160 3-тарау.Белоктар
3.32-сурет. Амилоид талшығының құрылымы. (A) Белок аггрегациясының көмегімен түзілетін ами-
лоид талшығы құрылымының сызбанұсқалық диаграммасы. 3.31-суретте көрсетілген құрылымға
амилоид талшығының қиғаш-бета тізбегі ғана ұқсас келеді. (Ә) Рибонуклеаза А ферментінің көмегімен
пробиркада түзіле алатын амилоид талшығының болжалмалы құрылымының көлденең кесіндісі. Осы
бөлік қысқа сегменттен қалыптасатын талшық ядросының молекуланың басқа аудандарымен байла-
нысын көрсетеді. (Б) Амилоид талшығының электрондық микрографиясы (A, L. Esposito, C. Pedone and
L. Vitagliano, Proc. Natl Acad. Sci. USA 103: 11533-11538, 2006 көзінен; Ә, S. Sambashivan et al., Nature 437: 266-269, 2005 көзінен алынған; Б, David Eisenberg иелігі).
Приондық аурулар патологиялардың ерекше түрі. Олар, Альцгеймер мен Паркин-
сон ауруларына қарағанда, бір организмнен екіншісіне тарала алатындығымен аса та-
нымал болды (бір организм белок агрегаттары бар екінші организмді қорек еткен кезде
таралады). Ұқсас аурулардың бір тобы– қой мен ешкілердің скрепи ауруы, адамдардың
Крейтцфельдт-Якоб ауруы (Creutzfeldt-Jakob disease – CJD), адамдардың Куру ауруы, ірі
қара малда кездесетін кемік тәріздес энцефалопатия (КТЭ) – PrP (приондық белок) атты
белоктың фолдингке дұрыс ұшырамаған агрегацияланған формасынан туады. PrP бело-
гы, әдетте, плазматикалық мембрананың сыртында орналасады, әсіресе, ол нейрондарда
жиі кездеседі және оның, өкінішке орай, «инфекциялық» амилоидты талшықтар түзуге
қабілеті бар, себебі олар қалыпты белокты патологиялық түрге айналдырады (
3.33-су- рет ). Осындай қасиетіне байланысты PrP белогының PrP* деп аталатын қалыптан тыс
формасы мида клеткадан клеткаға тарайды да, өлімге әкеледі. Құрамында PrP* белогы
бар жануарларды қорек ету аса қауіпті, себебі КТЭ ауруы ірі қара малдан (көпшілік
жағдайда КТЭ ауруын «сиырдың құтыруы» деп атайды) адамдарға жұғатындығы ту-
ралы мәліметтер бар. PrP* белогы жоқ жағдайда қалыпты PrP белогын қалыпсыз түрге
айналдыру өте қиын.