Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том


-КЕСТЕ.  Көптеген витаминдердің туындылары адам клеткаларының маңызды коэнзимдері



Pdf көрінісі
бет168/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

3.2-КЕСТЕ
Көптеген витаминдердің туындылары адам клеткаларының маңызды коэнзимдері 
болып табылады
Витамин 
Коэнзим 
Осы коэнзимдерді қажет етеін
ферменттік реакциялар
Тиамин (В
1
витамині)
Тиамин пирофосфат
Альдегидтердің активациясы мен 
тасымалы
Рибофлавин (В
2
витамині) ФАДН
Тотығу-тотықсыздану
Ниацин
НАДН, НАДФН
Тотығу-тотықсыздану
Пантотен қышқылы
Коэнзим А
Ацил тобының активациясы мен 
тасымалы
Пиридоксин
Пиридоксаль фосфат
Амин қышқылдарының активациясы; 
гликоген фосфорилаза
Биотин
Биотин
СО

–ның активациясы мен тасымалы
Липой қышқылы
Липоамид
Ацил тобының активациясы; тотығу-
тотықсыздану
Фолий қышқылы
Тетрагидрофолат
Жеке карбон топтарының 
активациясы мен тасымалы
В
12
витамині 
Кобаломин коэнзимдері
Изомерлену реакциясы мен метил 
топтарының тасымалы


БЕЛОК ФУНКЦИЯСЫ
183
Мультиферменттік кешендер клетка метаболизмінің деңгейін арттыруға 
көмектеседі
Ферменттердің химиялық реакцияларды жылдамдату тиімділігінің тіршілік үшін маңы-
зы өте зор. Клеткалар, ыдырау процестерінің қайтымсыз реакцияларына қарсы әрекет 
етуі тиіс, себебі реттелмеген ыдырау процестері клеткадағы макромолекулалардың 
дұрыс әрекетінің бұзылуына алып келеді. Егер қажетті реакциялар деңгейі бәсекелес 
қосымша реакциялардан төмен болса, онда клетка тіршілігін тоқтатады. Біз клетка ме-
таболизмінің деңгейін АТФ-ты тұтынуы негізінде қарастыра аламыз. Сүтқоректілердің 
клеткасы қалыпты жағдайда өзіндегі АТФ мөлшерін 1 немесе 2 минут ішінде қайта 
толықтыра алады. Әрбір клетка секунд сайын АТФ-тің 10
7
молекуласын тұтынады (не-
месе адам денесі әр минут сайын АТФ-тің, шамамен, 1 грамын тең). 
Ферменттің қатысуымен түзілген өнімнің мөлшері фермент пен субстраттың концен-
трацияларына тәуелді болады. Егер реакция тез арада іске асатын болса, онда фермент 
пен субстраттың концентрациялары өте жоғары болуы тиіс. Дегенмен, клеткада іске 
асырылатын реакциялардың көптеген түрлерінің болатынын ескерсек, онда клеткадағы 
қосылыстардың бір бөлігінің концентрациялары шектеулі болуы мүмкін. Негізінде
клеткада көптеген метаболиттер микромоль (10
-6
М), ал ферменттер одан да төмен кон-
центрацияларда болады. Осы мәліметтерге сүйене отырып, өте жоғары метаболиттік 
деңгейге қалай жетуге болады?
Бұл сұрақтың жауабы клетка компоненттерінің кеңістіктегі ұйымдасуында жатыр. 
Клетка реакция деңгейін субстраттардың концентрацияларын арттырмай-ақ жоғары 
деңгейде іске асыра алады. Клеткадағы осындай жоғары деңгейлі реакцияға қатыса-
тын әртүрлі ферменттер мультиферменттік кешен атты үлкен ферменттік жиынтыққа 
біріктіріледі (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет