Министрлігі ғылым академиясы ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих және этнология инст



Pdf көрінісі
бет17/76
Дата26.01.2017
өлшемі21,27 Mb.
#2753
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   76

126

мөлшері жағынан ішкі үй тіректерінің аралығына сай келеді, ал ішкі үй тас 

бағандар  арқылы  үш метрлік  екі  белікке  бөлініпті.  Ішкі  үйдің үзындығын 

екіге бәлу алты метрлік ұзындықты кысқартып, оны үш метрлік такта тас- 

пен  жабу  үшін  ету  қажет  болған.  Мүндай төбенің бір шегі  мықты дуалға, 

екінші шеті қүрылыстың ұзына бойына қатар-қатар орнатылған ішкі баған- 

дарға тіреледі.  Кесененің  шығыс  жағындағы  кіреберіс  ірі,  биік,  «қошкар» 

тақта тасгармен капталған; бұл — мәжусилік бейіт тамның маңыздылығын 

білдіретін болған. Кіреберісте үзындығы 9 м, көлденеңі 4 м дәліз салынып­

ты. Ол қырлы тастан көлденең қалау әдісімен қаланған. Табыттан алыстағ- 

ан сайын дәліз дуалының калындығы мен биіктігі кеми береді. 

^Бегазыдағы бай кесенелердің көңіл қоярлық ерекшеліктерінің бірі -  

діни-ғұрыптық заттарды кою үшін және кұрбан шалу үшін арнайы істе- 

лген мехрап орны. Бірінші қоршауда бүл — кұрылыстың астына ор қазға- 

нда қалдырылған жер үстел немесе сөре. Ішкі үйдің батыс қабырғасына 

жалғастырылған  керте  үстелдің үстіне  үш  тас  баған  орнатылған.  Олар­

дын айналасындағы үстел бетіне май мен органикалық қалдықтар сінген. 

Мұнда  толып  жатқан  қой  сүйектері  түрінде  кұрбан  шалудың  және  ас 

берудің  іздері  сақталыпты.  Құрбан  шалу  үстеліне  коптеген  кыш  ыдыс­

тар  қойылған.  Әр түрлі  керек-жарақтар да,  сәндік  заттар  мен  кару-жа- 

рақ та осында тұрғанг>

Шаруашылықтың көпшелі калыпқа бейімделуімен сипатгалатын кейінгі 

даму кезеңінде  бір  кезде  жоғары дәрежеде  болған  Дәндібай-Бегазы  мәде- 

ниеті  жаңа  сатыға  кәшеді.  Өткен  замандағы  күрделі  бейіттік  құрылыста- 

рдың орнына коршаусыз ірі тас жәшіктерден жасалған карапайым құрылы- 

стар пайда болады. Бүлар -  Қарқаралы маңының Кент тауларындағы, Айдар- 

лы,  Бұғылы-2,  Қүрылыс  алқаптарындағы  ескерткіштер.  Қыш  ыдыстарда 

өткен  уакыттағы  дәстүрлер  әлі  сакталады.  Бірақ  казан  тәрізді,  бүйірі  өте 

шығыңқы,  мойны  қыска,  ернеуі  сыртына  кайрылған  козелер,  жағалы деп 

аталатын, ернеуі  сыртына карай кеңейтілген, акырында, мойнына білеулеп 

балшык жапсырылған ыдыстар кобейе туседі.

/   Ыдыстардағы  өрнектер  қарадүрсінденіп,  негізінде  тегіс  калыппен  бел- 

деулей салынған киғаш кертпелер, біріне-бірі келденең сызыкдіалар, көлбей 

сызылған айқаспа шыршалар түрінде болып келеді. Кейбір козелерде таяк- 

шаның  ұшымен  салынған  шұңқырша,  тырнакша,  жарты  ай,  шекілдеуік 

тәрізді өрнектер кездеседі. Кейбір ыдыстардың мойны «меруерт» деп атала­

тын шығыңқы шенберлермен сәнделеді; бұлар козенің ішінен үшы жүмыр- 

ланған таякшамен басу аркылы жасалған.

Жоғарыда  айтылғандай,  соңғы  кола  дәуіріне  бейіттік  кұрылыстардан 

басқа Қарқаралы каласы жанындағы (Суыкбұлак, Қаркаралы), Үлытау по- 

селкесі  маңындағы,  Қызылтаудағы  (Тағыбайбүлак)  және  баска  коныстар 

жатады.

Қабырғалары тастан қаланған үйлердің күрылымында откен  уақыттағы 



дәстүрлі белгілер сақтала отырып, жердің үстіндегі күрылыстар көбейе бас- 

тайды. Қызылтау тауларындағы (Баянауыл поселкесініңоңтүстігіне таман) 

Тағыбайбұлақ қонысы осындай; ол жер үстіндегі алты үйден қүралады. Үйлер 

тік бұрышты болып келген; солтүстік және шығыс жағынан  оларға шыға- 

тын  аузы  бар  тас  қоралар  жалғасады.  Құрылыстың  сырткы  дуалдары  өте 

калың —  1,5—1,7 метр; олар екі катар шомбал такта гастардан тігінен көміп 

қаланған; бүлардың арасындағы куыс топырақ араластырған ұсактас киы-

127


ршықтарымен толтырылған.  Үй мен  коралардың арасындағы ішкі дуалдар 

да тастан каланған, бірақ олар онша калың емес.

Керамикалық  130 ыдыстың сынығы табылды; олардың көпшілігі «меру- 

ерт»  өрнегі  бар,  казан  тәрізді  үлкен  көзелер  мен  кертпе  және  тырнакша 

тәрізді өрнекпен сәнделген білік тәрізді ыдыстар; осы сынықтардың ішінен 

шүмекшесі  бар  сақ  құмырасы  сияқты  ыдыстың  фрагменті  кездесті;  оның 

ернеуі аздап сыртка қайырылыпты және домалақ бүйірімен білінбей жалға- 

сып кетеді, ал ернеуінің теменгі жағы «меруерт» белдеумен көркемделген.

Орталық Қазақстанның таулы аймағының түрғындары бүл кезде де үйді 

жертөле және жартылай жертөле түрінде салатын болған. Үлытау, Қаркар- 

алы,  Суықбүлак коныстарындағы тұрғын үйлердін, түрі дәстүрлі калпында 

қалды, бірак басқа құрылыс материалы — Үлытау мен Қарқаралы таулары- 

ның өңірінде казірде де көп ағаш пайдаланылды. Мұнда түрғын үй орлары- 

ның кабырғаларына ортасынан жарылған ағаштар үсталды, ал жаппа төбесі 

тігінен қазылып орнатылған ағаш бағандармен тірелді. Жер ошақтар дөңге- 

лек шұңқыр түрінде жасалып, олардың астына жалпақ тастар төселді.

Дәндібай-Бегазы заманының төл-тума мәдениеті бар тұрғындары Казак- 

стан даласында ертедегі темір дәуірінде қалыптасқан жаңа этникалық-мәде- 

ни қүрамдардың бір компоненті болды.

Орталық Қазақстанның соңғы қола дәуіріндегі тайпалары Оңтүстік Орал 

сыртындағы (замараев мәдениеті), Алтай мен Енисейдегі (карасук мәдени- 

еті) туыс тайпалармен өзара тығыз байланыста дамыды. Бір-бірінің арасын- 

да ұлан-байтақ жазық дала жатқан бұл аймақтардың материалдық мәдени- 

етін  сипаттайтын  керамикалық  заттар,  кола  құралдар,  тұрмыстык  және 

сәндік  заттар әжептеуір ұксас;  мұның өзі ежелгі тайпалар арасында тығыз 

мәдени  және  экономикалык  байланыс  болғанын дәлелдейді.  Бүл  мәдени 

алмасуда тайпалардың қарым-қатынасына маңызды дәнекер болған Казак- 

стан палеометалы (мыс, қалайы, алтын) елеулі рөл атқарды. Сонымен қатар 

Орталық Қазакстанның қола дәуір мәдениетінің өзіне тән белгілері оның, 

негізінде, жергілікті жерде қалыптасқанын көрсетеді.



4.  СОЛТҮСТІК Ж Ә Н Е БАГЫС ҚАЗАҚСТАННЬЩ  ТАЙПАЛАРЫ

Қола дәуірінде  Солтүстік  және  Батыс  Қазақстандағы тайпалардың та- 

рихитағдырлары бір-бірімен тығыз байланысты дамыды. Б. з. б. II мыңжыл- 

дықта бұл аумақта авдроновтық (алакөлдік) тайпалар мекендеді.  Олардың 

шаруашылығының негізі мал өсіру мен кетпенмен өндейтін егіншілік бол­

ды.  Сол дәуірдегі шаруашылықтың талаптарына  сай келетін қолайлы жер 

көлемінің шектеулі болуы құнарлы шүйгін жерлердегі тұрғын аландардың 

бос тұрмау себептерінің бірі еді. Бір тайпалардың орнына екінші тайпалар 

келді;  олар  дәстүрлі  жерлерге  қоныстанды,  көбінесе  өздерінің  түрғын 

үйлерін салу үшін бір кезде біреулерден қалған ескі қүрылыстарды пайда- 

ланды. Сөйтіп, Солтүстік және Батыс Қазақстанның андроновтық қоныс- 

мекендері көп кабатты ескерткіштерге айналды.

Қорымдар қоныстарға жақын, айналаның бәрі көрініп тұратын қыратты 

жерге салынды. Олардың көбі езен жағасын бойлай жатқан енсіз еңірге са- 

лынған  ондаған  қүрылыстардан  тұрды.  Батыс  Сібірмен  іргелес  Солтүстік 

Қазакстанның  орманды-далалы  аудандарында топырақтан  үйілген  обалар



128

көп кездеседі. Сондай-ақ тігінен қойылған тақта тастардан дөңгелете неме­

се тік  бүрышталып қоршалған қоршаулар, тас қаламалар және  қоршалған 

жер  обалар  көп  тараған.  Ақтөбе  далаларында  және  іргелес  аудандарда 

бейіттік кұрылыстардың екі түрі -  дөңгелете қоршаған тас қоршаулар мен 

обалар табылды.  Батыс Сібір  ойпатының Есіл езенінің орта ағысы бойын- 

дағы өңірінде жер үстіне тұрғызылған үйінді бейіттер бар.  Қабірлердің ор- 

наласуына қарағанда, онда құрылыстардың болғаны күмәнсіз,  бірақ олар- 

дың ешқандай қалдығы сақталмаған.

Солтүстік  жэне  Батыс  Қазақстанда  қола  ғасырларындағы  150-ден  аса 

қоныс пен 200-ге жуық қорым ашыдды. Тұрақты зерттеулер жүргізу аркы­

лы жалпы саны 300-ге жуық қабір ашылды43.

Алдыңғы қола мәдениеті. Бұл аймакта алдыңғы қола дәуірінің ескерткі- 

штері  онша көп шыққан жоқ:  кебі әбден  қираған жеті  қоныс  және  өлікті 

өртеу ғұрпы бойынша жасалған екі көмбе бейіт шықты. Неғұрлым көбірек 

зерттелгені  Вишневка-1  шағын  қонысы  (Петропавл  қаласының  маңында) 

болды.  Онда сақталған  конструкциялар  алдыңғы  қола  дәуіріндегі  тұрғын 

үй туралы түсінік береді. Бұл — жер бетіне салынған үй, едені құмайт жердің 

топырағы. Ол тік бұрыш сияқты созыла орналасқан, аумағы 126 шаршы метр. 

Үйдің төбесі (сірә, екі сайлы болса керек) ұзынынан салынған бөренелер- 

ден қиылған қабырғаларға және үйдің ұзына бойындағы бағандарға (баған- 

дар орнатылған бірнеше шұңкыр байқалды) тірелген.

Бұл аймақтың адыңғы қола дәуіріндегі тайпаларының жерлеу ғұрпы ту­

ралы мәліметтер  Қарға аралы қонысындағы  зерттеулермен шектеулі;  оны 

тігінен  қазған  кезде  екі  ыдыс  табылды;  оның  біреуінен  өртенген  өліктің 

қалдыктары шықты.  Сірә,  Бескөл селосының жанында табылған  ьщыстар 

да осы ғұрыппен байланысты болса керек. Мүнда қабір үстіндегі құрылы- 

стар кездескен жоқ.

Алдыңғы қола ескерткіштерінің материалдары неолит дәуірімен салыс- 

тырғанда  халықтың көбірек  отырыкдіы  болғанын  көрсетеді.  Балық  аулау 

мен аң аулау бірте-бірте екінші қатарға ығысқан. Бұл кез -  кешенді малшы- 

лық-егіншілік шаруашылығы қалыптасқан жэне металл игерілген кез. Қол- 

адан  жасалған  бұйымдар  әзірше  байқалған  жок,  бірак  олардын таралған- 

дығына тастан жасалған заттардың күрт азаюы және  бір кезде күрделі бо- 

лған тас дәуірі техникасының құлдырап төмендеуі жанама дәлел болып та- 

былады.  Олардың ішінде жүзі жұкартылған тас  балталар,  үшкіл және тал- 

дың жапырағы тәріздес жебе  үштары (Вишневка-1,  Қарлыға-1), долбарлы 

ретушпен  жасалған  сыдырғыштар  мен  қырғыштар  бар.  Сүйек  бүйымдар 

бұрынғысынша кеңінен пайдаланылады. Вишневка-1 қонысынан табылған, 

бұланның мүйізінен жасалған күрекше бірегей дүние, сүңгі де тамаша өндел- 

ген.


Аддыңғы кола  ескерткіштеріндегі  ьщыстар  құты  сияқты,  түбі  жайпак. 

Суреттердің композициялық кұрылымы және ернек түрпаттарының арака- 

тынасы  әр  түрлі  ыдыстарда  әр  келкі.  Сол  заманға  жататын  ыдыстардың 

бірінші  тобына,  Бескөл-1,  -5,  Вишневка-2,  Пестрое  қоныстарынан  және 

көмбе  бейіттерден  табылған  ыдыстарға  тоқыма-шұңқырша  керамика тән. 

Оның  ең  көп тараған  элементтері  -   үшбұрышты, тертбұрышты,  сопақша 

келген алуан түрлі шұңқырша ойықгар. Өрнек ыдыстардың бүйірі мен түбіне 

салынған. Сурет түсіру үшін әдетте бір элемент пайдаланылады. Керамика- 

ның басым көпшілігінде дөрекі матаның ізі бар.

5  -  Қазакстан тарихы, т.1

129


Ыдыстардың  екінші  тобында  —  Вишневка-1,  Петровка-1,  Алтын  күз, 

Кдрлыға-1 коныстарынан шыккан ыдыстарда тарақ тәрізді  калыппен және 

таяқшамен түсірілген суреттер басым. Өрнектер тік, көлденен, ирек сызық- 

тардың,  бойлай  сызылған бұралаң сызыктардың,  шимакталған  үш  бұрыш- 

тардың  қиюласуынан  құралады.  Ыдыстардың  бүйірі  ғана  өрнекпен  капт- 

алған,  ал түбінің сәнделуі  сирек  кездеседі.  Ыдыстардың  екі тобының ара- 

сындағы бұл айтылған  өзгешеліктер  олардың әр  заманға жататындығынан 

туындайды.

Ортаңғы  қола  мәдениеті.  Б.  з.  б.  II  мыңжылдыктың  екінші  ширегінде 

өндіруші үлгідегі  шаруашылык біржола  орныкты,  ал қола ғасырынын ме- 

таллургиясы әбден гүлденген шағына жетеді. Ортаңғы кола дәуірінде бірінен 

кейін  бірі  келетін  үш  кезең  аңғарылды.  Оның  бірі  —  алдыңғы  кезең  осы 

мәдениеттің  калыптасуы  тарихына  жатады;  бұл  кезде  адыңғы  коланың 

жергілікті тұрғындары арасына баска бір мәдениеггің -  Арал маңы аркылы 

егіншіліктің ежелгі орталықтарымен байланысты мәдениеттің элементтері 

белсенді түрде енеді. Бүл заманның ең айқын ескерткіштері Есіл материал- 

дарында жаксы бейнеленген; ол материалдар — Петровка-2 және Новони­

кольское* I44 коныстарының томенгі  белдеулері,  Петровка селосы жанын- 

дағы корым мен ғұрып орны. Тобыл өзенінің аңғарында бір кабатгы Жетікол 

қонысы45  зерттелді;  Батыс  Қазақстанда  Қарғалы  озені  бойында,  Актөбе 

маңында кейбір заггар табылды46.

Көп кабатгы коныстарды (Алексеевское47, Садчиковское48, Новониколь­

ское-1,  Явленка-1,  Петровка-2)  және  Солтүстік  Қазақстандағы  Алексеев- 

ское, Семипалатное қорымдарын,  Актөбе облысындағы Тастыбұтақ коры- 

мы мен конысын49 зерттегенде одан кейінгі кезенді сипаттайтын кешендер 

алынды.


Соңғы  кезең  андроновтык-кималық  ортақ  мәдениеттін  белсенді  өзара 

ыкпалымен сипатталады.  Батыс  Қазақстанның мәдениетіне  Еділ бойының 

қима  мәдениеті,  ал  Солтүстік  Қазакстаннын  мәдениетіне  Орталык  және 

Шығыс Қазақстанның андронов мәдениеті күшті ыкпал жасайды. Осындай 

өзара ыкпалдьщ іздері Бурабай50, Бүйреккөл51, Борлык52, Петропавл53 коры- 

мдарында жаксы байқалады. Бір кабатты Бескөл-4 қонысын қазғанда соңғы 

кезеңдегі езінше бір үлгідегі керамикалық кешендер табылды. Орталык және 

Шығыс Қазақстан тайпаларының ықпал-әсерін шалғай батыстан да — Қы- 

ркелді мен Тереклі54 озендері бойындағы қорымдардың материалдары бойы- 

нша да аңғаруға болады.

Петровка-2, Новоникольское-1, Семиозерное коныстарындағы алдыңғы 

алакөлдік тұрғын үйлер әдетте үлкен емес; едендері  15—20 см ғана казылып 

жасалған, сондықтан оларды жер үстіндегі күрылыс деп атауға әбден бола­

ды.  Үйлердің  бейнесі  тік  бұрышты;  төбесін  үстап  түрған  тіреуіштердін 

шұңқьірлары жақсы сақталыпты. Қабырғалары долбарлай қиылған бөрене- 

лерден салынған. Едені өзеннің қиыршығын араластырған балшықпен сы- 

ланған. Тамақ дайындау үшін және үйді жылыту үшін жер ошақ қазылған; 

олар  әдетте айналасына тастар қаланған  кішкене  сопақ шүңқырша болып 

келеді. Үйлер тығыз орналасқан; тұрғын аландар қорғаныс құрылыстары- 

мен қоршалған.

Алакөл заманындағы тұрғын үй құрылысы алдыңғы алакөддік (петров- 

тык) күрылымнан өзгеше. Бүл — Явленко-1, Петровка-2 және Тастыбұтак 

қоныстарындағы55 сияқты жартылай жертөле тұрпатындағы бірқатар тұрғын

130


үйлер.  Олар тік  бұрышты  ұзынша  сипатта болып  келеді.  Үйлердің аумағы 

140 шаршы метрден 200 шаршы метрге дейін барады. Әдетте шығатын жері 

бүрышта, дәліз тәрізді.  Үйлер екі бөлімге  бөлінеді; оларда  1-ден  8-ге дейін 

ошақ бар,

Қазақстанның орманды-далалы аймағындағы қоныстарда тұрғын үйлер 

негізінен қайың бөренелерден салынды. Үйдің негізгі салмак түсетін каңқ- 

асы ордың кабырғасын бойлай қатарластыра көміп орнатылған тіреуіштер 

және  үйді  шамалас  үш  бөлімге  бөлетін,  ұзын  қабырғаларға  қатарластыра 

екі катар етіп орнатылған ортаңғы тіреуіштер болған. Үйлердің едендерінде 

200-дей  тіреуіштің  шүңқыр  орны  бар  екендігі  байқадды.  Бөрене  каптама, 

шарбақ,  балшықпен  сыланған  камыс,  қабырғаларды  шым  қабаттарымен 

каптау,  күл себу — осының бәрі  континентгік климаттың қатаң жағдайла- 

рында  үйлерді  жылыту  үшін  істелді.  Үйдің төбесі,  сірә,  судың ағып  кетуі 

үшін аздап көлбеу салынған жайпақ болған.

Батыс Қазақстан даласында ағаштың болмауы себепті Тастыбүтақ коны- 

сындағы тұрғын үйлердің кейбір ерекшеліктері бар. Тіреуіпггі кұрылыстар 

өте  аз  пайдаланылды,  оның  есесіне  тас  кеңінен  колданылды.  Тастан  ішкі 

қабырғалар қаланды, жер ошактар таспен қоршалды, әр түрлі шаруашылық 

қажеттеріне тас қоршамалар жасалды56. Түрғын үйлерде кабырғалары сек- 

сеуілмен шегенделген құдықтар болды.

Тұрғын үйдің немесе оның әрбір бөлігінін неге арналғандығы, үйлердің 

орналасуы, ошақтардың, шаруашылық ұраларының саны мен орны дәлме- 

дәл  белгіленген.  Металл  корыту,  кұрал  жасау  ісі  арнаулы  орындарда 

жүргізілді.  Кейбір үйлер коғамдық жиындар өткізуге, табыну ғұрыптарын 

атқаруға арналды. Түрғын үйлерді бұлай мұқият саралап пайдалану тек оты- 

рықшылық түсында және  адамдар  үжымының тұрмысы  барлык  жағынан 

тұрақты жағдайда ғана мүмкін болады.

Дамыған кола дәуірінің коныс-мекендерінің өзгешілігі  — олар ете жи- 

нақы. Бұл әсіресе алдыңғы алакөлдік заманға тән; ол кезде тұрғын аландар 

алэкәлдік  ескерткіштердің бәрінде  байкалды  (Боголюбово-1,  Петровка-2, 

Новоникольское-1, Семиозерное), ал мұның себебі — бүл тайпалар арасын- 

дағы  кақтығыстар  заманы  еді.  Қорғаныс  бекіністерінін  үлгілері  әр  түрлі 

болды — айнала топырак үйіліп, баска жақтардан табиғи корғаныштар — тік 

жарлар пайдаланылған бекіністер кездеседі.

Петровка-2  конысының  жанындағы  бейіттік  кұрылыстар  алдынғы 

алакөлдік заманның ескерткіші болып табылады. Олар сопақ және тік бұрыш 

етіп қазылған шүңқырлар болып келеді, бүларда бейіт үстіндегі күрылыста- 

рдың ізі жоқ. Екі шұңкырдағана көмілген адамдардың калдықтары шыкты; 

біреуінде  өлік  өртелмей,  екіншісінде  ертеліп  жерленген.  Шүнкырлардың 

кепшілігінде  бірден үшке дейін ыдыс жатты, бүлардың касында кейде кой 

сүйектері  кездесті.  Сірә,  бүл  ескерткіш  әрі  бейіт,  әрі  табыну  орны  болса 

керек57.


Тастыбұтақ-1 қорымының бетіндегі кұрылыстар дөңгелек, сопак қисык 

қаланған тас қоршаулар болып келеді. Бұл қоршаулар тігінен казылып ор- 

натылған тастардан, кейде ешқандай байланыстыратын материалдарсыз жай 

қаланған  тастардан  жасалған.  Молалардың  салынуы  әр  түрлі  -   қазылған 

таяз шүңқырлар, не тас жәшіктер.

Қорымнан  жалғыз  ж әне  қосарлап  қойылған  мүрделер  табылды. 

Сүйектері  сақталған  қос  каңқалардың  іш інде  еркек  пен  әйел,  бала-

131

лар  каңкалары   басым,  әйелдің  баламен  бірге  ж ерленуі  де  кездеседі. 

Н егізінен  алғанда  өліктер  ертелм ей  ж аткызылып  ж ерленген,  бірак 

өлікті өртегендері де бар.  Өліктер молаға сол ж ақ немес оң жақ кыры- 

нан  салынған,  аяктары  бүгулі,  колдары  бетінің  алдына  койылып  жа- 

тқы зы лған58.

Қабірлердегі ьщыстардың саны  бірден  беске дейін, бірақ көбінесе екеу 

болып келеді. Дәстүр бойынша ыдыс жерленген адамның бас жағына койы- 

латын  болған.  Сондай-ак  кола  білезіктер,  ұнтақтан  катырған  моншактар, 

қабыршақтан жасалған сәндік заттар, топайлар табылды. Бес бейіттен мал- 

дың сүйектері шықты.

Солтүстік Қазакстанда екі  алакөлдік қорым:  Тобыл  әзеніндегі Алексе- 

евское және Есіл өзеніндегі Семипалатное корымы казылды.

Семипалатное  селосы  жанындағы  қорым  қабірлердің  үстіне  топырак 

үйілген  төмпешіктерден  түрады.  Қорым  алаңының  орталық  бөлігінде  ірі 

шұңқырлар  жатыр,  оларға  балалардың  молалары  орналасыпты.  Молалар- 

дың бірінен алты кыш ыдыс, екі қола пышак, алты жебенің сүйек ұшы, айыл- 

бас,  моншақтар,  коладан  бұранда  тәріздендіріліп  жасалған  сәндік  заттар 

шықты.


Сүйек қалдықтарына қарағанда, өлікті жерлерде міндетті түрде үй жану- 

арлары,  әдетте  кой құрбандыққа шалыныпты.  Өлген кісіге  қойдың  омыр- 

тқалары мен сирактары қалдырылыпты. Мүнда, оба түбіндегі аланда, екіден 

тоғызға дейін ыдыс койылыпты.

Тамақ  салынған  ьщысты тамағымен  жерге  көмуге  байланысты табыну 

ғұрыптарының  болғандығына  Алексеевка  селосының  маңынан  табылған 

заттар айқын дәлел бола алады.

Бүл қорым коныспен және кұрбан шалу орнымен бірге Тобыл өзенінің 

сол жақ жағасында Қостанай қаласына жакын жерде орналаскан. Қабірлер 

сопакдіа етіліп казылған. Олардың үзын жағы ендік бағытына бағдарланған, 

өліктердің басы шығысқа  каратылып  жатқызылған.  Қаңқалар  лақыттарда 

бүктетіліп  қырынан  жатыр.  Қол-аяқтары  барынша  бүктетілген,  омыртқа 

жотасы тым  кеп  иіліпті  — осыньщ  бәрі  өліктердің  кәбі  байланып  немесе 

қатты оралып салынғанын көрсетеді.

Ересектер мен балалардың лақыгтарынан, әдетге лақыттың шығыс шеті- 

не, өліктің бас  жағына қойылған екі-екіден  кұмыра  шықты.  Заттай құрал- 

саймандар  ішінде  кола  және  ұнтактан  қатырып  жасалған  моншақтар,  са- 

майға тағатын  бүранда  ілмешектер,  білезіктер,  ромб  тәрізді  қаптырмалар 

бар.

Қабірлердің біріндегі материалдар бойынша бір дәулетті әйелдің киімін- 



дегі сәндік заттар калпына келтірідді.  Бүкіл киіміне  кола немесе үнтактан 

қатырып  жасалған  моншақтар,  жарты  шар тәрізді  қола қаптырмалар,  кы- 

рлы тізбектер тігіліпті. Аяғының үстінде жіліншік тұсында тізілген моншак­

тар  болса  керек.  Аяқкиімі  жарты  шар  мен  ромб  тәрізді  қаптырмалармен 

сәнделіпті.  «Мойнында  шетінде  тесіктері  бар,  дөңгелете  иілген  кола 

өңіржиек, одан біраз жоғарырақта үлкен сақина тәрізді күміс сырғалар бар. 

Шетінде тесіктері бар сегіз дөңгелек сопақша қаптырма иығы мен басының 

маңында  шашылып жатыр.  Осы  жерде  омырауға  тағатын  жалпақ таспаға 

қола  қаптырмалар  қапталған  езгеше  бір  сәндік  заттың  қалдықтары  мен 

ұнтақтан  қатырған  көптеген  моншактар  болды.  Білектеріне  және  қарына 

шеті бұранда түрінде қайрылған  екі  қола жүзік, олардың жанынан қырлы

132


кола тізбектердің катарлары табылды. Арқасынан бұрымдарына ілінген төрт 

кола жапырақша шолпы табылды»59.

Алексеевскоедегі табыну кешенінің құрбан шалу орны төбенің басында 

болған.  Оның батыс жағынан корым жалғасады, ал оңтүстік-шығыс жағы- 

нан  қоныстың түрғын  үйлері  басталады.  Төбенің ең биік жерінде  касиетті 

орын  болған;  бүларға керамиканың  ірі  фрагменттерінен  жасалған  қақпақ 

жабылған бір немесе екі ыдыс қойылыпты.  Қүрбан шалу орнындағы мате- 

риалдарда ата-бабаларына табынумен ұштасатын, малшылык пен егіншілікке 

тән табынушылық байкалады.

Зерттелген  аймақтың кола дәуіріндегі  мәдениетінің дамуындағы бүдан 

кейінгі  кезең бұл жерге  андроновтық тұрғындардың келуіне  байланысты. 

Егер Батыс Қазақстанда андроновтық ықпалдың іздерін керамиканы өрнек- 

теудегі кейбір жаңа әуендер негізінде ғана байқау мүмкін болса, Солтүстік 

Қазақстанда  нағыз  андроновтық тұрпаттағы  ескерткіштер  пайда  болады; 

бұлардың ішіндегі ең көрнектісі — Бурабай селосы жанындағы қорым60.

Қорым жерге тігінен көміп орнатылған гранит немесе жалпақ тақта тас- 

тары жер  бетінде көрініп түрған  коршаулардан түрады.  Көбі тік бұрышты 

қоршаулар, оның үстіне кейде оларға жапсырыла басқа қүрылыстар салы- 

нған немесе ішінен дуалдармен бөлінген. Дөңгелек немесе сопакша кұры- 

лыстар сирек кездеседі; оларда ендікке қарай әжептеуір тұракты бағдарла- 

нған  тік  бұрышты  шұңқырлар  бар.  Кейбір  шұңқырларда  тас  жәшіктер 

түріндегі,  ортасынан  жарылған  ағаштардан  немесе  тақта  тастардан  жаса- 

лған лақыттардын қалдықтары сакталыпты.  Кдбірдің үсті тақта тастармен, 

кейде көлденең салынған бөренелермен жабылған. Өліктер көбінесе өртеу 

және  өртемей  салу  ғүрпымен  жерленген.  Әрбір  қабірде  сүттен  немесе 

есімдіктен дайындалған тамақ қүйылған бірден беске дейін ыдыс қойылған; 

етті  тамактың  қалдықтары  байқалмады.  Осында қоладан  жасалған  еңбек- 

қүралдары мен сәндік заттар:  пышақтар, біздер, инелер, сырғалар, әр түрлі 

қаптырмалар мен ілмешектер табылды.

Батыс  Қазакстандағы алакөлдік  ескерткіштердің  кабір үстіндегі  кұры- 

лыстары тігінен көміліп  орнатылған  немесе  жалпағынан  каланған тастар­

дан салынған; осы тастардан денгелек, әжептеуір биік қоршаулар жасалып, 

бұлардың ішіне топырақ толтырылған.

Тереклі мен Қыркелді өзендерінің бойындағы корымдарда коршаулардан 

басқа  жер  обалар да  кездесті;  бұлардың  үсті  айналдыра  аумақты  тас  кал- 

анып жабылыпты.  Батыс Сібір  ойпатында және онымен  іргелес  өңірлерде 

жер  обалар  кебірек  тараған.  Үйілген  топырақ  әбден  жайылып,  шәккен. 

Солтүстік Қазакстанның оңтүстігінде және одан оңтүстікке таман шаршы 

және  дөңгелек  тас  қоршаулар  кездеседі,  көбінесе  олармен  бірге  кішкене 

төбешіктер болады. Алакелдік тайпаларға андроновтық ыкпалдың күшеюі- 

не  байланысты тік  бүрышты қоршаулар  Ор  өзенінің оң  жақ жағасындағы 

Қожамберді қорымы сиякты батыстағы ескерткіштерде де пайда болады61.

Ортаңғы қола дәуірінде Батыс және Солтүстік Қазакстанда өлген кісіні 

жерлеудің екі әдісі — өлікті жерлеу мен өртеу әдістері болды. Өлгендер басы 

батысқа қаратылып жерленді, бірак ара-тұра бүдан баскаша жерлеу де кез- 

деседі. Өліктер киімімен көмілді; бүл әсіресе әйелдердің қабірлерінен анық 

көрінеді.

Өлік  ертеу  ғұрпы  бойынша  жерлегенде  мәйітті  өртеу  үрдісі  қабірден 

сыртқарырақ,  арнайы  бөлінген  жерде  өткізілген.  Киімді  сәндейтін  заттар



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет