ПқоП қАЙтА қҰру жӘНе жАңғЫрту жобАсЫ -
АрАлЫқ қорЫтЫНдЫлАр
жаңғырту жобасын іске асыру нәтижесінде ПқоП-та орын алатын сапалы
өзгерістер тек кәсіпорын үшін ғана емес, жалпы аймақ пен республика үшін де
жаңа мүмкіндіктер ашады. Экологиялық таза бензин мен дизельді өндіруді
бастау, сонымен қатар жаңа бағытты дамыту - мұнай химиясына арналған
өнімді шығару өңірдегі экологиялық жағдайға оң ықпал етеді, нарықтың та-
лаптарын қанағаттандырады және оқо-ғы шектес салаларды дамыту үшін
мультипликативтік нәтиже береді.
«қазМұнайГаз» Ақ - өңдеу және маркетинг» есептеулері бойынша ПқОП
технологиялық күрделілігінің орташа мәні немесе Нельсон индексі Жаңғырту
жобасын жүзеге асырғаннан кейін 8,0 құрайды.
Нельсон индексін У.Нельсон 1960-1961 жылдары жасап шығарды және ол
дистилляцияның алғашқы қуатына қатысты МӨЗ түрлендірудің қайталама
қуатының деңгейін бағалау болып табылады. Осы индекс 1,0 күрделілік
коэффициенті берілетін шикі мұнайды айдау бойынша жабдықпен
салыстырғанда, МӨЗ жабдығының күрделілігі және құны негізінде оның әрбір
негізгі бірлігіне күрделілік коэффициентін береді. Мысалы, каталитикалық кре-
кинг қондырғысы қолданылатын технологияға (R2R, RFcc, MHc, SHc және
т.б.) байланысты коэф¬фициент 2-4 аралығында болады, яғни ол дәл сондай
өнімділік кезінде шикі мұнайды айдауға арналған қондырғыдан 2-4 есе күрделі.
Осылайша, жабдықтың әрбір бірлігіне берілген күрделілік мәнін жинақтай оты-
рып, Нельсон индексі бойынша МӨЗ күрделілігі айқындалады.
Нельсон индексі «өңдеу тереңдігі» терминін ығыстырып, жобаның
тиімділігін есептеу кезінде сенімді позицияға ие болуда. Нельсон индексі МӨЗ-
ге құйылатын инвестициялардың қарқындылығын ғана көрсетіп қоймайды,
сондай-ақ қосылған құндағы оның әлеуетін және қайталама қуаттарды одан әрі
күрделендіруді айқындайды.
Анықтама үшін: ағымдағы Нельсон индексі америкалық МӨЗ-да 10,4,
еуропалық МӨЗ-де 7,8, ресейлік МӨЗ-де (ауқымды жаңғырту жүргізіп жатқан)
4,5 құрайды. Нельсон индексінің ағымдағы орташа мәні қазақстандық МӨЗ-де
(жаңғырту жобаларын аяқтағанға дейін) 5,4 құрайды, сондай-ақ бұл көрсеткіш
АМӨЗ - 11,3, ал ПМХЗ - 9,2 жетеді деп күтілуде.
МҰНАЙШЫ
Қыркүйек 2015
17
жүзеге асыру үшін 1 млрд. АқШ доллары
мөлшерінде қазақстанға кредиттік желі
ашу туралы меморандумға қол қойылды.
Жобаны жүзеге асыру екі кезеңге
бөлінген.
жобаның 1-кезеңі
Кеден одағының техникалық
регламентінің талаптарына сәйкес Еу-
ро-4 және Еуро-5 класындағы мотор
отынын шығаруды қамтамасыз ету үшін
Жобаның бірінші кезеңінде екі жаңа
қондырғы (күкірт өндіру және изомери-
зациялау) салу және дизельді отынды ги-
дротазалау қондырғысын жаңғырту жо-
спарланып отыр.
Осылайша, 2014 жылдың наурыз
айында дизельді отынды гидротаза-
лау қондырғысын жаңғырту жоба-
сы аяқталды, оның аясында С-300/1
қондырғысында жаңа Р-301-1 реакто-
ры орнатылды. Реактордың биіктігі - 22
метр, салмағы - 219 тонна, көлемі - 177
м3 және реакторға 106 тоннадан астам
катализаторлар жүктелді. Монтажды
«Мастерстрой» ЖШС (іргетас пен темір-
бетон құрылымдарын монтаждау) және
«РМУ» ЖШС (металл құрылымдарын
монтаждау, құбыр желісін орау және ре-
акторды орнату) мердігерлік ұйымдары
жүргізді.
2015 жылдың маусым айында Еуро-5
стандарты деңгейінде жазғы дизельді
Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде зауытта 6 негізгі технологиялық қондырғы
салынады:
1) изомеризациялау - жылына 600 мың тонна, лицензиар UOP, АқШ;
2) күкірт өндіру - жылына 4 мың тонна, лицензиар СРЕ, қХР;
3) күкірт өндіру - жылына 15 мың тонна, лицензиар СРЕ, қХР;
4) каталитикалық крекинг - жылына 2000 мың тонна, лицензиар UOP, АқШ;
5) каткрекинг бензинін гидротазалау - жылына 1000 мың тонна, лицензиар Axens,
Франция;
6) МТБЭ өндіру - жылына 244 мың тонна, лицензиар Axens, Франция.
Жалпы алғанда жаңғыртуды аяқтағаннан кейін технологиялық қондырғылардың
саны 9-дан 15-ке дейін артады.
PENEX изомеризациясының UOP лицензиялық процестері, Merox қаныққан
және қанықпаған сұйылтылған көмірсутекті газдарды сілтілі тазалау, RFcc
каталитикалық крекинг - бензиннің жоғары октанды компонентін алу арқылы ма-
зут пен вакуумды газойльді крекингтеу процесі сияқты технологиялық процестер
ендірілетін болады. UOP компаниясы дүние жүзінде RFcc қондырғыларының 50%
астамын лицензиялады.
Сонымен қатар қосалқы және қолданыстағы секциялар/блоктар/қондырғылар
салынады және жаңартылады:
• қаныққан және қанықпаған СКГ күкірттен тазалау, сілтіні тазалау;
• мұнай өнімдерін үнемді құю;
• аминді регенерациялау және қышқылды пайдаланылған суларды бумен жылы-
ту;
• c3/c4 ажырату және сутегіні тазалау;
• атмосфералық айдау, бензинді гидротазалау, нафта сплиттері және дизельді
отынды гидротазалау.
қосымша ПқОП компаниясында жалпы зауыт шаруашылығының жаңа ны-
сандары салынады: тазалау құрылғылары, айналма сумен қамту, СКГ сақтау, азот
өндіру, БӨАА, суды, буды химиялық тазалау, резервуарлық парктер, факел жүйесі,
өрт сөндіру және электрмен қамту жүйесі, технологиялық процесті басқаруға
арналған оператор бөлмелері және т.б.
МЭА (моноэтаноламина) регенерациялау және күкірт алу қондырғысы, №2 цех, 2014 / Установка регенерации МЭА (моноэтаноламина) и производства серы, цех №2, 2014 /
Monoethanolamine (MEA) Distillation and Sulphur Production Unit, Workshop No.2, 2014
18
Қыркүйек 2015
МҰНАЙШЫ
отынды шығару кезінде жобалық
көрсеткіштерге жету арқылы өнімділігі
жылына 1,5 млн. тоннаны құрайтын
кепілдікті пайдалану сынаулары сәтті
өткізілді. Жаңа Р-301-1 реакторы біздің
зауытымызға Еуро-4 және Еуро-5 стан-
дарттарына жауап беретін экологиялық
таза дизельді отынды өндіруге мүмкіндік
береді.
Сондай-ақ, қуаты жылына 4 мың
тоннаны құрайтын күкірт өндіру
қондырғысының (КӨқ-4000) құрылысы
аяқталды және оны іске қосу бой-
ынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
қондырғыны салу 2011-2014 жылдар
аралығында жүзеге асты, сондықтан
ол жобаны жүзеге асырудың барлық
сатыларынан тұрады, атап айтсақ:
жобалық-сметалық құжаттаманың СРЕ
әзірлеу, мемлекеттік органдардан және
мемлекеттік сараптамадан келісім алу,
құрылыс-монтаждау жұмыстары, же-
ке сынаулар және іске қосу алдындағы
жұмыстар.
КӨқ-4000 - ПқОП жаңа тарихындағы
алғашқы технологиялық күрделі нысан,
ол өнім желісін жаңа өнім - түйіршіктелген
күкіртпен кеңейтуге мүмкіндік береді.
қондырғының құрылысы аймақ үшін
үлкен маңызға ие, өйткені күкіртті
кеңінен пайдаланатындықтан, бұл ОқО
экономикасының шектес салаларының
дамуына түрткі болар еді. Мысалға,
күкірт күкірт қышқылын, синтетикалық
талшықты, күкірт бояғыштарын, түтінді
дәріні өндіру үшін химия өнеркәсібінде,
резеңке өнеркәсібінде, сондай-ақ ау-
ыл шаруашылығында және фарма-
цевтикада қолданылады. Өнімнің
бірінші сынамалық партиясын алудың
жоспарланған мерзімі - 2015 жылдың
қыркүйегі.
2014 жылдың мамырында изо-
меризациялау қондырғысы бойын-
ша құрылыс-монтаждау жұмыстары
басталды және оны іске қосу 2016
жылдың желтоқсанына жоспарла-
нып отыр. Бұл қондырғының негізгі
мақсаты автобензиннің жоғары октанды
компонентін өндіру және автобензиннің
сапасын Еуро-4 және Еуро-5 дейін арт-
тыру болып табылады.
Осы тамыз айының аяғына дейін:
• 83% дейінгі жұмыс құжаттамасы
әзірленді;
• жабдық қондырылатын 372
іргетастың 238 салынды, бұл 5481 м3
аймақтың 4946 немесе 90% құрайды;
• қазаншұңқырларды қайта көму
жүргізіліп жатыр;
• 150 бірлік технологиялық жабдықтың
141 немесе 94% әзірлеуге тапсырыс
берілді;
• 17 бірлік жабдық орнатылып,
сегменттік жинау жүзеге асып жатыр;
• 11 бірлік жабдық орнатылды әрі
монтаждалды, соның ішінде 3 ірі
габаритті ректификациялық бағана:
К-701 деизопентанизаторы, К-704 де-
изогексанизаторы және К-205 нафта
сплиттері.
жобаның 2-кезеңі
Жобаның екінші кезеңі жобалық
қуатты жылына 6 млн. тоннаға дейін
қалпына келтіру және мұнай өңдеу
тереңдігін 90% дейін ұлғайту мақсатында
жалпы зауыт шаруашылығындағы
қолданыстағы технологиялық қондыр-
ғыларды қалпына келтіруге және
жаңаларын салуға бағытталып отыр.
Екінші кезеңнің аясында мынадай
жаңа қондырғылар салынатын болады:
каталитикалық крекинг қондырғысы,
каткрекинг бензинін гидротаза-
лау қондырғысы және МТБЭ өндіру
қондырғысы. Оған қоса қуаты жылы-
на 15 мың тоннаны құрайтын тағы бір
қондырғы салынатын болады.
Екінші кезеңді аяқтағаннан кейін
мұнай өнімдерін өндіру келесі
көрсеткіштерге дейін ұлғаяды: жоғары
октанды бензин (жылына ағымдағы 700
мың тоннадан 2,3 млн. тоннаға дейін),
дизельді отын (жылына 1,3 млн. тон-
надан 2 млн. тоннаға дейін), әуе оты-
ны (жылына 280 мың тоннадан 350 мың
тоннаға дейін). Жаңа өнімдерді шығару
да ретке келтіріледі: пропан-пропи-
лен (мұнай химиясының шикізаты)
және МТБЭ (бензиннің жоғары октанды
компоненті).
қазақстандық нормаларға және
стандарттарға бейімдеу арқылы ба-
тыс стандарттарына сәйкес жобалық-
сметалық құжаттаманы әзірлеу
аяқталды, жұмыс құжаттамасы әзірленіп
жатыр және жабдыққа тапсырыстар
берілді. 2015 жылдың 16 қаңтарынан
бастап Жобаның екінші кезеңін жүзеге
асыру үшін cPEcc компаниясымен ЕРС-
келісімшартына қол қойылды.
2015 жылдың 3-тоқсанында құрылыс-
монтаждау жұмыстарын бастап кету
үшін қазіргі таңда жер қазу жұмыстары
жоғары қарқындылықпен жүргізіліп
жатыр. Ал 2017 жылдың 3 тоқсанында
механикалық аяқтау және іске қосу
жұмыстарын бастау жоспарланып отыр.
Екінші кезең, яғни Шымкент МӨЗ қайта
құру және жаңғырту жобасын жүзеге
асыру, тұтас алғанда, 2017 жылдың
4-тоқсанында аяқталады деп жоспарла-
нып отыр.
Эко-бонус
Айтып өтілгендей, экологиялық мәселе - Жаңғырту жобасының маңызды
аспектісі.
Күкірт өндіру қондырғысында зауыт шеңберінде түзілетін күкіртті сутек-
тен тұратын газды кәдеге жарату жүзеге асады, яғни одан тауарлық өнім -
түйіршіктелген қарапайым күкірт алынатын болады, бұл факел желісінен
атмосфераға шығатын залалды күкірт қосылыстарының шығарындысын 99%
дейін азайтуға мүмкіндік береді.
Вагон-цистерналарға мұнай өнімдерін құюдың герметикалық жүйесін
ендіру көмірсутектің түзілетін буын рекуперация жүйесіне бұру арқылы құю
процедураларын жүргізу кезінде вагон-цистерналардың люктарын гермети-
зациялауды білдіреді. Бұл шара да атмосфераға шығатын залалды заттардың
шығарындыларын жылына 450 тоннаға дейін азайтуға, сондай-ақ ұсталып
қалған көмірсутектерді өндіріске қайтаруға мүмкіндік береді.
Тазарту құрылыстарын жаңғырту және қайта құру аясында зауытта жер
деңгейінде орналастырылған жаңа герметикалық құрылыстар салына-
тын болады, бұл пайдаланылған судың сапасын жақсартуға және тазар-
ту құрылыстарының жабық беттерінен атмосфераға шығатын залалды
заттардың шығарындыларын жылына 1500 тоннаға дейін азайтуға мүмкіндік
береді.
Жаңғыртудың басты мақсаттарының бірі - К-4 және К-5 экологиялық кла-
сына жауап беретін мотор отынын алу, өйткені олардың құрамындағы зиян-
ды компоненттердің мөлшері аз болатыны анық. Мысалы, қазіргі таңда қР
өндірілетін бензин К-2 класына сәйкес келеді және оның құрамындағы күкірт
500 ррм аспайды, ал жаңа К-5 отынында бұл көрсеткіштер 10 ррм деңгейіне
дейін төмендетілетін болады. Дизель бойынша да осыған ұқсас цифрлар (ол
да К-2 экологиялық класына сәйкес келеді). Бензолға келетін болсақ, бұл
көрсеткіштер жаңа К-5 отынында қазіргі 5%-дан (об.) 1,0% (об.) дейін азаяды.
Бұл қаламыздағы ауа біршама тазарады деген сөз.
МҰНАЙШЫ
Қыркүйек 2015
19
Біздің сұрақтарымызға жауап бер-
гендер: Баетов Болат Бажақайұлы, Го-
рячковский Олег Иустинович, Ембер-
диев Аманәлі Жақыпбекұлы, Корячки-
на Наталья Борисовна, Мыңжасаров
Жақсылық Эмидұлы және Тобашев
Сақтаған Жұмамұратұлы.
- Сіздің Шымкент МӨЗ-де істеген
алғашқы жылдарыңыз. Зауыт
қандай болған еді?
Олег Иустинович:
Мен зауытқа
1978 жылы келген едім. Оған дейін мен
Белоруссиядағы Мозырдегі МӨЗ жұмыс
істеген едім, сосын қартайған ата-ана-
ма қарау үшін еліме қайтуға ұйғардым.
Бүгінде өркендеп дамып отырған МӨЗ
зауытының ол кездегі жағдайы қиын еді.
құрылысы тоқтап тұрды, жұмысшылары
алары құр жалақы, сыйақы да, 13-
ші жалақы да жоқ. Жанымызда ірі-ірі
өнеркәсіп алпауыттары - фосфор, ши-
на шығаратын, қорғасын зауытта-
ры, пресс-автомат зауыттары жұмыс
істеп тұрды... Таныстарым менің мұнай
өңдейтін зауытта істейтінімді білген
кезде мысқылдап, таңғалып, басқа
жұмыс іздеуге кеңес беретұғын. Сол кез-
де ешкімде зауыттың табысты болаты-
нына сенбеді, бірақ менің ішкі түйсігім
барлығы жақсы болатындығына және
менің тағдырымның осы зауытта байла-
нысты екендігіне сендірді. Осылай бо-
лып шықты да.
1982 жылы зауытқа Омбы-Павло-
дар-Шымкент құбыр желісі арқылы
мұнай келді, сөйтіп МӨЗ құрылысы ба-
сталды. 1985 жылы зауыт іске қосылып,
жұмыс қызды. Алда қайта құру басталып,
оның соңы Кеңес үкіметінің құлауына
әкелді, ал бұл біз үшін батыс сібір
мұнайының жеткізілуіндегі кедергілер
және мамандардың Германияға, Ресей-
ге, Грецияға кетуі сияқты қиындықтар
тудырды. Ал біздің жанымыздағы ірі
өнеркәсіп алпауыттары, сондай-ақ ұсақ
кәсіпорындар көз алдымызда күйреп-
құлдырып жатты. Бірақ біз дамудың
барлық қиындықтарынан өтіп, аман-
есен осы күнге жеттік. Енді міне, бүгінде
30 жылдық мерекемізді тойлағалы
отырмыз. Бұл біз үшін үлкен қуаныш әрі
мақтаныш!
Болат Бажақайұлы:
Мен зауытқа
1984 жылдың мамыр айында 200 ЛК-
6У секциясына оператор болып орнала-
стым. құрылыс-монтаждау жұмыстары
жүріп жатқандықтан, цех аумағындағы
жұмыс қызу жүріп жатқан еді. Ал
бізді, жастарды, топ-тобымен басқа
өңірлердегі жұмыс істеп тұрған МӨЗ
тағылымдамадан өтуге жіберді. Мен
Краснодар өңірінде орналасқан Ачинск
МӨЗ сынақ мерзімінен өттім.
Зауытты іске қосу үшін Ресейдің
көптеген МӨЗ, сонымен қатар Атырау
мен Павлодардан мамандар шақырылды.
Әрине, жаңа мамандықты игеру кезінде
қиындықтар болды, алайда біз жалын-
дап тұрған жастар едік және жұмысқа
деген ынтамыз, барлығын білуге
және игеруге деген ықыласымыз бен
ұмтылысымыз өте жоғары еді, сондай-
ақ кәсіби шыңдалуымызға жасы үлкен
ағаларымыздың баға жетпес көмегі мен
қолдауы көп септігін тигізді.
Наталья Борисовна:
30 жыл көзді
ашып-жұмағанша зымырап өте шықты.
Күні кеше ғана болған сияқты: 1985
жылдың қаңтар айы, жап-жас қыздар
жұмыс бөлмесін жабдықтап, аспаптар
мен зертханалық жабдықтарды орнала-
стырып жатыр. Зертхана ішінде өтпе жел
улеп тұр....
Барлығы орын-орынға орналас-
тырылған. Бригада жасақталған, жұмыс
орындары талдамаларға жасауға әзір,
реактивтердің ерітінділері дайын,
қажетті құжаттар жасалған. Зертха-
на жұмыс істей бастады. Міне, өнімнің
алғашқы құжаты да дайын. Толқу мен
қуанышты айтсайшы! Зауыттың бас-
шысына құжат қандай мақтанышпен
тапсырылды... Зауыттың байырғы
жұмысшылары біздің зауытқа қалай
Мазутты вакуумды айдау қондырғысының құрылысы (МБАқ) / Строительство установки вакуумной перегонки мазута
(УВПМ) / construction of Vacuum Distillation Unit (VDU)
бірге өскеН зАМАНдАстАр
қалыптасудың және дамудың барлық кезеңдерінен өтіп, қиындықтарды
жеңіп, табыстарға қуанып, өзіңнің кәсіпорыныңмен бірге өсу - еңбегіңнің ерек-
ше жемісі емес пе? Шымкент мұнай өңдеуші зауытының 30 жылдығына орай
біз алғашқы кірпіші қаланған күннен бастап онда жұмыс істеп жатқандармен
сұхбаттасып, естеліктерін, жастарға айтар ақыл-кеңестері мен зауыттың даму
векторына қатысты айтқан ой-пікірлерін тыңдаған едік.
20
Қыркүйек 2015
МҰНАЙШЫ
жететінімізді еске алады, автобусқа оты-
ру қиынның-қиыны болатын, зертханаға
ойқы-шойқы соқпақтармен, сазға мал-
шынып жететінбіз.Бұл қиындыққа көбі
шыдамады, жұмыстан шығып кеткен-
дер де болды, бірақ зертхананың негізгі
құрамы әлі күнге дейін жұмыс істеп келеді.
Аманәлі Жақыпбекұлы:
1984
жылдың күзінде мен Атырау мұнай өңдеу
зауытынан шақыртумен келдім. ШМӨЗ
жаңа салынып жатқан еді, қоршауы да
болмаған еді, барлық жерде құрылыс ма-
териалдары мен жабдықтар үйіліп жа-
татын... Көлік қаладан кесте бойын-
ша жүрмейтін, баршамыз жұмысқа жол-
жөнекей көлікке мініп, автобуспен, тіпті
жаяу та келуші едік. Бірақ біз жас едік және
де өз еңбегіміздің нәтижесін көру бізге
айрықша жігер сыйлады. 8 сағаттың оры-
на 12-14 сағат жұмыс істедік, жалпы ау-
даны 8 шаршы метр бөлмелерде 4 адам-
нан құралған отбасылармен өмір сүріп,
суықтан да, тұрмыс қиыншылықтарынан
да қорықпадық.
Жақсылық Эмидұлы:
1979 жылы
мен электрцехтің шебері болып зауытқа
орналасқан кезде тек КқБ (күрделі
құрылыс бөлімі), жабдықтау базасы, ЖМЦ
(жөндеу механикалық цех) ғана қызмет
істеп тұрған болатын, ал СКжТқ (сумен
жабдықтау, канализация және тазарту
құрылысы) нысанына штат жинақталып
жатты.
Зауыттың сол кездегі аумағы бүгінгіден
түбегейлі өзгеше болатын, бұл – ана жер-
де, мына жерде тұрған резервуарлары
мен аяқталмаған құрылымдары бар бос
алаңқай болды. Ұжым шағын болды, бірақ
біз бір-бірімізді танитын едік. Біз жас
болдық, жігерлі болдық, жалақымыз аз
болса да, болашақта 5-10 жыл ішінде үйлі
болатынымызға сендік. МӨЗ құрылысы
кезінде ешқандай төлемсіз үстеме жұмыс
істеу - бұл норма саналатын.
Сақтаған Жұмамұратұлы:
ШМӨЗ
құрылысы мен оны іске қосу үшін жас
мамандар тек бүкіл қазақстаннан ғана
емес, сондай-ақ Кеңес Одағының түпкір-
түпкірінен жиналды. Бұл - біздің зауыт
ұжымының құрылу және қалыптасу жыл-
дары еді.
1984 жылы мені құрылысы жүріп жатқан
Шымкент МӨЗ шақыртқанға дейін, мен
АМӨЗ ЭЛОУ-АВТ құрылғысының басшы-
сы болып жұмыс істеген едім. Сол кездері
Шымкент көптеген жұмыс істейтін
өнеркәсіптік нысандары бар, дамыған
өнеркәсіптік қала болатұғын. Сондай
алпауыттардың жанында ешкім жаңадан
салынып жатқан мұнай өңдеу зауытына
баруға асықпады, бізде жұмысшылар мен
мамандар жетіспеушілігі болатын.
Сосын бізде қайта құру бастал-
ды, көптеген мамандар жұмыстан бо-
сап, тарихи отандарына кетті. Сол кез-
де көптеген кәсіпорындар бірінен кейін
бірі тоқтап жатты, соның ішінде, мұнай
химиясының алпауыттары - фосфор және
шина шығаратын зауыттары жабылды,
олардың мамандары мен жұмысшылары
ШМӨЗ-ге жұмысқа орналасуға тырысты.
Туындаған бәсекелестік жұмысқа және
кәсіби даму мен жергілікті мамандардың
өсуіне және зауытта мамандардың негізгі
құрамын қалыптастыруға жақсы ықпал
етті.
- Зауытта болған қандай
өзгерістерді елеулі деп санайсыз?
Болат Бажақайұлы:
Кеңес
Одағы ыдырағаннан кейін көптеген
кәсіпорындар қызметін тоқтатты, ал
біздің зауыт С.Әсілбеков пен А.Э.Бауман
сынды басшыларымыздың арқасында
тұрақты жұмысын сақтап қалды.
Әрбір жаңа команда келген сайын біз
тек алға жылжыдық. Н.С.Бизаковтың ко-
мандасы зауыттың қызметін іске асы-
ру үшін жаңа ой, жаңа тәсіл алып келді
корячкина
Наталья борисовна
Білімі: Томск политехникалық ин-
ституты
МӨЗ жұмысты бастаған жылы:
1985
Мансабы: ЗОЗ кезекші инженер-
зертханашысы, ЗОЗ бақылаушы
шебері, ЗОЗ инжерері, ЗОЗ бақылау
зертханасының басшысы, зау-
ыт зертханасының басшысы, зауыт
зертханасының техникалық бақылау
менеджері
Қосқан үлесі:
- сапаны арттыруға және сынақты
орындау уақытын қысқартуға және
зертханадағы еңбек талаптары мен
қауіпсіздікті жақсартуға мүмкіндік
берген, зертхананы техникалық
қайта жабдықтау (ЗЗ бос және толық
газ баллондар сақтау қоймасының
құрылысы және пайдалануға бе-
ру) бойынша, ЗЗ өрт дабылдамасы
жүйесін қайта жаңғырту және енгізу
бойынша, өрт қауіпсіздігін қысқарту
мақсатында, ЗЗ орынжайларының
техникалық қабаттарын өрттен
қорғанышпен өңдеу бойынша
жұмыстар.
Марапаттары:
- Президенттік Алтын жүлде (2010);
- қР Энергетика министрлігінің
құрмет мадақтамасы.
горячковский
олег иустинович
Білімі: қазақ химииялық-
технологиялық институты, Шымкент
МӨЗ жұмысты бастаған жылы:
1978
Мансабы: өндірістік бөлімнің аға
инженер-экономисті, техникалық
бөлімнің аға инженер-технологы,
ТБ басшысының орынбасары, бас
технологтың м.а., ТБ басшысының
орынбасары, техникалық бөлім бас-
шысы, өндірісті жоспарлау бөлімінің
басшысы, техникалық бөлім басшы-
сы.
Қосқан үлесі:
- сапалы реактивті отын алу жолымен,
құмкөл, Батыс Сібір мен Ақтөбе кен
орындарындағы мұнай қоспаларын
өңдеуді зерттеу және технология
енгізу;
- 200 және 300/1 секцияларына зама-
науи катализаторларды енгізу;
- ПКОП өнертабыстық және
инновациялық қызмет бойынша
жұмыстарды ұйымдастыру;
- жоғары октандық жанармайды
65,3% дейін арттыру.
Достарыңызбен бөлісу: |