Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет253/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

280 4-тарау. ДНҚ, хромосомалар мен геномдар
мен, 28 нуклеотидтер жұбынан 
тұратын және соңғы дамыған 
омыртқалыларда консервативті 
болатын, бірақ көне ататектерде 
кездеспейтін 3 миллионға жуық 
кодтамайтын тізбектерді анықта-
удан басталды. Бұл тізбектердің 
әрқайсысы, омыртқалылар тір-
шілік ағашының әр тармағына 
тән болатын, функционалдық 
жаңалықты көрсетеді және олар-
дың көпшілігі гендер экспрессия-
сын реттейтін реттегіш тізбектен 
тұрады. Толық геномдық тізбегі 
белгілі организм үшін зерттеуші 
осы тізбектерге ең жақын орна-
ласқан гендерді анықтай алады. 
Ал, ажырау уақыты белгілі орга-
низмдерді салыстыру арқасында 
осындай тізбектердің консерва-
тивтік қасиеті бар тізбек ретінде 
қашан пайда болғанын анықтауға 
болады. Бұл жаңалықтар гендердің әртүрлі функционалдық кластарының арасындағы 
эволюциялық айырмашылықтарды болжауға мүмкіндік береді (
4.74-сурет
). Омыртқа-
лылар эволюциясының ерте кезеңдері – сүтқоректілер құстар мен бауырымен жорғалау- 
шылардан ажырағаннан бері (300 миллиондай жыл бұрын) пайда болған – консерва-
тивті реттегіш элементтер транскрипцияның реттегіш белоктарын немесе эмбриондық 
дамуда маңызды болатын гендермен байланысқан. Келесі дәуірде реттегіш ДНҚ жаңа-
лықтары клеткааралық сигналдарды кодтайтын гендердің айналасында пайда болды. 
Ал соңында, соңғы 100 миллион жылда, реттегіштік жаңа өзгерістер белоктардың 
пост-трансляциялық модификациясына қатысатын (протеинкиназалар сияқты), басқа 
белоктарды кодтайтын гендермен көршілес аудандарында пайда болды. 
Осындай жағдайлардың көптеген сұрақтары жауапсыз қалуда, бірақ омыртқалылар-
дағы гендер реттелуінің торы ерте кезеңде қалыптасқаны айқын. Соңғы эволюциялық 
өзгерістер сандық параметрлердің жетілдірілуі көмегімен пайда болды. Бұл жағдай 
сүтқоректілер арасында негізгі дене пішіні, ұлпалар мен дене мүшелері топологиясы-
ның жоғары консервативті болатынын түсіндіреді.
Гендер дупликациясы да эволюция барысындағы генетикалық 
жаңалықтардың маңызды көзі болады
Эволюция жаңа гендердің қалыптасуы мен бар гендердің модификацияларына тәуелді 
болады. Бұл қалай орын алады? Әртүрлі болып көрінетін организмдерді салыстырған 
кезде – мысалы, приматтар мен кеміргіштер немесе тышқан мен балық – біз бір түрде 
бар геннің басқа түрде гомологы болмайтынын тек сирек жағдайда ғана байқаймыз. 
Гомологты жұптары жоқ гендер адам мен құрт сияқты әртүрлі организмдерді салысты-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет