Бесшатыр обаларынын архитектурасы
және қүрылыс техникасы
Бесшатыр қорымының көлемі 2 шаршы шақырым жерді алып жатыр.
Алайда Бесшатыр обаларымен байланысты ескерткіштердің таралған жері
корымның оз ауқымынан әлдекайда кен. Мәселен, корымның солтүстік-
шығыс жағындағы 5 шақырым жердегі төбеде алты коршау орналаскан, олар
келбеті мен салынуы жағынан Бесшатыр обаларына ұқсас. Обалардың ба
тыс жағында үш шақырым жерде нак осындай терт қоршау бар. Одан да
әріректе, батыс жағындағы 10 шақырым жерде де осындай, оңтүстіктен со-
лтүстікке карай орналаскан 45 коршау жатыр.
Қорымның төңірегіндегі бұл кұрылыстардың орналасуы, олардын сыр-
тқы түрі, кұрылымдары мен колемінің бірдейлігі оларды Бесшатыр кабірле-
рімен бір мезгілде салынған жэне олармен байланысты деп санауға негіз
береді. Менгирлерден корымдар төңірегіне карай ашык салынған корша-
улар — Бесшатыр обаларына байланыссыз, кайта негізгі объектіні толыкты-
ратын сияқты.
Сірә, Бесшатыр кешені Іле озенінің аңғарында мекендеген Жетісу сак-
тарының киелі орны болса керек. Орасан зор Бесшатыр патшалык обалары
орналаскан жерге сактар ғасырлар бойы келіп табынып, сансыз көп қүрба-
ндықтар әкелген, ас беріп, бата қылған, әр түрлі діни жоралғылар жасаған.
Мұндай діни салтанаттар мен жоралғылар өткізілетін орындарға менгирлер
мен қойтастардан үлкен қоршаулар тұрғызылған.
Бесшатыр корымының барлық обаларына — үлкендері мен орташалары-
на да, кішілеріне де біркелкілік тән, олар тастар мен ірі киыршық тастардан
үйілген, төбесі жалпак (трапеция тәрізді), етегіне тас тығыз қиюластырып
қаланған болып келеді. Үлкен обалар құрылымының ерекшелігі — үйінділер
етегіндегі ордың терең болуы, обалардың астына кіретін жер осы орлардан
басталған. Тегінде, жерлеу және обаны тұрғызу жоралғылары жасалғаннан
кейін жер астына кіретін есік бата кылу, құлшылық ету және қүрбан шалу
169
үшін белгілі бір уақытқа ашық қалдырылып, сонан соң обаның кірер ауыз
үстіндегі топырағының бір бөлігі құлап басып калған болса керек.
Сәулет өнерінің ескерткіші ретінде Бесшатырдың әрбір үлкен обасы
қүрылыстың екі түрінен: сыртқы және ішкі түрлерінен тұрады. Сырткы
құрылыс - тығыз қаланған тастардан, тас дуалдардан және үйінділер
төңірегіндегі менгирлер мен койтастар тізбегінен тұратын үйдің үстіңгі қаб-
атында орнатылған сиякты жалпақ төбелі үшкіл үйінді. Үйінді архитекту-
расында жер астына түсетін ор және ішкі құрылыстары - ағаш қабір мен
куыстар маңызды ескерткіштер болып табылады.
Мүның бәрі сақтайпаларында Бесшатырдағы ғұрыптық кұрылыстар са-
лынғанға дейін-ақ архитектуралық-кұрылыс тәсілдері мен түрлері: төрт
бұрышты және дөңгелек етіп жоспарлау, тас қалау әдісі, ағаш өндеу дағды-
лары мен ағаштан құрылыс салу, құрылыс кезінде ағашты, қамысты, тасты
шеберлікпен ұштастыра пайдалана білудің ертеде-ақ орныкқанын дәлел-
дейді. Сірә, мұндай күрылыс тәжірибесі ғұрыптық ескерткіштерді салу нәти-
жесінде ғана емес, сонымен қатар түрғын үйлер мен қора-қопсылар салу
кезінде де жинақталған болса керек.
Бесшатырдың ғұрыптық құрылыстары тайпаларының көсемдерін мәңгі
есте қалдыруғатырысқанын көрсетеді. Құрылыс салғанда оларды бүлінбейті-
ндей (тонамайтын) ету ғана емес, сонымен бірге «мәңгі» тұратындай етіп
салу мақсаты да кезделді. Сақтардың түсінігі бойынша, ескерткіш езінің
көлемі жағынан көсемнің кұдыреті мен байлығына сай келіп, келер ұрпактьгң
бойына құрмет және қорқыныш сезімін үялатуға тиіс болды.
Бесшатыр обалары ездерінің кернектілігімен зор эсер қалдырады. Үлкен
обаны түрғызу үшін ғана елу мын, текше метрден астам топырақ, тас, киы-
ршық тас пайдаланылған, ал оның үстіне қорымнан 3 шақырым жерде ор-
наласқан ең жақын таулардан мыңға жуық тақга тастар мен қойтастар та-
сып әкелінген.
Оба үйінділерін стратиграфиялық зерттеу бұл үлкен қорғандардың
әрқайсысы тастар мен топырақгы жөн-жосықсыз текшелеу ғана емес, кайта
құрылымы адцын ала ойластырылған сәулетті ғимарат екенін көрсетеді.
Топырақгың көп қабат етіп үйілуі оба ішіндегі ағаш қүрылысқа қажетті мик
роклимата қалыптастырып, ескерткіш-обаның өз сынын ұзақ уақыт сақ-
тауына да эсер еткен.
Үйінділердіңкөлемі жағынан корым обалары үлкен, орташа және кіші
больш бөлінеді, үйінділердің осы үш тобына қабір қүрылыстарының эр алуан
түрі: үлкендері мен орташаларына — бөренелерден түрғызылған кабір, киіз
үй тәрізді бейіт, ал барлық кіші обаларға жерден қазылған шүңқыр (кейде
оған салынған тас жәшік) сәйкес келеді. 14-ші обадағы киіз үй тәрізді ша-
тырлы бейітке ешқайсысы үқсамайды. Әзірше од скиф-сармат мәдениетінін
обаларынан табылған осы түрдегі бірден-бір құрылыс.
Бесшатыр құрылыстарын салуға қажетгі беренелер оба орналаскдн орын-
нан шамамен 200—250 шақырым болатын Іле өзенінің арғы бетінен, Іле Ала-
тауының сілемдерінен дайындалған. Сол жерде, ағаш кесілген, бұтактары
мен бұдырларынан тазартылып, жасалған кертпелер аркылы оларды өзенге
суйретіп апарып, салмен қүрылыс салынатын жерге жеткізген. Бұл орайда
қыл арқандар мен ши талшықтарынан есілген арқандар пайдаланылған.
Ағаш кесу, беренелерді қысқарту және басқа да ауыр жұмыстар жүзі тез
мұқалатын ауыр қола балталармен орындалған. Бөренелерді өндеу сан алу-
170
ан шоттар, кашаулар, үскілер, кола шапашоттармен жүргізілген болса ке
рек.
Бесшатыр обаларын қазғандағы материалдар Жетісудың сақ тайпалары-
ның мәдениеті туралы түсінікті байытатүседі. Олар көпжылдықтәжірибенін,
жоғарыда атап етілгеніндей, жерлеу кабірлерін салу кезінде ғана емес, со
нымен қатар тұрғын үйлер салу кезінде де жинақталғанын дәлелдейді. Бұдан
Жетісу сақтары «таза» көшпелі болған жок, олар жылдың жылы маусымда-
рында ғана көшіп, суық түсісімен қыстайтын жерлеріне барған да, қыскы
тұрғын үйлерінде қыстаған деген қорытынды шығады. Тұрғын үй салғанда
олар ағаш, тас, қамыс, бүта сияқты жергілікті материалды пайдаланған.
«Есік» обасы
Есік обасы 40-тан астам обадан тұратын үлкен қорымның оңтүстік шетін-
де орналасқан. Обаның диаметрі 60 м, биіктігі 6 м. Үйілген топырақгың құры-
лымы айқын емес, бірақ көп қабатты (3—4 кабат), малта тас қабаты киы-
ршық-сазды қабатпен ауысып отырады, орталыктағы моланың айналасы-
нан ірі қойтастар жиынтығы байкалады. Үйінді астында екі кабір: орталык
және бүйірдегі (оңтүстік) қабірлер бар. Ортадағы кабір карақшылардың неше
дүркін тонауының салдарынан әбден шөккен. Бүйірдегі қабір сол күйінде
сақталған. Лақыт Тянь-Шань шыршасының өнделген бөренелерінен салы-
нған, оның кәлемі: ішінен елшегенде 2,9x1,5 м, сырты — 3,3x1,9 м, қабаты-
мен коса алғандағы биіктігі 1,3—1,5 м.
Лақыттың оңтүстік және батыс бөліктеріне ыдыстар койылған, ал
солтүстік белігінде, лақыттың тура тактай еденінде жерленген адамньщ
сүйектері жатыр. Ағаш қалдықтары мен темір тұтқаларға карағанда, өлік
ағаш қақпақпен жабылған болуы керек. Ол басьш батысқа каратып, шалқасы-
нан созылып жатыр, бас сүйегінен өкше сүйегіне дейінгі ұзындығы 165 см.
Есік обасындағы қабір құрылысы, сірә, былайша тұрғызылған болса ке
рек: әуелі ұзына бойы батыстан шығысқа бағытталған тікбұрышты қабір
шұңқырын қазған. Оның түбіне берене қима - лақыт жасалған. Оның күры-
лымы өте қарапайым: ұзындыктары бірдей бөренелерді көлденеңінен лакы-
ттың кабырғасы болатындай етіп қаластырған. Бұрыштарында беренелер
өзара байланбаған, тек түйісіп қана тұр, лақытгың ұзын және келденең қабы-
рғаларындағы бөренелердің ұштары қабірдің опырылып түспеуі үшін ке-
зек-кезек үмсындырылып шығарылған.
Лақыттың қабырғаларына бөренелер бес катар етіп салынып, ол үстінен
де үзын қабырғаларына көлденеңінен қойылған бөренелермен жабылған.
Түбіне жақсылап өңделген он тақгайдан бір біріне жақсы киюластырып
еден төселген. Еденге елік пен неше түрлі нәрселер койылған.
Шамасы, еденнің өлік жатқызылған тұсына үсақ алтын каптырмалары-
мен әшекейлеп тігілген мата төсеніш төселген болуы керек. Төсеніш үстіне
тамаша сәнді киімі кигізіліп, бес каруы түгел асылған өлік койылған. Ор-
ныққан салт бойынша, елік аяқ-қолы созылып, басын батысқа, бетін жоға-
РЫ қаратып шалқасынан жатқызылған, оң қолының саусақтары кіндігінен
төмен қойылып, сол қолы бір жағына созылып жатыр.
Он жағында бел тұсына ағаш қыны бар темір семсер койылған. Қару
ілетін аспалы белдікке алтын қаптырмалар мен жолбарыс басыньщ бедерлі
бейнесі бар өткерме шегелеген. Белдіктің сол жағына шауып бара жаткан
171
бұлан мен ат пішінінде жасалған екі алтын тілігі жапсырылған, кайыспен
қапталған ағаш кыны бар темір ақинак ілінген. Оның әшекейлері арасынан
белдіктің аспалары үшін жасалған, бүктетілген қасқырдың бедерлі бейнесі
салынған цилиндр формалы екі қаптырма-тоға ерекше көз тартады.
Сол колының карында алтын ұшты символды жебе, одан жоғарырак сабы
жалпак алтын таспамен бунактала оралған камшы, одан жоғарырак — ішіне
қола айна мен кызыл бояу салынған шағын жібек коржын жатгы.
Лакытгың еденіне өлік тамағы салынған және ғұрыптың ыдыстар койы-
лған. Жазуы бар күміс тостаған мен оқшауырактұрған алтынмен апталған
қола тегененің де соларға жататыны анық. Оның ішінде жырткыш құстың
тұмсығы мен тырнақтары түрінде жасалған бірнеше мүсіндік алтын тіліктер
жатыр. Ыдыстардың бірде-біреуінен жануарлардың сүйектері - ет тағамы-
ның қалдықтары табылған жок.
Ыдыстарды орналастыруда белгілі бір тәртіп сақталған. Қыш және ағаш
ьщыстар бөлек қойылған. Оңтүстік кабырғаға жақын ағаш ыдыстар, арт
жағында — екі қатардатөрттабакша, алдьщғы жағында - тегенелер мен ожау
тұр. Екінші кабырға жанына кыш кұмыралар бір-біріне түйістіріліп, бір кат-
арға тізіліп қойылған, олардың алдында тегенелер орналаскан, тегенелердің
арасында екі күміс тостаған мен қасық бірге койылған. Қола аяқ бөлек, каңк-
аның бас жағында тұр. Лақытгың шығыс кабырғасы жағындағы еден бөлігі
заттардан бос. Сірә, лакыттың есігі (Бесшатыр обаларындағы сияқты) оның
шығыс жағында болса керек.
Жерлеу ғүрпы жасалып, дене қойылған соң лақыт қысқа бөренелер-
мен жабылып, шүнқыр топыракпен көмілген де, сонан соң топырақ
үйілген.
Антропологтардың анықтауынша, Есік обасына жерленген адам 17—
18 жасар, бет бітіміне карағанда ол сақтарға жатады. Ол алтынмен мол
тігілген сәнді киім киінген. Басына түгелдей түрі де, колемі де әр түрлі
алтын қаптырмалармен сәнделген, төбесі шошак, биік (65—70 сантиметр-
ге дейін) бас киім киген. Бас киім жылқы барыс, тау теке, қүс бейнелен-
ген 150-дей алтын каптырмалармен және тоғалармен сәнделген. Есік
жауынгерінің мойнында — ұшы жолбарыстың басы іспеттес алтын алқа,
сол жақ сырғаларында - перу задан жасалған салпыншақтары бар, көз
салған алтын сырға болған. Үстіне мата көйлек кигізілген, онын өңірі
мен жендері неше түрлі алтын қаптырмалар мен тізбелер араластырып,
әшекейлеп, кестеленген; көйлектің сыртынан киілген қызыл бояумен
боялған былғары бешпенттің өн бойы жолбарыстың басы бейнеленген
алтын тоғалармен және үш сала жапырақ формасындағы кішкене тоға-
лармен капталған. Бешпенттің сыртынан зооморфтық стильде жасалған,
көздің жауын алатын он алты келемді қаптырмамен қапталған құрама
белдік тағылған. Белдіктің оң жағына қызыл қынға салынған ұзын темір
семсер, сол жағына бүлан мен жылкы бейнеленген алтын қаптырмалар
шегеленген қыны бар темір ақинақ ілінген. Шалбар тігіс-тігісі бойымен
ұсак алтын шеттіктермен әдіптелген және балақтары бешпенттегідей
алтын қаптырмалар шегеленген саптама етікке сүғындырылған. Сақ
жауынгері саусағына екі алтын жүзік таққан, олардың біреуі — сәнді
бас киім киіп қырын қарап тұрған адамнын, бас бейнесі бар алтын (жүзік-
мер). Есік обасындағы қабірдің мерзімі б. з. б. IV ғасырдың алғы — III ғ.
деп белгіленіп отыр.
172
Сак заманындағы қатардағы кауым мүшелерінің кабірлері көлемі,
бейіттік кұрылыстың кұрылымы мен койылған заттары жөнінен бесша-
тырлық және есіктік үлгідегі патшалық кабірлерден мүлдем өзгеше.
Сак мәдениеті алдыңғы кезеңінің (б. з. б. VII—VI ғасырлар) мұндай
жерлеу орындарына Кдрғалы-1 және Алтынемел-2 қорымдары жатады.
Қарғалы-1 корымы осылай аталатын қойнауда (Алматыдан батысқа
қарай) орналасқан. Мұндағы обаларға да тас үйінді тұрғызылған, олар-
дың астында сүйек салынған тас жәшіктер болды. Сүйектер созылған
күйінде, бастары солтүстік-батысқа карап жатты. Ескерткішті зертте-
ушілер Қарғалы-1 қорымының мерзімін б. з. б, VIII—VII ғасырларға,
коладан сақтарға ететін өтпелі дәуірге жатқызады30.
Ш олақ тауларының Алтынемел асуындағы тас жәшікті жерлеу орын-
дары алдыңғы сак заманына жатады. Мұндағы тас жәшіктер қырынан
кемілген жалпақ тақта тастардан құралған да, үзына бойымен батыстан
шығысқа бағытталған.
Жуантебе корымындағы обалар да сақ мәдениетінің алдыңғы кезеңіне
жатады. Олардың көлемі шағын, өзеннін малта тастары аралас топырақ-
тан үйілген. Қабірлерде адам сүйектері колденең қойылған ағаштармен
жабылған, ұзына бойы батыстан шығысқа қарай бағытталып, жер
шүңқырларда жатты. Жерленгендердің жанынан табылған қола ауыз-
дықтар, пышақтар, сүйек пен ағаштан жасалған тарақтар, моншактар,
тартпалардың қола айылбастары және керамикалык ыдыстар Жуантөбе
мерзімін б. з. б. VI—V ғғ. деп белгілейді31.
Соңғы сақ заманының (б. з. б. V—IV ғғ.) біршама жақсы мәлім Қады-
рбай-3, Қарашоқы және Қызылауыз сияқты ескерткіштер сол заманға
жатады.
Ш олақ тауларында, Іле өзенінің он жағасында орналасқан Қар-
ашоқы32 қорымында казылған обаның топырақ пен қиыршык тас арала-
сқан шағын үйіндісі; үйінді үстінде дөңгелек қоршау мен оның сырты-
нан қоршалған тағы бір қоршаудың тастары болды. Адам жерден қазы-
лған шүңқырға жерленген. Қабірдің ішінен б. з. б. V—IV ғасырларға
жататын жебелердін үңғылы қола үштары табылды33.
Қадырбай-2 (Іле аңғары) корымының обаларындағы үйінді тас ара
лас топырақтан тұрғызылып, олардын іргелерін белдеулей тас каланған.
Жерден қазылған шүңқырдың түбіне қойылған тас жәшіктердің ішінен
шалқасынан созылған күйінде, басы солтүстік-батысқа немесе батысқа
Қаратып жерленген өліктердің сүйектері табылды. Қабірлерден б. з. б.
IV—III ғасырларға тән керамикалық ыдыстар, аңдық стильде сәнделген
қола тоға және сабы бар қола айна шықты. Жерлеу мезгілі б. з. б. IV—III
ғғ. деп белгіленеді.
Тұрақты жерлеу ғұрпы мен құрал-саймандар Қызылауызға да тән35.
Жетісу қолалары
Кездейсоқ олжалар мен көмбелерден табылған мыс және қола за
ттар сақ тайпаларының материалдық мәдениетінің тарихы жөніндегі
жарқын деректемелер болып табылады. Көркемдігі жоғары кола олжа-
Қатардағы сақтардың қабірлері (б. з. б. VII—IV ғғ.)
173
лар мен көмбелердің саны жөнінен сақ мәдениеті дамыған басқа аудан-
дардан Жетісуға тең келетіні жоқ. Олардың ішінде барынша назар ау-
дартатындары - қола қазандар, құрбандық ыдыстары және шырағдан-
дар жинағы, тұрмыс заттары мен қару-ж арак, әсіресе монументті
көркемдеп құю бұйымдары. Бұлар - терт аласа аяғы бар, жиегіне кана-
тты 25 арыстандардын, мүсіні орналаскан тікбүрышты үстел36, сондай-
ақ терт мыс және бір темір қазан мен қола шырағданнан тұратын кембе.
Тертбұрышты табақшалардың бұрыштарына орналастырылған шырағ-
дан қанатты жолбарыстардың төрт мүсінімен безендірілген37. Басқа бір
кембеден табылған шырағданның деңгелек табақшасы қуыс конус
тәрізді тұғырға бекітілген, жиегінде бірінің соңынан бірі маңғаз басып
келе жатқан сегіз жолбарыс бейнеленген, ал табақшаның дәл ортасына
айыр өркешті екі түйенің мүсіндік бейнесі бекітілген38.
Тағы бір шырағдан терт (үш кола және бір темір) қазанмен бірге Есік
қаласы маңынан табылды. Шырағданның деңгелек табақшасытор кезді
конус тәрізді тұғырға орнатылған. Табақша үстінде аттың, ал оның қа-
рсысында шығыстыктарша малдас құрып отырған ер адамның мүсіні
бекітілген39.
Каменское плато маңынан (Алматы қаласының тәңірегі) кепшілігінін
жануарлардың аяқтары түрінде жасалған үш аяғы бар он кола қазаннан
тұратын көмбе табылды. Жетісу қазандары, кұрбан шалатын орындары,
шырағдандары сақтардың кұю тәжірибесі мен жетік техникасын және
көркемдік талғамын дәлелдейтін аса көрнекті мәдениет ескерткіштері
болып табылады. Сақтардың көркемдік қола бұйымдарының кептеп та-
былуы Жетісу тайпаларында құю ісі өнерінің барынша дамығандығын
және олардың мәдениетінің телтумалылығын керсетеді.
Түгіскен ж ән е Үйғарақ
Ертедегі темір дәуірінде Шығыс Арал еңірінің аумағы мен Оңтүстік
Казакстанның оған шектес аудандарын массагет-сақтардың қүрамына
кіретін этникалық топтар мекендеген. Олардың сол кездегі мәдениетінін
ескерткіштері Сырдарияның төменгі бойындағы Үйғарақ және Түгіскен
қыраттарында орналасқан обалы қорымдар болып табылады40.
Түгіскен қорымы екі дәуірдің ескерткіштерінен тұрады. Ең алдымен
бұл — Солтүстік Түгіскен, б. з. б. IX—VIII ғасырлардағы қорымдар. Сақ-
тардың обалы қорымы — Оңтүстік Түгіскен де осында Түгіскен үстіртінде
орналасқан. Ол ез кезегінде екі кешенге белінеді, олардың біріншісі 9,
еК«Н\;тт* ^ ° бадан т¥Рады- Оңтүстік Түгіскеннің барлық сақ обалары б.
з. б. VII—V ғасырлардатұрғызылған. Үйғарақтағы сол заманның 80 оба-
сы үштопқа: шығыс, орталық және батыс топтарға шоғырланған41. Олар-
дан 70 оба қазылды.
Үйғарақ пен Түгіскенде жерлеу құрылыстары әртектес болғанмен,
жерлеу ғұрпы бірдей.
VII-V ғғ. обалары
Үйғарақ пен Оңтүстік Түгіскеннің құм үйінділері астынан алуан түрлі
жерлеу кұрылыстары қазылып ашылды. Оның бірі, негізінен Үйғарақтан
174
ғана шыкканы - адамдарды жердің бетіне, жеңіл каңқалы ағаш құры-
лыстың не күркенің ішіне, камыс төсеніш үстіне жерлеу. Мұндай құры-
лыстардың сыртқы бітімі дөңгелек, сопақ немесе тікбұрышты болған.
Олар Солтүстік Түгіскендегі қола дәуірінің қарапайым жерлеу кұры-
лыстарына ұқсас42. Оларды Солтүстік Түгіскендегі жерлеумен жақын-
дастыратын белгі — өліктің басын батысқа қаратып жерлеу және ішінара
— өлікті өртеу салты.
Жерлеу кұрылыстарының екінші үлгісі - жерден казылған шұңқыр-
лар. Олардың бірнеше түрлері бар. Үйғарак пен Оңтүстік Түгіскен қоры-
мдарында шығыстан батысқа бағытталған тікбұрышты үлкен жер
шұңқырларға жерлеу түрі көп тараған. Лақыттар ағаш беренелерімен
жабылып, олардың үстіне қамыс немесе үсақ бұтақтар қабаты төселген.
Шұңқыр айналасындағы ескі қабат пен қабір топырағын да қамыспен
жауып тастаған. Сонан соң диаметрі 15—20 м, кейде 30 метрге дейін же-
тетін оба үйген. Кейбір жағдайларда үйінді камыс пен топырак кабатт-
арынан тұрғызылған. Басқа жерлеу кұрылыстарындағы сияқты, мұнда
да отка табыну кең таралған.
Қабірдің бүрыштарында тіреу орындары сияқты кішкене шұңқыр-
лар жиі кездеседі. Кейбір кабірлерде лақыттың түбінен қабырғаны жаға-
лай арықша қазылған да, өлік жер «үстел» үстінде жатқандай болып
көрінеді. Қабір бұрыштарындағы шұңқырлар сияқты, мұндай «үстелдер»
де Солтүстік Түгіскендегі кесенелерінен дәстүрге айналған белгілі жер
леу ғүрпының жергілікті тәсілдері43.
Түгіскенде жерден қазылған шұңқырларға жерленетін обалардың
тағы бір өзгеше тобы бар. Құрылыстардың бүл нұсқасы — ортасында
беті ағаш бөренелермен жабылған жер шұңқыры бар, жан-жағы айнала
қоршалған топырақ дуалдан тұрады. Дуалдың топырағы айналасындағы
белдеулей казылған орлардан алынған. Бүдан басқа, топырак дуалды
қоршаған ор жанғыш материалдармен (шөпшекпен) толтырылған. Сірә,
жерлеу кезінде барлык құрылысты айнала от жағылатын болса керек.
Ақырында, Үйғарақта жер қабірлердің Түгіскенде жоқ түрі бар. Бұл
негізінен бүрыштары дөнгеленіп келген тікбұрышты тар молалар. Қүры-
лымы жағынан оларды Түгіскен мен Үйғарақтағы үлкен жер шұңқырға
жерлеумен жақындастыратын белгі — сырғауылдармен және бұтактар-
мен жабылуы.
Жерлеу құрылыстарының осындай әр түрлі болуы, шамасы, отбасы-
лық қатынастар жүйесін ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік қүрылы-
мды, рулық қауымның эволюдиясын да көрсетсе керек. Бүл, әсіресе,
Үйғарақ қорымындағы әр түрлі обалар топтарының үлгісінде ерекше
айқын байкалады44. Абыз әйелдер көп жерленген шығыс топтың мола-
ларында кейінгі қола дәуірінен келе жатқан ғүрып-дәстүрлері айқыны-
рақ байқалады.
Ү йғарақ обалары ны ң орталы қ кеш енін қалды рған рулық топ,
м үліктердің құрамына ж ән е үлкен ж ер лақы ттарға қарағанда, ең
ықпалды топ болған. Оның өкілдері әскери билік пен абыздык кы-
зм етті қатар ж ү ргізген көсем дер болған. Б ұған б и л ік белгісі -
күрзінің ж әне салттық айбалта-қанж арды ң табылуы дәлел. Бүл жер
де ж ерленген қару-ж арақты салт атты ж ауынгерлердің зираттары-
ньщ кепш ілігі, сірә, басқа рудың мүш елерінікі болса керек. Батыс
175
Жинақтарда осы өнердіңтым ертедегі үлгілерінің, ең алдымен 1 Петр
коллекциясындағы52 дөңгелене бүктетіліп жатқан барыс не қабылан
түріндегі қола қаптырмалардың болуы мәнді.
Құйрығының ұшы мен аяқтары иілген, қүлағы айқын көрінбейтін,
көзі мен мүрны бір сызық бойында жатқан концентрациялық шеңбер-
лер түріндегі, денесінің бүлшық еті білемделген Үйғарақ тоғалары — Ев-
разияның ежелгі аң стилінің үлгілері, олардың скиф өнері заттарына
ұқсастығы байқалады. Үйғарақта бейнелеу қағидаларын сақтай отырып,
тек ез ерекшеліктерін енгізу ғана байқалады.
Арыстанды бейнелеу Арал маңы сақтарының еңіріндегі тұрақты такы-
рыптардың бірі болып табылады. Оңтүстік Түгіскеннің № 45 обасын-
дағы б. з. б. VII—VI ғасырларға жататын кешеннен отырған арыстанның
бейнесі салынған тартпаның екі тоғасы (дәл сондай тоға Үйғаракта да
бар), басы артына қарай бұрулы отырған арыстандарды ойып салған терт
алтын тілік табылды. Аңның басы арыстанның басына онша ұқсамайды,
сірә, шеберге бұл бейне таныс болмаса керек, бірақ стиль әбден үста-
мды әрі дәстүрлі. 31-обадан Алдыңғы Азиядағы ежелгі түріне ұқсас түре-
геп тұрған арыстан мүсіні бар алтын қаптырма табылды53. Арыстанның
күйрығы ширатылған, бірақ аяқтары нағыз реалистік тұрғыда берілген,
мысық көзді және жалы бар. 53-обадан табылған жүріп келе жатқан
арыстандардың мүсіндері осындай үлгіге еліктелінгені анық, бірақ аң
мүсінін орналастыруда езгеріс бар, кездерін дөңгелек дерлік етіп жа-
саған, жалы жоқ. Ақырында, арыстан бейнеленген тағы бір нұсқа —
Түгіскендегі 53-обадан табылған қорамсақтың қарсы ілгек-қапсырмасы-
нда тұмсығын аяғының үстіне салып жатқан жыртқыштың бейнесі ете
табиғи түрде берілген.
Құйрығының ұшын қайқита иген және аяғының нобайы бар белгісіз
бір ірі аңның (жыртқыштың?) мүсінінің бергі жағына езінің кернектілігі
жөнінен екі бұғы өте тамаша бейнеленген алтынның жалпақ тілігі
(Оңтүстік Түгіскен б. з. б VII ғасыр) Арал еңірі сақтарының бейнелеу
өнерінің ертедегі үлгілері қатарына жатады. Бұлардың түмсықтары,
көздерінің бітімі ертедегі Алдыңғы Азия мерлеріндегі54 бейнелерге өте-
мөте үқсас, бірақ мүйіздерінің салынуы бейнелерді скифтер заманын-
дағы қазақстандық-сібірлік мәдени ортамен жақындастырады55. «Тұяғы-
ның ұшымен» тұрған бұғының қола мүсіні де осы мәдени ортаға бейім-
деледі (Үйғарақ, б. з. б. VI ғ.)56.
Көбіне ез ерекш еліктерімен салынған жырткыш құстың басы
түріндегі қаптырмалар йөп. Құрбандық шалатын кішкене тас мехрап-
тың өзінше бір үлгідегі бітімі осындай әуенді, бірақ ез ерекшеліктеріне
әбден бейімдендіріп бейнелейді57.
Аң стиліне кеңінен мәлім әуен — таутеке мен қабанды бейнелеу де
Достарыңызбен бөлісу: |