Министрлігі ғылым академиясы ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих және этнология инст



Pdf көрінісі
бет11/76
Дата26.01.2017
өлшемі21,27 Mb.
#2753
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   76

3.  СОҢҒЫ ПАЛЕОЛИТ

'Соңғы палеолит б. з. б. 40—35 мыңжылдан басталып,  10 мыңжылмен аяқта- 

лады.  Бүл  Жер  шарының барлық климатгық аймактарына адамның кенінен 

тарай қоныстанған және нәсілдер мен нәсілдік топтардың калыптасу уақьггы.

Ақыл-ойлы  адамның  шығуы  мен  соңғы  палеолит  дәуіріндегі  адамзат 

қоғамының материалдык және рухани мәдениетінің одан әрі дамуы арасында 

тікелей  байланыс  бар.  Бұл  кұбылыс  қоғамдык  катынастардың  прогрестік 

дамуымен,  рулық қауымның  калыптасу  үрдісімен,  адам  үжымының  коға- 

мдық ұйымдасуының өзіне тән алғашкы нышаны  ретіндегі  рудың шығуы- 

мен  тікелей  байланысты.  Рулық  ұйым  барлық  жерлерде  ана  тектес  және 

шеше  жағынан  топтасты,  ал  әйелдер  қауымда  үстем  жағдайда  болды  деп 

топшыланады. Сонымен, аналық ру өзара қандас туыстығы арқылы біріккен 

және шешелері жағынан шыққан тегі  бір адамдардың экзогамиялық тобы 

болды. Сондай-ақ әйелдердің қоғамдық өміріндегі жоғары дәрежесі де кауы- 

мдық үй шаруашылығының өзгешілігінен, руды ербітуші ретіндегі әйелдің

79


отбасындағы рөлінен туындады.  Ежелгі адамдардың идеологиялык үғымд- 

арында ру бастығы және ошақ иесі ретіндегі әйелге табынушылықтың пай­

да болуы кездейсоқ емес.

Соңғы  палеолит  дәуіріндегі  адамның  дүниетанымы  күрделене  түсті. 

Аңшылар магиясына табыну кен таралды; мүның негізінде хайуанның бей- 

несін — символын бағындыру арқылы оған өктемдік етуге болады деп сену 

болды.  Магиянын  әмбебап  қүралы  сол  кезде  пайда  болған  алғашкы  өнер 

болды деп топшыланады. Оның басты тақырыбы -  эр түрлі жануарлардың 

суретін  салып,  бітім-тұрпатын,  мүсінін  жасап  бейнелеу  болды.  Сүйектен 

ойып  немесе  жұмсақ тастан  қашап  жасалған  әйел  мүсіндері  жердің  күна- 

рлығын, аналық қасиетті бейнеледі.

Адамның жаны туралы, жердегі тіршіліктің жалғасы сиякты о дүниедегі 

өмір  туралы  ұғымдар  күрделі  әдет-ғұрыптык  рәсімдердің  пайда  болуына 

әкелді. Әлген адамның денесіне кызыл жоса себілді, оның кеудесіне тесілген 

қабыршықтардан,  жырткыш  андардьщ  тістерінен  жасалған  алқа  тағылды, 

аяғынамамонтгың азуынан жасалған білезік кигізілді, киіміне моншақтізбесі 

тігідці. Өліктің қасына шақпақ тастан, мүйізден жасалған заттар қойылды.

Соңғы  палеолиттік  мәдениет  ареалы  Қазақстан  аумағы  үшін  әлі  де 

айкындала қойған жоқ, солай бола тұрса да алдын ала жасалған түжырым- 

дар санының аз болғанына карамастан, ескерткіштерді географиялық жағы- 

нан кең таралған деп үміттенуге мүмкіндік береді. Біздіңше, олардың саны 

аз болуы палеогеографиялық жағдайларға байланысты.  Нак сол кезде күн 

салкындап, куаңшылықтуған, мүның өзі адамдардың мехендеуіне қолайсыз 

жағдай туғызды.

Алдындағы кезеңнің ескерткіштерімен салыстырғанда бұл уақыт түрақ- 

тарының аз табылғанын атап етеміз.  Шығыс Қазакстанда Қанай, Свинчат­

ка, Пещера, Ново-Никольское және Шүлбі тұрақтары мәлім.

Пещера тұрағы Бүктырманың оң жағасында үңгірге кіре берісте орнала- 

сқан. Көмбенің шығыс жағындағы 30—50 см жэне батыс жағындағы 60—170 

см  терендікте  қазба  жұмысы  барысында  палеолиттік  бүйымдар  табылды, 

олардың арасында айналдыра өндеп жасалған қырғыш. қайшы сияқты қал- 

ақшаның сынығы, қайшы тәрізді кұрал, сынық ізді пирамида түріндегі нук­

леус,  шой  балға  және  қара  ш ақпақ  тас  пен  жасыл  кварцит  жынысы 

өндірісінің қадцыктары  бар.  Барлық құралдардың  беі  жағы  өнезденіп,  әк 

ренді болып келеді, жануарлар:  мүйізтұмсык, бизон, үңгір арыстаны  және 

басқалар  сүйектерінің  көмірі,  сынықтары  табылды.  Құралдардың  сипаты 

түрақтың мерзімін жоғарғы палеолит деп шамалауға мүмкіндік береді.

Адцындағы  кезендерге  карағанда  жоғарғы  палеолитте  тас  күралдарды 

өндеу неғұрлым күрделі болды. Сүйек және ағаш жактауларға сына ретінде 

пайдалануға арналған жүқа қалақшалар  жонылып, сонан соң бұл құралдар 

пышақ және қырғыш ретінде пайдаланылған.  Қыспа ретушь техникасы да 

кең  қолданылды,  ол  жүзі  жүқа  кұралдар  —  найзалардың,  сүңгілердің 

ұштарын алуға мүмкіндік берді.

Ертістегі  Шүлбі  тұрағында  5000  тас  бүйымдар  арасында  сынық тастар 

мен қалақшалар,  қырғыштар,  өткір  үштар,  кескіштер, түйрегіштер,  алуан 

түрлі нуклеустер мен өндіріс қалдықтары кездеседі. Тас бұйымдардан басқа 

жұмыр тастардан қаланған, күл қабаты бар ошақтар табылды, ал ошакгар- 

дың айналасында едәуір қашық жерде диаметрі шағын және дөңгелек түрдегі 

қара дақтар жатыр20. Бұлар тұрғын жайдың негізі болған ағаш діцгектердің 

қалдыктары  болуы  ықтимал.  Жердің  қолайлы  орналасуы,  биік  жарқабак,

80


өзен,  орман  —  осылардың  бәрі  адамдарға  пана  болған,  ал  жаз  кезінде 

күйдірген күн мен жаңбырдан бас сауғалагі, ол әзіне уақытша түрғын жай 

салған, мүны қара дақтар мен ошактар дәлелдейді. Мәдени-тұрмыстык ка- 

лдықтармен қоса адам қабірі табылды, онда адам тік күйінде сол бүйірінен- 

жаткызылып, басы батысқа қаратылған. Қаңка өте нашар сақталған, өйткені 

тайызда  жатыр,  бірақ оның табылуының өзі  назар  аударуға лайық.  Шүлбі 

түрағындағы  құралдарды дайындауға пайдаланылған  негізгі шикізат мате­

риалы — халцедон, яшма, шақпақ тас және тау хрусталі. Бұдан кәрініп оты- 

рғанындай, тас ғасырының алдыңғы дәуірлерімен салыстырғанда, алуан түрлі 

тас түрлері және жергілікті жерден шықпағандары да пайдаланылған.  Ал­

тай мен Сібір тұрақтарынан да осыған ұқсас жиынтықтар табылған, мұның 

озі олардың мерзімін 30-25 мың жыл деп белгілеуге мүмкіндік береді21.

Қазақстан аумағында соңғы палеолитгің толық зерттелген ескерткіштері 

коп емес, бірақ колда бар материалдар ежелгі тас ғасыры адамдарының ма- 

териалдық  мәдениеті  дамуының,  сондай-ак  Қазақстан  аумағын  мекендеу 

үрдісінің үздіксіз  жүргенін аңғаруға мүмкіндік туғызады.  Жоғарғы  палео­

лит — адамның одан әрі дамып, тас күралдар дайындайтын жаңа техникасы 

пайда болған және олар жетілдірілген кез.  Бұрынғысынша, ұсак малта тас- 

тардан  жасалған  шапкыш  көне  құралдар,  ауыр  салмакты  қырғыштар,  үш 

бұрышты қалақшалар коп, олар дөнгелек түрдегі нуклеустерден омырылып 

алынған.  Омыру  техникасының  жетілдірілуі  сокқы  жасалатын  беті  жару 

сызығына тура бұрыш жасап тұратындай етіп алдын ала дайындалған при- 

змалы  нуклеустердің  пайда болуынан  корінеді.  Сонын, нәтижесінде  омы- 

рылғаннан кейін нуклеус көп қырлы призма түрін алған.

Жоғарғы палеолит адамының емір жағдайларын сипаттау үшін Онтүстік 

Қазақстандағы Қаратау жотасы ауданында22, Шығыс Қазақстандағы Ертіс- 

те23, Сарысу өзені оңірі мен Солтүстік Балкаш өңірінде24 табылған тас бүйым- 

дар мейлінше толық материал береді.



4.  МЕЗОЛИТ

Қазакстан аумағында мезолит кезеңі осы кезге дейін аз зерттелген.  Бүл 

уақьіттың материалдықмәдениеті туралы алғашқы акпарат 50- жылдарда ғана 

пайда болды25.70-80-жылдардағы В. Ф. Зайберттің Есіл өңірінде, В. Н. Лог- 

виннің Қостанай маңы мен Торғайда жүргізген далалық зерттеу  жүмыста- 

ры  ғана  мезолит  және  оның  далалық  өңірдегі  айрыкша  белгілері  туралы 

жалпы  сипатта  алғашқы  түсініктер  алуға  мүмкіндік  берді.  80-жылдардың 

аяғы мен 90-жылдардың басында Батыс және Оңтүстік Қазақстанда архео­

логиялык зерггеулер жандандырылып, бірнеше жаңа түрақ ашылды.

Полеолиттен мезолитке (грекше  «мезос»  -   орта деген  сөзден  шыккан) 

көшу климаттағы өзгерістермен ерекше болды. Бірінші кезекте бүл мұздық- 

тардың еруімен байланысты. Бұл кезде қазіргісіне жақын  гидрографиялык 

желі  орнығып,  осімдіктер  мен  жануарлар  дүниесінің  казіргісіне  жақын 

құрамы қалыптасады.  «Мамонттық» жануарлар түрлерінің жойылуы тамақ 

табудың бұрынғы әдістерін (қамалап аулау және т. б.) жарамсыз етіп, тіршілік 

кұралдарын  қамтамасыз  етудің  жаңа  әдістерін  жедел  іздестіру  қажеттігін 

туғызды.  Мейлінше  елеулі  фауналық  взгерістер  болған  бір  аймактарда 

егіншілік және мал шаруашылығы элементтері пайда болып, баскаларында 

балық аулау және жинау — аңшылык кәсібі калыптасады26. Әдебиетгемезо-

81


литтің мейлінше әр түрлі хронологиялык шеңберлері мен оның ерекше си- 

пагтамалары  бар.  Қазакстан аумағының далалык өңірі үшін  ең колайлысы 

мезолитгің б.  з.  б.  X -V II  мыңжылдыктар  бойы  болуын  мойындау  керек27. 

«Садақ пен  жебенін  кеңінен  колданылуын,  еңбек  кұралдарын  дайындауда 

сына техникасының таралуын, халықтың орын ауыстыруының артуын ме- 

золиттің  ең  жалпы  ерекше  белгілері  деп  санауға  болады.  Мәдени-шаруа- 

шылык үлгілердің және еңбек кұралдарын дайындау технологиясы сипаты- 

ның  аймақтық  ерекшеліктері  археологиялық  мәдениетті  беліп  көрсетуге 

мүмкіндік береді.  .

Тас ғасырының аяғына карай далалық-орманды далалык өңірдегі жабайы 

жануарлардың түр қүрамы едәуір артып: жылкы, коян, сутышкан, кұндыз, 

қасқыр, түлкі, аю, қабан ~елік, бұлан, каракүйрык, киік, бизон, тур болды28. 

Олардың арасында жануарлар үйірлерінің саны жеткіліктігіне байланысты 

сонау палеолит дәуірінде калыптасқан тобырлы түрде қамалап және куалап 

аулау дағдысы  жойылмады.  Бірақ  Қазақстан  түрғындарының  емірінде  ан 

аулаудың жеке әдістері жетекші маңыз алады.

Алғашкы аңшылар  жоғарғы палеолиттің озінде-ақ жайғаскан  жерлері- 

нен  анды  камалап  аулауға  тиімді  орындарға  коныс  аударды.  Бүл  табиғат 

аймақтарының ауысуына ғана емес, халық санының үлғаюына да байланыс­

ты:  аң аулайтын жер таршылык етіп, тұрғындардың бір бөлігі барған сайын 

алыс солтүстікке, Ертіс, Есіл, Тобыл, Торғай, Орал озендерінің аңғарлары- 

на қоныс аударады. Мезолиттік тұрақтар осы кезге дейін палеолиттік орын- 

дар  табылмаған  жерлерде  пайда  болады.  Сонымен  бірге  бүкіл  Қазақстан 

аумағында осы кезге дейін жиырма шақты ғана мезолиттік тұрақтар мәлім 

және солар ғана жақсы зерттелген, ал палеолиттік (неғұрлым ертедегі) тұрак,- 

тардын  казірдің  өзінде  тіркелгені  жүзден  астам.  Бүл  тұрғындар  санының 

кемігенін  білдірмейді.  Ежелгі  адамның өмір салты  өзгерді,  олар  неғұрлым 

жиі қозғалып, аң аулауға колайлы алаптарды іздестіріп жиі коныс аударып 

отырды. Сондықтан бүгінгі күні ортаңғы тас ғасырыныңтүрақтарын табуға 

байланысты қиындыктар туып отыр:  өйткені олар кебінесе небәрі бір мау- 

сым ішінде ғана болып, олардын орнында материалдық калдықтәр қалмады 

деуге болады.  Сонымен бірге б. з.  б. VIII мыңжылдыкка карай қазіргісінен 

әлдеқайда  жүмсак  болған  жылы  климат  үзақ  мерзімді,  жылы  және  басқа 

түрғын жайлар салуды кажет етпеді, сондыктан аңшылар өз түрақтарынын 

орнын  оңай  әрі  тез  ауыстырып  отырды.  Қызылжар  каласына  жақын  Есіл 

бойынан  Мичурин,  Боголюбов-2,  Явленко-2  тұрақтары  табылды.  Сәл 

оңтүстікте, Атбасар маңында -  Тельман-7, -8а, -9а, -14а, одан да оңтүстікте, 

Қарағанды маңында Әкімбек және Қарағанды-15 тұрақтары бар. Көкшетау 

маңындағы далалық Шағалалы жағалауындағы Виноградовка-2а, -12 тұрак- 

тары мәлім. Торғай ойпаңы ауданында — Дүзбай-6, Қостанай қаласы маңы- 

нда Дачная және Евгеньевка тұрақтары орналасқан29.

Әлбетте тұрақтар езендер мен көлдердің жағасына орналасатын. Жоға- 

рьща айтылғанындай, тұрғын үй құрылыстарының қалдықтары сақталмағ- 

ан.  Есіл өзені аңғарында көлемі 40—60 шаршы метр, қаңкасының, кабырғ- 

аларының  бөренелері  терең  кемілмеген  жеңіл,  тік  бұрышты  құрылыстар 

болған  деп  жорамалдауға  ғана  болады.  Сондай-ақ  лашык  тәрізді  түрғын 

жайлар салынған, олардың орындарында шағын шұңқырлар ғана қалған.

Мезолит дәуірінің ең маңызды өнертабысы — садақ. Шынына келгенде 

адамға ол жоғарғы палеолитте мәлім болған, бірақ оның кең таралуы жеке 

аң аулауға кешуге байланысты ғана мейлінше кажет болды. Садақ пен же-

82


бенің ойлап табылуы өндіргіш  күштер дамуында шын  мәнінде революция 

еді.  Сайып  келгенде  бұл  ежелгі  адамның  шаруашылық  өміріндегі  түбірлі 

өзгерістерге жеткізді. Садак пен жебе барлық жерге дерлік тез таралды.  Ол 

10 мың жылдан астам уакыт бойы ең тез атылатын және ең жаңа қару бол­

ды.  Оның найза мен шанышқыдан артыкшылығы нысананы алыстан атуы- 

нда ғана емес, сонымен катар ату әдістерінің алуан түрлі: тұрып та, жатып 

та, отырып та атуға болатындығында еді.

Мезолитте еңбек күралдарын дайындау техникасында да одан әрі прин­

ципа  өзгерістер  болды:  олардың  мелшері  тастың  молшеріне  байланысты 

болған жоқ. Бұл кыстырма техникасының арқасында мүмкін болды.  Оның 

мәні мынада еді:  заттың (пышактың, канжардың, жебе мен найза үшының) 

негізі сүйектен немесе ағаштан жасалды. Олардың негізіндё үзынша киык- 

тар-саңылаулар жасалып,  оларға үзындығы  2—1  см пышак сияқты тас кал- 

ақшадан істелген әткір үш салынып, кара маймен немесе кара майлы затпен 

бекітілді30. Сөйтіп осындай калақша бейімделген нүсқаныңтүпкі түрі ретін- 

де  (оның  үстіне  Қазакстан  аумағында  ғана  емес,  іс  жүзінде  бүкіл  әлемде) 

кеңінен  таралды.  Бейімделген  нұсканы  косымша  ендеу  және  оларды  не- 

гізге немесе сапка бекітудің әр түрлі әдістері арқылы іс жүзінде кез келген 

еңбек  құралын дайындауға  болатын  еді.  Сол кезде  олардың  жаппай тара- 

лғандары мыналар: жебелердің, шанышкылардын, найзалардың ұштары, тері 

ондеуге  арналған  кырғыштар  мен  сүргілер,  пышактар,  әр түрлі  түйреуіш- 

тер, теріні, сүйек пен ағашты ендеуге, санылау тесуге арналған сүргілер мен 

біздер, кескіштер, жебе сабын өндеуге арналған кырғылар. Тас сыныь  гары- 

нан көбінесе кырғыштар жасалған.

Қазакстан мезолиті ескерткіштерінен табылған материалдықкалдыктар 

кешенінің Оңтүстік Орал, Батыс Сібір, Шығыс Каспий маңы енірі ескерткі- 

штерінен  елеулі  айырмашылықтары  жок.  Жебелер  үштарының  түріндегі 

және бейімделген нұсканы косымша өндеу әдістеріндегі болмашы айырма- 

шылықтарды ғана атап өтуге болады. Мысалы, Мичурин, Дүзбай-6, Дачная 

түрақтарындағы геометриялық нысанда қыстырмалар жоқ. Сонымен бірге 

бұлардағы кыстырма калақшалар тым шағындығымен ерекшеленеді, с ондық- 

тан  «микролиттер»  деп  аталғаі^Бұл  ерекшеліктер  аумақтык  та,  хроноло- 

гиялык  та  бола  ататын  еді.  Маңғыстау  түбегінің  мезолиттік  мәденкетінің 

калыптасуы туралы  мәселе  адамның Арал-Каспий  су айырығын  игсру та- 

рихымен озаратығыз байланысты31. Маңғыстаудың мезолиттік түрағы (Қызы- 

лсу-1  және  баскалар)  мен  Солтүстік-Батыс  (Айдабол тобы) және  Онтүстік- 

Батыс (Дефе-Шығанак) Үстіртгіңсоларғажакын ескерткіштері ұшты кырғы- 

штардың үлкен  тобымен, жиектері  ұсақ оймалы  және  иілген  қырғылармен, 

ассимметриялы жэне сирек болса да симметриялы трапециялармен,  «шағын 

кескіштермен»,  кескіштермен,  сабынан  суырылатын  жапырак сиякты  жебе 

үштарымен, кыстырмалармен, ұшы киғаш өткір бізімен, калақшалармен және 

қабаттары өнделген ұшы бар сынык тастармен сипатталады.





Аубекеров  Б.  Ж .  Криогенные структуры  и  криолитозоны  плейстоцена  Казах­

стана.  -  Изв.  А Н   СССР.  Сер.  географ.  1990,  N°  4.

2Алпысбаев  X.  А. Памятники нижнего палеолита Ю жного Казахстана. А.,  1979.

3 Бүл да  сонда.

Алпысбаев  X.  А.  Олдувея,  М агадевиана  индустриясы  ж э н е   олардың  Кар- 

атау  бұйымдарымен  байланысы.  / /   П оиски  и  раскопки  в  К азахстане.  А .,  1972, 

47—56-6.

5  Movius  Н.  Early  man  and  pleistocene  stratigraphy  in  Southern  and  Eastern Asia

83


Papers  o f the  Peabody  M useum  o f Am .  archaeol.  and  ethnol.  Cambridge,  M ass.,  1944. 

Vol.  XIV.  N   3,  284 p.

6  Алпысбаев  X.  А.  Значение  палеолита для  расчленения  антропогенных отложе­

ний.  —  Мына  кітапта:  Культура  древних  скотоводов  и  земледельцев  Казахстана.  А., 

1969,  119-6.

Медоев  А.  Г.  Геохронология палеолита  Казахстана.  А.,  1982.

8  Деревянко  А.  П.,  Аубекеров  Б.  Ж.,  Таймагамбетов  Ж.  К.  и  др.  Палеолит 

Северного Прибалхашья  (Семизбугу  пункт.  2.  Ранний-  поздний  палеолит).  Новоси­

бирск,  1993.

Алпысбаев  X.  А.  Памятники нижнего  палеолита  Южного  Казахстана.  А.,  1979.

10 Медоев  А.  Г.  Геохронология палеолита Казахстана.  А.,  1982.

11  Таймагамбетов  Ж.  К.  Проблемы палеолита Западного Казахстана.  — Тез. докл. 

Всесоюз.  арх.  конферен.  М.,  244-245-6.

12  Таймагамбетов  Ж.  К.  Древнейшая стоянка человека в Восточном  Казахстане.

—  Маргулановские  чтения.  Петропавл,  1992,  26-27-6.

13  Таймагамбетов  Ж.  К.  Геоморфологическая  ситуация  и  стратиграфия  много­

слойной палеолитической стоянки  им.  Ч. Валиханова.  — Мына жинакта:  Палеология 

и расселение древнего человека  в Северной  Азии  и Америке.  Красноярск,  1992.

14  Таймагамбетов  Ж.  К.  Палеолитическая стоянка  им.  Ч.  Валиханова.  А.,  1990.

15 Деревянко  А.  П.,  Таймагамбетов  Ж .  К. и др.  Исследования в Южном Казахста­

не.  -  АО,  М.,  1993,  197-6.

16  Таймагамбетов  Ж.  К.  Палеолитические  памятники Центрального  Казахстана.

—  Мына кітапта:  Археологические,  этнографические  и  антропологические  исследо­

вания в Монголии.  Новосибирск,  1990,  103-106-6.

17 Медоев  А.  Г.  Об истоках древнего  палеолита Сары-Арки.  / /  Изв.  АН  КазССР. 

Сер.  обществ, наук.  1965. Вып. 4,7-6.; Соныкі.  Каменный век Сары-Арки в свете новей­

ших исследований. / /  Изв.  АН  КазССР. Сер.  обществ,  наук,  1964.  Вып.  6,  92-6.

18  Медоев  А.  Г.  Геохронология  палеолита  Казахстана.  А.,  1982.

19  Таймагамбетов  Ж.  К ,   Нуркабаев  М.  С.  Исследования  на  Мангышлаке.  / /  

Археологические открытия,  1985. М.,  1987,581-6.;  Таймагамбетов  Ж.  ^.П роблемы 

палеолита  Западного  Казахстана.  / /  Тезисы  докл.  Всесоюзн.  арх.  конф.  «Задачи  со­

ветской археологии в свете решений XXVII  съезда КПСС».  М.,  1987, 244-245-6.

20  Черников  С.  С.  Находки  палеолитических  стоянок  в  Восточном  Казахстане. 

/ /  Вестник АН  КазССР,  1951,  №  12, 63-7 0 -6 .

21  Таймагамбетов  Ж.  К.  Памятники каменного века.  — Мына кітапта: Археологи­

ческие  памятники  в зоне затопления  Шульбинской  ГЭС.  — А.,  1987,1 тарау.

22 Костенко Н.  Н.,  Алпысбаев X.  А.  Палеолит в районе Турланского перевала хре'гга 

Каратау. / /  Вестник АН КазССР,  1966,  №   8, 67-6.; Алпысбаев  Ж.  А.  Находки памятни­

ков каменного века в хреОте Каратау. / /  Труды ИИАЭ А Н  КазССР,  1962, т.  14,  20-6.

23  Черников  С.  С.  Находки  палеолитических  стоянок  в  Восточном  Казахстане,

63-70-6.;  Таймагамбетов  Ж.  К. Стоянка  эпохи каменного века в зоне Шульбинской 

ГЭС. //П роблем ы   археологии и  этнографии Сибири.  Иркутск,  1982, 27-29-6.

24 Клапчук  М.  К. К вопросу об археологических культурах Центрального Казахстана в 

верхнем плейстоцене. / /  Культура древних скотоводов и земледельцев Казахстана. А.,  1969, 

121—135-6.; Медоев  А.  Г.  Геохронология палеолита Казахстана. А.,  1982.

25  Формозов  А.  А.  Новые материалы  о  стоянках  с  микролитическим  инвентарем. 

//К С И И М К ,  1949, Вып.  25.

“  Матюшин  Г.  Я. Мезолит Южного Урала.  М.,  1976.

Логвин  В.  Н.  Каменный век Казахстанского Притоболья (мезолит-энеолит). А., 

1991;  Кисленко  А.  М.  О перспективе формирования  курса  «Древняя  история Казах­

стана».  А.,  КазНГУ,  1994.

Ахинжанов  С.  М.,  Макарова  Л.  А.,  Нурумов  Т.  Н.  К  истории скотоводчества 

и  охоты в Казахстане.  А.,  1992.

Логвин  В.  Н.  Каменный век Казахстанского Притоболья (мезолит-энеолит). А.,

1991;  Зайберт  В.  Ф. Атбасарская культура. Екатеринбург,  1992;  Чиндин  А.  Ю. Камен­

ные индустрии племен Центрального Казахстана эпохи мезолита-энеолита. Автореф. 

дисс.  к.  и.  н.  СПб.,  1992.

30Мартынов  А.  И.  Археология СССР.  М.,  1973.

Jl  Таймагамбетов  Ж.  К.  Палеолит  Казахстана.  Автореф.  дисс.  д.  и.  н.  Новоси­

бирск,  1993.

84


Е   к  і  н  ш  і 

т  а  р   а  у

ЖАҢА ТАС ҒАСЫРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН

1. НЕОЛИТ

Бұл дәуірдің басы шамамен б. з. б. VII мыңжылдыктың екінші жартысы 

мен  VI  мыңжылдықтың  басына  тұстас  келеді.  Бұл  тас  өңдеуде  техника 

гулденген кез болды. Еңбек күралдарын өндіру барған сайын маманданды- 

рылды. Қыспа ретушь техникасының жетілдіруімен катар тас өндеудің тегіс- 

теу,  бұрғылау,  арамен  кесу  сиякты  жана  технологиялык  әдістері  шықты. 

Тас балталар, кетпендер, дәнүккіштер,  келілер, келсаптар жасала бастады. 

Нефриттен, яшмадан, серпентениттен, баска да тастардан әшекейлер-білезік- 

тер, алқалар жасалды.

Неолит дәуірінің аса маңызды белгісі табиғаттың дайын өнімдерін ием- 

дену орнына -  жиын-терін мен аң аулаудың орнына келген өндіруші шару- 

ашылыкка  негіз  болған  мал  шаруашылығы  мен  егіншіліктің  тууы  болып 

табылады.  Шаруашылыктың жаңа түрлері  шығуынын адамзат коғамынын 

дамуы  үшін  орасан  зор  маңызы  болды,  адамның  еңбек  кәсібінін  саласын 

кеңейтті, сонымен катар онын сипатын сапасы жағынан өзгертгі. Адамның 

экономикалык кызметінің одан кейін талай мың жылдарға созылған бүкіл 

тарихы едәуір дәрежеде осы екі шаруашылыктың даму, жетілу тарихы бо­

лып табылады.

Неолит дәуірінде  алғашкы  адамдардык  колы  жеткен  өндіргіш  күштер 

дамуының деңгейі  баска да  мәдени-тұрмыстык жаналыктардың  шығуына 

себепші  болды.  Қазақстанның ежелгі тұрғындарында кен  кәсібінің баста- 

малары шыкты.  Қыш құмыра ісі, токымашылык дамыды.

Әлеуметтік  жағынан  алғанда неолит дәуірі  рулык  кауым дәуірі  болды; 

онда ұжымдык еңбек және өндіріс кұрал-жабдыктарына ортақ меншік үстем 

болды. Сонымен бірге мүның өзі қоғамның үйымдасу түрлерінің неғұрлым 

жоғары  дамыған  уақыты  болды:  тайпалар  немесе  тайпалык  бірлестіктер 

қүрылды.  Тайпалар  қандас-туыскандык  байланысына  карай  және  шаруа- 

шылығының  біртекті  сипатына  карай  біріккен  бірнеше  (саны  азды-көпті) 

рулық кауымдардан кұрылды.

Қазіргі уакытта Қазакстан аумағында 600-ден аса неолиттік және энео- 

литтік  ескерткіш  мәлім.  Неолиттік  түрақтар  орналасу  сипатына  карай  -  

бұлақтык,  езендік,  көлдік, үңгірлік  түрак деп  торт түрге  болінеді.  Әдетте 

өзендік тұрактарда, сондай-ак көлдік үлгідегі түрактарда едәуір көп заттар 

табылады;  мүның  өзі  бұл  жерлерде  адамның  түракты  немесе  ұзак  уакыт 

түрғанын  көрсетеді.  Мұндай тұрақтардағы  негізгі  кұрал-саймандар -   пы- 

шақ тәрізді қалақтар және солардан жасалған  заттар.

Қазакстан аумағында бұлақтыктұрактар неғүрлым коп  кіраган, өйткені

85


86

шөл және шөлейт аймақтарда езендер аз болады. Бұлақтардың жанындағы 

тұрактар — көбінесе кезбе аңшылардың уакытша, маусымда тұрған жерлері.

Қазақстанның  шөл  даласындағы  неолиттік  ескерткіштердің  бір  ерек- 

шелігі сол,  олардың кепшілігі — ашык үлгідегі тұрақтар.

Барлық түрактарда жергілікті материалдардан жасалған тас күралдар — 

жебелер мен найзалардың үштары, балталар, кашаулар, пышақтар, кырғы- 

штар табылды. Белгілі бір кұралдарды жасау үшін тастардың түрлері сара- 

ланып, іріктеліп алынатын болды. ІПикізаттың алуан түрлі болуы оны үксат- 

удың әр түрлі техникалық тәсілдерін дамытып, жетілдіруге себепкер болды. 

Қазакстанның неолиттік ескерткіштері бірнеше аумактықтоп кұрайды, бұл 

топтардың мәдениеті жағынан бір-біріне жақын, туыс тайпалардың мекен- 

деген  аудандарына  сай  келуі  ыктимал.  Дала  неолитін  Ежелгі  Шығыс  ел- 

дерінің мәдениеті дамуының  ұксас кезендерімен салыстырған  кезде мезо­

лит дәуіріне карағанда бұл уақытқа карай түрлі аумақтарда тарихи дамудың 

біркелкі болмауы бүрынғыдан да айкын аңғарылатынын есте сактау керек. 

Егер далада неолиттің хронологиялык шеңбері б. з. б. VI—IV мыңжылдық- 

тың орта шені  шегінде белгіленсе,  Алдыңғы  Азия  үшін  ол б.  з.  б.  VIII—VI 

мыңжылдықтарды  камтиды.  Өндіруші  шаруашылыктың  негіздері  де  нак 

сонда  калыптасады.  Әдебиетте  алғашкы  тайпалар  шаруашылығындағы 

түбірлі озгерістер «неолиттік революция» деп аталды. Тамак ендіруге, жеу- 

ге жарайтын өсімдіктерді, әсіресе дәнді  өсімдіктерді саналы түрде осіруге, 

жануарларды қолға үйретуге, есіруге және іоіктеуге кошу адамзат тарихында 

адамның  от  жағу  өнерін  меңгергенінен  кейінгі  аскан  зор  экономикалык 

революция болды.  Ол адамның оз бакылауында болып, оған  шексіз дерлік 

мүмкіндік беретін және одан мұны талап ететін неғұрлым бай және сенімді 

тамак көзін пайдалануға мүмкіндік берді1. Неолитте Ежелгі Шығыста дәнді 

дакылдардын  барлык түрлері,  кокөністердін,  жеміс-жидектердің  едәуір 

түрлері  осіріліп,  казіргі  үй малының барлық түрлері  колға  үйретілді деуге 

болады.  Ал жылқы  энеолитте  Евразия далаларында  колға үйретілді  -   бүл 

окиғаны  «неолиттік  революцияның»  манызды  компоненттерінің  бірі  деп 

атауға және оның аякталуы деп карастыруға болады. Бірак далалык аймак- 

тың неолиттік коғамының шаруашылығыпда ерекше озгерістер әлі де бола 

қойған жок -  мұнда бұрынғысынша тамак табудың негізгі козі аң және ба­

лык ayhay болды. Сірә, континенттік климат халык санының артуына қол- 

айлы  болмай, табиғи ресурстар халык кажеттерін  канағаттандыруға әбден 

жеткілікті болса керек. Жерортатеңізінің неғүрлым жүмсак және бірыңғай 

климаты аймақга демографиялық жағынан артық жағдай туғызып, Шығыс 

елдерінде  адам  ан,  балык  аулау  мен  жиын-терінге  коса  косымша  тамак 

коздерін  өте  ертерек  іздестіруге  мәжбүр  болды,  өйткені  коғамның  каже- 

ттері табиғи ортаның сол кезде болған мүмкіндіктерінен асып кеткен еді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет