ГОМОЛОГТЫ РЕКОМБИНАЦИЯ
343
RecA АТФ-ті гидролиздейді және жоғары-
дағы әр қадам
әр RecA мономерінің АТФ-пен
байланысқан күйде болуын талап етеді. Осы
жағдайда молекулалық соқтығыс көмегімен
көптеген аудандар сынаудан өтеді.
Дегенмен,
тізбек алмасуы процесі іске асқанның өзінде де
RecA белогының ажырауы үшін АТФ гидролизі
қажет. Осы нүктеде репарациялық ДНҚ-поли-
мераза мен ДНҚ-лигаза
репарация процесін
аяқтай алады.
Гомологты рекомбинация бұзылған
репликативті айырларды сақтай алады
Радиация немесе
химиялық реакциялардан
орын алатын қостізбекті ДНҚ үзілістерін ре-
парациялаумен қатар гомологты рекомбинация
тоқтап қалған немесе
бұзылған репликативтік
айырларды құтқара алады. Репликативтік
айырды көптеген жағдайлар бұза алады. Айыр
зақымға ұшыраған кезде ыдырайды да, бір ин-
тактты еншілес
хромосома мен бір бұзылған
хромосома пайда болады. Гомологты рекомби-
нация көмегімен кейбір бұзылған репликативтік
айыр түзетіле алады (
5.50-сурет
).
Клеткалар ДНҚ репарациясы кезінде гомологты рекомбинацияның
қолданылуын өте қатаң реттейді
Гомологты рекомбинация қостізбекті ДНҚ үзілістері мен оның басқа да зақымдарын
репарациялайтын болса да, ол клеткаға қауіп төндіре алады, себебі ол, кейбір жағдайда,
геномның басқа ауданын матрица ретінде қолдана алады. Мысалы, бұзылған хромосо-
ма еншілес хроматидтің орнына басқа хромосомалық матрица көмегімен репарация-
ланады. Аталық және аналық хромосомалар ДНҚ тізбектерінде ерекшеленетіндіктен,
репарацияның осы түрі аталық хромосоманы аналық хромосомамен немесе керісінше
түзете алады. Осындай рекомбинацияның нәтижесінде
гетерозиготалықтың жоғалуы
орын алады. Егер қауіпті мутациясы бар аудан гомолог ретінде қолданылса, оның салда-
ры өте ауыр болуы мүмкін, себебі ауданның «жақсы» көшірмесі мутациялық ауданмен
алмастырылады.
Клеткалар осындай қателерді болдыртпау мақсатында гомологты рекомбинацияның
әр қадамын қатаң түрде реттеп отырады. Мысалы, бірінші қадамда бұзылған ұштардың
процессингі клетка циклымен бағытталады; бұл процесті іске асыратын нуклеазалар
клетка
циклының тек S және G
2
фазаларында активацияланады (осы кезеңде ғана
еншілес дуплекс матрица ретінде қолданыла алады).
Екі еншілес хромосомалардың
жақындығы басқа геномдық тізбектерді қолданудан бас тартады.
Тізбектер алмасуын іске асыратын RecA және Rad51 белоктарының ДНҚ-мен байла-
нысуы де қатаң бақыланады. Осы белоктар тізбектер алмасуын
in vitro жағдайында іске
Достарыңызбен бөлісу: