Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет255/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   330
282 4-тарау. ДНҚ, хромосомалар мен геномдар
Данио балығының көптеген дупликаттары, шамамен 30-50%, мутациялар әсерінен 
жоғалғанымен, дупликацияланған гендердің көптеген бөлігі функионалдығы бойынша 
ажырады да, гендердің екі көшірмесі де белсенді болып қалды. Көпшілік жағдайда 
дупликацияланған гендер арасындағы функционалдық айырмашылықтарына олардың 
әртүрлі ұлпаларда немесе дамудың әртүрлі кезеңдерінде экспрессиялануын жатқызуға 
болады. Бір болжам бойынша гендердің екі көшірмесінде де мутациялар тез арада орын 
алады. Мысалы, бір көшірме белгілі бір ұлпада өз экспрессиясын реттегіш мутация 
әсерінен жоғалтады, ал екінші көшірмесі басқа ұлпада экспрессиясын жоғалтады. 
Осындай жағдайда екі ген де функцияларының толықтай қалпына келуін қажет етеді; 
сондықтан осы екі ген инактивациялық мутациялар көмегімен жойылудан сақталады 
да, ұзақ уақыт аралығында жаңа функцияналдық қасиеттерге ие бола алады.
Глобин гендері туыстастығының эволюциясы ДНҚ дупликацияларының 
организмдер эволюциясына қосатын үлесін көрсетеді
Глобин гендерінің туыстастығы ДНҚ дупликациясының жаңа гендерді қалай қалыптас- 
тыратынын көрсетеді. Қазіргі таңдағы глобиндердің аминқышқылдық құрамындағы 
қатесіз ұқсастық, олардың кейбіреулері сүтқоректілер геномында мүлдем басқа гендер-
мен кодталса да, бір ататек геннен пайда болғанын көрсетеді. 
Біз оттегі тасымалдайтын гемоглобин молекулаларының әртүрлі типтерінің пайда 
болуына әкелген бұрын болған оқиғаларды орга-
низмдердегі әртүрлі белоктардың әртүрлі форма-
ларын қарастыру көмегімен қайта құрастыра ала-
мыз. Гемоглобин сияқты молекула көпклеткалық 
организмге үлкен көлемге дейін өсу үшін қажетті 
болды, себебі үлкен организмдер тері арқылы от-
тегінің диффузиясына ғана сүйене алмады. Бірақ 
оттегі, шамамен, барлық организмдер тіршілігінде 
маңызды рөл атқарады және оттегі байланысты-
рушы белоктар көптеген организмдерде, соның 
ішінде өсімдіктер, саңырауқұлақтар мен бакте-
рияларда табылған. Жануарларда, ең қарапайым 
оттегі тасымалдаушы молекулаға ұзындығы 150 
амин қышқылынан тұратын және құрттар, жәндік-
тер мен қарапайым балықтарда табылған глобин 
белогы болып табылады. Күрделі омыртқалылар-
дағы гемоглобин молекуласы глобиннің екі тізбе-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет