевакино селосы, Канай аулы, Сарыкөл көлі, Қаражал мен Кіші Қойтас,
Нұрмамбет атыраптары маңындағы, Усть-Буконь, Көкдомбақ және басқа
селолар түбіндегі корымдарды қазу кезінде алынған материалдар қола дәуірі
адамдарының шаруашылығы, тұрмысы, кескін-кей пі туралы біздін
білімімізді едәуір кеңейтіп, толыктыра түседі.
Ертістің оң жағалауында орналаскан Зевакино қорымы73 әр кезендегі 500-
ден астам, Қанай қорымы 15 бейіт кұрылыстарынан тұрады74. Бір кабірге
бір ғана өлік жерленгенде оларды жерден қазылған қабірлерге, тас жәшіктер-
ге, цисталарға және ағаш қималарға қоятын болған. Жерленгендер сол және
оң қырынан, басы батысқа және солтүстік-батысқа қаратылып, бүктетіліп
жатқызылған.
Ерлер мен әйелдер қабірлеріндегі қоса көмілген кұрал-саймандар көзе
сияқты ыдыстардың сынығы және бүтін ьщыстар, жатық және ернеуі ептеп
қайырьшған құмыралар болып келеді. Олар шыршалармен, «маржандармен»,
ріғаш кертпешелермен, қабырғалары сызылған үш бұрыштармен, тырнак
іздерімен, ирек сызықгармен өрнектелген. Мұнан басқа, әйел кабірлерінен
сәндік заттар — қола тоғалар, түйреуіштер, шыны тектес заттан және
ұнтақтан жасалған моншақгар, ерлер қабірлерінен еңбек құралдары, қару-
жарақ табылды.
Сарыкөл көлі75, Көкдомбақ76 ж әне Кіші Қойтас77 селолары маңын-
дағы қорымдар іргелерін шеңберлей, шаршылап ж әне тікбұрыштап тақта
тастармен қоршаған, топырақ үйілген обалардан тұрады. Бұл қорымда-
рдағы материалдық мәдениет заттары мен жерлеу ғұрпы үйіндісі жок
138
қоршаулардағыдай болып келеді. Кейде тақта тастармен жабылған тас
жәшіктерде және ағаштармен жабылған жерден казылған тікбұрышты
қабірлерде әдетте өлік өртелмей койылатын болған, сол сияқты өлікті
өртеу де ұшырасады. Ру ақсүйектері жерленген қабірлер қыш ыдыста-
рының көптігімен, сан алуан әшекейлерінің молдығымен ерекшеленеді.
Ыдыстардың сипаты, ою-ернек пен оны бедерлеу техникасы андронов
мәдениеті дәстүріне сай келеді. Оның есесіне әшекей заттарының жиы-
нтығы көбірек, әрі алуан түрлі. Бұлар шетіне мұқыл шегемен ою-әрнек
салынған және ою-өрнексіз конус тәріздес қола тоғалар, самайға таға-
тын алтын сырғалар, мыс моншақтар, жыртқыш аңның тісі, тас салпын-
шақтар. Әшекейлердің көпшілігі қоладан немесе мыстан жасалып, ал-
тынмен капталған. Бұлар салпыншакты сырғалар, бұрама сымдардан
жасалған конустар, ернегі қабырғалары сызылған үш бұрыштар болып
келетін, түйнектері мен каннелюрлері бар тармақты салпыншақтар, ром-
бының әрбір ширегінде біріне-бірі тік келетін қосарлас сызықтармен
өрнектелген ромб тәрізді қаптырма, үш бұрышты қаптырма және ба-
сқалары.
Шідерті озенінің оң жағалауына орналасқан Нүрмамбет қорымы-
ндағы78 екі адамның каңкасы шыққан кабір ерекше көңіл коярлық. Жер-
ленгендер бір-біріне бетпе-бет құшактастырылып салынған: ері — сол
қырынан, әйелі - оң қырынан жатқызылған. Ер адамның бас жағына
қола құйма қанжар койылған. Әйелдің саусақтарында бес кола сақина,
ал білектерінде бір-бірден қола білезік; аяктарында, тізесінің буынына
таман қола моншақтар тізілген білезіктер бар. Бас жағында — кола біз
бен ине. Ою-орнегі мол кыш ыдыстан койдың сүйектері — әлік асының
қалдықтары табылды.
Соңғы қола мәдениеті. Қазакстанның барлық жерлеріндегі сияқты,
Шығыс Қазакстанның соңғы қола кезеңі - бақгашы тайпалардың көшпелі
мал шаруашылығына көшкен уақыты.
Бұл кезеңді Трушниково селосының іргесіндегі қонысты, Мало-Крас
ноярка селосы іргесіндегі қоныс пен корымды, Зевакино корымын зерттеу
кезінде алынған археологиялык деректер сипаттайды.
Трушниково конысында79тікбұрышты жартылай жертөле үлгісіндегі екі
тұрғын жай ашылды. Олардын біреуінің қабырғаларының негізі жерге
кемілген тіреулер болды, бұл тіреулердің аралығы шарбақпен немесе ағаш-
пен өріліп бекітілген. Үйлерден қыш ыдыстардың сынықтары, мал мен ба
лык сүйектері шыққан шаруашылық үралары табылды. Бүлардың біреуінен
жебенің оқтәріздес, екі шетінде қыры бар, ұңғылы қола ұшы табылды. Жер
ошақтардың шүңқырларында ыс пен күйе іздері бар тастар, көп мөлшерде
күл, ағаш көмірі мен күйген шырпы, еденде мыс рудасының түйірлері сак-
талған. Екінші үйдің маңында диаметрі 1,2 және терендігі 2,1 м күдык бо-
лған.
Сол жерден жиналған тас кетпендер, дәнүккіштер, тас токпақшалар,
келілер, келсаптар бұл араны мекендеушілердің егін салғанын көрсе-
теді. Осында табылған, сүйектен жасалған бес тісті кұрал, сірә, өрмекті
тығыздауға арналған болу керек, ұршыққа арналған кыш керме тоқы-
машылықтың болғанын көрсетеді. Тері илеу де белгілі болды (лөкет
пышақтар, тегістегіштер). Қола түйірлерінің, коладан жасалған бүйым-
дардың (біздердің, пышақтардын, әшекейлердің, жебе ұштарынын) та-
139
былуы олардын. жергілікті жерде жасалғанын білдіреді. Қоныстан та-
былған көптеген кыш ыдыстардың арасында кұмыралардың екі түрі: иіні
дөңгелек, ернеуі тік немесе сәл сыртқа кайырылған құмыралар және
бүйірі өте-мөте шығыңқы, ернеуі тік немесе сәл сыртқа кайырылған
қүмыралар басым болып келеді. Олар ернеуінде, мойнында тарақтәрізді
немесе тегіс қалыппен түсірілген қиғаш және айқыш-үйқыш ойықтары
бар белдеулермен, кисық жіңішке белдеулермен өрнектелген. Түбі денге-
лек келген, ою-өрнек салынбаған ыдыстар да бар.
Мало-Красноярка селосы іргесіндегі қоныста80 жапсарластыра салған
қора-қопсысы бар екі тұрғын үй ашылды. Үйдің бүрыштары иіліп кел
ген тік бұрыш бітімді, жартылай жертөле үлгісінде; аумағы 160 шаршы
метрге жуық. Ортадағы екі қатар тіреулер екі сайлы шатырды тіреп
тұрған. Сопақша келген жер ошақ үйдің ортасынан қазылған, оған таяу
граниттен жасалған келі табылды. Үйдің солтүстік-шығыс жақтағы қабы-
рғасына дәліз іспетті екі құрылыс жалғасқан, олар да жерден қазылып
терендетілген. Бұлар бейне бір жабық аула сияқты. Екі кұрылыс та күрке
тәріздес жабылған.
Шағын аулаға кіре берісте күл қалдығы астынан жердің үстіндегі бір
құрылыстың төбесін немесе жаппаны тіреп тұрған үлкен тіреулердің орна-
тылған орнындағы шұңқырлар табылды. Бул мыс және қола заттар жасай-
тын шеберхана болған. Осында мыс шлагының, күйген тастардың кесек-
тері, қүйма қалыптың сынықтары, металл ерітетін ыдыстың сынығы және
найзаның кола үшы табылды.
Тұрғын жайлар мен қора-қопсыларда қоладан жасалған (шоттар, пышақ-
тар, дән сабактарынын дағы бар орақтар, біздер), тастан жасалған (құйма
қалып, күрзі, келісаптар, дәнүккіштер, келілер, тоқпақшалар, қайрақ тас
тар), сүйектен жасалған (лөкет пышақтар, біздер, инелер, тоғалар), балшық-
тан жасалған (керме, қыш ыдыс) еңбек қүрадцары көптеп табылды. Кебіне
бүйірлі және ернеуі тік құмыралар үшырасады. Олар кертпешелі және
бүршікті жапсырма белдіктермен өрнектелген.
Мало-Красноярка және Трушниково қоныстарында жебелердін кола
үштарының болуы тайпааралық қакгығыстарды дәлелдейді.
Соңғы қола дәуірінде коныстарды мекендеушілердің жерлеу ғүрпын
Зевакино қорымының материалдарынан көруге болады81, мүнда әр кезең-
дегі жүзден астам жерлеу құрылыстары зерттелді.
Жерлеу құрылыстары такта тастармен, бөренелермен жабылған тас
жәшіктер, цисталар, тікбұрышты және сопақша келген жерден қазылған
шұңқырлар түрінде болып келеді. Көбінде жеке өлік қабірлері, сонымен
бірге бір қабірде екіден, үштен және төрттен өлік көмілген қабірлер де кез-
деседі. Жерленгендер қол-аяғы бүгіліп, оң жақ қырынан, кейде сол жак
кырынан жаткызылған, шалқасынан немесе етпетінен жаткызып жерлеу де
кездеседі. Кейбір қабірлерден ж осаны ң, күйген ағаштың және ағаш
көмірінің кесектері, өлік асының калдықтары (жылқының бас сүйегі,
жіліктері, қойдың жауырыны, жіліктерінің, қабырғаларының сынықтары)
ұшырасады.
Жерлеу мүлкі қола пышақтар, қанжар, қыш ыдыстар, металдан, тас пен
сүйектен істелген әшекейлер мен тұрмыстық затгар түрінде болып келеді. Ба-
лалар жерленген қабірлерде көп мөлшерде қойдың асықгары кездеседі, олар-
дьщ біразы қызыл жосамен боялған, қайсыбірінде өндеудің іздері байкалады.
Достарыңызбен бөлісу: |