М.Өтемісов атындағы Батыс



бет10/44
Дата14.04.2023
өлшемі1,16 Mb.
#82636
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   44
Қарағайлар қатары (сосновые — Pinales) бір ғана қарағайлар (сосновые — Ріпасеае) тұқымдасынан тұрады. Бұл тұқымдаста 10 туыс, 250-дей түр бар. Аса кең тараған туыстарына мыналар жатады: май қарағай (пихта — Abies), шырша (ель — Рісеа), бал қарағай (лиственница — Larix), қарағай (сосна - Pinus).
Май қарағай туысы (пихта - Abies). Май қарағайдың дүние жүзі бойынша 40-тай түрі бар. Олар Солтүстік Америкада (15-түрі), Оңтүстік-Шығыс Азияда (7—8 түрі), Жерорта теңізі жағалауында, Орталық Европада, Кавказда және Гималай тауларында, Сібірде өседі. Май қарағайлар аса үлкен ағаштар, бұтақтары топтасып орналасады. Қылқаны жалпақ больш келеді және жалғыздан орналасады, оның төменгі жағында, көп жағдайда екі ақ түсті балауыздан тұратын жолағы болады. Аналық стробилі көп жағдайда тік орналасады, бір вегетациялық кезеңде пісіп жетіледі, содан соң шашылып түсіп қалып отырады.
Бұрынғы одақтас республикалардың флорасында май қарағайдың (пихта — Abies) 9 түрі, ал Қазақстанда 2 түрі кездеседі. Сібір май қарағайы (пихта сибирская — Asibirica) бұрынғы одақтас республикалардың европалық бөлігінің Солтүстік шығысында, Батыс, Орталық және Шығыс Сібірде және Монголияда өседі. Үлкен алқапты қамтып орман түзеді. Тегістікте де, таулы жерлерде де өседі. Ағашы жүмсақ, құрлыс материалы ретінде де, әртүрлі бұйымдар жасауға да пайдальшады. Сонымен бірге оны қағаз өңдірісінде шикізат ретінде пайдаланады. Қылқанынан лак жасауға қажетгі эфир майы алынады. Жас бұтақтарында борнеол (камфора) болады. Май қарағай бальзамы жараны жазуға бірдер-бір қажетгі дәрі. Ақ май қарағай (пихта белая - A.alba) (185-сурет) бұрынғы одақтас республикалардың батыс аудандарында, Орта Азияның, Оңтүстік және Батыс Европаның тауларында 2 мың метр биіктікке дейін орман түзеді. Кавказ май қарағайы (пихта кавказская - A.nordmanniana) букпен қосылып Кавказ тауыны ң батыс бөлігінде, тауларында 2 мың метр биіктікке дейін орман түзеді. Өте сәндік ағаш. Украина мен Белоруссияда оны қолдан өсіреді.
Шырша туысы (ель — Рісеа). Бұл туысқа Солтүсіік Европада, Орталық және Шығыс Азияда, Солтүстік Америкада кеңінен таралған 45 түр жатады. Қабығы ақшылдау сұр түсті, бүтақтары топтасып орналасқан, биік ағаштар. Қылқаны төрт қырлы болып келеді, жалғыздан орналасады, оның әр жағында бір-бірден ақ түсті жолағы болады. Тамыр системасы, көпшілігіңде терең кетпейді. Көлеңке сүйгіш өсімдіктер. Аналык стробилдері бір вегетациялық кезенде пісіп жетіледі. Тұқымдары піскен кезде стробилдері төмен қарап салбьфап түрады, содан соң, түгелімен жерге үзіліп түседі.
Бұрынғы одақтас республикалардың флорасында 10 түрі, ал Қазақстан флорасында 2 түрі (Шренк шыршасы - ель Шренка - P.schrenxiana; сібір шыршасы-ель сибирская — P.ooovata) кездеседі. Көдімгі шырша (ель обыкновенная - P.abies) (186-сурет). Батыс Европада және бұрынғы одақтас республикалардың европалық бөлігінде кеңінен таралған. Көптеген кеңістікті: алқапта, таза шыршалы немесе қайыңмен және қарағаймен қосылып, аралас ормандар түзеді. Ағашын қүрылыс материалдарына, әртүрлі бұйымдар жасауға, отынға және қағаз жасауға қажеггі шикізат ретінде пайдаланады. Ағашынан айыру жүмыстарын жүргізу арқылы (при перегонке) смола, канифоль, вар, скипидар алады. Қабығында тері илеуге қажетті заттар (дробильные вещества) болады.
Қарағай туысының (сосна — Pinus) 100-дей түрі бар. Олар негізінен солтүстік ендіктің қоңыржай климатты аймақтарында өседі, субтропикаларда тау ормандарын түзеді, бірнеше түрлері тропикалық облыстардың тауларында кездеседі. Бүлар үлкен немесе кішілеу ағаштар болып келеді, бұтақтары топтасып орналасады. Үзарған сабақтары, жарғақ тәрізді қабыршақты жапырақтармен жабылған, олардың қолтықтарында қысқарған сабақтары жапырақтарымен орналасады. Әдетте мүндай жапырақтар 2—5-тен топтасып орналасады. Аналық стробилдері 2—3 жылда пісіп жетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет