Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет166/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   330
3.52Ә-су-
рет
). Субстрат ферментпен байланысқан кезде субстраттың байланыстары өзгереді де, 
субстрат бастапқы пішінін жоғалтады. Бұл өзгерістер механикалық күштермен бірге 
субстратты белгілі бір өтпелі күйге ауыстырады (
3.52Б-сурет
). Нәтижесінде, лизоцим 
сияқты көптеген ферменттер реакцияға толығымен қатысады да, субстрат пен фермент-
тің бүйір тізбектері арасында тез арада коваленттік байланыстар түзеді. Реакцияның 
келесі қадамдарында бүйір тізбектердің бастапқы күйі қалпына келеді, ал фермент 
реакциядан кейін өзгеріссіз қалады (2.48-суретті қара).


БЕЛОК ФУНКЦИЯСЫ
181
3.52-сурет. 
Ферменттік ката-
лиздің кейбір ортақ страте-
гиялары. (A) Субстраттарды 
нақты туралап ұстау. (Ә) 
Реакцияның аралық қосылы-
старының 
зарядтарының 
тұрақтануы. (Б) Белгілі бір 
реакцияның деңгейін арттыру 
үшін субстраттағы байланы-
старды үзетін күшті қолдану.
Берік байланысқан кіші молекулалар белоктарға қосымша қасиет береді
Ферменттер мен белоктардың әмбебап екендігіне біздің көзіміз жетті. Бірақ, көптеген 
жағдайларда ферменттердің белсенділігіне оның құрамындағы амин қышқылдары 
жеткіліксіз бола бермейді. Өздерінің функцияларын арттыру мақсатында ферменттер 
мен көптеген белоктар белоктық емес кіші молекулалармен байланысады. Сондықтан, 
көп жағдайда ферменттердің белсенді сайтында олардың каталитикалық функциясына 
тікелей әсер ететін олармен байланысқан кіші молекула немесе метал атомы болады. 
Мысалы, пептидтік тізбекті үзетін карбоксипептидаза ферментінің белсенді сайтында 
онымен берік байланысқан мырыш ионы болады. Ыдырау реакциясы кезінде мырыш 
ионы субстраттың атомдарының бірімен аралық байланыс түзеді де, гидролиздік реак-
цияның іске асуын қамтамасыз етеді. Басқа да көптеген ферменттерде осындай қызметті 
кіші органикалық молекулалар атқарады. Мұндай кіші органикалық молекулалар, көп 
жағдайларда, коэнзимдер деп аталады. Мысал ретінде карбоксильдік топты (–СОО‾) 
бір молекуладан екіншісіне тасымалдайтын ферменттердің құрамына кіретін биотинді 
алуға болады. Биотин осындай реакцияларда карбоксильдік топпен аралық коваленттік 
байланыс түзеді, себебі ол осы реакцияда белоктардың синтезіне қажетті кез келген 
амин қышқылына қарағанда тиімдірек келеді. Биотин адамдарда синтезделмейтіндік-
тен ол организмге тағаммен бірге келіп түседі. Биотин витаминдер тобына жататын қо-
сылыс. Коэнзимі витамин немесе оның туындылары болып табылатын ферменттердің 
кейбір өкілдері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет