Министрлiгi министерство образования и науки республики



Pdf көрінісі
бет22/50
Дата31.03.2017
өлшемі4,16 Mb.
#10785
түріСборник
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   50

 

Әдебиеттер  

1.

 



ҚР –ң  Білім туралы Заңы.   15 тамыз   2007. 

2.

 



Ӛстеміров К. Кәсіптік  педагогика.  Алматы, 2006. 

3.

 



Ӛстеміров К. Кәсіптік оқыту әдістемесі. Оқулық. А., 2006.   

4.

 



Нұрғалиева Г., т.б. Кәсіптік білім негіздері. Оқу құралы. А., 2002  

5.

 



Бақтыбаев  Қ.Б.,  Әлмағамбетова  Д.Қ.  Бастауыш  кәсіптік  білім 

мамандықтарына  арналған  оқу  жоспарының  моделін  жасау  жӛніндегі 

нұсқаулар. А., 2002. 

6.

 



Мүсілімов  Ә.,  Сиымова  А.  Кәсіптік  бағдар  беруде  мектептен  тыс 

жұмыстардың түрлері. Қазақстан жоғарғы мектебі. №3.2002. 89-91б. 

 

Резюме  

В  статье  рассматриваются  некоторые  особенности  проведения  

педагогической практики в профессиональном обучении 

Summary 

This  article  deals  with  the  realization  of  pedagogical  practice  in  professional 

trining 

 

 



УДК 572.10 

 

ҚЫЛМЫС ҦҒЫМЫ 

 

М.Беріков, Г.Р.Рахметова 

Региональдық әлеуметтік-инновациялық университет 

 Шымкент, Қазақстан 

 

Қылмыс  -  бұл  құқық  бұзушылықтың  бір  түрі,  бір  адам  арқылы  немесе 



бірнеше  адамның  бірлесуі  арқылы  істелуі  мүмкін.  Бірнеше  адамның  қылмыс 

істеуінің  нәтижесінде  істелген  қылмыстың  мәні,  одан  туындайтын  зиянның 

мелшері  де  жеке  дара  адам  істеген  кылмыскд  қарағанда  едәуір  ӛзгереді  және 

мұндайда  қылмыс  істегені  үшін  жауапты  болатын  адамдардың  санын  тура 

анықтау қажеттілігі туындайды. 

Қылмыс  басқа  құқық  бұзушылықтардан,  оның  қылмыстық  заңмен 

белгіленетіндігімен  және  оны  жасағанда  қылмыстық  жауапкершіліктің 


196 

 

болуымен  ерекшеленеді.  «Қылмыс»  ұғымы  Қазақстан  Республикасының 



Қылмыстық кодексінің 9 – бабында берілген: «Осы кодексте жазалау қатерімен 

тыйым  салынған  қоғамдық  қауіпті  әрекет  –  қылмыс  деп  танылады». 

Қылмыстың тӛмендегідей белгілерін атап ӛтейік. 

Қылмыс  әрқашан  іс  –  қимыл  болып  табылады,  яғни,  ол  әрекетпен  де, 

әрекетсіздікпен де жасалуы мүмкін. 

Әрекет  –  бұл  қылмыс  жасаудың  белсенді  нысаны.  Әрекетсіздікте  кінәлі 

адам  ӛзі  жасай  алатын  әрекетті  және  жасалуы  тиіс  әрекетті  жасамайды. 

Адамның ойлау қызметі жазаланбайды, ӛйткені ол қоғамға қауіпті теріс қылық 

жасауға алып келмейді. 

Қылмыс  –  бұл  қоғамға  қауіпті  әрекет,  яғни  ол  қылмыстық  заңмен 

қорғалатын қоғамдық қатынастарға зиян келтіреді немесе зиян келтіруге нақты 

қауіп тӛндіреді. 

Қылмыс  -  әрқашан  құқыққа  қайшы  болады.  Құқыққа  қайшылық  –  бұл 

қылмыстық заңның әрекетке тыйым салуы. Құқыққа қайшылық деп қылмыстық 

кдексте бекітілген тыйымды қылмыс жасаған адамның бұзуын айтады. 

Қылмыстың  міндетті  белгісінің  бірі  адамның  кінәсінің  болуы.  Қасақана 

немесе абайсызда жасалған әрекет қылмыс болуы мүмкін. 

Жазалану.  Егер  әрекет  жазаланбайтын  болса,  онда  ол  қылмыс  ретінде 

қарастырылмайды.  Әрбір  қылмыс  үшін  қылмыстық  кодексте  жаза 

қарастырылған. 

Қылмыстарды  жіктеу  –  бұл  қоғамға  жасалған  қауіпті  әрекетті  ауырлық 

дәрежесі  мен  сипатына  байланысты  топтарға  бӛлу  болып  табылады. 

Қылмыстық кодексте барлық қылмыстар тӛрт топқа бӛлінген: онша ауыр емес 

қылмыстар,  орташа  ауыр  қылмыстар,  ауыр  қылмыстар  және  ерекше  ауыр 

қылмыстар. 

Жасалғаны  үшін  ең  ауыр  жаза  екі  жыл  бас  бостандығынан  айырудан 

аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай – ақ жасалғаны үшін ең ауыр жаза 

бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын абайсыза жасалған әрекет  – 

онша ауыр емес қылмыс деп танылады. 

Жасалғаны  үшін  ең  ауыр  жаза  бес  жылға  бас  бостандығынан  айырудан 

аспайтын  қасақана  жасалған  әрекет,  сондай  –  ақ  жасалғаны  үшін  бес  жылдан 

астам  мерзімге  бас  бостандығынан  айыру  түріндегі  жаза  абайсыза  жасалған 

әрекет – орташа ауыр  қылмыс деп танылады. 

Жасалғаны үшін ең ауыр жаза он екі жылға бас бостандығынан айырудан 

аспайтын  қасақана  жасалған  әрекет  –  ауыр   қылмыс  деп  танылады. 

     


Жасалғаны  үшін  ең  ауыр  жаза  он  екі  жылдан  астам  мерзімге  бас 

бостандығынан  айыру  түріндегі  жаза  немесе  ӛлім  жазасы  қасақана  жасалған 

әрекет – аса ауыр  қылмыс деп танылады. 

Адамдардың  жауаптылығының  негізі  мен  шегін,  олардың  әрқайссының 

бірлесіп  қылмыс  істеудегі  кінәсінің  мәні  мен  дәрежесіне  қарай  салыстыру, 

әрбір қылмыскердің жеке тұлғасының ерекшеліктерін анықтаудың маңызы зор. 

Қылмысқа қатысу институты ғана осы мәселелерді аныктауға толык мүмкіндік 

туғызады. 



197 

 

Жаңа  қылмыстық  занда  қылмысқа  бірлесіп  қатысудың  ұғымы,  оған 



қатысушылардың  (орындаушылар,  ұйымдастырушылар,  айдап  салушылар  мен 

кӛмектесушілер) жекелеген іс-әрекетін сипаттайтын белгілер жӛне оларға жаза 

тағайындаудың негізгі қағидалары, сондай-ақ қылмысқа қатысу нысандарының 

аныктамасы берілген (ҚК-тің 27, 28, 29, 31-баптары). 

Қылмысқа  қатысу  қылмыстық  құқық  бойынша  қылмыс  істеудің  ерекше 

нысаны ретінде қарастырылады, ӛйткені жеке дара қылмыс жасауға қарағанда 

қылмысты осы нысанда істеудің кауіптілік дәрежесі және келтіретін залалы да 

зор.  Бірнеше  адам-ның  күш  біріктіріп  бір  немесе  бірнеше  қылмысты  істеуі 

олардың  —  қатысушылардың    ӛзара  бірін-бірі  қолдауы,  қылмыс  істеуді 

жеңілдетіп қана қоймайды, сонымен бірге қылмыстық заң қорғайтын коғамдык 

қатынастарға  үлкен  қауіп  келтіреді  немесе  соны  келтіру  каупін  туғызады. 

Қылмыс  істеуді  осылай  жүзеге  асыру  қылмысты  іс-әрекеттің  ӛзін  жоюға, 

кайсыбір  жағдайларда  бір  адамның  қолынан  келмейтін  қылмысты  істеуді 

дайындауға немесе жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 

Кӛптеген ауыр қылмыстарды, атап айтқанда, бӛтен біреудің мүлкін ете кеп 

мӛлшерде  талантаражға  салу,  валюталық  операциялар  жӛніндегі  ережелерді 

бұзу,  парақорлық,  әйел  зорлау,  кісі  ӛлтіру  сияқгы  жұмыстар  бірлесіп  істеу 

арқылы жүзеге асырылады. 

Қазақстан  Республикасында  қылмысқа  катысудың  үғымы  Қазакстан 

Республикасының 1997 жылы қабылданған Қылмыстық кодексінің 27-бабында 

«Екі  немесе  одан да  кӛп  адамның  қасақана  қылмыс  жасауға  қасақана бірлесіп 

қатысуы қылмыс-кодекс   қатысу деп танылады»  делінген. 

Қылмыс  істеудің  ерекше  нысаны  болып  табылатын  қылмысқа  қатысудың 

ӛзіндік  объективтік  және  субъективтік  белгілері  бар.  Қылмысқа  қатысудың 

объективтік  жағының  бір  белгісі  бір  қылмысқа  екі  немесе  одан  да  кӛп 

адамдардың қатысуы болып табылады. Бұл жерде қатысушылардың бәрінің есі 

дұрыс, қылмыстық заң бойынша жауап беретін жасқа толған болуы қажет. Есі 

дұрыс  емес  адамды  немесе  кылмыстык  жауап  беру  жасына  толмаған 

жасӛспірімдерді  қылмыс  істеуге  пайдалану  кылмыс  жасаудыи  күралдары 

болып саналады, сол себептен ол кылмыс-қа катысу болып саналмайды. Ондай 

адамдарды  кылмыс  істеу-ге  пайдаланғандардың  ӛздері  қылмысты  тікелей 

орындаушы ретінде жауап береді. Ал кәмелетке толмаған адамды қылмыс-тық 

іске тарту кодекстегі 131-бап бойынша жеке қылмыс құрамы болып есептеледі. 

Қылмыс  істеуге  қатысуда  екі  немесе  одан  да  кӛп  адам  кылмысты  бірлесіп 

істейді. Объективтік жағынан алғанда қылмыс істеуге бірлесіп қатысу деп, оны 

істеуге бірге қатысқан әрбір катысушылардың әрекеті белгілі бір кылмысты іс-

әрекетті  істеуге  және  соның  орындалуын  жүзеге  асыруға  бағытталуы  қажет. 

Ӛзінің мәні женінен жекелеген адамдардын қылмысқа қатысуы әртүрлі болуы 

мүмкін. Қылмыстық кодекс-тің Ерекше бӛліміндегі тиісті баптарда кӛрсетілген 

қылмыстар-ды  тікелей  орындаушымен  бірге,  қатысушылар  санына  қылмыс 

істеуге  біреуді  кендірген  (айдап-салушы),  қылмыс  істеуді  үйым-дастырған 

немесе  оған  басшылык  етуші  (үйымдастырушы)  не-месе  қылмыс  жасауға 

жағдай  туғыз^ан  (кемектесуші)  адамдар  да  кіруі  мүмкін.  Қылмысты 

үйымдастырушылардың;  айдап  са-лушылардың;  кӛмектесушілердің  әр  түрдегі 



198 

 

және  әр  түрлі  дәрежедегі  кылмыстын,  істелуіне  мүмкіндік  туғызумен  бірге 



уақыты  жағынан  істелген  қылмысты  орындаушының  әрекетінің  алдын  алуы 

немесе  сонымен  тұспа-түс  келуі  және  олардың  барлығы-ның  осы  кылмысты 

әрекетті  істеумен  себепті  байланысты  болуы  шарт.  Әрбір  қатысушының 

әрекеттерінің  ӛзара  себепті  байланысы  мен  шарттарының  болуы  істелген 

кылмыстық  катысу-шыларының бірлескен қылмысты іс-әрекеттерінін  салдары 

екендігін дәлелдейді, барлыққатысушылардың бірдей  жағдайда  жауаптылыққа 

тартылуының алғы шарты екендігін кӛрсетеді. [3, 7 б] 

Қылмысқа  қатысуда  іс  әрекет  пен  қылмыстың  зардабының  ӛзара 

байланысының жеке адамның істеген қылмысына қара-ғанда ӛз ерекшелігі бар. 

Қылмысқа қатысуда қылмыстың зарда-бы мен орындаушылардың немесе бірге 

орындаушылардын  іс-әрекеттері  ғана  байланысты  болады.  Айдап  салушы, 

кӛмектесуші,  кейде  ұйымдастырушытікелей  зиян  келтірмейді.  Олартек  қана 

қылмыстың  зардабының  тууына  себепші  болады.  Мұндай  себепші  болу 

қылмысты      тікелей          орындаушыға  онын  қылмыс  істеуге  деген  шешімін 

қоздыру арқылы жүзеге асырылады. Субъективтік жағынан алғанда қылмысқа 

қдтысу барлық қатысушылардың қылмысты  қасақана істегенін білдіреді. 

Бұл  жерде  екі  немесе  одан  да  кӛп  адамдардың  қасақана  қылмыс  жасауға 

кдсакана  қатыруы  үйымдастырушыньщ,  азғырушының  кӛмектесушінің, 

орыңдаушының  істейтін  қылмысының  мәнісінен  хабардар  болатындығы  және 

олардың  ӛз  іс-әрекеттерімен  орындаушыға  қылмыс  істеуге  мүмкіндік 

туғызатыны немесе соған түрткі болатыны туралы сӛз болып отыр.  

Қылмысқа  қатысу  тек  қасақана  істелетін  қылмыстарда  ғана  болады. 

Абайсыздыкпен істелетін кылмыстарда кылмысқа қатысушылық болмайды.  

Қылмысқа  қатысуда  барлық  қатысушылар  іс-әрекетті  қасақана,  оның 

ішінде  тек  қана  тікелей  қасақаналыкпен  жасайды.  Бұл  жерде  бұл  қылмысты 

істеуді  тілеу  бірнеше  адамдарды  қылмысты  іс-әрекетке  біріктіреді.  Кейбір 

жағдайларда  қылмысқа  қатысу  нақтыланбаған  тікелей  қасақаналықпен  де 

болуы мүмкін.  

Қылмысқа 

қатысушылардың 

әрқайсысының 

ниетінің 

мазмұнына 

орындаушынын  істейтін  қылмысының  коғамға  зияндылығының  мәнісін  сезу, 

сондай ак сол адамның кылмысты жалғыз  ӛзінің емес, басқалардың әрекетімен 

бірге жасайтын мән-жайларды сезінуі шарт. 

Қылмысты үйымдастырушы, кылмыска кӛмектесуші немесе айдап салушы 

қылмысты орындаушының істейтін кылмысының мәнін, ниетін, және ӛздерінің 

орындаушының қылмысты   істеуіне жағдай  туғызатынын сезінуі кажет. 

Ал  қылмысты  орындаушы  болса  ол  қылмысқа  басқа  қатысушылардың  

ӛзіне  қылмысқа  дайындалғанына  немесе  жасауына  жәрдем      касағанынан  әр 

уақытта  да  хабардар  болады.  Оның  үстіне,  қылмысты  орындаушылардың 

арасында  бірлесіп  қыл-мыс  жасауға  деген  ӛзара  келісім  болады,  мұның  ӛзі 

барлык,  қылмысқа  қатысушылардың  ӛз  әрекеттерінің  келісушілікпен  жүзеге 

асырылатындығын  және  мұның  қылмысты  іс-әрекеттің  тиімді  түрде  жүзеге 

асырылатындығын кӛрсетеді. 

Қылмыска  қатысу  —  барлық  қатысушылардың  бірыңғай  кылмысты 

нәтижеге жетуі үшін бағытталған, ортак қылмыстық ниетінің болуын білдіреді. 



199 

 

Қатысушылардың мінез-құлқының, ниеті мен мақсатының бір-біріне сай келуі 



де,  келмеуі  де  мүмкін.  Мысалы:  кісі  ӛлтіруге  қатысушылардың  біреуі 

кызғаныштан,  екіншісі  кек  алушылықпен,  ал  басқа  біреуі  пайдакүнемдік 

ниетпен әрекет жасауы мүмкін. 

Қылмысқа  қатысудағы  басты  шарт  —  барлық  катысушылар  қылмысты 

орындаушынын  істейтін  қылмысының  мәнін  сезе  отырып,  әртүрлі  ниетпен 

соның  болуын  тілеп,  қылмысты  жүзеге  асыру  үшін  ӛздерінің  қылмысты 

әрекеттерін біріктіреді. 

 Қылмыстық  жауапкершілік  құқықтық  жауапкершіліктің  ішідегі  ең  қатаң 

түрі  болып  есептеледі.  Қылмыстық  жауапкершілік  қылмыс  жасағаны  үшін 

қылмыстық заңмен белгіленеді. 

Қылмыстық  жауапкершіліктің  мағынасы  кінәлі  адамның  ӛзінің  құқыққа 

қайшы әрекеті үшін мемлекет атынан сотталатындығын білдіреді. Соған орай, 

мемлекет  құқық  бұзушының  еркінен  тыс  мәжбүрлеу  тәртібінде  қылмыстық 

жауапкершілікті жүктейді. Қылмыстық жауапкершілік  – бұл адамның жасаған 

қылмысы үшін  жазалануы  немесе  қылмыстық  –  құқықтық  сипаттағы  басқа да 

шаралармен жазаланатын қылмыстық заңмен бекітілген міндеті. [4, 10 б] 

Қылмыстық жауапкершіліктің мынадай элементтері болады: 

•    жасаған қылмысы үшін адамның жауап беру міндеті; 

•    соттың адамның жасаған әрекетін теріс бағалаудан кӛрінетін соттау; 

•    кінәлі адамға қылмыстық – құқықтық сипаттағы шаралар қолдану

•    жаза тағайындаудың құқықтық салдары ретіндегі соттылық.    

Қылмыстық  жауапкершілік  қылмыс  жасаған  сәтте  пайда  болады  және 

адамға  қылмыстық  мәжбүрлеу  шарасын  қолданған  сәттен  бастап  жүзеге 

асырылады.  Қылмыстық 

жауапкершілік 

соттылық 

мерзімі 

біткенде 

тоқтатылады. 

Қандай  қылмыс  жасалғанын  анықтау  үшін  «қылмыс  құрамы»  сияқты 

ерекше  ұғым  бар,  мысалы,  ұрлық  немесе  бұзақылық,  кісі  ӛлтіру  немесе 

қарақшылық. 

Қылмыс құрамы деп қоғамға қауіпті әрекетті қылмыс ретінде сипаттайтын 

объективті 

және 

субъективті 



белгілердің 

жиынтығын 

айтады. 

Қылмыс құрамы элементтерден құралады. Егер осы элементтің біреуі болмаса 

қылмыс  жасалды  деп  айта  алмаймыз.  Қылмыс  құрамының  элементтері  бұл  – 

объект және объективті жағы, субъект және субъективті жағы.  

Қылмыс  субъектісі  жай,  белгілі  бір  жаса  толған  және  есі  дұрыс 

боғандықтан ӛз әрекетін (немесе әрекетсіздігін) бағалай алатын қабіеті бар адам 

болуы керек. 

Қылмыс  объектісі  –  бұл  қылмыстық  іс-қимылға  бағытталған  және  зиян 

келтіруі  мүмкін  қоғамдық  қатынастардың  жиынтығы,  мысалы,  ӛмір,  жеке 

меншік, ар – ұят, абырой. 

Қылмыстың  объективтік  жағы  -  әрекет  деген  жалпы  ұғымды  беретін 

адамның әрекет немесе әрекетсіздік нысанындағы сыртқы кӛрінісі. 

Қылмыстың  субъективтік  жағы  –  бұл  адамның  ӛз  іс  –  қимылына 

психикалық  кӛзқарасы.  Ол  қасақаналық  және  абайсыз  нысанында  кӛрініс 

табады. 


200 

 

Қылмыстың субъективті жағы – бұл қылмыс жасаумен тікелей байланысты 



адамның психикалық әрекеті. Қылмыстың субъективті жағының мазмұны кінә, 

ниет және мақсат сияқты белгілердің кӛмегімен ашып кӛрсетіледі.  

Кінә - бұл адамның қылмыстық заңмен қарастырылған қоғамға қауіпті іс – 

қимылды  жасауға  деген  психикалық  кӛзқарасы.  Кінә  мынадай  элементтерден 

тұрады: сана (интеллектуалдық элементі) және ерік (ерік элементі). 

Қылмыстың ниеті – қылмыс жсаған адамның жетекшілікке алатын саналы 

ниеті,  яғни пайдакүнемдік,  қызғаныш, кӛре  алмаушылық, қорқақтық  және  т.б. 

болуы мүмкін. 

Қылмыстың  мақсаты  –  тілейтін  нәтиже  туралы  ой,  оған  кінәлі  қол 

жеткізуге  тырысады.  Мысалы,  оңай  олжа  табу  мақсаты,  трансплантациялау 

үшін  органдарды  немесе  тканьдарды  пайдалану  мақсаты,  сату  мақсаты, 

халықты қорқыту мақсаты және т.б. 

Кез  келген  адам  қылмыс  субъектісі  бола  алмайды,  тек  қылмыстық  заңға 

сәйкес  белгілі  бір  белгілерге  ие  адамдар  ғана  субъект  болады.  Олардың 

қатарында  қылмыстық  заңмен  бекітілген  жас  мӛлшері  мен  есі  дұрыстық 

жатады. 


Қылмыстық  кодексте  қылмыстық  жауапкершілік  он  тӛрт  жастан  бастап 

туындайтын  жеке  қылмыстардың  түрлері  келтірілген.  Ол  тізім  мынадай 

құрамнан тұрады: 

а) жеке адамға қарсы ауыр қылмыстар: қасақана адам ӛлтіру, денсаулыққа 

қасақана  ауыр  зиян  келтіру  не  денсаулыққа  қасақана  орташа  ауырлықта  зиян 

келтіру, зорлау және нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану, адамды ұрау; 

ә)  мүліктік  қылмыстардың  кейбір  түрлері:  ұрлық,  тонау,  қарақшыық, 

қорқытып алушылық, автокӛлік немесе ӛзге де кӛлік құралдарын ұрлау, бӛтен 

адамның  мүлкін  қасақана  жою  немесе  бүлдіру  жазаны  ауырлататын  мән  – 

жайлар; 


б)  қоғамдық  қауіпсіздік  пен  қоғамдық  тәртіпке  қарсы  қылмыстардың 

кейбірі: терроризм, адамды кепілге алу, терроризм актісі туралы кӛрінеу жалған 

хабарлау, қаруды, оқ – дәріні, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларын ұрлау 

не  қорқытып  алу,  ауырлататын  мән  –  жайлардағы  бұзақылық,  тағылық, 

ӛлгендердің  мәйіттерін  жіне  олар  жерленген  жерді  қорлау,  кӛлік  құралдарын 

немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіру және т.б. 

Қылмыс  жасаған  кезде  16  жасқа  толған  адам  қылмыстық  жауапқа 

тартылады.  Ал  14  жасқа  дейінгі  жас  балалар  қ  қылмыстық  жауапкершілікке 

тартылмайды. 

Қылмыс  жасаған  кезде  ӛз  әрекетінің  (не  әрекетсіздігінің)  қоғамға 

қауіптілігі  мен  нақты  сипатын  сезінген  және  әрекеттеріне  басшылық  етпеген 

адам есі дұрыс деп танылады.  

Қылмыс  жасаған  кезде  есі  дұрыс  емес  күйде  болған,  яғни  созылмалы 

жүйке  ауруы,  жүйкесінің  уақытша  бұзылуы,  ақылының  кемдігі  немесе  ӛзге 

жүйке дертіне ұшырауы салдарынан ӛзінің іс - әрекетінің (не әрекетсіздігінің) іс 

жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие бола 

алмаған  адам  есі  дұрыс  емес  деп  танылады.  Есі  дұрыс  емес  адам  қылмыс 


201 

 

субъектісі 



бола 

алмайды, 

сондықтан 

қылмыстық 

жауапкершілікке 

тартылмайды.  [5, 12 б] 

Кӛптеген  ғасырлар  бойы  ақы  –  есі  дұрыс  емес  қылмыскерді  қылмыстық 

жауапкершіліктен  босатпайтын.  Ақыл  –  есі  дұрыс  емес  адамға  қатысты  ӛлім 

жазасын қоданбаудағы алғашқы жағдай Дэниел Мак – Нагтеннің жағдайы деуге 

болады,  ол  1843  жылы  Ұлыбритания  премьер  –  министірінің  хатшысын  атып 

ӛлтірген.  «Мак  –  нагтен  заңы»  дұрыс  емес  қылмыскерді  сотқа  емес, 

психиатриялық ауруханаға жіберу туралы қаулы етті.  

Қылмыстық  құқықтағы  негізгі  мәселелердің  бірі  қылмыстың  ұғымын 

анықтау  болып  табылады.  Жеке  адам  мен  қоғам  арасындағы  қақтығыстардың 

қайсысының қоғамға қауіптілік дәрежесінің басым екендігін анықтау және оған 

осы  мәселеде  қылмыстық  құқықтық  шараларды  қолдану  арқылы  осы 

қатынастарды реттеу – қылмыстық заңдардың негізгі міндеттерінің бірі болып 

табылады.  Қылмыс  әр  уақытта  да  белгілі  бір  іс-әрекеттің  (әрекет  немесе 

әрекетсіздіктің)  кӛрінісі  болып  табылады.  Заң  шығарушы  осындай 

тұжырымдарға  келе  отырып,  қылмыстың  әр  уақытта  да  адамның  нақты  іс-

әрекетінің, мінез-құлқының сыртқа шыққан кӛрінісі екенін атап кӛрсетеді. 

Адамның  құқыққа  қайшы  мінез-құлқы  белсенді  әрекет  күйінде  немесе 

әрекетсіздік  күйінде  болуы  мүмкін.  Бұл  жерде  әрекет  дегеніміз  адамның 

қылмыстық  заң  тыйым  салған  нәрселерді  істеуі,  ал  әрекетсіздік  дегеніміз 

адамның  заң,  нормативтік  акттер,  нұсқаулар  немесе  арнайы  жарлықтар, 

бұйрықтар  бойынша  жүктелген  міндетін  орындамауы  болып  табылады. 

Адамның  қылмысқа  қайшы  немесе  оған  қайшы  емес  мінез-құлқы  оның  ойлау 

жүйелері  арқылы,  содан  соң  белгілі  бір  іс-әрекеттер  арқылы  кӛрініс  береді. 

Ондай  нақты  іс-әрекеттер  арқылы  кӛрініс  таппаған,  жүзеге  аспаған  ойлар, 

пікірлер  соншалықты  қатерлі  болғанына  қарамастан,  қылмыс  болып 

табылмайды. Белгілі бір іс-әрекет арқылы жүзеге асырылмаған адамның ниет-

мақсаттары  қоғамға  қауіп  туғызбайтындықтан,  қылмыстық  құқық  реттеу 

саласына  жатпайды.  Қылмыстық  құқығы  ғылымында  бұл  мәселе  туралы 

бірауыздан осылай тұжырым жасалған. 

Қылмыс  құқықтық  құбылыс  ретінде  осы  құбылыстың  мәнді  жақтарын 

бейнелейтін  белгілі  бір  белгілермен  сипатталады.  Қолданылып  жүрген 

қылмыстық  заңға  сәйкес  қылмыстың  түсінігі  заңның  ӛзінде  кӛрсетіледі. 

Бұрынғы кеңестік жүйеде қылмыстың ұғымы алғаш рет 1919-жылы РСФСР-дің 

Қылмыстық құқық жӛніндегі басшылық негіздерінде (5-бабында): «Қылмыстық 

құқықпен  қорғалатын  қоғамдық  қатынастар  тәртібін  бұзушылық  қылмыс  деп 

аталады» делінген.  

РСФСР-дің  1922-жылғы  Қылмыстық  кодексінде  «Қылмыс  дегеніміз  кез 

келген  қоғамға  қауіпті  әрекет  немесе  әрекетсіздік»  деген  ұғыммен 

тұжырымдалады.  

1924  –  жылы  КСРО  және  одақтас  республикалардың  қылмыстық 

заңдарының негізгі бастамаларында қылмыс ұғымына арналған бап болған жоқ. 

1926-жылғы РСФСР Қылмыстық кодексінде «қылмыс дегеніміз қоғамға қауіпті 

іс-әрекет»  деп  кӛрсетіледі  (1-бабында).  Бұл  жерде  кеңестік  құрылысқа  немесе 

құқық  тәртібіне  бағытталған  әрекет  немесе  әрекетсіздік  қоғамға  қауіпті  деп 


202 

 

жарияланды.  КСРО  және  одақтас  республикалардың  1958-жылғы  қылмыстық 



заңдарының  негіздерінде  «Қылмыстық  заңда  кӛзделген,  оның  саяси, 

экономикалық  жүйелеріне,  социалистік  меншігіне,  азаматтардың  жеке 

меншігіне,  азаматтардың  жеке  басына,  саяси,  еңбек,  мүліктік  және  басқа  да 

құқықтары  мен бостандықтарына  қиянат  жасайтын  қоғамдық  қауіпті іс-әрекет 

(әрекет  немесе  әрекетсіздік),  сондай-ақ  социалистік  құқық  тәртібіне  қиянат 

жасайтын  қылмыстық  заңда  кӛзделген  қоғамдық  қауіпті  іс-әрекет  (әрекет 

немесе әрекетсіздік)» делінген. Дәл осындай анықтама бұрынғы Одаққа кірген 

барлық  республикалардың,  оның  ішінде  1959-жылы  22-шілдеде  қабылданған 

Қазақ  КСР  Қылмыстық  кодексінде  де  берілді  (7-бабында).  1997-жылы  жаңа 

Қылмыстық кодекс қабылданды. Осы кодексте ӛмірімізде, қоғамда орын алған 

елеулі  әлеуметтік-экономикалық,  саяси  ӛзгерістерге  сәйкес  қылмыстың 

анықтамасы  берілген.  Онда  «жазалау  қатерімен  тыйым  салынған  айыпты 

қоғамға  қауіпті  әрекет  (іс-әрекет  немесе  әрекетсіздік)  қылмыс  деп  танылады» 

делінген  (9-бабында).  Осы  анықтамадан  қылмыстық  құқыққа  қайшылық, 

қоғамға  қауіптілік,  кінәлілік,  жазаланушылық  қылмыстың  белгілері  екендігі 

кӛрініп тұр. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет