Н. П. 6В07150-Электрэнергетикасы бб студенттері үшін «Автоматтандырылған электр жетегі теориясы» пәнінің зертханалық практикумына арналған әдістемелік нұсқау Шымкент, 2021 ж



бет8/26
Дата29.09.2023
өлшемі446,9 Kb.
#111424
түріПрактикум
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26
Автотрансформатор модулі

Автотрансформатор модулі келесіні қамтамасыз етеді:



  • 0...250В, 5А тұрақты токтың =U кернеуін реттеу.

Модулдің сыртқы көрінісі 11-суретте көрсетілген.



Сурет 11. Автотрансформатор модулі


Модулдің беттік панеліне келесілер шығарылған:



  • айнымалы токтың 220 В бір фазалы кернеуін енгізу үшін XS1 және XS2 клеммалары;

  • шығыс кернеуін реттеу үшін автотрансформатордың тұтқасы;

  • шығыс клеммаларына кернеуді беретін SA1 тумблері;

  • шығыс айнымалы кернеуінің вольтметрі PV;

  • айнымалы ток амперметрі РА;

  • айнымалы ток шығыс кернеуінің клеммалары XS3 және XS4;

  • тұрақты ток шығыс кернеуінің клеммалары XS5 және XS6.

Автотрансформатордың құжаттық берілгендері 4-кестеде келтірілген.

Кесте 4- Автотрансформатордың құжаттық берілгендері



Параметр

Тип

ЛАТР-1,25

Номинал қуат, кВА

1,25

Номинал кіріс кернеуі, В

220

Шығыс кернеуінің өзгеру диапазоны, В

0...250

Бір фазалы трансформатор модулі

Бұл модуль бір фазалы трансформаторды зерттеуге арналған.


Модулдің сыртқы көрінісі 12-суретте көрсетілген.



Сурет 12. Бір фазалы трансформатор модулі


RP1 кедергісі трансформатордың бірінші ретті орамасына қосымша кедергіні енгізу үшін қолданылады, максималды мүмкін болған ток 1,2А.


RP2 кедергісі трансформатордың бірінші ретті орамасына қосымша кедергіні енгізу үшін қолданылады, максималды мүмкін болған ток 4,2А, максималды мүмкін болған қуат 170 Вт.
Беттік панелге трансформатордың бірінші ретті және екінші ретті орамалардың клеммалары шығарылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет