Марапаттары:
- Президенттік жүлде (2012 - «күміс»,
«2013 - күміс», 2014 - «қола»);
- ПКОП 20 жылдығының құрметіне
«Петроқазақстан құрмет мадақ-
тамасы» және «қазМұнайГаз» ҰК Ақ
құрмет мадақтамасы.
МҰНАЙШЫ
Қыркүйек 2015
21
- бұл нарықтық экномикаға қадам ба-
сып жатқан уақыт еді. Содан кейін
канадалықтар - «Харрикейн» тобы келді,
біз олардан басқарудың озық тәжірибесін
үйрендік.
Алайда жұмысымыздың түбегейлі
жақсаруы cNPc және қМГ ұлттық мұнай
компанияларының келуімен тікелей бай-
ланысты, дәл сол уақытта кәсіпорынды
жаңғырту және қайта құру мәселесі жолға
қойылды.
Олег Иустинович:
Күрделі кезең-
дерде жылдам бейімделу қабілеті дер
едім. Кеңестер Одағы ыдырағаннан
кейін, ресейлік шикізатынсыз қалған за-
уыт жылдам құмқөл мұнайын өңдеуге
көше алды. Бұл оңай шаруа емес еді -
өйткені мұнайдың сапасы әр түрлі бола-
ды емес пе? ШМӨЗ құмкөлдің жоғары па-
рафин құрамды мұнайын өңдеп, сапалы
мұнай өнімдерін алу үшін, технологиялық
үдерістерге айтарлықтай өзгерістер
енгізуге тура келді. Менің ойымша, егер
мұны бір мезгілде жасамағанда, зауыттың
да, біздің де тағдырымыздың қандай бола-
ры белгісіз еді.
Аманәлі Жақыпбекұлы:
Ел
үшін өзгерісті кезеңдерде өнеркәсіп
кәсіпорындары күйреп жатқан уақытта,
біздің зауытымыз өзінің тиімділігін
сақтап, тіпті дамудың жаңа айналымы-
на шықты. Зауытқа Н.С.Бизақов келген
уақыттан бастап, жаңарту уақыты ба-
сталды - техникалық тұрғыда да, сондай-
ақ қызметкерлердің барлық санаттары
арасындағы қарым-қатынас тұрғысында
да жұмысқа деген жаңа тәсіл жасалды.
Алдымен барлық қызметкерлер үшін
жұмыстың заманауи өнімді талабы (ком-
пьютерлермен жабдықталды, тұрмыстық
абаттандырылды және т.с.) жасалды.
Әр маманның жауапкершілік деңгейі
ескеріліп, жалақы өсті, жоспарды орындау
көрсеткіштері бойынша сыйақыландыру
енгізілді. Және де, сәйкесінше, лауазымдық
міндеттемелерін орындауға деген талап
өсті. Мұның барлығы енді әр жұмысшы
туған өнеркәсібінің дамуы үшін барлық
күш-жігерін жұмсауға тырысатындығына
алып келді. Бастамашылдық, ашықтық,
жауапкершілік, сенімді тұлғааралық
қатынас, жұмысты орындау сапасын
бақылау мен ұжымшылдық - ШМӨЗ
табысының және әрі қарайғы дамуының
кепіліне айналды.
Наталья Борисовна:
Зауыт-
та жүргізілген жаңғыртуды айтқан бо-
лар едім. Бұл ашық мұнай өнімдерінің
шығуын арттырып ғана қоймай,
олардың сапасын әлемдік стандарттарға
жеткізеді. Жаңа өнімдердің шығарылуын
қамтамасыз етіп, зиянды ағындылардың
қысқаруына әкеледі, ал бұл болса, ел
экономикасындағы біздің зауытымыздың
маңызын арттырмақ. Сондай-ақ жаңа
ШМӨЗ қызметкерлері қазан революциясы күнін тойлауда, 7 қараша 1989 /
Сотрудники ШНПЗ на праздновании Дня Октябрьской Революции, 7 ноября 1989 года /
Shymkent refinery employees at celebration of the October revolution Day on 7 November 1989
ембердиев
Аманәлі жақыпбекұлы
Білімі:
қазақ химиялық-
технологиялық институты, Шымкент
МӨЗ жұмысты бастаған жылы: 1984
Мансабы: 100 ЛК-6У секциясының
аға операторы, ПқОП ЖШС
кәсіподақ комитетінің төрағасы,
экология және еңбекті қорғау
департаментінің директоры, еңбекті
қорғау жөніндегі техникалық басшы -
еңбекті,қауіпсіздікті және экологияны
қорғау департаментінің директоры.
Қосқан үлесі:
- жаңғыртуды ескере отырып, «ПқОП» ЖШС қауіпсіздік декларациясын қайта
қарастыру, сараптамалық қорытынды алу мен ТЖ жөніндегі комитеттен тіркеу,
2014-2018 жылдарға ЕққЭ қМГ-ӨМ саласында кешенді жұмыс жасау, өндірістік
үдерістің қауіпті факторлары мен зауытты жаңғырту бойынша дайын жобалар
қатарындағы пайдалану сенімділігін талдау;
- 2006-2014 жылдары - резервуарлық парктер мен сорғылы СқО, ТКБ ағызу
эскадаларының көбікті өрт сөндіру жүйелерін жаңғырту;
- зауыттағы экологиялық ахуалды жақсарту бойынша экологиялық жобалар-
ды жасауға бастамашы болды (соның ішінде, тазартылған ағынды суларды
өрт сөндіру жүйесіне қайтару жүйесін енгізді, МӨЗ аумағындағы топырақтың
жағдайын жақсарту);
- Ордабасыда жаңа өнеркәсіптік ағындыларын жинақтағыш тоған құрылысына
тікелей қатысты, мұнай шлам қалдықтарын өңдеу ұйымдастырылды.
Марапаттары:
- Президенттік жүлде (2007 – «алтын») және жүлде (2015 – «күміс»);
- ШМӨЗ 15 жылдығының құрметіне «Ерен еңбегі үшін» медалі, қазақ мұнайының
110 жылдық мерейтойына орай жоғары кәсіби деңгейі мен өз ісіне адалдығы
үшін KAZENERGY қауымдастығының меділі, Шымкент қаласы Әкімінің (2009),
қМГ (2014), ОқО ТЖ департаментінің (2011) алғыс хаттарымен марапатталған.
22
Қыркүйек 2015
МҰНАЙШЫ
құрылғылардың іске қосылуымен,
жас мамандар жаңа техникалық және
тәжірибелік дағдыларды меңгереді,
бұл болса, олардың жоғары дәрежедегі
мамандарға айналуына мүмкіндік жасай-
ды.
- ПКОП қандай жетістіктермен
мақтана аласыз?
Аманәлі Жақыпбекұлы:
Кәсіпорын-
ның басты капиталы - тек ғана
техникалық құрылғылар мен жабдықтар
ғана емес, тәжірибелі мамандар, адал
қызметкерлер, бұл - ұжымың, екінші
отбасың, тұрақтылық, табысты мақтан
ету мен лайықты өмір. Менің ойым-
ша, бұл айрықша құнды және мұның
барлығын сақтау және көбейту маңызды..
Наталья Борисовна:
Мақтанарымыз
көп - зауыт өсті, жаңа құрылғылар са-
лынды, өнімнің ассортименті кеңейді
және де, біз үшін әрдайым сапа маңызды.
1994 жылы экологиялық таза күкірті аз
дизель отынын шығарғаны үшін біздің
зауыттың «Алтын глобус» халықаралық
жүлдесін иеленуін мақтан тұтамын.
Мұны көбі естен шығарып алған, ал жас
ұрпақ - тіпті білмейді де.
Жақсылық Эмидұлы:
Біздің
директорларымыздың шешімдері мен
әрекеттерін мақтан етемін, осылардың
арқасында тарихтың өзгерісті
сәттерінде аман-есен қалып, бүгінгі
күнге жетті. Мәселен, қиын 90-жылдары
зауыт жұмыс істеп, ал адамдары лайықты
деңгейде жұмыс берілген кезі. Немесе
2000 жылдардың басында біздің МӨЗ-де,
біздің ой-санамыз да, қысқа уақыт ішінде
нарықтық экономикаға өткен кез немесе
шетелдік менеджмент келуімен алдыңғы
қатарлы технология мен басқарушылық
тәжірибесі қолдана бастаған кез.
Сақтаған Жұмамұратұлы:
Бүгінде
зауыт жас мамандардан құралған күшті
әлеуетке ие, олар зауыттың орталық
зертханасында ғылыми-зерттеушілік
жұмыспен айналысады. Олардың
зерттеулері зауыттың табиғатты
қорғау саясатына оң ықпал ете оты-
рып, технологиялық үдерістер (өңдеу
кезінде мұнайды және мұнай өнімдерін
жоғалтуды азайту), сондай-ақ эколо-
гия (мұнайшламдарынан мұнайды
алу, ағындыларды кәдеге жарату)
салаларындағы да келелі мәселелерді ше-
шуге көмектеседі.
Болат Бажақайұлы:
Мен, әсіресе,
1993-1994 жылдары өндіріске
технологиялық процесті автоматты
басқару жүйесін - ТПАБЖ енгізгенімізді
мақтан тұтамын.
- ПКОП үшін тағы не істеуге бола-
ды деп ойлайсыз?
Олег Иустинович:
Жаңғырту жоба-
сын сәтті, мерзімінде аяқтау керек, бұл
болса біздің өндірісімізді мүлдем жаңа
деңгейге жеткізеді.
Наталья Борисовна:
Жастарға
көп назар аударып, тұрақты түрдегі
жетекшілікті дамытып, зауыттың жас
жұмысшыларына жұмысқа, жұмысшы
мамандығына деген сүйіспеншілікті
дарытып, зауыттың және еңбек
әулеттерінің тарихтарымен танысты-
ру керек. Мұның барлығы кадрлық және
корпоративтік дамудың берік негізін
қалайды.
Болат Бажақайұлы:
Ең алды-
мен, Зауытты жаңғырту және қайта
құру жобасын аяқтауымыз қажет, со-
дан кейін мұнай-химия бағытын қолға
алғанымыз жөн. Басқа күрделі мәселе -
жас мамандарды даярлау. Сондай-ақ жас
отбасыларға баспана сатып алу үшін
жеңілдетілген несие беру мәселесін
ойластырғанымыз дұрыс болар еді.
Сақтаған Жұмамұратұлы:
Мұнай
өңдеу үшін кадр мәселесі - маңыз-
дыларының бірі. Мәселен, бұрын опе-
раторлардан БӨПжА 3 дәрежедегі білім
және 4 дәрежедегі слесарь-монтаж-
дау білімі талап етілетін. Біз бірқатар
техникалық үдерістерді іске асы-
рып, жабдықтарды жөндеуге және
гидро-сынақтарға өзіміз дайындай-
тынбыз. Бүгінде операторлар мен ма-
шинистер қауіпсіздік пен еңбекті
№1цехының операторлық орталығында / В операторной цеха №1 /
At the operating room of the Workshop #1
Мыңжасаров
жақсылық Эмидұлы
Білімі: Алматы энергетика мен бай-
ланыс институты
МӨЗ жұмысты бастаған жылы:
1979
Мансабы: шаң ұстау цехының
электромонтері, учаске шебері, бас-
шысы, электроцех басшысының
орынбасары, электроцех басшысы,
бас энергетик.
Қосқан үлесі:
- өндіріске еңбек қауіпсіздігін
жақсартуға мүмкіндік берген, 150
астам өнертабыстық ұсыныстар
енгізді;
- 1999 жылы ШМӨЗ 50 млн. теңгеге
жуық жылдық экономикалық әсері
бар, ЖЭО ЛЭП-110КВ құрылысы бой-
ынша ұсыныс енгізді;
- зауыттың энергетикалық қызметінің
жоғары тиімді жұмысын қамтамасыз
ету.
Марапаттары:
- Президенттік Күміс жүлде (2007);
- мұнай және газ өнеркәсібінің 100
жылдығына орай «Ерен еңбегі үшін»
медалі.
МҰНАЙШЫ
Қыркүйек 2015
23
қорғау ережелерінің сақталуын енжар
бақылаушылар ретінде күрделі жөндеуге
қатысады.
Технологиялық режимді және
физикалық-химиялық үдерістер өтіп
жатқан, жабдықтың ішкі құрылғысын
білу, біз үшін апатты оқиғалар
уақытында шешімдер қабылдаған
кездегі қауіпсіздіктің кепілі болып та-
былады. Сондықтан жұмыс орын-
да жетекшімен бірге мұнай өңдеу
үдерістерін терең зерттеу бұл - жал-
пы мақсатқа - МӨЗ қауіпсіз әрі тиімді
жұмысына жетудегі табыстың кепілі.
- Сіз өз мансабыңызда үлкен
жетістіктерге жеттіңіз. Бүгінгі
таңда зауытта жұмыс істеп жатқан
жас мамандарға берер ақыл-
кеңесіңіз қандай?
Наталья Борисовна:
Ата-анамыз
кезінде бізді, балаларын кез келген істі,
нәтижесіне ұялмайтындай етіп, жақсы
істеу керек деп үйреткен. Жас ұрпаққа да
айтарым - жұмысқа жауапкершілікпен,
мұқият және ұқыпты қараңыздар, алға
қойылған міндеттерді жылдам әрі
уақытылы орындай білуді үйреніңіздер.
Аға ұрпақтың ақыл-кеңесіне құлақ
асыңыздар, өйткені жақсы орындалған
жұмыс бұл - білім алу барысында
үйренген, академиялық білім ғана емес,
бұл өмірлік тәжірибе.
Жақсылық Эмидұлы:
Кеңес біреу
- кез келген жағдайда және қызметте
болмасын, ештеңеге бей-жай қарамау
керек, біздің балаларымыздың және
немерелеріміздің болашағы, олардың
қандай әлемде өмір сүретіндігі, біздің
бүгінгі жасағанымызға байланысты
екенін әрдайым естен шығармауымыз
қажет.
Олег Иустинович:
Адал, әділ жұмыс
істеп, барлығын бірден алуға тыры-
спау керек. Және де, бастысы - өзіңмен
қызметтес адамдардаға деген сый-
құрмет.
Болат Бажақайұлы:
Менің кеңесім -
өз кәсіптеріңізді сыйлаңыздар, еңбекқор
болыңыздар және ұжымда жұмыс істей
біліңіздер.
Аманәлі Жақыпбекұлы:
Өз ман-
сабымда аса үлкен биіктерге жеттім
деп ойламаймын. Жас ұрпаққа айтар
ақыл-кеңесім: өмірде әркім кез кел-
ген жағдайда адами қасиеттерді ұстана
білу керек. Адал, жауапты, білімді әрі
жақсы маман және өз кәсібінің білгірі
болу керек. Өзінің жұмыс істейтін
кәсіпорынын асқан жауапкершілікпен
сүйіп, зауыттың дамуына атсалысып,
ұжымдағы тәжірибесі мол аға ұрпақтың
пікірін құрмет тұта білулері керек.
- Қаланың және жалпы ОҚО
өміріндегі ПКОП рөлін қалай
бағалайсыз? Зауыт пен қала
билігінің ынтымақтастығы туралы
айтарыңыз?
Аманәлі Жақыпбекұлы:
Кеңес
заманында ОқО өнеркәсіп кәсіпо-
рындарының өкілдері қалалық және
облыстық Кеңестердің депуттары болды
және қалалық және облыстық ауқымдағы
әлеуметтік және өзге де мәселелерді
шешуге ұмтылды. Бүгінде ПқОП ірі
кәсіпорын болса да, ықпал ету тетіктерін
бөлуде барлығы өзгерді. ПқОП облыс-
тық және қалалық билікпен ынтымақ-
тастығы мұнай өңдеушілерге жалпы,
сондай-ақ зауыт жұмысшыларының
мүдделерін ескеріп, мәселелерді шешуге
ықпал ету мүмкіндігін берсе екен деген
тілегім бар.
Сақтаған Жұмамұратұлы:
Біз, қала
тұрғындары біздің Шымкент қаламыздың
өсіп, күннен-күнге өркендеп, Оңтүстік
қазақстан облысының қарқынды да-
мып келе жатқанына куәміз. Өзіміздің
бірлескен еңбегімізбен қаламызға,
облысымызға және Отанымыздың
өркендеуіне өз үлесімізді қосып жатыр-
мыз.
Наталья Борисовна:
Біздің зауы-
тымыз тұрақты өнеркәсіптік кәсіпорын
және ол қаланың және облыстың даму-
ына өз үлесін қосып отыр. Шымкент-
те біздің зауыт салған нысандарды көру
және түрлі демеушілік жобаларды іске
асырып, көптеген адамдарға - балаларға,
ардагерлерге көмектескеніміз туралы
МБАқ (мазутты вакуумды айдау қондырғысы) вакуум колоннасы, №2 цех, 2014 / Вакуумная колонна УВПМ (установка
вакуумной перегонки мазута), цех №2 , 2014 / Vacuum column of VDU (Vacuum Distillation Unit), Workshop No.2, 2014
тобашев
сақтаған жұмамұратұлы
Білімі: қазақ химиялық-техно-
логиялық институты, Шымкент
МӨЗ жұмысты бастаған жылы:
1984
Мансабы: 100 ЛК-6У секциясының
операторы, ЛК-6У басшысының
м.а., тауар-шикізат цехының аға
инженері, СӨСжӨК басшысының
орынбасары, СқО басшысы.
Қосқан үлесі:
- өндірістің тиімділігін арттыруға,
қызметкерлердің еңбек талапта-
ры мен қауіпсіздіктерін жақсартуға
бағытталған, жаңа технолгиялар-
ды жасауға және енгізуге белсене
қатысу.
Марапаттары: «Еңбектегі үздіктігі
үшін» медалі (1991).
24
Қыркүйек 2015
МҰНАЙШЫ
естудің өзі көпке тұрарлық. Біз спорт-
ты, мәдениет пен білімді қолдаймыз.
Болашақта да зауыт мұндай жобаларды
қолдайтындығына сенімдімін.
- 30 жылдық мерейтой қарсаңында
зауыт жұмысшыларына тілер
тілегіңіз.
Наталья Борисовна:
30-жылдық
мерейтойдың құрметіне және біздің
кәсіби мерекеміз - Мұнайшылар күні
құрметіне зауыт жұмысшыларына мықты
денсаулық, амандық, барша бастамала-
рына өркендеу мен табыстар тілеймін.
Еліміздің және компанияның игілігі үшін
жұмыс істеп, өздеріңіздер кейін жақсы із
қалдырыңыздар демекпін!
Олег Иустинович:
Мықты денсаулық
пен ертеңгі күнге деген сенімділік
тілеймін!
Болат Бажақайұлы:
Ең алдымен,
зор денсаулық, отбасыларына амандық,
алдыға қойған мақсаттарына жету үшін
ұжымда ауызбірлік тілер едім!
Аманәлі Жақыпбекұлы:
Ұжымыма
бұдан да үлкен табыстарға қол жеткізе
беріңіздер деп, мықты денсаулық пен
отбасылық амандық тілеймін! 30 жыл бұл
- кәсіпорын үшін аса үлкен мерзім емес,
бірақ зауыттың әр қызметкері үшін өте
маңызды кезең. Зауыттың өмірі тұрақты,
қауіпсіз және бұрынғысынша дамуға
бағдарланған болсын!
Сақтаған Жұмамұратұлы:
30
жылдық мерейтой құрметіне барлық за-
уыт жұмысшыларына мықты денсаулық,
табыс пен жеке өмірлерінде бақытты
сәттер көп болсын деп тілеймін!
баетов
болат бажақайұлы
Білімі: қарағанды мемлекеттік
университеті
МӨЗ жұмысты бастаған жылы: 1984
Мансабы: 200 ЛК-6У секциясының 4
дәрежелі технологиялық құрылғысының
операторы, ЛК-6У цехының басшы-
сы, техникалық директор басшысының
орынбасары, өндіріс жөніндегі директор.
Қосқан үлесі:
- гидрокаталиттік үдерістердің
технологиялық сызбаларын жетілдіру;
- Висбрекинг құрылғысын және мазутты вакуумдық айдау құрылғысын (МВАқ)
пайдалануға қосуға басшылық жасау;
- зауытта жоғары парафин құрамды мұнайды сақтауға мүмкіндік берген, мұнай
резеруарларын жаңғырту бойынша бағдарламаны жасаушы және жетекшісі.
К-401 бағанын жаңғырту, ағынды талдағыштарды орнату және кәдеге жарату-
шы қазандықтардың булау пакеттерін ауыстыру жобаларын енгізді, бұл болса,
өндірістің қауіпсіздігін арттыруға және технологиялық құрылғылардан алынған
өнім сапасын жақсартуға мүмкіндік берді;
- оның басшылығымен жоғары парафин құрамды мұнайдан авиакеросин мен
дизельді отын алудың жаңа технологиялық үдерісі енгізілді;
- өнімнің сапасы жақсартылды, ашық түсті мұнай өнімдерінің шығуы 3-4%,
мұнайды өңдеу тереңдігі - 20% артты;
- 2013 жылы Оңтүстік қазақстан мемлекеттік университеті жарыққа шығарған
және студенттерді оқыту үшін пайдаланатын бастапқы мұнай мен мұнай
шикізатын термикалық өңдеу технологиясы бойынша әдістемелік оқулықтың
қосарлас авторы.
Марапаттары:
- Президенттік Алтын жүлде (2012 және 2013 ж.ж.) және Күміс жүлде (2015 ж.);
- «қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі
(2011).
қоршаған ортаны қорғау, қауіпсіздік және экология департаментінің қызметкерлері, ПқОП / Сотрудники департамента охраны труда, безопасности и экологии, ПКОП /
Employees of PKOP HSE Department
МҰНАЙШЫ
Қыркүйек 2015
25
Шілде
1-27 шілде - алғаш рет ПқОП
компаниясының өз күшімен
ОСВПТжәнеК цехында эмульсиялық
мұнай шламын кәдеге жарату іске
асты. 199 тонна мұнай шламын кәдеге
жарату кезінде гравитациялық әдіс
қолданылды, бұл әдіс экологиялық
тұрғыдан таза болып табылады, өйткені
ол атмосфераға залалды заттардың
шығарылуына жол бермейді. Бұл әдіс ай-
налма циклді де қарастырады – резер-
вуарда дайын тұрған мұнай өнімі қайта
өңдеуден өту үшін ТШЦ резервуарлық
паркіне айдалады. 2016-2017 жыл-
дары зауытта мұнай шламын және
тұзақтағы мұнай өнімін өңдеу бойын-
ша трикантерлік қондырғыны салу жо-
спарланып отыр, онда тазартылғаннан
кейін 3 өнім айналма циклге қатысатын
болады. Атап айтсақ, мұнай өнімі қайта
өңдеуге жіберіледі, су тазалау үшін та-
залау құралдарына бағытталады, ал кек
құрылыс материалы ретінде пайдала-
нылуы мүмкін.
1 шілде - 30 қыркүйек - Шым-
кент МӨЗ нысандарында біріктірілген
басқару жүйесіне (ISO 14001, ОHSAS
18001, ISO 9001 және қРСТ 50001) аудит
жүргізілуде, сонымен қатар Өндірістік
экологиялық бақылау бағдарламасы
аясында зауыт нысандары тексерістен
өтуде.
4-11 шілде - «ПқОП» ЖШС-де
Ақтөбе және құмкөл мұнайларының
қоспаларын өңдеу арқылы тәжірибелік-
өнеркәсіптік сынақ өткізілді.
12 шілде - құмкөл кен орнының
энергетикалық жүйесін жаңғырту
бағдарламасының аясында 6 кВ
кабельдік желілерін «құмкөл-4»
қС және «құмкөл-5» қС жаңа
трансформаторлық қосалқы станци-
яларына қосу жұмыстары аяқталды.
Осы жобаны жүзеге асыру құмкөл-1
қС жұмысын біраз «жеңілдетті», бұл
өндірістік мұнай нысандарындағы
электр қуатының тапшылық мәселесін
іс жүзінде шешіп, энергияға тәуелділікті
барынша азайтуға септігін тигізді.
21 шілде - «ПқОП» ЖШС-да «Мектеп-
ке жол» республикалық акциясының ая-
сында жаңа оқу жылына дайындау үшін
қарабастау ауылындағы №99 мектеп
оқушылары - 30 жетім баланы мектеп
формасымен және кеңсе заттарымен
қамтамасыз ету үшін қаражат бөлінді.
23 шілде - қызылорда облысына
қытай Мұнай Университетінің (Пекин
қ.) президенті профессор Чжан Лай-
бин және халықаралық қатынастар
департаментінің директоры Сунь Суй-
дун басшылығынан құралған делега-
ция ресми сапармен келді. Сапар бары-
сында қытай Мұнай Университетінің
және қорқыт ата атындағы қызылорда
Мемлекеттік Университетінің басшы-
лары «Петроқазақстан» стипендиялық
бағдарламасы бойынша қытай Мұнай
Университетінің түлектері болып та-
былатын «Петроқазақстан құмкөл Ре-
сорсиз» Ақ жас мамандарымен кездесу
өткізді.
тамыз
2-4 тамыз - Арысқұмда ПққР
бөлімшелері және мердігерлік ұйымдар
арасында шағын футбол бойынша тур-
нир өтті. 6 команданың ішінде 1-ші
орынды ГКЦ (газды кәдеге жарату це-
хы) командасы, 2-ші орынды химиялық
жүйелер бөлімшесі, ал 3-ші орынды
қАМ МГӨЦ командасы иеленді.
6 тамыз - ПқОП қарабастау
ауылының №94 орта мектебіне
оқу сыныптарына арналған керек-
жарақтарды сатып алуға қаражат бөліп
берді.
13 тамыз - Энергетикалық менед-
жмент жүйесіндегі ISO 50001:2011
халықаралық стандартының ENMS
637414 сертификатын «Петро-
қазақстан құмкөл Ресорсиз» ком-
паниясына ресми тапсыру рәсімі
өткізілді. Осы стандарт әлемдегі
ең үздік болып саналатын энергия
тиімділігін арттыруды және энергия
Достарыңызбен бөлісу: |