ГЕНОМДАР ҚАЛАЙ ДАМИДЫ?
267
ГЕНОМДАР ҚАЛАЙ ДАМИДЫ?
Осы тараудың соңғы бөлімінде біз гендер мен геномдардың қазіргі таңдағы тіршілік
формаларының түрлілігін қалыптастыруындағы даму жолдарына шолу жасаймыз.
Мыңдаған организмдер геномдарының секвенирленуі біздің эволюция процесіне деген
көзқарасымызды өзгертеді.
Тірі организмдердің әртүрлі өкілдерінде функциясы ұқсас болатын көптеген ген-
дердің анықталуы таңғажайып емес шығар.
Гомологты гендер – ата-тегі ортақ болатын
нуклеотидтік тізбектері мен функциясы ұқсас болатын гендер – әртүрлі филогенетика-
лық қашықтықта орналасқан организмдерде анықтала алады. Адамның көптеген ген-
дерінің қатесіз гомологтары басқа жұмыр құрттарда, жеміс шіркейі, ашытқылар мен,
тіпті, бактерия сияқты организмдерде де кездеседі. Көптеген жағдайларда туыстық өте
жақын болады. Ашытқы мен адам бір-бірінен эволюциялық тарихтың миллиондаған
жылдарымен ажыраған болса да, ашытқы генінің белок кодтайтын бөлігі адамның
генімен алмастырыла алады.
Тізбектің ұқсастығын тал-
дау ген мен белок
функциясын
анықтаудың
негізгі құралы
болды. Дегенмен, тізбектің
ұқсастығы
функционалдық
ұқсастықты
қамтамасыз ет-
пейді. Әдетте, жиі жағдайда
адамдағы биохимиялық және
генетикалық
ақпараты жоқ
геннің функциясын басқа
организмдердегі сипатталған
гендердің нуклеотидтік тізбек-
терін
салыстыру нәтижесінде
анықтауға болады.
Негізінде, жеке гендер
тізбектерінің консервативтік
деңгейі,
толық геномға қа-
рағанда, жоғарырақ болады.
Әртүрлі туыстық топтарға
жататын организмдер геном
ұйымдасуының көлемі, хромо-
сомалар саны, хромосомадағы
гендердің реті, интрондардың
ұзындығы мен саны, қайталма-
лы ДНҚ үлесі
мен организмді
кодтайтын гендер саны сияқ-
ты көрсеткіштер бойынша
бір-бірінен ерекшеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: