189 3.59-сурет. Бір суббөлікті және мультисуббөлікті аллостерикалық ферменттер жағдайындағы фер- мент белсенділігі мен тежегіш ли- ганд концентрациясының қатына- сы. Бір суббөлікті фермент (қызыл сызық) белсенділігінің 90%-дан
10%-ға дейін төмендеуі (графиктың
қисығында екі нүктемен көрсетіл-
ген) тежегіш концентрациясының
100-есе артуын қажет етеді. Фер-
мент белсенділігі қарапайым Κ =[IP]/[I][P] теңдігі көмегімен есептеледі және мұндағы Р – белсенді
белок, І – тежегіш (ингибитор), ІР – тежегішпен байланысқан инактивті белок. Ұқсас қисық кез келген
екі молекула (мысалы А мен В) арасындағы байланысу қатынасына қолданыла алады. Керісінше,
мультисуббөлікті аллостерикалық фермент лиганд концентрациясына свитч-тәрізді жауап береді:
лиганд молекулаларының кооперативтік байланысуына күрделі фермент жауабы сезімтал болады.
Жасыл сызық екі суббөлігі бар аллостерикалық ферментке екі тежегіш лиганд, ал көк сызық төрт суб-
бөлігі бар аллостерикалық ферментке төрт тежегіш лиганд байланысуының нәтижесін көрсетеді. Осы
қисықтардағы екі нүктемен көрсетілгендей, мультисуббөлікті ферменттер белсенділігінің 90%-дан
10%-ға дейін төмендеуі үшін лигандтардың алдеқайда аз концентрациялары жеткілікті болады.
3.60-сурет. Екі бірдей суббөліктен тұратын ферменттегі кооперативтік аллостерикалық ауысу (транзиция). Осы
диаграмма бір суббөліктің конформациясы екінші көршілес
суббөлікке қалай әсер ететіндігін көрсетеді. Бір тежегіш (сары)
молекуласының ферменттің бір суббөлігімен байланысуы
қиындықпен жүреді, себебі ол суббөліктің конформациясын
өзгертеді және ферменттің симметриясын бұзады. Дегенмен,
осы конформациялық өзгеріс орын алғаннан кейін осы екі
суббөлік арасындағы симметриялық жұптасулық әрекеттесу
нәтижесінде түзілетін энергия екінші суббөлікке тежегіш ли-
гандтың байланысуын ыңғайландырады және екінші суббөлік-
тің дәл сондай конформацияға ұшырауын қоздырады. Бірінші
лиганд молекуласының бір суббөлікпен байланысуы екінші
суббөліктің тежегіш лигандпен байланысу аффинділігін артты-
рады. Сондықтан екі суббөлікті фермент тежегіш лигандттар-
дың аз концентрацияларына сезімтал болады (3.59-сурет пен