Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет167/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

3.2-кестеде
келтірілген.
Басқа белоктар да өздерінің ерекше функциялары үшін спецификалық кіші моле-
кулаларды қажет етеді. Көз торының фоторецепторларында түзілетін родопсин атты 
сигналдық рецепторлық белок жарықты белок құрамында болатын ретиналь атты кіші 
молекуланың көмегімен сезеді (
3.53А-сурет
). Ретиналь А витаминінен түзіледі және ол 
жарық фотонын сіңірген кезде өз пішінін өзгертеді. Осы өзгеріс ферменттік реакциялар 
тізбегін іске қосады да, соңында электрлік сигнал миға жетеді. 
Құрамында белоктық емес бөлігі болатын белоктың тағы бір мысалы ретінде 
гемоглобинді қарастыруға болады. Гемоглобиннің әр молекуласында төрт гем – ор-
тасында темір атомы болатын сақиналы молекула – болады (
3.53Ә-сурет
). Гем тобы 
гемоглобинге (және қанға) оның қызыл түсін береді. Молекуладағы темір атомының 
газ түріндегі оттегімен байланыса алатын қасиетіне сәйкес гем гемоглобинге өкпеде 
оттегімен байланысып, оның басқа ұлпаларға жеткізілуіне мүмкіндік береді. 


182 3-тарау. Белоктар
3.53-сурет. 
Ретиналь мен гем. (A) Көздегі родопсинмен байланысқан жарыққа сезімтал келетін ре-
тинальдің құрылымы. Көрсетілген құрылым жарықты жұтқан кезде изомеризацияланады. (Ә) Гем 
тобының құрылысы. Құрамында көміртегісі бар гем сақинасы (қызыл) және оның ортасында темір 
атомы (қызғылт сары) орналасады. Гем тобы гемоглобин құрамындағы төрт полипептидтік тізбектің 
әрқайсысымен берік байланыста болады. 
Кейде осы кіші молекулалар белокпен ковалентті және тұрақты байланыста болады 
және белок молекуласының тұрақты бөлігі болып қалады. 10-тарауда біз белоктардың 
клетка мембранасында липид молекулаларымен коваленттік байланыста болатынын 
қарастырамыз. Сонымен қатар, клетка сыртында орналасатын және клетка сыртына 
секрецияланатын мембраналық белоктар болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет