МҰнайшы 52 Management address 53



Pdf көрінісі
бет3/15
Дата03.03.2017
өлшемі4,97 Mb.
#5434
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

KAZeneRGY - 10 жЫл!

биылғы жыл - қазақстандық мұнай-газ секторындағы бірқатар ірі ойыншы-

лар үшін мерейтойлық жыл. Мөз өзінің 30 жылдық мерейтойын, Атырау мұнай 

өңдеу зауыты 70 жылдық мерейтойын және қысқа уақыттың ішінде бизнес пен 

билік арасындағы диалог үшін беделді алаңға айналған KAZeneRGY қазақстан 

мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы өзінің 10 

жылдық мерейтойын тойлауда. KAZeneRGY мерейтойлық форумы қарсаңында 

оның бас директоры Әсет Мағауовпен сұхбаттасқан едік.   

МҰНАЙШЫ      

Қыркүйек 2015

13

сәттен бастап қазіргі уақытқа дейін оның 



жұмысына белсене араласады.  

Сонымен қатар, «Атамекен» ұлттық 

кәсіпкерлер палатасы бізге НқА жо-

баларын сараптау, ұлттық отын-

энергетикалық баланстарды (ОЭБ), 

осы салаға тиісті стандарттарды және 

техникалық регламенттерді әзірлеуге 

қатысу; тауарларды, жұмыстарды және 

қызметтерді сатып алуда жергілікті құрам, 

кадрлар және аумақты әлеуметтік дамыту 

бөлігінде келісімшарттық міндеттемелерді 

бақылауға қатысу өкілеттіктерін та-

быстады. Сондай-ақ біз қауымдастық 

мүшелерінің мүдделеріне қатысты НқА 

барлық жобаларын міндетті сараптамадан 

өткіземіз.   



- Осы он жылдықтағы қандай 

негізгі жобаларды және бастамалар-

ды баса айта аласыз және олардың 

республикамыздың энергетика сала-

сына тигізген ықпалы қандай?   

- Әрине, 10 жылдың ішінде жүзеге 

асырылған жобалардың саны өте көп. 

Солардың ішінде ірі жетістіктерімізге 

тоқталып өтсем.   

Сонымен, энергетика саласын-

да қауымдастық қР отын-энергети-

ка кешенін 2030 жылға дейін дамыту 

тұжырымдамасының қалыптастыруына 

қатысты әрі ол қР Үкіметінің 2014 жылғы 

28 маусымдағы қаулысымен бекітілді. Бұл 

құжатта электр қуатын өндіру саласын-

да Ұлттық операторды құру, электр қуаты 

нарығында тарифті қалыптастырудың 

әрекеттегі моделін жетілдіру және 

қалпына келтірілетін энергия көздерін 

дамыту жөніндегі біздің ұсыныстарымыз 

көрсетілді әрі ескерілді.   

Энергетикалық Хартияның Секрета-

риатымен бірлесе отырып, біз «Энер-

гия үнемдеу және энергия тиімділігін 

арттыру саласында қР мемлекеттік са-

ясатына шолуды» әзірледік. Бұл шо-

лу қР энергия үнемдеуге және энергия 

тиімділігін арттыруға қатысты ағымдағы 

және жоспарланған саясатты жете талдау 

және осы бағытта қазақстандық билікке 

жасалған ұсыныстардан тұрады.  

Техникалық реттеу саласында 

KAZENERGY компаниясында мұнай-

газ саласындағы стандарттау жүйесін 

жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізіліп 

жатыр.  

Заңнама және салық салу саласын-

да үлкен жұмыс атқарылды. Атап айтсақ, 

жер қойнауын пайдалану бойынша қР 

заңнамасын жетілдіру мақсатында Жер 

қойнауы және жер қойнауын пайдалану 

туралы кодекстің жобасын әзірлеу бойын-

ша жұмыс жалғасып жатыр. қазіргі уақытта 

Кодекс жобасының тұжырымдамасы 

әзірленді әрі ол осы жылдың шілдесінде 

заң жобасы қызметінің мәселелері 

жөніндегі ВАК мақұлданды. Жер қойнауы 

туралы кодекс Елбасының тапсыры-

сы бойынша қР Инвестиция және да-

му министрлігімен әзірленуде.  Жоба-

ны әзірлеуге қауымдастықтың заңнама 

мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінің 

құрамына кірген «Петроқазақстан» 

заңгерлері зор үлес қосты.  

«қР Салық Кодексіне өзгертулер мен 

қысқартулар енгізу жөніндегі жұмысқа 

қатысу» арнаулы жобасының аясында 2014 

жылы қауымдастық мүшелерінен келіп 

түскен 87 ұсыныс/түзету қабылданып, 

талдауға түсті, соның ішінде 21 ұсыныс 

қауымдастық атынан Ұлттық экономи-

ка министрлігіне жолданды. Мәжілістен 

Сенатқа жіберілген жобаны қарастыру 

нәтижелері бойынша KAZENERGY 

мүшелерінің 8 түзетуі сол құжаттарда 

көрініс тапты. 2015 жылы жұмыс то-

бы отырысының нәтижелері бойынша 

қабылданған түзетулердің салыстырмалы 

кестесіне қауымдастық мүшелерінің тағы 

5 түзетуі енгізілді.  

Ұлттық экономика, қаржы, энергети-

ка министрліктерінің, «қазМұнайГаз» ҰК 

өкілдерінің қатысуымен өткен қР жер 

қойнауын пайдаланушыларына түсетін 

салық жүктемесін азайту мәселесі бой-

ынша жұмыс тобының қызметі барысын-

да біз жер қойнауын пайдаланушылардың 

ағымдағы жағдайына және 2015 жы-

лы жоспарланған шараларға талдау 

жүргіздік. 2015 жылы жер қойнауын 

пайдаланушылардың таза кірісінің бол-

жамдалатын азаюын ескере отырып, 

экспортқа ренттік салықты төлеу кезінде 

ЭКБС сомасын есепке алу механизмін 

жүргізу бойынша Салық Кодексіне және 

басқа заңнамалық актілерге, ЭКБС став-

касын мұнайдың әлемдік бағасына бай-

лау нұсқаларына өзгерістер енгізуді 

тұжырымдау жобасы ұсынылды және қР 

Үкіметінің кен орнын тиімділігі төмен 

кен орындарына жатқызу процедурасын 

қолдануды жеңілдету және ПқӨС бой-

ынша жеңілдіктер алу туралы қаулысына 

өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар жа-

салды.   

Экологиялық мәселелерді шешуге 

қолдау көрсету мақсатында, қауымдастық 

Энергетика министрлігі жанындағы екі 

жұмыс тобының құрамына кіреді. қазіргі 

таңда «қазақстан Республикасының кейбір 

заңнамалық актілеріне экологиялық 

мәселелер бойынша өзгерістер мен 

толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы 

әзірленді.   

Сондай-ақ біз Энергетика министр-

лігімен қоршаған ортаны ластаудан кел-

ген жанама залалды экономикалық 

бағалауды есептеу әдістемесін қайта қарау 

туралы уағдаластыққа келдік, сонымен 

бірге әкімшілік және салық заңнамалары 

аясында нормативтен жоғары эмис-

сия болғандығы үшін табиғатты 

пайдаланушылардың қосарланған 

жауапкершілігі жөніндегі мәселені 

пысықтау бойынша жұмыстар жалғасуда.   

Каспий теңізінің қазақстандық сек-

торында мұнай операцияларын 

атқару кезінде экологиялық бақылау 

және фондық экологиялық зерттеу-

лер мәселелері, парникті газдарды азай-

ту, соның ішінде ұлттық жоспарды 

қалыптастыру және парникті газдардың 

шығарындыларына квоталарды бөлу 

жүйесінің қызмет етуі мәселелері жөнінде 

жұмыс жүргізіліп жатыр.   

Адам капиталын дамыту жөніндегі 

үйлестіруші кеңес қызметінің аясында біз 

мұнай-газ саласындағы мамандықтардың 

тізбесін құрастырдық. Бұл тізбе персонал 

санаттары бойынша кадрлардың құрамын 

есепке алуға және бөлуге, мамандарды да-

ярлау және персоналды сертификаттау 

үшін негіз болатын кәсіби стандарттарды 

әзірлеуге арналған. 

қауымдастық мұнай-газ саласындағы 

компаниялардың корпоративтік әлеу-

меттік жауапкершілігіне шолу жаса-

ды. Алғаш рет мұнай-газ саласының 

мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық да-

муына қосқан үлесіне баға берілді. Зертте-

уде әлеуметтік жауапкершілік саласындағы 

қызметтің негізгі нәтижелері, ең үздік 

тәжірибелердің мысалдары, қР әлеуметтік-

экономикалық дамуына қосқан үлесі, 

бірінші басшылардың пікірлері және 

әлеуметтік жауапкершілік саласындағы 

басқаруды жақсарту бойынша ұсыныстар 

айқындалды. Шолудың арқасында мұнай-

газ компаниялары мүдделі тараптар-

мен аса тиімді диалог жүргізу, әлеуметтік 

жауапкершілік мәселесіне басшылықтың 

назарын көбірек аударту, осы бағыттағы 

өз қызметтерін басқа тәжірибелермен са-

лыстыру мүмкіндігіне ие  болады.   

KAZENERGY Білім беру бағдарла-

масының аясында ЖОО студенттеріне 

және магистранттарына, колледж 

шәкірттеріне, оқытушыларға және 

өндірістік білім беру шеберлеріне 

профильдік мамандықтар бойын-

ша гранттар мен шәкіртақылар ұсыну 

бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Тек 

2013-2014 академиялық оқу жылында 

KAZENERGY шәкіртақылары мен грант-

тарына қол жеткізген студенттер мен 

оқытушылардың саны 92 адамды құрады. 

Жыл сайынғы төлемдердің жалпы сомасы 

20 млн. теңгеден асады. 

- Қауымдастыққа мүше компа-

нияларға қолдау көрсету - 

KAZENERGY міндеттерінің бірі. 

Қауымдастықпен ынтымақтастық 


14

Қыркүйек 2015      



МҰНАЙШЫ

оның мүшелерінің жұмысына 

қалай ықпал етті? Компанияларға 

өздерінің проблемаларын шешу-

ге қалай көмектестіңіздер, айтып 

берсеңіз. 

- Бізге қауымдастық мүшелерінен әр алу-

ан міндеттерді шешу бойынша сұраулар 

үнемі түсіп отырады.  Барлық сұраулар 

тіркеледі және толық орындалғанға дейін 

қатаң бақылауға алынады. Оған қоса, жы-

лына бір рет қауымдастық мүшелері үшін 

өңірлік сессия өткіземіз.    

Атап айтсақ, қауымдастық 

 

«қаражанбасмұнай» Ақ жер қойнауын 



пайдалану келісімшартын қайта қарауға 

қолдау көрсетті,  қаражанбас кен орны 

қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 

жылғы 18 маусымдағы № 673 қаулысымен 

бекітілген тиімділігі төмен, жоғары 

тұтқырлы, суландырылған, аз дебетті және 

өндірілген санатқа жататын көмірсутек 

шикізаты кен орындарының тізбесіне 

жатады. Осы шара көмірсутектерді 

өндіру кезінде шығынды бөлікті азайтуға 

қамтамасыз етеді.   

Сонымен қатар, NcOc компаниясының 

жүгінуі бойынша қР Бас Прокуратура-

сына өндіруші ұңғымаларды бұрғылау 

нәтижесінде түзілетін бұрғылау шла-

мын айдау бойынша жұмыстарды атқару 

үшін жер қойнауын пайдалану туралы 

жеке келісімшартты жасау қажеттілігі 

мәселесі бойынша сұрау жіберілді. Біз 

қР Бас прокуратурасының және NcOc 

компаниясының қатысуымен кездесу-

лер өткіздік, олардың нәтижелері бойын-

ша қР Бас прокуратурасы NcOc компа-

ниясына компанияның мүдделеріне жау-

ап беретін жауапты бағыттады. 

Біздің атсалысуымызбен қР Үкіметінің 

қаулысымен кадрлардағы жергілікті 

құрамды ұлғайту бойынша бағдарлама 

болған жағдайда, қарашығанақ, Солтүстік 

Каспий, Теңіз жобалары жер қойнауын 

пайдаланушыларын, сонымен қатар 

оның операторларын, мердігерлік және 

қосалқы мердігерлік ұйымдарды 2017 

жылдың 1 қаңтарына дейін қазақстандық 

және шетелдік жұмыскерлер арасын-

да бекітілген пайыздық арақатынасты 

қамтамасыз ету міндетінен босату туралы 

шешім қабылданды.  



- KAZENERGY мақсаттарының 

бірі - елдің инвестициялық аху-

алын жақсарту. Қауымдастық 

халықаралық мұнай-газ аренасында 

Қазақстанның беделін нығайту үшін 

қандай қадамдар жасап жатыр?   

- Біз инвестициялық ахуалды жақсарту 

бойынша жұмыстарды, ең алдымен, өз 

ішімізден бастадық.  Басында айтып кет-

кендей, берік заңнамалық негіз әзірленіп 

жатыр - Жер қойнауы туралы  кодекс 

пысықталуда. Осы жерде инвестициялық 

жобаларға салық салу жүйесі тыңғылықты 

қаралуда.  

қауымдастық әлемдік мұнай-газ ша-

раларына белсене қатысып, олардан 

тыс қалмауға тырысады. KAZENERGY 

Дүниежүзілік мұнай кеңесінің мүшесі 

болып табылады. Мүшелік бізге 

инновациялық технологиялар туралы 

ақпарат алуға, жобаларды сараптамалық 

бағалауға, халықаралық нарыққа 

қазақстандық өнімдерді және қызметтерді 

шығаруға мүмкіндік береді, ал бұл өз 

кезегінде қазақстанның мұнай-газ және 

энергетика саласының оң беделін құруға 

септігін тигізеді. Бұдан өзге, біз жуыр-

да Халықаралық энергетика агенттігімен 

және IRENA қалпына келтірілетін энер-

гия көздері жөніндегі агенттігімен 

ынтымақтастық туралы меморандумдарға 

қол қойдық. Осылайша біз саланы бірлесе 

күш салып дамыту бойынша ниетімізді 

бекіттік. 2010 жылы  KAZENERGY 

қауымдастығы Дүниежүзілік  энергети-

ка кеңесімен «жаһандық серіктестік» ту-

ралы келісімге қол қойды. Осылайша 

біз ғаламдық зерттеулерге, техникалық 

жобалардың жұмысына, сонымен қатар 

Кеңестің өңірлік қызметіне тікелей 

қатысу мүмкіндігіне ие болдық, ол арқылы 

қауымдастық қазақстанның мүдделерін 

таныта отырып, ғаламдық энергетика 

саясатының дамуына өз үлесін қосады.   

Өндіруші саланың ашықтығы баста-

масын (ӨСАБ) жүзеге асыру бойынша 

жұмыстар жүргізіліп жатыр. Біз мұнай-

газ секторындағы компанияларының 

мүдделерін таныта отырып, ӨСАБ бой-

ынша қР мүдделі тараптарының ұлттық 

кеңесіне кіреміз.  

қауымдастық Халықаралық Энерге-

тикалық Хартияға қазақстан атынан 

қатысатын жұмыс органы болып табыла-

ды. Өткен жылы біз Энергетикалық Хар-

тия жөніндегі конференцияның 25-сес-

сиясына қатысуға келген осы келісімге 

қатысушы елдердің өкілдерін қабылдадық, 

онда Энергетикалық Хартияның таяудағы 

бес жылдағы дамуының стратегиялық 

бағытын айқындайтын «Астана деклара-

циясына» қол қойылды. 

Халықаралық интеграция - бұл әлемдік 

қауымдастықпен мойындалу үшін 

қР Энергетика министрлігі мен KAZENERGY қауымдастығы арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қою, 10 желтоқсан 2014 жыл / 

Подписание соглашения о сотрудничестве между Министерством энергетики РК и Ассоциацией KAZENERGY, 10 декабря 2014 года / 

Signing the agreement on cooperation between the Ministry of Energy and KAZENERGY Association, 10 December 2014



МҰНАЙШЫ      

Қыркүйек 2015

15

алғашқы қадам. Әр алуан халықаралық 



шараларға қатыса отырып, біз тәжірибе 

жинақтаймыз және инвестиция құюды 

талап ететін салаға әлемдік қауымдастық 

қоятын талаптарды қабылдаймыз. Бұл 

бағытта біздің қызметіміз инвестициялар 

үшін тартымды мемлекет ретінде елдің 

тұрақты әрі оң беделін қалыптастыруға 

бағытталды.  



- Алдағы KAZENERGY форумы 

қандай бағдарды ұстанбақ?

- қазіргі таңда әлемдік энергетикалық 

нарықтағы ахуал оңай емес. Сондықтан 

осы жылғы форумның тақырыбы 

бүгінгі күннің ақиқатын бейнелейді: 

энергетикалық нарықтардың түрленуі, 

олардың құрылымының өзгеруі, энер-

гия ресурстарын пайдаланушылар мен 

жеткізушілердің географиялық ауысуы, 

экономикалық өсудің баяулауы, әрине, 

мұнай бағасы. Осы тақырыптардың 

барлығы KAZENERGY Х Еуразиялық Фору-

мына арқау болмақ. Форум - мерейтойлық, 

біз үшін өте маңызды. 10 жылдың ішінде 

Форумның ауқымы едәуір ұлғайды, оған де-

ген қызығушылық та артып отыр. Біз жыл-

дан жылға қарай шараны ұйымдастыру 

процесін жетілдіріп келеміз, спикерлердің 

жоғары деңгейін сақтап тұруға тырыса-

мыз. Үкімет тарапынан Форумға  Премьер-

Министр және қР министрлері қалмай 

қатысып келеді– биылғы жылы шетелдік 

спикерлердің беделді құрамы қатысады 

деп күтілуде. Олардың ішінде IHS Вице-

Төрағасы, «Жүлде: мұнай, ақша және 

билік үшін күрестің дүниежүзілік тари-

хы»» кітабы үшін Пулитцер сыйлығының 

лауреаты атанған  Дэниел Ергин, БҰҰ Бас 

Хатшысының арнайы өкілі және Барлығы 

үшін тұрақты энергетика жөніндегі 

бастаманың Бас директоры (SE4All) д-р 

Канде К. Юмкелла, қалпына келтірілетін 

энергетика бойынша халықаралық 

агенттіктің Бас Директоры (IRENA) Ад-

нан З. Амин, Дүниежүзілік мұнай кеңесінің 

Президенті Йозеф Тот, Энергетикалық 

Хартияның Бас Хатшысы Урбан Руснак, 

ExxonMobil Аға Вице-президенті Марк У. 

Альберс және басқалар бар.

- Жыл сайын өтетін KAZENERGY фо-

румынан басқа, Сіздерде Жастар фо-

румы мен Әйелдер энергетикалық 

клубы жұмыс істейді. Осылар туралы 

толығырақ айтып берсеңіз. 

- Бұл екі шара  дәстүрлі түрде KAZENERGY 

форумының аясында өткізіледі. Саланы да-

мыта отырып, біз өсіп келе жатқан ұрпақты 

ұмытпауымыз қажет, оларды оқытып, 

жинақталған тәжірибемізбен бөлісуіміз ке-

рек. Форумның форматы осы мақсаттарға 

толықтай жауап береді.  Бұл мақсатта Фо-

рум алаңында тек қазақстанның ғана 

емес, сонымен қатар шетелдің ОЭК 

әйгілі өкілдерімен әр алуан шебер кла-

стары, дөңгелек үстелдер өткізіледі. Міне 

екінші рет Жастар форумында «Innovation 

Man» байқауын қорытындылаймыз. Бұл - 

мұнай-химия, атом, мұнай-газ және энер-

гетика салаларындағы инновациялық 

жобаларды әзірлеу бойынша байқау. 

 

Байқау жеңімпаздарына «Назарбаев 



Университетінде»,  КБТУ-де МВА дәрежесін 

алуға грант, «Сколково» қорынан 5 млн. 

рубльге дейін грант  ұтып алу мүмкіндігі 

беріледі. Бұдан өзге, Жастар комитетімен 

тұрақты негізде ҰОС ардагерлерін, балалар 

үйлерін және мүгедектерді материалдық 

қолдау бойынша қайырымдылық жұмысы 

жүргізіледі. 

Әйелдер Энергетикалық Клубы 

әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, 

гендерлік және мұнай-газ бен энергети-

ка салаларын дамытудың өзге мәселелерін 

талқылау және оңтайлы шешімдерін табу, 

сонымен қатар келешектегі энергетика-

да әйелдердің рөлін айқындау мақсатында 

компаниялардың басшысы, мемлекеттік 

органдардың, халықаралық ұйымдардың 

өкілдері болып табылатын әйелдерді және 

қоғамды біріктіруге бағытталған.   

- Қауымдастық таяудағы бес 

жылдықта өзіне қандай мақсаттар 

мен міндеттер қойып отыр? Сіздің 

ойыңызша, идеалға жету үшін 

қазақстандық мұнай-газ саласында 

тағы қандай өзгерістер қажет? Сіз сол 

идеалды қалай түсінесіз? 

- қысқа мерзімді болашақта біз 

қауымдастықтың Кеңесімен бекітілген 

осы жылға арналған мақсатты жоба-

ларымызды жүзеге асыруды жоспар-

лап отырмыз. Келешекте, Экологиялық 

кодекске, Жер қойнауы туралы кодек-

ске өзгерістер және салық заңнамасына 

тиісті өзгерістер қабылданғаннан кейін 

заңға тәуелді актілерді әзірлеу және бекіту, 

халықаралық қорларды есепке алу стан-

дарттарын ендіру бойынша көп жұмыс 

атқару керек болады.   

Мінсіз мұнай-газ саласы туралы айтатын 

болсақ. Мұнайға әлемдік бағалар тұрақты 

түрде жоғары болатын жағдай орын алуы 

мүмкін емес, демек, әр түрлі баға конъюк-

турасы кезінде саланың тұрақтылығын 

қамтамасыз ету қажет, бұл алдын ала 

болжаланған, транспарентті және түсінікті 

реттеу жүйесіне ғана негізделуі мүмкін. 

Мен мінсіз сала деп оның табысты дамуы 

үшін экономикалық, техникалық, рұқсат 

ету жағдайларын құруды айтар едім. 

Атап айтсақ, жер қойнауын пайдалануда 

салық салу жүйесін реформалау, мұнай-

газ нысандарын салу және пайдалану 

кезінде халықаралық стандарттарға көшу, 

экологиялық заңнаманы реформалау, 

парникті газдардың шығарындыларын 

реттеу тәсілдерін, жобалық құжаттарды 

келісу процедураларын түпкілікті өзгерту, 

ұтымды әзірлеме қағидаттарына қатысты 

ойластырылған саясат, бәсекеге қабілетті 

кадрларды даярлау және тағы басқа көп 

нәрсе.   

Бұл тұрақты назарды талап ететін жүйелі 

міндеттер. Өз тарапымыздан, біз әрдайым 

дайын тұруға, мәселелерді жылдам ше-

шуге және KAZENERGY мүшелерінің 

жұмысында туындайтын тосқауылдарды 

жою үшін барлық күш-жігерімізді салуға 

тырысамыз.   

- Біздің компания Қауымдастық 

құрылған сәттен бастап KAZENERGY 

мүшесі болып табылады. 

Ынтымақтастығымызды қалай 

бағалайсыз? 

- Өзіңіз айтып кеткендей, 

«Петроқазақстан» осы саладағы 

алғашқы компаниялардың бірі болып 

біздің қауымдастыққа мүше болды. Бұл 

компанияның біздің ұмтылысымызға 

ортақтасқанын білдіреді. Біздің 

мүшелерімізбен байланыс орна-

ту құралдары туралы осыған дейін ай-

тып кеткен болатынмын. Сонымен, 

компанияның өкілдері біздің Үйлестіруші 

және сараптамалық кеңестеріміздің, 

әр түрлі мәселелер бойынша жұмыс 

топтарымыздың құрамына кіреді. Біз 

жер қойнауын пайдаланушыларға 

түсетін салық жүктемесін азайтуға 

қатысты бірлесе жұмыс істеп жатыр-

мыз. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, 

«Петроқазақстан» компаниясы тобының 

басшылығына және қауымдастықтың 

Дүниежүзілік мұнай конгресі, 

Халықаралық экономикалық форум сын-

ды әр алуан халықаралық шараларға 

қатысуына үнемі қолдау көрсетіп 

жүрген стратегиялық коммуникациялар 

департаментіне алғысымызды білдіреміз. 

қауымдастық мұндай халықаралық фо-

румдарда қазақстанның бүкіл отын-энер-

гетика кешенінің мүдделерін танытып 

жүр. Әрине, біз  KAZENERGY Еуразиялық 

форумын өткізуге қолдау көрсетіп жатқан 

«Петроқазақстан» компаниясының үлесін 

жоғары бағалаймыз. 

Сіздердің мұнай өндіру бөлімшесі 

де биыл мерейтойын тойлайды. 

«Петроқазақстан Ойл Продактс» 30 

жылдық мерейтойымен құттықтауға 

рұқсат етіңіз! Біздің сапалы серіктестік 

қарым-қатынастарымыздың жалғаса 

беруін, нығаюын және өзара жеміс әкелуін 

тілеймін.    

Сізге келешекте табыс тілейміз 

және берген сұхбатыңыз үшін үлкен 

алғыс білдіреміз! 


16

Қыркүйек 2015      



МҰНАЙШЫ

ПқОП компаниясында қайта 

құру және жаңғырту бойынша жо-

балар тұрақты түрде іске асаты-

нын айтып өту қажет және 2000 жы-

лы зауытты сатып алған сәттен ба-

стап ондай жобаларды жүзеге асыруға 

едәуір қаражат бөлінді. Зауыттағы 

жетістіктердің бірі - шығындарды азай-

ту және қайта өңдеу тиімділігін арт-

тыру - өндірісті кемелдендіру бой-

ынша бағдарламаларды жүзеге асы-

ру, әрекеттегі қондырғыларды жаңарту 

және жаңа заманауи технологияларды 

ендіру нәтижесінде мүмкін болды.  Атап 

айтсақ, ПқОП компаниясында мұнай 

өнімдерінің сапасын арттыруға және 

өнім түрлерін жақсартуға, соның ішінде 

риформинг қондырғысында катализа-

торды және технологиялық жабдықты 

ауыстыруға бағытталған бірқатар жоба-

лар іске асты.  

Жөндеулер арасындағы аралық 

уақыт мерзімін ұзарту да үлкен 

маңызға ие, осы мақсатта негізгі қайта 

өңдеуші жабдықтың сенімділігін 

арттыру бойынша бірқатар жоба-

лар іске асырылды. Бұл зауытты жыл 

сайынғы профилактикалық жөндеуге 

тоқтатпастан, оның үздіксіз ұзақ жұмыс 

істеуін қамтамасыз етті. ПқОП компани-

ясында өртке қарсы және экологиялық 

қауіпсіздікті арттыру бойынша шаралар 

жыл сайын ұйымдастырылады. Осылай-

ша, зауыт аймағында және Ақдала була-

ну тоғанында жер асты суларының күйін 

бақылау ұңғымаларының экологиялық 

мониторингі жүргізілді және жер 

асты суларының ластануын жоюға 

бағытталған жоба жүзеге асырылды.     

Алайда Шымкент МӨЗ қайта құру 

және жаңғырту жобасы - бұл ПқОП да-

му тарихында жаңа беттен бастала-

тын өте ауқымды түбегейлі өзгеріс. Жо-

баны жүзеге асыру 2011 жылы бастал-

ды, жоспарланған аяқтау күні - 2017 

жылдың аяғы. Жобаның негізгі мақсаты 

- зауыттың жұмысын мұнай өңдеу за-

уыттары қызметінің заманауи әлемдік 

стандарттарына жауап беретін деңгейге 

дейін жеткізу.  Зауыт алдында бірнеше 

міндеттер тұр:

•  мұнайды өңдеу бойынша жобалық 

қуатты жылына 5,25 млн.тоннадан 6 

млн. тоннаға дейін қалпына келтіру;

•  мұнайды өңдеу тереңдігін 90% дейін 

ұлғайту;

•  өндірілетін өнімнің сапасын Ке-

ден одағының техникалық 

регламентіне сәйкес Еуро-4 және Еу-

ро-5 стандарттарының талаптарына 

сәйкес жақсарту;  

•  жоғары қосылған құны бар өнімді 

өндірген сәттен бастап өнім түрлерін 

ұлғайту - пропан-пропилен (мұнай 

химиясының шикізаты), қарапайым 

күкірт және МТБЭ (бензиннің жоғары 

октанды компоненті);

•  атмосфераға залалды заттардың 

шығарындысын азайту.

Жобаны жүзеге асыру 

артықшылықтары: импортты алмасты-

ру мақсатында жеңіл мұнай өнімдерінің 

шығарылуын ұлғайту және онымен қР 

ішкі нарығын қамтамасыз  ету үшін қуатты 

өсіру, Шымкентте жаңа жұмыс орында-

рын ашу және өндірістің экологиялық 

қауіпсіздігін одан әрі жақсарту.   

ПқОП жаңғырту жобасы қР үдемелі 

индустриалды-инновациялық даму 

мемлекеттік бағдарламасына енгізілген 

және оны жүзеге асырудың болжалды 

құны 1,8 АқШ млрд. долларын құрайды. 

Осы мақсатта қаражаттар, соның ішінде 

мемлекетаралық деңгейде қаражат тар-

тылып отыр. Атап айтсақ, қазақстан 

Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 

жылдың мамыр айында қытайға барған 

сапарында қытайдың экспорттық-

импорттық банкімен Жаңғырту жобасын 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет