Мухитдинов на печать indd


Шәууәл لاوش – ай күнтізбесі бойынша рамазан айынан кейінгі оныншы ай. Ол  қажылық айларына жатады. Шейх



Pdf көрінісі
бет198/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   200
Шәууәл لاوش – ай күнтізбесі бойынша рамазан айынан кейінгі оныншы ай. Ол 
қажылық айларына жатады.
Шейх – мұсылман ғалымдардың құрметті атағы. Дәруіш екі түрлі: бірі ел 
кезіп қаңғырып жүреді, бірі дәруіш орденіне бірігіп, шейх басқаратын мекен-жай-
ларда тұрады (ҚҰЭ).
Шиғар некесі راغشلا حاكن – екі кісінің бір-біріне қыздарын мәһрсіз(қалыңмал-
сыз) әйелдікке беруі.
Ширк كرشلا – Аллаһқа серік қосу, Онымен қатар бір нәрсеге табыну. Ширк 
– Аллаһ кешірмейтін ең үлкен күнә. Жаратушы жалғыз Аллаһқа тән сипаттарды 
Одан басқа бір нәрсеге таңу да ширкке жатады. Мысалы, Аллаһтан басқадан пер-
зент сұрау, ауруына ем сұрау және т.б. 
Шуфға ةعفشلا – қандай да бір мүлікті сатып алуға қатысты құқық басымдығы. 
Ондай құқық басымдығы меншік иесінің серіктесі мен көршісіне беріледі. 
Шүкір ركشلا – алғыс.
Шүкіршілік – Аллаһтың барлық игілігін мойындау, осы игіліктері үшін Оны 
мадақтау және оларды Аллаһқа құлшылық ету жолында пайдалану.
Шын дүние. Ақырет, о дүние. Ислам ақидасы бойынша, адам бұ өмірде 
уақытша өмір сүреді, ал нағыз мәңгі өмір о дүниеде. Сондықтан ақыретті «шын 
өмір» деп те атайды. 
«Бұ дүниеден өтіпсің, шын дүниеге жетіпсің» (Батырлар жыры).
Шынайы таң ату. Таң намазының кіргендігін білдіретін шығыс жақтан пай-
да болатын горизанталды жарық. Фиқһ ілімінде Намаздың уақыттары тарауында 
және Оразада ауыз бекіту тарауында кездесетін термин. Шариғат заңы бойынша, 
бұл уақыт таңның алғашқы бөлігі саналады, сондықтан бұл уақытта таң намазын 
оқуға болады және сәресі ішуге рұқсат етілмейді.


254
Шыншыл قيدصلا – арабшасы «сыддық». Бұл сөз термин ретінде пайғамбар-
лардан кейінгі дәрежені иемденген адамдарға қолданылады. Иса пайғамбардың 
анасы Мәриям мен Мұхаммед пайғамбардың ұлы сахабасы Әбу Бәкір әс-Сыддық 
та осы шыншылдар қатарына жатады.


255


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет