Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет135/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

3.14-сурет
). Байланыстырушы 
жаңа беттер көршілес домендерде түзілді және 
белоктардың басқа кіші молекулалармен бай-
ланысатын сайттары да осы аудандарда пайда 
болды. 
Белок домендерінің жиынтығы эволюция 
барысында өте мобильді болды; оларда әмбе-
баптық құрылымдар болған сияқты және оларды 
кейде белок модуль-
дері деп атайды. SH2 
доменінің құрылымы 
3.6-суретте көрсетіл-
ген. Жиі кездесетін 
қалған үш белок 
домені 
3.15-суретте
 
келтірілген. 
3.14-сурет. 
Доменнің ауысуы. Белок тізбектерінің (белок домендері) 
ауысуы белок эволюциясы кезінде жиі орын алды. Осы диаграммада 
бірдей түспен таңбаланған белок аудандары туыстас келеді. Химотрип-
син сияқты сериндік протеазалар екі доменнен (қоңыр) түзіледі. Көр-
сетілген жоғары реттелетін және маманданған басқа үш протеазада осы 
екі протеазалық домендер эпидермальдық өсу факторында (epidermal 
growth factor – EGF; жасыл), кальцийді байланыстыратын белокта (сары
немесе «крингл» доменіне (көк) ұқсас бір немесе бірнеше доменмен 
байланыста болады. Химотрипсин 3.12-суретте көрсетілген. 


146 3-тарау. Белоктар
3.15-сурет. 
Үш ортақ домендердің үш кеңістікті құрылысы. Осы таспалық диаграммаларда β-қатпар 
тізбектері сызықты көрсеткіш және N- мен C-ұштары қызыл сфералар түрінде көрсетілген. Табиғат-
та осыдай «модельдердің» көптеген түрлері бар (M. Baron, D.G. Norman және I.D. Campbell, Trends 
Biochem.
Scl.16:13-17, 1991 көзінен Elsevier рұқсатымен және D.J. Leahy et al., Science. 258: 987-991, 
1992 көзінен AAAS рұқсатымен қолданылған).
Көрсетілген әр доменде β-қатпарлардан тұратын тұрақты ядролық құрылым бо-
лады және олардан төмен деңгейде ұйымдасқан полипептидтік тізбектің ілмектері 
шығады. Ілмектер басқа молекулалармен байланысу сайттарын қалыптастыру үшін 
арнайы осындай қалыпта болады. Жақсы мысал ретінде антиденелердің байланысуын 
қалыптастыратын иммуноглобулин фолдингін алуға болады. Осындай β-қатпарларға 
негізделген домендер өзінің эволюциясы барысын-
да лигандтарды байланыстыратын жаңа сайттарын 
қалыптастыру үшін шығып тұрған ілмектеріндегі аз 
ғана өзгерістерді қажет етті (3.42-сурет). 
Белок домендерінің маңыздылығын сипаттайтын 
екінші қасиетіне олардың басқа белоктар құрамына 
оңай ене алатын қабілетін жатқызуға болады. 3.15-су-
ретте көрсетілген үш доменнің екеуінде N- және 
C-ұштары доменнің қарама-қарсы полюстерінде 
орналасқан. Осындай доменді кодтайтын ДНҚ тан-
демдік дупликацияға ұшыраған кезде тізбекті дупли-
кацияланған ұзарған құрылымды домендер
түзу мақ-
сатында бір-бірімен немесе тізбекті орналасқан басқа 
домендермен оңай біріге алады (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет