Әлеуметтік сала
ПқОП жұмыскерлерін әлеуметтік
қолдау бағдарламалары бойынша
қарқынды жұмыс жүргізіліп жатыр, соңғы
6 жылда аталмыш бағдарламаларды
жүзеге асыруға жұмсалған қаржы-
ландырудың жалпы көлемі 2,3 млрд.
теңгеге жетті. Атап айтсақ, жыл сайын
зауыт жұмыскерлерінің шипажайлық-
курорттық емделуіне және балалардың
жазғы демалыстарын ұйымдастыруға
қаражаттар бөлінеді. Жолдамалар
жұмыскерлерге 70% жеңілдікпен сатыла-
ды, ал интернационалист жауынгерлер-
ге, 3-ші топтағы мүгедектерге және Чер-
нобыль АЭС-ғы апатты жоюға қатысқан
азаматтарға тегін беріледі.
Үш мемлекеттік мерекеге, сонымен
қатар 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер
күніне және 7 мамыр - Отан қорғаушылар
күніне орай бір жолғы төлемдер төленеді.
Бұдан өзге, кезекті демалысқа орай емде-
44
млн. тонна
75%
65,30%
86
млрд. теңге
44
млрд. теңге
2,3
млрд. теңге
шам.
1
млрд. теңге
1,5
млрд. теңге
Цифрлар мен деректер
2005-2014 жылдар аралығында ПқОП өңделген шикізат мөлшері
өңдеудің ағымдағы тереңдігі
2014 жылы жоғары октанды бензиндердің үлесі (2005 жылмен
салыстырсақ, бұл көрсеткіш бар жоғы 33,27% құраған)
2004-2014 жылдар аралығында ПқОП төлеген салық төлемдері
2004-2014 жылдар аралығындағы кезеңде зауыттың дамуына
құйылған қаржы
2010-2015 жылдар аралығында әлеуметтік саланы дамытуға
құйылған қаржы
2004-2015 жылдар аралығында ПқОП демеушілік
жобаларына жұмсалған қаражаттардың көлемі
2006-2014 жылдар аралығында ОқО әкімдігімен жасалған
Меморандум аясында ПқОП бөлінген қаражат
МӨЗ алғашқы жұмыс жылдарында
мұнай өнімдерінің түрлері АИ-76, АИ-
72 маркаларындағы бензиннен, Л-0,2-
62, ЛД-0,2, ЛД-0,5 маркаларындағы
дизельді отыннан, РТ маркасындағы
керосиннен, М-100, М-40 қазандық
отынынан, сонымен қатар СПБТ
сұйылтылған газынан тұрды.
Бүгінгі таңда оның тізбесі ұлғайған:
AИ-96, AИ-92 және AИ-80 бензиндері,
жазғы және қысқы дизельді отын-
дар, ТС-1 авиакеросині, M-100 мазу-
ты, вакуумдық газойль, СПБТ және
БТ сұйылтылған газы, ал жақын
болашақта бұл тізімге түйіршіктелген
күкірт қосылады.
МҰНАЙШЫ
Қыркүйек 2015
9
лу жәрдемақысы және бір жылдағы жұмыс
нәтижелері бойынша бонус төленеді.
«Жұмыскерлерді компания қаражаты
есебінен жұмысқа апару және жұмыстан
алып қайту, мүгедек балалары бар
жұмыскерлерді, бала күтіміне байланы-
сты демалысқа шыққан әйелдерді, ау-
ыр сырқатқа ұшыраған жұмыскерлерді
және зейнеткерлерді материалдық
қолдау мәселесі үнемі кәсіподақ пен
әкімшіліктің назарында, - деп атап
өтті Еңбек ресурстары және әкімшілік
жөніндегі департаменттің директоры
М.Т.Мадиходжаев. - Балалары 18 жасқа
толғанға дейін жыл сайын ақшалай
жәрдемақы алатын мезгілсіз қаза
болған жұмыскердің отбасы да назар-
дан тыс қалмайды. Оған қоса, ұжымдық
шартқа сәйкес жыл сайын ПқОП 140
зейнеткеріне жалпы сомасы 12 млн.
теңгеден асатын қаржылық қолдау
көрсетіледі».
Балалары жоғары оқу орындарын-
да оқитын жұмыскерлерге қолдау
көрсетіледі және оқуда үздіктердің
қатарынан табылған студенттерге ата-
улы шәкіртақылар тағайындалады.
Жұмыскерлерді оқыту кәсіпорын
қаражаттарының есебінен жүргізіледі,
соңғы 8 жылда 3,5 мыңнан астам маман
және 4 мыңнан көп жұмыскер әр алу-
ан біліктілікті арттыру бағдарламалары
бойынша оқудан өтті. Оған бөлінген
қаражаттың жалпы сомасы 500 млн.
теңгеден асып түсті.
Еңбекті қорғау және қауіпсіз еңбек
жағдайлары, жұмыс орындарын жаңарту,
өндірістің зиянды факторларынан
қорғау құралдарын жетілдіру бойын-
ша бағдарламалар жүзеге асырылып
жатыр. Сырқатты уақытылы анықтау
мақсатында жыл сайын жұмыскерлер
медициналық тексеруден өтеді. Әрбір
жұмыскерге және оның отбасының екі
мүшесіне медициналық қызметтердің
сақтандыру пакеті қамтамасыз етіледі.
ПқОП компаниясында салауат-
ты өмір салтына үлкен көңіл бөлінеді:
жұмыскерлерге спортзалға абонемент
сатып алу үшін жыл сайын қаражат
бөлінеді, бірнеше жылдар бойы 5
спорт түрі бойынша Зауыт спартаки-
адасы өткізіледі. ПқОП жұмыскерлері
«Петроқазақстан» корпоративтік спар-
такиадасына, сондай-ақ «қМГ-ПМ»
спорттық шараларына қатысады. Зауыт-
та дене шынықтыру кеңесі жұмыс істейді,
оның міндеті - зауытта жұмыс істейтін
жұмыскерлерді барынша спортқа бау-
лу. Нәтижелері көз алдымызда - ПқОР
командасы бес жылдың ішінде екі
рет «Петроқазақстан» корпоративтік
«Қиын-қыстау 90-шы жылдары,
біздің мектебіміздің жағдайы күрделі
кезеңде, демеушілік танытқан
Шымкент МӨЗ болатын. Ізгілікті
іс күні бүгінге дейін 24 жыл бойы-
на өз желісін үзбей жалғасып келеді.
«Ақиқат байлық – кеңпейілділік пен
қайырымдылық» деген қағиданы
ұстанған өндіріс ошағы жүйелі
түрде әрі сапалы негізде демеушілік
жасауда облысымызда көш ба-
стап тұр. Мектепті материалдық-
техникалық жасақтаудан басқа,
ПҚОП өнер мен мәдениет саласында
бала бойындағы жұлдызының жану-
ына себепкер болуы арқасында және
олардың табысқа жетуіне септігін
тигізіп, біздің дарынды да өнерлі
шәкірттерімізге көмек көрсетіп
жатқандығын атап өткім келеді.
Жалпы алғанда, зауыт Оңтүстік
Қазақстан облысының әлеуеті мен
абатын арттыруда. Компанияның
мерейтойы қарсаңында, біз ПҚОП
табыс пен гүлдену тілейміз!»
К.К.Қадырбаева,
№65 мектептің директоры
қР Президенттік сайлауында ПқОП қызметкерлері Н.Ә.Назарбаевтың кандидатурасын қолдау жиналысында, сәуір, 2015 /
Сотрудники ПКОП приняли участие на митинге в поддержку кандидатуры Н.А.Назарбаева на выборах в Президенты РК, апрель 2015 /
PKOP employees took part at the meeting to support N.A.Nazarbayev at the Presidential election, April 2015
10
Қыркүйек 2015
МҰНАЙШЫ
спартакиадасының жеңімпаздары бол-
ды және басқа спорттық жарыстарда
бірнеше рет жүлделі орындарды иеленді.
Экология
Өндірістің қауіпсіздігін қамтамасыз
ету және табиғатты қорғау қызметі -
ПқОП көп көңіл бөлетін маңызды сала-
лар. «ПқОП» ЖШС ірі кәсіпорындар ара-
сында өткен республикалық байқаудың
қорытындылары бойынша «Экологияға
қосқан үлесі үшін» номинациясында
қР Президентінің «Алтын парыз-2011»
сыйлығын иеленуі - осы бағытта
жүргізіліп жатқан жұмыстың тиімділігін
растайтын айрықша дерек.
Кәсіпорын көп жылдар бойы ешбір
экологиялық оқиғалардың орын
алмауын және қоршаған ортаға
шығарындылар мөлшерінің артпағанын
мақтан тұтады. ПқОП компаниясында
ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 және
ISO 9001 халықаралық сапа менеджменті
жүйелері ендірілген. Су ресурстарын
оңтайлы пайдалану, айналмалы сумен
қамту циклдарын құру (мысалы, өрт
сөндіру жүйесіне тазартылған ағын су-
ларды жеткізу), табиғат нысандарына ла-
стаушы заттардың лақтырындыларын
азайту, өндіріс қалдықтарын қайта өңдеу
кезінде заманауи биотехнологиялық
процестерді ендіру бойынша жұмыстар
және МӨЗ-ның қоршаған ортаға залал-
ды әсерін азайту бойынша өзге жұмыстар
жүргізіліп жатыр.
Санитарлық қорғау аймағында 2015
жылы жас көшеттер отырғызылды, ал
2010 жылы Ордабасы ауданында «ПқОП»
ЖШС ағынды суларын жаңа жинағыш
бөгет пайдалануға берілді.
Экологиялық жағдайды жақсарту және
мұнай шығынын азайту мақсатында
алаңның бетіне мұнайдың төгілуіне жол
бермеу үшін 322-эстакадада мұнайды
төменнен құйып алу қондырғылары
орнатылды. Атмосфераға құрамында
күкірт бар газдардың шығарылуын азай-
ту үшін Клаусс әдісімен құрамында
күкірттті сутек бар газды кәдеге жара-
ту бойынша қондырғы салынды (күкірт
қондырғысы).
ПқоП демеушілік бағдарламасы
Жыл сайын, міне сегіз жыл бойы
ПқОП ОқО әкімдігімен Облыс халқын
әлеуметтік қолдау туралы меморандум
жасайды. Осы жылдары «Петроқазақстан
Ойл Продактс» компаниясымен бөлінген
жалпы сома 10 млн. АқШ доллары-
нан асып түсті. қаражаттар осы өңірдің
мыңдаған қала халқының және ау-
ыл тұрғындарының өмірлерін және
тұрмыстық жағдайларын жақсартуға
қабілетті ірі инфрақұрылымдық ны-
сандарды іске асыруға жұмсалады. Атап
айтсақ, солардың ішінде жаңа Жұлдыз ау-
ылына ауыз суды және қарабастау мен
Оңтүстік ауылдарына су құбырын жүргізу
бойынша, Бадам өзені арқылы асфаль-
тты жолды және Шымкент қаласында
Ордабасы алаңынан көпір салу бойын-
ша жобалар бар. Меморандум аясында
Шымкенттің көп қабатты үйлері күрделі
жөндеуден өтті, сонымен қатар қаланың
ТКШ жаңғырту және дамыту жұмыстары
жүргізілді, «Жастар үйі» ғимараты салын-
ды, Сайрам ауданында «Мейір» ардагер-
лер үйіне ағымдағы жөндеу жүргізілді
және ОқО Сарыағаш ауданында су
тасқынынан зардап шеккендерге көмек
көрсетілді.
Меморандумнан өзге, компания жыл
сайын ОқО халқын әлеуметтік қолдау
үшін миллиондаған сомалар бөледі, бұл
сома соңғы онжылдықта 1 млрд. теңгеден
асты.
«Көптеген жобалар - ұзақ мерзімді,
- деп атап өтті қоғаммен байланыс
жөніндегі бөлімнің менеджері Е.Жұмаділ.
- Бұл соңғы жиырма жыл бойы зауыт та-
рапынан қолдау көрсетіліп жатқан
қамқорлықтағы Сайрам балалар үйі және
ОқО жалғыз Балет мектебі, біздің ком-
пания бұл мектепке ол құрылған сәттен
бастап міне 11 жыл бойы қол ұшын бе-
руде. ПқОП жыл сайын қамқорлықтағы
Жастар үйіне, Шымкенттегі №65 мек-
«Балалар үйі тәрбиеленушілері
және «ПетроҚазақстан» компани-
ясы арасындағы достық жыл сай-
ын күшеюде, ал қайырымдылық
қызметінің аясы кеңеюде. Біздің
тәрбиеленушілеріміз ПҚОП тара-
пынан қамқорлықты сезінеді әрі
бұл олардың ертеңгі күнге деген
сенімдерін нығайтады.
Сайрам балалар үйінің
материалдық базасы
«ПетроҚазақстан» компаниясының
қаржылық қолдауының
арқасында біршама молайды.
Стоматологиялық кабинет замана-
уи жабдықпен жасақталды, линга-
фон кабинеті, компьютерлік сынып
ашылды, балалар үйінің аумағында
ойын алаңы орнатылды және бала-
ларды зор қуанышқа бөлеген – бұл
компания сыйлаған автобус. Енді ба-
лалар Шымкент қаласындағы хайу-
анаттар бағына, дендропаркке, Мұз
сарайына, драмтеатрға қиындықсыз
бара алады. Осыған тағы сіздің
компанияңыздың қолдауымен жұмыс
істейтін көптеген үйірмелерді және
«ПетроҚазақстан» компаниясының
«Арай-Санрайз» жазғы сауықтыру
лагерінде балалар өткізетін жыл
сайынғы ұмтылмас демалыстарды
қосыңыз.
Тәрбиеленушілер өз демеушілерін
мақтан тұтады, өйткені
«ПетроҚазақстан» еліктеуге
тұрарлық үлгі – игі істер әрдайым
табысқа апарады! Компанияңызға
гүлдену, жаңа жобалар, ал барлық
қызметкерлеріңізге денсаулық пен
бақыт тілейміз. «ПетроҚазақстан»,
мерейтойың құтты болсын!»
Н.Б.Тастыбаева, №4 Сайрам
балалар үйінің директоры
«ПҚОП» ЖШС және М.Әуезов ат.
ОҚМУ «Мұнай өңдеу және мұнай хи-
миясы» кафедрасының арасындағы
кадрларды даярлау және ғылыми-
зерттеу жұмыстары саласындағы
серіктестік
қарым-қатынастар
жыл сайын нығайып келеді. ПҚОП
өкілдері модульдік бағдарламаларды,
арнайы пәндерді, дипломдық
жұмыстардың тақырыптарын
әзірлеуде және студенттердің оқу-
зерттеу жұмыстарына белсене
қатысады. Зауыт мамандарының
ұсынысы бойынша «Мұнай өңдеудің
гидрокаталитикалық процестері»,
«Мұнай мен газды терең өңдеудің
инновациялық технологиялары»
сияқты пәндерді қосқанда, уни-
верситетте жаңа пәндер енгізіліп
отыр. Бұл заманауи мұнай өңдеу ин-
дустриясына қажетті кең білім
спектріне ие мамандарды даярлауға
мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, ка-
федра қызмет атқарған жылдар
ішінде бірталай мамандарды дай-
ындап шығарды әрі олар кафедра-
ны «ПҚОП» ЖШС-де лайықты та-
нытып жүр. Қазіргі таңда ҚР БҒМ
шешіміне сәйкес біздің университет
МҮИИДБ-2 бойынша іске қосылатын
кәсіпорындар үшін кадрларды да-
ярлау бойынша негізгі ЖОО айнал-
ды. Осылайша, 2016 жылы «Мұнай
өңдеу технологиясы» бағдарламасы
бойынша магистранттарды дай-
ындау жоспарланып отыр және
оны табысты жүзеге асырудың
кепілі «ПҚОП» ЖШС жемісті
ынтымақтастығымыз болмақ.
ПҚОП мекемесіне игілік пен мол
табыс тілейміз!
«Мұнай өңдеу және мұнай хими-
ясы» кафедрасының меңгерушісі,
т.ғ.к., профессор С.А.Сақыбаева
МҰНАЙШЫ
Қыркүйек 2015
11
теп-гимназиясына және қарабастау
аулындағы №54 мектепке жөндеу
жүргізуге, сыныптарды жабдықтауға жне
қажетті әдістемелік материалдарды са-
тып алуға қаражат бөлу арқылы қолдау
көрсетіп жатыр. Өңірдің жас талантта-
ры ірі байқауларға және фестивальдер-
ге, республика әрі әлем чемпионаттары-
на қатыса алу үшін оларға атаулы қолдау
көрсетілуде».
Бірнеше жылдар бойы ПқОП Сай-
рам ауданының Жұлдыз селолық
округының тұрғындарына әлеуметтік
мәселелерді шешуге көмектесіп жатыр.
Атап айтсақ, Меморандум аясындағы
жобалардан басқа, телефондандыруға,
трансформаторларды сатып алуға және
орнатуға, сондай-ақ ауыз суды жүргізуге
қаражаттар бөлінді.
Алты жыл бойы «Петроқазақстан»
ОқО әкімдігі жанындағы Әйелдер істері
және отбасылық-демографиялық са-
ясат жөніндегі комиссиямен бірлікте
атқарылатын «қазақстан әйелдері
кедейлікке қарсы» республикалық
қайырымдылық акциясының бас
демеушісі болып табылады. Бұл –
Сарыағаш, Мақтаарал, Созақ ауданда-
рында, Кентау және Арыс қалаларында
қосымша жұмыс орындарын құру, со-
нымен қатар Шымкенттің және ОқО 15
ауданының балаларға арналған емдеу
мекемелеріне медициналық жабдықты
сатып алу бойынша жобалар. ПқОП
үшін қазақстандық өскелең ұрпақтың
денсаулығын қолдау - ерекше бағыт
екенін атап өткен жөн. Соңғы жылда-
ры компания Шымкент қаласында қайта
ашылған Облыстық балалар орталығын
жасақтауға, ОқО аудандарындағы 22
түзету бала бақшалары үшін қажетті
жабдықтарды және дамытатын
әдістемелік құралдарды сатып алуға
қаражат бөлді, сонымен қатар бірнеше
жылдар бойы АИВ дертіне шалдыққан
балаларға қаржылық қолдау көрсетті.
ПқОП компаниясының ОқО
қолөнершілерінің ресурстық орталығы-
мен ОқО қолөнершілерін техникалық
жасақтау бойынша бірлескен жо-
басы шағын қолөнершілік кәсібін,
тұрмысы төмен азаматтардың, көп бала-
лы отбасылардың үй еңбегін дамытуға
және қосымша жұмыс орындарын құруға
бағытталған.
Бірнеше жылдар бойы компания
Бокс федерациясы спортшыларының
халықаралық деңгейдегі жарыстарға
қатысуына, республикада спорттық сай-
ыстар өткізуге, сонымен қатар елдің
өңірлерінде балалар боксының секция-
ларын дамытуға демеушілік көрсетіп жүр.
Елеулі қаражат бөлінетін қазақстанда
боксты дамыту бойынша осы жоба ПқОП
үшін дәстүрге айналды. 2013 жылы бокс
бойынша қазақстан құрамасының үздік
нәтижелері бұған дәлел болмақ, яғни Ал-
матыда өткен бокстан әлем чемпиона-
тында «алтынды» ОқО даңқын шығарған
оңтүстік қазақстандық Біржан Жақыпов
алды.
Елдің энергетикалық кешенінің ажы-
рамас бөлігі бола отырып, қазіргі таңда
мұнай өңдеу - болашақ экономика
дамуының, өндірісті жаңартудың, соны-
мен қатар өңірдің әлеуметтік проблем-
ларын шешудің бірден бір жолы. Тамаша
еңбек дәстүрлері, зауыт жұмыскерлерінің
жоғары біліктілігі және құзыреті, соны-
мен қатар тиімді менеджмент Шымкент
МӨЗ кейінгі табысы мен гүлденуінің
кепілі бола береді. Осы маңызды асу-
лы кезең жаңа жетістіктер мен жеңістер
үшін есептеу нүктесіне айналсын.
Қымбатты әріптестер, мерей-
тойларыңыз құтты болсын!
Сіздерге денсаулық, бақыт және
армандарыңыздың орындалуын
тілеймін!
ЛК-6У басшылығы / Руководство ЛК-6У / LK-6U Management
12
Қыркүйек 2015
МҰНАЙШЫ
- Әсет Маратұлы, ең әуелі, Сізді
Қауымдастықтың 10 жылдық ме-
рейтойымен құттықтауға рұқсат
етіңіз! Осы уақыт ішінде KAZENERGY
Қазақстанның энергетика саласын-
дағы аса беделді қоғамдық бір-
лестікке айналды. Сіздің ойыңызша,
табыстың кілті неде?
- Иә, расында да, 10 жылдың ішінде
қауымдастық бірқатар жетістіктерге қол
жеткізді. Менің ойымша, табыстың кілті
- қауымдастықтың құрылу мақсатын
айқын түсінгенімізде жатыр. Бұл салаға
не қажет, оны мемлекеттік реттейтін
саясатқа не қажет, түсінігіміз бір жерден
шықты. Екі тарап та бір-бірін «естуі» қажет.
қауымдастықты құру қажеттілігі
саланың келбеті айқын қалыптасқанда
және ойыншылардың саны артқанда туын-
дады. Аса оңтайлы ахуалды қалыптастыру,
мүдделерді қорғау, ОЭК саласында жұмыс
істейтін бизнестің билік органдарымен
және шетел әріптестерімен конструктивті
диалог жүргізуі мақсатында 2005 жылдың 2
қарашасында KAZENERGY қауымдастығы
құрылды. Бүгінгі таңда біз мұнай-газ
және энергетика саласындағы 80 астам
компаниялардың басын біріктіріп отыр-
мыз. қауымдастық қызметкерлерінің са-
ны көп емес - 50 адамнан сәл асады, де-
генмен, жаңа мүше қосылған сайын
бізге қосымша міндеттер жүктелетініне
қарамастан, алдыға қойылған міндеттерді
жүзеге асыру деңгейі және оның өнімділігі
жоғары болып отыр. Сапалы құрам туралы
сөз қозғай отырып, KAZENERGY компани-
ясында мемлекеттік органдарда, сонымен
қатар салалық компанияларда тәжірибе
жинақтаған нағыз кәсіпқойлар жұмыс
істейтінін мақтанышпен айта аламын. Бұл
жұмысымызға зор көмегін тигізетін сим-
биоз. Сондықтан біздің негізгі әрі жалғыз
активіміз кадрлар болып табылады.
Сондай-ақ біздің Төрағамыз Тимур
Асқарұлы құлыбаевтың жеке беделі
қауымдастықтың табысында маңызды
рөлге ие екенін атап өткім келеді. Өйткені
қазақстан аумағында, сонымен қатар
халықаралық деңгейде оның пікірі өте
жоғары бағаланады.
- Жер қойнауын пайдаланушы-
лар мен мемлекет арасындағы бу-
ын ретінде қандай мемлекеттік
органдармен көбірек жұмыс жа-
сайсыз және осы процесс қалай
ұйымдастырылған?
- қауымдастықтың қызметі мұнай-
газ және энергетика саласын дамы-
ту, экология, инвестиция, салық са-
лу, адам капиталын дамыту, әлеуметтік
жауапкершілік, аталмыш салалардағы
заңнаманы жетілдіру және басқа да
көптеген мәселелерді қамтиды. Барлық
осы бағыттар бойынша міндеттемелерді
шешу үшін қауымдастықта үйлестіруші,
сараптамалық және ғылыми-техникалық
кеңестер жұмыс істейді, олардың
құрамына қР Парламентінің, Энер-
гетика министрлігінің, Инвестиция-
лар және даму министрлігінің, қаржы
министрлігінің, Әділет министрлігінің,
Ұлттық экономика министрлігінің және
басқа мемлекеттік ведомстволардың, со-
нымен қатар энергетика саласындағы ірі
компаниялардың өкілдері кіреді. Осылай-
ша, біз қауымдастықтың базасында диалог
алаңдарын құрдық, ол жерде мемлекеттің,
сонымен қатар компаниялардың тарапы-
нан шыққан сарапшылардың ұсыныстары
мен ескертулері қарастырылады.
Біз негізінен өзімізге тікелей қатысты
болатын ведомство - Энергетика
министрлігімен жұмыс жасаймыз, өткен
жылы біз олармен ынтымақтастық ту-
ралы келісімге қол қойдық. Энергети-
ка министрлігі мұнай-газ саласында
мемлекеттік саясатты қалыптастыру және
жүзеге асыру барысында қауымдастықтың
ауқымды аналитикалық, кадр және қаржы
ресурстарын пайдалану мүмкіндігіне
ие. қауымдастық тек қауымдастық
мүшелерінің ғана емес, сондай-ақ
көптеген инвесторлардың мүдделерін та-
нытуды және қорғауды тиімді қамтамасыз
етеді. Энергетикалық аймақтардың
облыстық және қалалық әкімдіктері
жергілікті компанияларды қолдау және
жер қойнауын пайдаланушылардың
қаражаттарына қаржыландыру жөніндегі
шешімдерді бірлесе қабылдау бойынша
бізбен белсенді ынтымақтастық орнатып
отыр.
Осылайша, өткен жылы қызылорда
облысының әкімдігі мен біздің ара-
мызда ынтымақтастық және өзара
түсіністік туралы меморандумға қол
қойылды. Ынтымақтастық аймақтың
инвестициялық тартымдылығын артты-
руға, технологиялар трансфертін одан
әрі кеңейту және жаңа технологиялар-
ды ендіру үшін жағдайларды, сонымен
қатар экологиялық қауіпсіздікті және
энергия тиімділігін арттыру, облыстың
мұнай-газ кешенінің кәсіпорындарында
жұмыс істейтін жергілікті құрамды ұлғайту
және қазақстандық мамандар үлесін
көбейту бойынша жағдайларды жасауға
бағытталып отыр.
Біз мұнай-газ және энергетика сала-
сын дамыту жөніндегі ведомствоаралық
комиссияны құру туралы бастама
көтердік әрі ол қР Үкіметіне қарасты
консультациялық-кеңесші орган бо-
лып табылады. KAZENERGY оны құрған
Достарыңызбен бөлісу: |