Министрлігі ғылым академиясы ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих және этнология инст



Pdf көрінісі
бет20/76
Дата26.01.2017
өлшемі21,27 Mb.
#2753
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   76

147

басында)  кеңінен  колданылған.  Намазға-6  кезеңінде  (б.  з.  б.  II  мынжыл- 

дықтың екінші жартысы) 48-49x23—24x11—12 см стандарты пайда болады, 

ол б.  з. б. I мыңжылдықтың басында салынған деп белгіленген Теккемтепе 

(50—48x25—24x14 см), Яз  (54x28x11  см)  сиякты неғүрлым  кейінгі кезең ес- 

керткіштеріне  де  тән.  Түгіскенде  нақ  осы  стандарт  (50-60x25—30x20  см) 

Түгіскен кесенелерінің ең кейін салынғанында табылған, оның негізі ішінде 

терт бүрышты жерлеу бөлігі бар цилиндр тәріздес кұрылыс болып табыла- 

ды.


Сөйтіп, Түгіскен кесенелерінің сәулеттік шешімі негізінде дәндібай-бе- 

газы ескерткіштері тектес  жоспарлау  идеясы  бар,  бірақ ол басқа құралда- 

рмен орындалған. Ол былай тұрсын, жоспарда шаршы болып келетін кұры- 

лысты  дөңгелек  барабанға  бұру  әдісі  (кірпіш  бағандарды  сыртқы  шаршы 

қабырғалардың ішкі бүрышына орнату), тегінде, тромптардан бұрын колд- 

анылған  болуы керек.  Бұрыш-бұрышқа бағандар орнатудың бұл тәсілі Бе- 

газьща да белгілі болған, тек онда тас бағандар орнатылған. Сөйтіп, бұл ара- 

да  біз  сәулетшілік  шеберлігінің  әжептеуір  жетілген  деңгейін  көріп  отыр- 

мыз; Орта Азия далаларында бұларға ұқсас құрылыстар жоқ. Оңтүстік ком­

понент!  дөңгелек  керамиканың,  көне  үлгідегі  кеспектердің  болуынан 

көрінеді, бірак олармен бірге қолдан жапсырып жасалған, оюлы-өрнекпен 

әшекейленген, жапсырма белдігі бар үлкен қыш кеспектер де үшырасады, 

оған Трушниково қонысынан (б. з. б. IX—VIII ғасырлар) табылған ыдыс ұқсас 

келеді.


Сонымен, қола дәуірінде Қазақстан аумағында қоғамның дамуында түбе- 

гейлі өзгерістер  болды:  неолит кезеңінің шаруашылығы мен тұрмысынын 

ежелгі  түрлерінің  орнына  —  егіншілік  пен  мал  шаруашылығы,  уақытша 

тұрақтардың орнына — жайлы қоныстар, шақпақ тас құралдарының орны­

на әр түрлі металл қоспалардан жасалған жоғары сапалы бұйымдар келді. 

Шаруашылық кәсіптің жаңа түрлеріне көшу тұсында халықтың саны есіп, 

ірі-ірі  мәдени  қауымдар  калыптасты;  мұның  езі  андроновтық  үлгідегі  ес- 

керткіштердіңтаралуынан керінеді. Андронов мәдени кауымыныңтаралуы 

белгілі бір  кезендерде  кершілес  аумақтарға ықпал  еткен жауынгер тайпа- 

лардың үлкен бір  бірлестігінің емір сүруімен де  байланысты  болуы ықти- 

мал.

Қодда бар материалдар мүнымен қатар мүлік теңсіздігі арта түсті, тайпа- 



лық үстем топ және ең алдымен кесемдер оқшауланып белінді деген қоры- 

тынды жасауға мүмкіндік береді; бұлардың оқшаулануы дәуірдің аяқ кезін- 

де,  Дәндібай  мен  Бегазының еңселі  мазарларынан  және  Түгіскен кесене- 

лерінен ерекше айқын  аңғарылды.

Осыған ұқсас құбылыстар тұтас алғанда Евразияның Шығыс Европадан 

Орталық Азияға дейінгі далалық еңіріне тән. Мұнда барлық жерде малшы- 

егінші тайпалардың  ірі  қауымдарының  құрылуы  және  олардың  көршілес 

жерлерге  таралуы  байқалады.  Мәселен,  андронов  үлгісіндегі  мәдениетті 

ұстаған тайпалар Солтүстік  Қырғызстан  аумағына қоныстанады,  Ферғана 

алқабына жылжып, Әмудария мен Зеравшанның теменгі ағыстарына дейін 

жетеді.

Орта  Азияның  оңтүстік  аймақтарының  отырықшы  егіншілерінің  ес- 



керткіпггерінен олардьщ далалық мал өсірушілер мәдениетімен қарым-қаты- 

наста болғандығының іздері байқалады. Оңтүстік егіншілері мен солтүстік 

мал  өсірушілерінің  байланыстары  Орта  Азияның  құрылыстарды  шикі

148


кірпіштен салатын сәулет өнерінің кұрылыс дәстүрлері пайдаланылып са- 

лынған Түгіскен кесенелерінен ерекше айқын көрінеді.  Қазақстанның ба- 

тысында жергілікті тайпалар қола дәуірінде Шығыс Европа далаларын кеңі- 

нен қамтыған қима мәдени қауымының тайпаларымен өзара тығыз байла- 

ныс жасайды.  Қарым-қатынас болған аймақтарда аралас үлгідегі ескерткі- 

штер пайда болады.

Соңғы  жиырма  жыл  ішінде  Шығыс  Евразияның  орманды даласы  мен 

Үлы дала белдеуінің тоғысатын жерінде энеолит заманынан  соңғы 



сак 

за- 


манына дейінгі дәуірге жататын ескерткіштердің (қоныстар мен қорымда- 

рдың)  үлкен  тобы  табылып,  ішінара  зерттелді.  Олардың  табылуы  шын 

мәнінде ғылыми жаңалыкка тең,  ал  оларды  зерттеу (казу жұмыстары мен 

жарияланымдар) тарих ғылымына қосылған үлес болды және  ертедегі  Ев­

разия далалары туралы біздің түсініктерімізге елеулі түзетулер енгізді.

Жаңа  болса да,  қазірдің  өзінде  кеңінен  белгілі  ескерткіштер  арасында 

энеолит заманының (Ботай), қола ғасырының (Синташта,  Арқайым) және 

соңғы сақ кезеңінің (Ақтау) коныстары назар аударуға лайык. Бұл дәуірдегі 

тарихи оқиғалар мен экономика саласындағы жаңалыктар бүкіл үнді-евро- 

па дүниесінің  этномәдени  және  әлеуметтік-экономикалық өміріне  күшті 

ықпал жасағанын көрсетті. Өркениеттің тууына негіз болған монолитгі сти- 

лобад  қызметін  атқарған  аскан  зор  жаңалық  пен  өнертабыс  металлургия 

мен  жабайы дәнді дақылдарды қолдан есіріп,  жабайы  жануарларды қолға 

үйрету болды.

Жылқыны үйрету,  оны салт мініп жүруді, кейіннен жегіп пайдалануды 

ойлап  табу  азаматгың  ілгері  басуында,  сөз  жок,  ерекше  рөл  аткарды.  Бүл 

оқиғаны  бағаламау  қиын  болса,  онын маңызын  жете  бағаламауға да  бол- 

майды. Адамның уақыт пен кеңістікті бағындыруына негіз каланды, ол ойку- 

менді тез әрі тиімді игеруге мүмкіндік алды. Адамзаггын казіргі ғарыштык 

шапшандыққа  жетудегі  ұзақ  та  азапты  жолын  жылқының  шапшаңдык 

мүмкіндігін пайдаланған ата-бабаларымыз осыдан мындаған жылдар бұрын 

салған еді.

Соңғы ашылған  археологиялык жаналыктар  Евразияның дәнді дақыл- 

дарды қолдан өсіру (Вавилов) мен жануарларды колға үйрету орталықтар- 

дың бірі  болғаны туралы айтылып жүрген  пікірді  растайтын  косымша де­

ректер беріп отыр. Евразия аймағының далалык өңірінде жылкының ерте- 

рек үй жануарына айналдырылып, табынды жылкы шаруашылығының пайда 

болуы халықтың материалдык жағынан қамтамасыз етілуі мен тұрмыс дең- 

гейінің жедел  артуына,  қоғамның,  оның мәдениеті  мен  дүниетанымының 

серпінді  түрде  дамуына,  кейінгі,  неғұрлым  соңғы дәуірлерде  адамдардың 

түрмыс салтының түбірінен өзгеруіне жеткізді.

Б. з. б. III мынжылдыкта Үлы Евразия даласында болған экономикалық 

құбылыстар кейінгі дәуірлердегі тарихи ілгері басудың бүкіл барысын шап- 

шаңдата түсуге ықпал жасады. Үлы дала тұрғындарының саны біртіндеп арта 

түсті;  жылқы  мен  басқа  жануарлар  санының  көбеюі  бақташыларды  мал 

жаятын өрісті кеңейтуге мәжбүр етіп, мүның өзі басқа рулармен және тай- 

палармен  қақтығыстарға  әкеп  соғып  отырды;  кару  көп  кажет  болып,  бұл 

металлургияны  дамытуға  ынталандырды;  шектес  әлеуметтік  топтармен 

айырбас  және  сауда  қатынастары  орнатылып, мүның  өзі  тіршіліктің бар- 

лык  жақтарына  катысып  жаңа  идеялар  мен  өнертабыстарды  қабыдцауға 

жәрдемдесті;  географиялық космогониялык,  астрономиялық мағлұматтар

149


жинактала берді. Сонымен, Үлы дала төсі кимыл-козғалысқа келіп, жасам- 

паздықтың да, кираткыш күштің де потенциалды куаты арта  гүсті.

Тарихи даму келесі мыңжылдықта ¥лы  дала кеңістігіне андронов және 

қима,  ал тағы бір  мың жылдан  кейін  -   скиф,  сармат жэне  сак кауымдары 

ретінде орасан зор тарихи кауымдарын әкелді. Тайпалардың жинакылығы- 

нын  артуына,  олардын әскери-саяси  одактарға  ертерек  бірігуіне,  олардың 

ортасында  Заратуштра  уағызының  тууына,  елеп-екшеліп,  көшіп-кону 

үрдісінің  күшеюіне  қозғау  салған да  сол  еді.  Сайып  келгенде,  үрдістің да­

муы тарихи арийлер мен олардың ұрпактарының Оңтүстік пен Батыска көп 

сатылы түрде көшіп баруына әкеп соқты.

Арийлік және арийлерден кейінгі  кошіп-конудың негізгі бағыттарында 

алдыңғы  шептер,  ұзақ  мерзімді  әскери  ставкалар,  паналайтын  бекіністер 

пайда болмай коймайтын еді, ал оларсыз құрлыкаралық кеп сатылы кешіп- 

конуы мүмкін емес болатын.  Орал археологтары тауып, зерттеген, қазірдін 

өзінде жиырмадан асып кеткен қоныстардың үлкен тобы осындай ескерткі- 

штер қатарына жатады. Ертіске дейінгі неғұрлым кең-байтак аумакты ғары- 

штан және аспаннан түсірілген фотосуреттердің бұдан былайғы сырын ашу, 

тегінде,  Синташтаға,  Арқайым  мен  Ақтауға  тұстас  және  ұқсас  ескерткі- 

штердің жаңа тізбегінің табылуына жеткізетін болар94.

Қола ғасырындағы Қазакстан тайпалары бастапқы мәдени кабатты күрап, 

сонын негізінде ертедегі көшпелілердің мәдениеті қалыптасты;  оның эко- 

номикалық,  әлеуметтік  ж әне  мәдени  алгышарттары  тамырынын  қола 

дәуірінде жатқаны анық.

7.  ҚОЛА ҒАСЫ РЫ НЫ Ң АНТРОП ОЛОГИЯЛЫ Қ СИПАТТАМАСЫ

Қазақстанның қола дәуірі археологиялық жағынан  едәуір  жақсы зерт- 

телген.  Зерттеушілердің  көпшілігі  қарастырылып  отырған  аймақтың  не- 

гізінен  солтүстік,  орталық  және  шығыс  беліктерінде  қалыптасқан  андро­

нов мәдениетін сол дәуірдегі  ең көп тараған мәдениет деп таньщы.  Қазак- 

станның батыс  бөлігінде  андронов  мәдениетімен  бір  мезгілде  оған  жакын 

қима мәдениеті таралды,  оның таралған  орталығы  Еділ  бойында  болатын. 

Андронов  мәдениеті  оңтүстікте  өзімен  тектес,  Арал  өніріндегі  тазабагьяб 

мәдениетімен шектесіп жатты.

Қазақстанның  аталған  аудандарында жүргізілген  археологиялық қазба 

жүмыстары қола дәуірінің біршама көп палеоантропологиялық материалын 

берді.


Жекелеген аймактар бойынша бұл материалдарды зерттеу Қазақстаннын 

шығыс, солтүстік, орталық бөліктерінде негізінен алғанда андроновтык ан- 

тропологиялық тұрпат дейтіннің  таралғанын  көрсетті.  Осы  краниология- 

лык  белгілердің  бүкіл  кешені  протоевропоидтық  нәсілдің  бір  нұсқасын 

құрайды және генетикалық жағынан Қазақстанның неолиттік мекендеуші- 

лерінің антропологиялық ерекшеліктеріне тіреліп жатыр. Жыныс айырма- 

шылықтарын ескергенде андроновтықтардың сыртқы пішіні туралы жалпы 

түсінік оны бас сүйегі бойынша пластикалық әдіспен қайта қалпына келтір- 

ген  жағдайда  алынды.  Қола дәуірінің  Алексеевское  қонысынан  алынған 

әйелдің бас сүйегінің қайта жасалған мүсіні беріліп отыр.

Археологиялық түрғыдан андронов мәдениетінің негізінен екі кезеңге:

150


алакөл және Федоров кезендеріне 

бөлінетіні  мәлім.  Осыған  байла- 

нысты, аталған кезендер бойынша 

палеоантропологиялық материал- 

ды  карастыру белгілі бір дәреже- 

де ынта-ықылас туғызады.

М әселен,  Орталық  және 

Солтүстік Қазақстанның федоров 

кезеңіне  жататын  краниология- 

лык  сериялары  неғұрлым  шығыс 

аймақгардың (Минуса ойпаты) ха- 

лқымен  жақындығын  аңғартады, 

ал алакөл кезеңі бас сүйектерінің 

сериялары  Қазакстанның  батыс 

аудандарының 

тайпаларына 

бейім95.

Қарастырылып  отырған  дала 

м әдениетінің 

екі 


кезеңі 

өкілдерінің  арасындағы  осы 

шағын  айырмашылықтармен 

қатар  кола  дәуірінің  Ойжайлау 

корымкнан  (Жамбыл  облысы) 

алынған  бас  сүйектердің  шағын 

тобында  краниологиялық  белгі- 

лердің  біршама  басқаша  үштас- 

атыны аңғарылды. Оған тән бірша- 

ма шағын сопакша бет, маңдайы- 

ның шығыңқы неғұрлым айқын кескінделуі оны Көкше-3 қорымынан (Арал 

өңіріндегі тазабагьяб мәдениеті) алынған бас сүйектермен96 және кеп жағы- 

нан Тигровая Балка (II) (Оңтүстік Тәжікстаннын вахш мәдениеті) қорымы- 

нан алынған топпен97 жақындатады.

Жоғарьща  келтірілгендерден  Ойжайлаудын  бас  сүйектері  төбе  сүйегі 

жалпақ болғандықтан,  бас  сүйегі  үлкен,  беті  кішкене,  мұрыны таңкы  бо- 

луымен ерекшеленеді.

Ойжайлаудан алынған бас сүйектер санының аз екенін ескере отырып, 

андронов және Жерортатеңізі антропологиялық үлгілері арасында бейнебір 

«аралық»  жағдай  алатын  морфологиялык  белгілердің  шағын  кешені  бар 

екенін айтуға болады.

Неғүрлым  соңғы кезенде,  кола дәуірінен темір дәуіріне  көшкен  кезде, 

Шьіғыс  Қазақстаннан  алынған қолда  бар краниологиялык материалдарда 

(Зевакино ж әне 

Измайлов қорымдары, Теміркаңка қорымы) болмашы ғана 



айырмашылығы  бар  андроновтық  антропологиялық  тұрпат  атап  өтіледі. 

Мәселен, Зевакино қорымынан алынған өтпелі кезең бас сүйектерінің 

негізі 


ерекшеліктері — бас сүйегі долихокранды (сопақ басты), бет-пішіні ат жақ- 

тылау, көз шарасы үялы және мұрын қуысы қусырьщқы болып келеді. 

Вз~ 

сқа жағынан бүл топтың баска андроновтық топтардан айырмашылығы жок. 

Зевакино  қорымы краниологиялык тобының келтірілген  морфологиялык 

ерекшеліктері, шынына келгенде, оңтүстік аймактардьщ, атап айтқаңда> Орта 

Азияның тұрғьіндарымен кейбір байланыстарды көрсетеді. 

Мұндай жағдаи



151

Кола заманындағы  кайта  күрастырылған 

әйелдің  бей н есі.

жоғарыда Жетісудан алынған қола дәуірінің антропологиялык материалда- 

рында да атап өтілді (Ойжайлау қорымы).

Қазакстанның  батыс  бөлігіне  келетін  болсак,  қола дәуірінде  онда  не- 

гізінен алғанда қима мәдениетінің тайпалары мекендеген. Олардын, морфо- 

логиялық белгілері Төменгі Еділ бойы аумағындағы кейбір шағын топтары- 

мен  үқсастығын  аңғартады,  ал  ол  жерде  қимашылардың  езі  дене  бітімі 

жөнінен кейбір әр тектілігімен ерекшеленеді98. Солай бола тұрса да соңғы- 

лары, жал пы алғанда, Жерорта теңізі нәсі лінің долихокрандық көрікті түрпа- 

тына жатады.  Бұрынғы  және  жаңа  палеоантропологиялык  материалдарға 

талдау  жасау  Батыс  Қазақстаннын  кималық тайпаларының  андроновтар- 

дан айырмашылығы -  олардың бас қорабы долихокранды, мезокрандылыкка 

ұқсас орташа келте  басты,  беті төмендеу және жалпақ,  көз ойығы түсіңкі, 

кеңсірек үсті шығыңқы, қыр мұрынды, көрікті болып келеді.

Жоғарыда келтірілген айырмашылыктарға қарамастан, оларды дегенмен 

дене пішіні жағынан ғана емес, сонымен катар мәдениет жағынан да толып 

жаткан ортақ белгілер жақындастырады, мұның өзі Қазақстанның қима және 

андронов мәдениеттерін таратушылардың озара алыс-берісін, тарихи және 

антропологиялық түбінің бір екенін дәлелдейді.

Сонымен, кола ғасырларындағы Қазақстан халқының тұтас алғанда ан­

тропологиялык тегі бір,  оған монголоидтық элементтердің қандай болсын 

коспасынсыз протоевропоидтық нәсіл негіз болған. Бүл нәсіл ауқымында 

антропологиялык белгілердің көп нүскалы болуы белгілі бір дәрежеде аңға- 

рылып тұратынын ескерте кеткен жөн. Соңғы жылдарда қазылып алынған 

палеоантропологиялык материал осыны көрсетіп отыр. Бұл орайда андро- 

новтықтарға тән антропологиялык белгілер бүрынғысынша Қазақстан ау- 

мағында негізгі, басым белгілер болып қала беретіні күмәнсіз.



Шнитников  А.  В.  Изменчивость общей увлажненности материков Северного 

полушария. -  Мына кітапта: Записки Географического общества СССР, т.  16, новая 

серия. М .-Д ,  1957, 261-264-6.

2  Чернецов  В.  Н. К  вопросу о месте  и времени формирования финно-угорской 

этнической  группы.  //Т е з и с ы  докладов.  Методология этногенетических исследо­

ваний.  М.,  1951;  Соныкі.  Древняя  история  Нижнего  Приобья.  / /   М И А.  №   35.  М., 

1953,58-61-6.; Вереш  П. Этнокультурное развитие угорских народов. / /  Этнокуль­

турная история населения Западной  Сибири. Томск,  1978.

Обзор  литературы.  Қараңыз:  Кузьмина  Е.  Е.  Откуда  пришли  индоарии.  М., 

1994,5-11-6.

Лайпаное  К.  Т.,  Мизиев  И.  М.  О  происхождении  тюркских  народов.  Чер­

кесск,  1993,115-116-6.

Теплоухов  С.  А. Опыт классификации древних металлургических культур Ми­

нусинского края. -  Мына кітапта: Материалы по этнографии. Л.,  1929, т. IV, вып. 2, 

4 1 -62-6.

Грязное  М.  П.  Погребения бронзовой эпохи в  Западном Казахстане.  -  Мына 

итапта: Казаки. Антропологические очерки. Л.,  1927, вып. 2,199,210-6.; Грязное М. 

П.  Казахстанский очаг бронзовой культуры.  — Мына  кітапта:  Сборник статей  ан­

тропологического  отряда  Казахстанской  экспедиции  Академии  наук  СССР  И с­

следование  1927 г. Л.,  1930, вып.  15,150-162-6.

7  Сальников  К.  В. Очерки древней истории Ю жного Урала.  М.,  1967.

152

Маргулан  А.  X.,  Акишев  К.  А.,  Кадырбаев  М.  К ,  Оразбаев  А.  М.  Древняя 

культура Центрального  Казахстана.  А .,  1966.

9  Федорова-Давыдова  Э.  А. К  проблеме андроновской культуры. — Мына кітап- 

та: Проблемы археологии Урала и Сибири. М.,  1973;  Стоколос  В.  С. Культура насе­

ления бронзового  века Ю жного Зауралья.  М.,  1972; Зданович  Г.  Б. Периодизация и 

хронология  памятников  эпохи  бронзы  Петропавловского  Приишимья.  Автореф. 

канд.  дис.  М.,  1975;  Соныкі.  Бронзовый  век  Урало-Казахстанских  степей.  Свер­

дловск,  1988.

10 Зданович  Г.  Б.  Архитектура  поселения  Аркаим.  / /  Маргулановские  чтения. 

1990.  М.,  1992;  Генинг  В.  Ф.,  Зданович  Г.  Б.,  Генинг  В.  В.  Синташта.  Челябинск, 

1992. Т.  1.  Аркаим, исследования,  поиски, открытия.  Челябинск,  1995.

11 Маргулан  А.  X.,  Акишев  К.  А.,  Кадырбаев  М.  К.,  Оразбаев  А.  М.  Древняя 

культура Центрального Казахстана, 258-6.;  Формозов  А.  А. К  вопросу о происхож­

дении андроновской  культуры.  — КСИИМ К,  1951, вып.  39,  11-6.;  Соныкі.  Кельте- 

минарская культура  в Западном  Казахстане.  — КСИИМК,  1949, вып.  25, 51-52-6.

12 Грязное  М.  П. Этапы развития хозяйства скотоводческих племен Казахстана и 

Южной Сибири в эпоху бронзы.  КСИЭ  А Н  СССР,  1957, вып. 26.

13 Зайберт  В.  Ф.  Энеолит Урало-Иртышского междуречья. Петропавл,  1993.

14 Кривцова-Гракова  О.  А. Алексеевское поселение и могильник. Тр.Г И М ,  1948, 

т. XVII,  101-6.

15 Кривцова-Гракова  О.  А.  Алексеевское поселение и могильник,  73-6.;  Черни­

ков  С.  С. Восточный Казахстан в эпоху бронзы. М ИА, 1960, №  88,44-6.; Минаева  Г. 

М.,  Фурсаев  А.  Д . Ботанические находки в археологическом материале.  — «Совет­

ская ботаника»,  1934,  №  3,150-6.

16  Кузнецова  Э.  Ф.,  Тепловодская  Т.  М.  Древняя  металлургия  и  гончарство 

Центрального  Казахстана. А.,  1994.

17 Ж аумбаев  С. 

У.

 

Древняя металлургия и горное дело Центрального Казахста­



на  (эпоха бронзы).  Автореф.  дисс.  канд.  ист.  наук,  Кемерово,  1984;  Соныкі.  Древ­

ние  медные  рудники  Центрального  Казахстана.  / /  Бронзовый  век  Урало-Иртыш­

ского междуречья.  Челябинск,  1984;  Соныкі. Хронология древних рудников Цент­

рального Казахстана. / /  Вопросы периодизации археологических памятников Цент­

рального и  Северного Казахстана.  Караганда,  1987.

18  Дегтярева  А.  Д.  Металлообрабатывающее  производство Казахстана  и Кир­

гизии в эпоху  поздней бронзы.  Автореф. дисс.  канд.  ист.  наук. М., 

1 9 8


j

.

|1) Ахинжанов  С.  М.,  М акарова  О.  А.,  Нурумов  Т.  Н.  К истории скотоводства и 

охоты в Казахстане.  А .,  1992.

20  Курманкулов  Ж .  Поселения и  могильники эпохи  бронзы  Северной  Бетпак- 

далы. Автореф. дисс.  канд. ист.  наук.  Кемерово,  1988; Кадырбаев  М.  К.,  Курманку­

лов  Ж . Культура древних скотоводов и металлургов Сары-Арки. А ., «Ғылым»,  1992.

21  Сатпаев  К.  И.  Доисторические  памятники  в  Джезказганском районе.  «На­

родное хозяйство Казахстана»,  1941.  №   1.

22  Черников  С.  С.  Восточный  Казахстан  в  эпоху  бронзы.  М И А,  1960,  №  88, 

134-6.

23  Мыс  рудасына  сандык  анализ  ҚРҮҒА  Геология  гылымдары  институтынын 

полярография лабораториясында жасалынды.

24 Русаков  М.  П.  Археологическая справка о  характере древнихработ на олово 

на  месторождениях  Калбы  и Нарыма.  Мына  кітапта:  Большой  Алтай,  т.  2.  М.-Л., 

1936, вып.  15,660-6.;  Черников  С.  С. Древняя металлургия и горное дело Западного 

Алтая. А .,  1949,42-6.

25 Радлов  В.  В. Сибирские древности.  СПб.,  1896,14-6.

26 Паллас  А.  С.  Путешествие по разным  местам Российского  государства.  Ч.  2, 

кн. 2, С П б.,  1786,354-6.; Радлов  В.  В. Аборигены Сибири.  «ЖивописнаяРоссия», т.

153

XI,  1884,11-6.; Эйхвальд  Э.  Н. О чудских копях. «Труды Восточного отдела Русско­

го  археологического  общества»,  ч.  III.  СПб.,  1856,  14-6.

27  Сатпаев  К.  И.  Доисторические  памятники  в Джезказганском  районе.  «На­

родное хозяйство Казахстана»,  1941,  №   1,  69-6.

28 Щерба  Г.  Н. Археологические  находки на Южном Алтае в  1949 г.  -  «Изв.  АН

КазССР,  сер.  археол.»,  1951, вып.  3,120-6.

29  Черников  С.  С.  К   вопросу  о  составе древних бронз  Казахстана.  -   СА,  19м,

XV,  140-161-6.

30  Грязное  М.  П.  Землянки  бронзового  века  близ  хутора  Ляпичева  на  Дону. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет