Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет162/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   330
174 3-тарау. Белоктар
реакцияға түспейді; қан ұюына қатысатын  тромбин ферменті қан белогының тек бір 
түріне әсер етеді, ол аргинин мен оның жанында орналасқан глициннің арасындағы 
байланысты ғана кеседі. Біздің 2-тарауда қарастырғанымыздай ферменттер топ ретінде 
де әрекет ете алады және бір ферменттің өнімі келесі ферменттің субстраты бола алады. 
Нәтижесінде клеткаға қажетті энергиямен қатар үлкен немесе кіші молекулаларды тү-
зетін метаболиттік жолдардың күрделі торы қалыптасады (2.63-суретті қара).
Субстратпен байланысу ферменттік катализдің бірінші қадамы болып 
табылады
Химиялық реакцияны катализдейтін белоктың (ферменттің) субстрат молекуласымен 
байланысуы өте маңызды қадам болып табылады. Қалыпты жағдайда, егер біз фермент-
ті Е, субстратты S, ал өнімді Р әріптерімен таңбаласақ, негізгі реакция келесі түрде 
орын алады: E + S→ ES → EP → E + P. Белгілі бір уақыт аралығында фермент өңдей 
алатын субстрат молекулаларының саны шектеулі болады. Дегенмен, субстрат концен-
трациясының өсуі өнім түзілу деңгейін де арттырады. Нәтижесінде осы көрсеткіш мак-
сималды деңгейге жетеді (
3.46-сурет
). Осы мезетте фермент молекуласы субстрат мо-
лекуласымен қанығады да, реакция деңгейі (V
max
) тек ферменттің субстрат молекуласын 
өңдеу қабілетіне ғана тәуелді болады. Фермент концентрациясымен анықталатын осы 
максималдық көрсеткіш айналым саны деп аталады. Айналым саны, әдетте, әр фермент 
молекуласының әр секунд сайын 1000 субстрат молекуласын өңдеуге тең болады. Бірақ, 
реакцияларда айналым саны 1 мен 10000 арасында болуы мүмкін. 
3.46-сурет. 
Ферменттің кинетикасы. Фер-
менттік реакцияның (V) деңгейі субстрат 
концентрациясы артқан сайын, бірақ 
максимальды көрсеткішке (V
max
) жеткенше 
дейін артып отырады. Осы кезде фермент 
молекуласындағы субстратпен байланысу 
сайттарының барлығы байланыста болады 
және реакция деңгейі фермент бетіндегі 
каталитикалық процестің деңгейімен шек-
теледі. Ферменттердің басым бөлігі үшін 
реакция деңгейі максимальды көрсет-
кіштің жартысына (К
m
) тең болғандағы субстрат концентрациясы оның ферментпен байланысуының 
өлшемі болады. К
m
жоғары болған сайын байланысудың әлсіздігін белгілейді. 
Ферментті сипаттауға қолданылатын басқа кинетикалық көрсеткіштерге К
т
-ді 
жатқызуға болады. К
т 
– реакцияның максималды деңгейі жартысының (V
max
=0,5) іске 
асырылуына мүмкіншілік беретін субстраттың концентрациясы.
К
m
-нің төмен көр-
кіштерінде субстраттың төмен концентрацияларындағы ферменттің максималдық ка-
талитикалық белсенділікке жетуін және ферменттің субстратпен өте берік байланысқа-
нын көрсетеді. Ал жоғары К

әлсіз байланыстың көрсеткіші бола алады. Ферменттерді 
осы жолмен сипаттаудың мысалдары 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет