МҰнайшы 52 Management address 53



Pdf көрінісі
бет1/15
Дата03.03.2017
өлшемі4,97 Mb.
#5434
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

2

Қыркүйек 2015      



МҰНАЙШЫ

52

Management address



53

congratulations



55

The anniversary of the Shymkent refinery



60

KAZENERGY - 10 years old!



63

PKOP Reconstruction and Modernization 

Project - interim results

65

They grew up together



70

calendar of Events



Басшылықтың құттықтауы 



5

құттықтаулар



7

Шымкент мұнай зауытының мерейтойы



12

KAZENERGY - 10 жыл!



16

ПқОП қайта құру және жаңғырту жобасы - 

аралық қорытындылар

19

Бірге өскен замандастар



25

Оқиғалар күнтізбесі



28 

Поздравление руководства



29

Поздравления



31

Юбилей Шымкентского НПЗ



36

KAZENERGY - 10 лет!



40

Проект реконструкции и модернизации ПКОП - 

промежуточные итоги

43

Они росли вместе



49

Календарь событий

«Мұнайшы» журналы - «Петроқазақстан»

компаниясының қызметкерлеріне арналған

корпоративтік басылым.

Бас редактор:

Бақытжан Исенғалиев



Бас редактордың орынбасары:

Екатерина Гребенникова



Редакциялық топ:

Махаббат Джайлғанова,

Диляра қасымбекова,

Айнаш Тілеубаева,

Гүләйхан Ембердиева,

Ақтолқын Сұлтангереева.



Фотографтар:

Андрей Тайгунов

Аваз қарабаев 

Журнал «Мунайшы» - корпоративное

издание компании «ПетроКазахстан»,

предназначенное для сотрудников.



Главный редактор:

Бахытжан Исенгалиев



Заместитель главного редактора:

Екатерина Гребенникова



Редакционная группа:

Махаббат Джайлганова,

Диляра Касымбекова,

Айнаш Тлеубаева,

Гульайхан Ембердиева,

Актолкын Султангереева.



Фотографы:

Андрей Тайгунов

Аваз Карабаев

Munaishy is a corporate PetroKazakhstan

magazine for the employees.

Chief Editor:

Bakhytzhan Issengaliyev



Deputy Chief Editor:

Ekaterina Grebennikova



Editing staff:

Makhabbat Dzhailganova,

Dilyara Kassymbekova,

Ainash Tleubayeva,

Gulyaikhan Yemberdiyeva,

Aktolkyn Sultangereeva.



photographers:

Andrey Taigunov

Avaz Karabayev

содержАНие

МАзМҰНЫ

Байланыстық ақпарат:

Казақстан Республикасы, Алматы,

050059, Фурманов көшесі, 244-а

тел.: +7 (727) 258 1848

Ainash.Tleubayeva@petrokazakhstan.com

Контактная информация:

Республика Казахстан, Алматы,

050059, ул. Фурманова, 244-a

тел.: +7 (727) 258 1848

Ainash.Tleubayeva@petrokazakhstan.com

Contact information: 

244-a Furmanov Street, 050059,

Almaty, Republic of Kazakhstan,

tel.: +7 (727) 258 1848

Ainash.Tleubayeva@petrokazakhstan.com

contents


МҰНАЙШЫ      

Қыркүйек 2015

3

бАс редАктордЫң сөзі

Жаһандық нарықтағы мұнайдың артық мөлшері екінші тоқсанда тәулігіне 3 млн. баррель-

ге жетті - 17 жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш. Иранда өндірілетін мұнай көлемін қосқанда, артық 

мөлшер тәулігіне 4 млн. баррельді құрайтын болады. Бұған дейін де көмірсутектерді артық өндіру 

біршама еді, ал енді  шамадан тыс үлкен. Бұл қазақстанда өндірілетін мұнай көлемінің жылдық 

2,5 тең. ЭЫДҰ елдеріндегі қор көлемі қайран қарарлық - 2,9 млрд. баррель немесе  400 млн. тон-

на мұнай.  Яғни Ресейдің немесе Сауд Арабиясының жылдық өнімінен сәл аз (оларда жылына 500 

млн. тоннадан астам). Шиелініс мұнай өндірушілердің арасында ғана артып отырған жоқ. Жалпы 

алғанда, әлемдік экономиканың трендтері жаһандық ауқымдағы кезекті елеулі құлдыраудың бола-

тынын сездіреді.  

Осындай күрделі жағдайларды Астанада дәстүрлі түрде өтетін 10-шы KAZENERGY халықаралық 

форумы алдын алады.  Әрине, Форумның басты тақырыбы көмірсутек секторында орын алып 

отырған жағдайды талқылау болмақ. Осы күндері Астанаға келген танымал сарапшылар мен 

топ-менеджерлер қатысушылардың назарына сындарлы шешімдер ұсынады деген үміт бар. 

KAZENERGY форумы жаңалықтармен, ой-пікірлермен, жаңа идеялармен алмасу үшін беделді 

халықаралық алаңға және өмірлерін газшылар мен мұнайшылардың кәсібіне арнаған ғалымдар 

мен практиктердің адами қарым-қатынастарының форматына айналды.

Форум құндылықтарының бірі осында, ал осы форумды өткізу туралы бастама көтерген KAZENERGY қауымдастығы болып табыла-

ды, ол 10 жыл ішінде халықаралық энергетикалық қоғамдастықта бәрімен мойындалған, беделді ұйымға айналып отыр. қауымдастық 

оны құрушы Т.А.құлыбаевтың тұрақты басшылығымен ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп отыр.

«Петроқазақстан» компаниялар тобының басшылары және ұжымдары KAZENERGY ұйымшыл әрі тиімді командасын 10 жылдық 

мерейтойымен құттықтайды және қазақстанның дамуы үшін жасап жатқан қызметтеріне жеміс пен табыс тілейді.  

Біздің Шымкент мұнай өңдеу зауыты да биыл мерейтойын атап өтеді. Зауыт 30 жыл бойы кәсіпорындар мен тұрғындарды сапалы 

мұнай өнімдерімен үздіксіз қамтамасыз етіп келеді. МӨЗ-де жүргізіліп жатқан жаңғырту шығарылатын өнімнің көлемін, түрлерін және 

сапасын жаңа технологиялық деңгейде  ұлғайтуға мүмкіндік береді.  Жаңғыртудың қолданбалы мәні сан қырлы - технологиялылық, 

экономика, экология, корпоративтік мәдениет. 

Біз Шымкент зауытының барлық жұмыскерлерін мерейтойларымен құттықтаймыз - дәл осы жандар күнделікті еңбектерімен 

зауыттың жақсы атын шығарып, өңірдің әрі бүтіндей елдің дамуына мол үлестерін қосып келеді.  

KAZENERGY қауымдастығы, олар өткізіп жатқан Мерейтойлық оныншы халықаралық форум, ШМӨЗ-дің 30 жылдық мерейтойы 

және оны жаңғырту туралы материалдар біздің корпоративтік журналымыздың негізгі мазмұнын құрайды. Журналымыз ақпаратқа 

толы әрі қызықты болды деп үміттенеміз.   

Әріптестерімізге және оқырмандарымызға деген үлкен құрметпен,  



Вице-президент,

Б.І.Исенғалиев

4

Қыркүйек 2015      



МҰНАЙШЫ

бАсШЫлЫқтЫң қҰттЫқтАуЫ 

Құрметті «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» 

қызметкерлері және өндіріс ардагерлері!  

Барлығыңызды осы айтулы оқиға - зауытымыздың 30 жылдық 

мерейтойымен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер!  

ПқОП бүгінгі жетістіктері тарихының іргетасы отыз жыл 

бұрын, яғни біздің мұнай өңдеу зауытымызда алғашқы Шым-

кент бензині алынған кезде қаланған еді. Осы үш онжылдықта 

кәсіпорын әр қилы заманды бастан кешірді, алайда әрбір 

жұмыскердің жанкешті еңбегінің және кәсіпқойлығының, 

сондай-ақ бай тарихы, корпоративтік мәдениеті және орныққан 

дәстүрі бар біздің көп ұлтты ұжымымыздың арқасында тек алға 

жылжып отырды. Жұмысшылар әулеті қалыптасты, тәжірибе 

жинақталып, ұрпаққа таратылды, дағды шыңдалды, процестер 

мен технологиялар жетілдірілді. Зауыт ұлғайды әрі көркейді, ал 

зауыт ұжымы бір отбасына айналып, күшейді.    

Мұнай өңдеушілердің еңбегі оңай емес, алайда отандық мұнай саласының тарихын қалыптастыратын және мемлекеттің 

энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін іске елеулі үлес қосатын - Сіздерсіздер. Біздің қызметкерлеріміздің еңбегі мемлекеттік 

деңгейде де бағаланды, біз қызметкерлеріміздің бірнеше мәрте беделді марапаттарға, оның ішінде қатысты министірліктерден, 

әкімдіктер мен қауымдастықтардың медальдер мен грамоталарға лайықты деп табылғандарын мақтан тұтамыз.  

Дәл қазір біз, барлығымыз бірге, Жаңғырту жобасын жүзеге асыра отырып, зауыттың жаңа тарихын құрып жатырмыз. Зауытта 

жұмыс істейтіндердің әл-ауқатын одан әрі өсіру үшін берік негіз құратын үлкен өзгерістердің қарсаңында тұрмыз. Осы жобаны жүзеге 

асыру үшін көп күш пен еңбек жұмсалды, дегенмен осы еңбегіміз жаңа өнім түрлерін шығару, өндірістің экологиялық тазалығын арт-

тыру, аймақтың әрі еліміздің дамуына үлес қосу арқылы туған кәсіпорынымыз үшін зор мақтанышты сезінуге мүмкіндік береді.  

Біздің акционерлеріміз - cNPc және «қМГ-ӨМ» Ақ, сондай-ақ АМӨЗ және ПМХЗ саласындағы әріптестерімізге, қызылордадағы, 

құмкөлдегі және Алматыдағы барлық «Петроқазақстан» әріптестерімізге жылы лебіздеріне және жүрекжарды құттықтауларына 

алғыс білдіреміз.   

құрметті әріптестер, «Петроқазақстан» компаниясы басшылығының атынан сіздердің баға жетпес үлестеріңізге және ортақ 

ісімізге қолдау көрсетіп жатқандарыңызға алғыс білдіреміз және дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық пен бақыт, ал 

еңбектеріңізге табыс тілейміз! 



Мерейтойларыңызбен!

Вэй Юйсян, 

«ПетроҚазақстан» Президенті

Асқар Түрісбеков, 

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС 

Бірінші Вице-президенті

МҰНАЙШЫ      

Қыркүйек 2015

5

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Шымкент мұнай өңдеу зауытының 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз!

Зауыттың даңқты тарихын, еліміздің экономикалық жағынан нығаюына қосқан үлесі мен Компанияның жоғары 

көрсеткіштерге қол жеткізудегі айтарлықтай ролін сезіну - біз үшін үлкен мақтаныш. Зауыт аймақ үшін ғана емес, бүкіл 

республика үшін де ірі салық төлеуші болып табылады.

Зауыттың экономикалық жэне өндірістік өсу көрсеткіштері ол шығаратын өнімнің бәсекелесу қабілеті мен са-

пасын арттыру жөніндегі жұмыстың тиімді жүргізілетіндігін дәлелдейді. Мұнайдың әрбір өңделетін тоннасы 

қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға ықпал етеді.

Сондықтан да сіздердің ұжымдарыңыз қазіргі заманғы бәсекелес экономиканың талаптарына жауап беретін мұнай 

өңдеу секторын дамытуға өзінің үлесін қоса отырып, зауытты кең ауқымда жаңарту жөніндегі жоспарды жүзеге 

асыруға дәрменді.

Кәсіби шеберліктеріңіз бен өз істеріңізге деген адалдықтарыңыз кез келген міндетті сәтті де ұтымды шешуге кепіл 

бола алатындығына, әрі кәсіпорынның өз саласы бойынша Орталық Азиядағы ең алдыңғы қатардағылардың бірі 

ретінде белсенді түрде өсуі мен дамуына ықпал ететіндігіне сенімдімін!



Амандық пен мықты денсаулық, еңбектеріңізге табыс тілеймін!

Құрметті «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» компаниясының қызметкерлері мен басшылығы!

«қазақстандағы Интернационал қҰМК» ЖШС атынан баршаңызды осы маңызды күнмен, Шымкент мұнай өңдеу 

зауытының даму тарихындағы кезекті елеулі кезең – 30 жылдық мерейтойымен құттықтауға рұқсат етіңіздер.  

қазақстан Республикасы үшін стратегиялық маңызды нысан бола тұрып, Шымкент МӨЗ-і еліміздің оңтүстік өңірін 

мұнай өнімдерімен, ал мыңдаған қазақстандықтарды жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп отыр. Осы жәйтты ұғына 

отырып, «Петроқазақстан Ойл Продактс»  акционерлері – екі мемлекеттің ұлттық компаниялары cNPc International 

және «қазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» Ақ ПқОП-тың бұдан әрі табысты дамуы үшін барлық күштерін салады.

Осы жылдар бойы компания акционерлердің, елдің және халық игілігі үшін табысты дами отырып, белгіленген 

бағыт бойынша алға жылжып келді. Біз осындай игілікті ахуал мен үйлесімді бірлескен жұмысқа ризамыз, мұнда 

команданың әрбір мүшесі бүтіндей компанияның табысты жұмысын қамтамасыз етеді және компанияның көркеюіне 

әрбір жұмыскердің қосып жатқан үлесі – баға жетпес еңбек.

Шымкент МӨЗ-нің барлық қызметкерлеріне денсаулық, амандық және барлық жоспарларыңыздың жүзеге асыры-

луын тілейміз. «Петроқазақстан Ойл Продактс» компаниясына табыстылық, өсу және көркею бағытынан таймай, алға 

жылжи беруіне тілектеспіз!



Мерейтойларыңызбен!

«ҚазМұнайГ аз -өңдеу және маркетинг» АҚ

Бас директоры (Басқарма төрағасы)

Құрметпен, 

Бас директор 

Д. Тиесов

Биан Дыжы

қҰттЫқтАулАр

6

Қыркүйек 2015      



МҰНАЙШЫ

Құрметпен,

«ПМХЗ» ЖШС Бас директоры

Бас директордың орынбасары

Ш. Данбай

Р. Бисалиев

Құрметті Вэй Юйсян мырза!

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС Басқармасының және бүкіл ұжымының атынан Шымкент мұнай өңдеу 

зауытының 30 жылдық мерейтойы күніне арналған жүрекжарды құттықтауларымыз бен ізгі тілектерімізді қабыл 

алыңыз!


Шымкент мұнай өңдеу зауыты қазіргі таңда қазақстандағы мұнай өңдеу бойынша ең жас өнеркәсіптік кәсіпорын 

болып табылады. Үш онжылдықтың ішінде ШМӨЗ қала құраушы кәсіпорынға айналды. Бұл жанкешті еңбек, 

шығармашылық ізденістер және өндірістік әрі технологиялық процестерді жетілдіру жылдары болды. Сіз басқаратын 

зауыттың өндірістік қызметі экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жоғарғы стандарттарына жауап береді. За-

уыт ұжымы өндірістік міндеттерді шешудің заманауи әдістерін белсенді қолданады, инновациялық технологияларды 

ендіреді. ШМӨЗ өндіретін өнім жоғары сапамен ерекшеленеді және нарықта үлкен сұранысқа ие.

Шымкент МӨЗі әлеуметтік бағдарланған саясатты жүргізеді және Оңтүстік қазақстан облысының денсаулық сақтау, 

білім беру, спорт бағдарламаларын дамытуға зор үлесін қосып отыр. Сондай-ақ Шымкент мұнай өңдеушілерінің 

қайырымдылық қызметі де баршамызға аян. 

Сіздердің компанияларыңыз – экономикалық дамудың үлгісі, даму жолындағы қадамдарыңыз нық әрі сенімді. Оған 

қоса, өз жұмыстарыңызбен қытай Халық Республикасы мен қазақстан арасындағы достық экономикалық байланы-

старды нығайтуға зор үлес қосудасыздар.

Осындай Мерейтой күні Сізге және Сіздің ұжымыңызға өркендеу, тұрақтылық, мықты денсаулық, отбасыларыңызға 

амандық және жемісті әрі табысты жұмыс тілейміз.  



Құрметті Вэй Юйсян мырза!

Сізді және «Петроқазақстан Ойл Продакс» ЖШС ұжымын 30 жылдық мерейтоймен шын жүректен құттықтаймыз!   

Сіздердің кәсіпорындарыңыз – қазақстандық мұнай өңдеуші «үш батыр» – Жеңістің құрдасы болып отырған Аты-

рау мұнай өңдеу зауыты мен Павлодар мұнай өңдеу зауыттарының арасындағы ең жасы. Бұл өлшем – Сіздің үлкен 

артықшылығыңыз! Табысты даму мен жаңа технологияларды игеру үшін артықшылық, өндірісті кеңейту және 

технологиялық процестерді жаңғырту үшін артықшылық.  

Әріптестеріңіз ретінде Сіздерге апатсыз жемісті жұмыс, зауыт қуатын ұлғайту бойынша, өнім сапасын халықаралық 

стандарт талаптарына дейін жақсарту бойынша алға қойған барлық мақсаттарыңызға жетулеріңізді, сонымен қатар 

ПқОП ұжымының тұрақты жұмыс істеуін, жұмыскерлеріңізге денсаулық пен амандық тілейміз!

Сіздерді мерейтойларыңызбен құттықтай отырып, қазақстан экономикасының көшбасшысы және еліміздің 

оңтүстік өңірінің энергетикалық қорғаны болып қала берулеріңізге тілектеспіз! 


МҰНАЙШЫ      

Қыркүйек 2015

7

тарих беттері

Бүгінгі күні зауыттың жүрегі болып 

саналатын ЛК-6У қондырғысы Шым-

кент мұнай өңдеу зауытының құрылысы 

жөніндегі жобаның атауы болды әрі 

оны іске асыру 1972 жылы қолға алын-

ды. Бір жылдың ішінде стандартты емес 

жабдықтың цехы салынды, алайда одан 

кейін жоба тоқтап қалды. Бұған Кеңес 

одағының басқа өңірлерінде - Украи-

нада, Белорусьте, Ресейде тағы бірнеше 

МӨЗ салынуы себеп болды.  Шым-

кент маңындағы құрылыс алаңындағы 

жұмыстар қосымша цехтарды салғаннан 

кейін тек 1976 жылы қайта жаңғыртылды. 

Дәл осы уақытта негізгі цехқа - бүгінгі 

таңдағы №1 цехқа жабдық келіп түсе 

бастады. 1978 жылы тағы екі жаңа ны-

сан - қаланың өнеркәсіптік аймағын 

жылу энергиясымен қамтамасыз еткен 

әрекеттегі ТЭЦ-3 арналған сумен қамту, 

канализация және тазалау құрылыстары 

цехы, сонымен қатар зауыттың көлік ар-

териясы - тауар-шикізат цехы (ТШЦ) іске 

қосылды.    

1983 жылдың сәуірі мұнай қабылдаумен 

есте қалды - оның алғашқы партия-

сы ШМӨЗ  «Омбы-Павлодар-Шымкент» 

құбыр жолы арқылы Батыс Сібірден 

әкелінді, 11 сәуірде  «қара алтынның» 

бірінші құрамы салтанатты түрде тиелді, 

ол темір жол арқылы Ферғана МӨЗ 

жөнелтілді. Алғашқы мұнайдың келуімен  

ЛК-6У кешенінің құрылысы аяқталуға 

жақын қалды. 1984 жылдың ортасында 

тағы бірнеше цех пайдалануға берілді, 

атап айтсақ:  АОС (азот-оттегі стан-

циясы), ОКС (орталық-конденсатты 

станция), ӘКқ (әуе-компрессорлық 

қондырғы) және ОЗЗ (орталық зауыттық 

зертхана) бөлімшелері бар БСАқ (бу-

мен-сумен-ауамен қамту) цехы. Бұл цех-

тарсыз ЛК-6У қондырғысын іске қосу 

және кейіннен пайдалану мүмкін емес 

болар еді. ЛК-6У кешенді қондырғысын 

іске қосу кезең-кезеңмен жүрді және 

1984 жылдың желтоқсанында 100-сек-

ция (ЭЛОУ-АТ) іске қосылды. Ал 

 

1985 жылдың 28 қаңтарында бірінші 



шымкенттік бензин алынды. 

Жабдықтың жұмысын қамтамасыз 

ету үшін Гурьев, Павлодар, Ферғана, Уфа 

сынды КСРО әр түкпіріндегі мұнай өңдеу 



ШЫМкеНт МҰНАЙ зАуЫтЫНЫң МереЙтоЙЫ

өнеркәсіптік алып, аймақтың көшбасшысы және зауытта жұмыс істейтіндер 

үшін «екінші үй» саналатын біздің Шымкент Мөз биыл өзінің 30 жылдық ме-

рейтойын тойлауда. биылғы мерейтой - бұл еңбектегі жеңістерден және та-

быстардан тұратын, бүкіл өңірдің экономикасына және оның тұрғындарының 

өміріне ықпал еткен елеулі кезеңдермен айқындалған қиындыққа толы күрделі 

жол. қол жеткізген жетістікпен шектеліп қалмай, үнемі алға қарай ұмтылатын 

кәсіпорынның жолы.   

Мазутты вакуумды айдау қондырғысының құрылысы (МБАқ), 1989 / Строительство установки вакуумной перегонки мазута (УВПМ), 1989 / 

construction of Vacuum Distillation Unit (VDU), 1989


8

Қыркүйек 2015      



МҰНАЙШЫ

зауыттарынан жоғары білікті маман-

дар шақырылды, олардың еңбектері мен 

кәсібиліктерінің арқасында қондырғыны 

іске қосу сәтті жүзеге асты, оның 

үстіне қондырғыны пайдалануға енгізу 

қысқа мерзімнің ішінде жүргізілгенін 

атап өтпеске болмайды. Мамандарға 

тоқталатын болсақ, олар: С.А.Әмірбеков, 

В.Н.Коваленко, В.В.Хван, Б.А.Түленов, 

С.А.Мырзадавлетов, В.В.Михайлов және 

басқалар, кейіннен олар Шымкент МӨЗ 

кадрлық іргетасын қалап, №1 цехтың 

негізін құрағандар ретінде тарихта 

қалады. 

Шынын айтқанда, №1 цехы көптеген 

мамандарды тәрбиелеп, бүкіл зауыт 

үшін кадрлардың нағыз ұстаханасына 

айналды әрі олар бүгінгі таңда МӨЗ-де 

басқарушы лауазымдарда отыр. Атап 

айтсақ, Б.Б.Баетов - өндіріс жөніндегі 

директор, А.Ж.Ембердиев - еңбекті 

қорғау жөніндегі бас техникалық бас-

шы, еңбекті қорғау, қауіпсіздік және эко-

логия департаментінің директоры. Со-

нымен қатар: бас механик Н.И.Жигунов, 

өндірістік бөлімнің бастығы 

В.И.Беленков, №2 цехтың бастығы 

Н.Н.Аханов, №2 цехтың аға инженері 

А.А.Жақсыбаев және ТШЦ бастығы 

С.Ж.Тобашев.

1985 жылдың тамыз айында тағы екі 

секция пайдалануға берілді - 200-секция 

және 300-секция, ал  1986 жылдың қаңтар 

айында 400-секция - газофракциондық 

қондырғы іске қосылды. 1986 жылдың 

көктемінен бастап зауыт өнімді жоспар-

лы шығару арқылы толық схема бой-

ынша жұмыс істеуді бастады және өңдеу 

қуатын жылына 6 млн. тоннаға дейін 

жеткізді.

1996 жылдың 12 ақпанында Оңтүстік 

қазақстан Мемлекттік мүлік жөніндегі 

аумақтық комитетімен (1993 жылғы 30 

желтоқсандағы № 251 қаулы) Шымкент 

мемлекеттік мұнай өңдеу зауытының 

негізінде  «Шымкентнефтеоргсинтез» Ақ 

(ШНОС) құрылды.

КСРО ыдырағаннан кейін шикізатпен 

қамтамасыз ету мәселесі өткір тұрды 

және оны зауытқа жеткізу құрылымында 

күрделі өзгерістер орын алды. Күкірт 

мөлшері орташа, салыстырмалы түрде 

ауыр, парафин мөлшері төмен болып 

келетін батыс сібір мұнайының орны-

на МӨЗ құмкөлдің мұнайы жеткізіле ба-

стады. Бұл кен орны 1986 жылы ашыл-

ды, 1990 жылдың көктемінде құмкөл 

мұнайының алғашқы партиясы Шым-

кент МӨЗ жеткізілді.   

құмкөлдің шикізаты аса жеңіл, төмен 

күкіртті және жоғары парафинді болды, 

ал зауыт батыс сібір мұнайын өңдеуге 

бейімделіп салынғандықтан, бастапқы 

сатыда дизельді отынды және керосинді 

шығару кезінде қиындықтар туындады. 

1998 жылы дизельді отынды гидротазалау 

қондырғысы  гидропарафинсіздендіру 

процесіне бейімделіп, қайта жасалды, 

бұл мөлдір мұнай өнімдерін іріктеуді 

ұлғайту арқылы шығарылатын дизельді 

отынның ассортиментін сақтап қалуға 

мүмкіндік берді. 2001 жылы авиациялық 

керосинді өндірудің жаңа технологиясы 

іске қосылды. 

2000 жылы зауытты «Петроқазақстан» 

компаниясы сатып алды, сол кез-

де оның атауы «Харрикейн Хайдро-

карбонз Лтд.» болған еді, ал 2005 жы-

лы «Петроқазақстан Инк.» компа-

ниясын «қытай Ұлттық Мұнай-газ 

Корпорациясының» еншілес бөлімшесі 

cNPcI компаниясы сатып алды. 2007 

жылы Шымкент МӨЗ 50% иелену үлесін 

«қазМұнайГаз» ұлттық компаниясы са-

тып алды. Сол сәттен бастап ПқОП 

табысының негізі екі мемлекеттің ұлттық 

компаниялары - қазақстандық қМГ 

және қытайлық cNPc танытуындағы екі 

мықты акционер болып табылады. 



дамуға қосқан үлесі 

Зауыт құрылған сәттен бастап-ақ 

қала мен облыстың дамуына зор үлесін 

қосып келеді. Ол, әсіресе, өз ықпалын 

90-шы жылдардағы қайта құрудан кейін 

күшейтті, ал дәл сол уақытта өңірдің 

басқа өнеркәсіптік алыптары - фосфор, 

шина жасау зауыттары және т.б. жабылып 

қалған еді. қазіргі уақытта ПқОП, сөзсіз, 

қала құраушы кәсіпорын болып табыла-

ды, ал Оңтүстік қазақстан облысы жай-

ында сөз қозғағанда   халқымыз  біздің за-

уытты бірінші еске алады .  

Расында, зауыттың аймақтың даму-

ына қосқан үлесі орасан зор. Соңғы 10 

жылда  ПқОП салық төлемдері 86 млрд. 

теңгеден асып түсті, ал зауытты дамытуға 

құйылған инвестицияның көлемі 44 

млрд. теңгені құрады. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет