КЛЕТКАНЫҢ ХИМИЯЛЫҚ КОМПОНЕНТТЕРІ
59
сады. Көптеген кіші молекулалардың бірнеше рөлі болады, мысалы, молекула макро-
молекуланың бірлігі немесе энергия көзі бола алады. Кіші молекулалар, органикалық
макромолекулаларға қарағанда, сирек кездеседі және клеткадағы органикалық заттың,
шамамен, тек 10%-ын ғана құрайды. Болжау бойынша клеткада осы кіші молекулалар-
дың мыңдаған түрлері болуы мүмкін.
Барлық органикалық молекулалар қарапайым бірліктерден
синтезделеді және сол
бірліктерге дейін ыдыратылады.
Нәтижесінде, клеткадағы
қосылыстар бір-бірімен
тығыз байланыста болады және олардың көбісі бірнеше туыстастыққа жіктеле алады.
Жалпылай айтқанда клеткаларда кіші органикалық молекулалардың негізгі төрт туыс-
тасы болады:
қанттар, май қышқылдары, нуклеотидтер және
амин қышқылдары
(
2.6-сурет
). Дегенмен клеткадағы көптеген қосылыстар, солардың ішінде осы бірлік-
терден түзілетін кейбір макромолекулалар, осылай жіктелуге келмейді
.
Амин қышқылдары мен олар түзетін белоктар 3-тарауда қарастырылады. Қалған үш
туыстастықтың қасиеттері мен құрылымдары
Достарыңызбен бөлісу: