БЕЛОК ФУНКЦИЯСЫ
173
Біз ферменттерді ұқсас химиялық реакцияларды іске асыратын функционалдық топ-
тарға жіктей аламыз (
3.1-кесте
). Осындай кластың әр ферменті жоғары спецификалық
болып табылады және реакцияның жалғыз ғана түрін катализдейді.
Гексокиназа фер-
менті D-глюкозаға фосфат тобын қосады, бірақ оның оптикалық L-глюкоза изомерімен
3.1-КЕСТЕ.
Ферменттердің кейбір ортақ түрлері
Фермент
Катализдейтін реакциясы
Гидролазалар
Гидролиздік жолмен ыдырау реакцияларын іске асыратын
ферменттердің жалпылама аталуы;
нуклеазалар мен
протеазалар
осы ферменттердің ерекше субкластарына жатады.
Нуклеазалар
Нуклеотидтер арасындағы байланыстарды үзу арқылы
нуклеин қышқылдарын ыдырататын ферменттер.
Эндо- және
экзонуклеазалар нуклеин қышқылдарын, сәйкесінше, ішінен немесе
ұшынан бастап ыдыратады.
Протеазалар
Амин қышқылдарының арасындағы байланыстарды үзу арқылы
белоктарды ыдыратады.
Синтетазалар
Екі кіші молекуланы конденсациялау арқылы анаболиттік
реакцияларда молекулаларды синтездейді.
Лигазалар
Энергияға тәуелді процесс кезінде екі молекуланы байланыстырады
(жалғайды). Мысалы, ДНҚ-лигаза ферменті екі ДНҚ молекуласын
фосфодиэфирлік байланыс көмегімен жалғайды.
Изомеразалар
Наақты бір молекуладағы байланыстардың орындарының
ауыстырылуын катализдейді.
Полимеразалар
ДНҚ мен РНҚ синтезі сияқты полимеризация реакциясын
катализдейді.
Киназалар
Молекулаларға фосфаттық топтың жалғануын катализдейді.
Протеинкиназалар белоктарға фосфат топтарын қосатын
киназалардың маңызды тобы болып табылады.
Фосфатазалар
Гидролиз көмегімен молекуладан фосфат тобының ажырауын
катализдейді
Оксидо-редуктазалар
Бір молекула тотығатын және екіншісі тотықсызданатын
реакцияларды катализдейтін ферменттер тобының жалпы атауы.
Осындай ферменттердің түрі, әдетте, мамандануы бойынша
оксидазалар, редуктазалар және
дегидрогеназалар деп аталады
АТФазалар
АТФ-ті гидролиздейді. Әртүрлі маңызды рөлдері бар белоктардың
АТФазалық белсенділігі болады; мысалы,
миозин сияқты моторлық
белоктар мен
натрий-калий насосы сияқты мембраналық
тасымалдаушы белоктар
ГТФазалар
ГТФ-ті гидролиздейді. ГТФ-байланыстырушы белоктардың үлкен
тобы: клеткалық процестерді реттеуде орталық рөл атқаратын
ГТФазалар болып табылады
Ферменттердің атаулары әдетте «-аза» қосымшасына аяқталады.
Тек пепсин, трипсин,
тромбин
мен лизоцим ферменттерінің
атаулары ерекше болып табылады, себебі олар 19-ғасырда
жалпы
терминдік атаулардың шарты қабылданғанға дейін ашылды. Әдетте
ферменттің атауы оның
субстратының немесе өнімінің немесе катализдейтін реакциясының атымен аталады. Мысалы,
цитраттың синтезін цитратсинтаза ферменті ацетил-КоА мен
оксалоацетаттың арасындағы
реакцияны катализдеу көмегімен іске асырады.