Жиілік түрлендіргіші
Жиілік түрлендіргіші (ЖТ) тораптың 3x380В айнымалы кернеуінің жиілігі мен тогының мәндері реттелетін үш фазалы кернеуге түрлендіруін қамтамасыз етеді.
Модулдің сыртқы көрінісі 9-суретте көрсетілген.
Сурет 9. Жиілік түрлендіргіші модулі
Жиілікті түрлендіргіш модулінің құрамында:
- сұйық кристалды индикаторы бар OMRON CIMR F7Z40P4 жиілікті түрлендіргіштің өзі;
- үш фазалы кернеуді жиілік түрлендіргішіне беретін А, В, С клеммалары;
- түрлендіргіштің шығыс кернеуін алу үшін Al, Bl, С1 күштік клеммалары;
- жылдамдық/моментті беру үшін RP1 потенциометрі;
- айналу бағытын беретін тумблер SA1 (алға/артқа);
SA2 тумблері – жұмыс режимін таңдау (жылдамдық/момент);
күштік модулден жылдамдық бойынша кері байланысты алу үшін қолданылатын XI разъемы.
Тиристорлы түрлендіргіш
Тиристорлы түрлендіргіш бір фазалы екіжинақты түрлендіргіш болып табылады. Жинақтар бөлек басқарылады.
Модулдің сыртқы көрінісі 10-суретте көрсетілген.
Сурет 10. Тиристорлы түрлендіргіш
Беттік панелге келесілер шығарылған:
- SA4 тумблері - «П»/«НМ» жұмыс режимін таңдау. «НМ» режимінде басқару сыртқы панелден жүзеге асырылады. «П» режимінде басқару реттегіштер модулінен жүзеге асырылады, сигнал XI клеммасына беріледі, сол кезде түрлендіргіштің барлық кері байланыстары ажыратылады. Жұмыс режимін таңдау сәйкес келетін жарықдиодымен бейнеленеді;
SA5 тумблері айналу бағытын таңдауды жүзеге асырады;
SA6 тумблер «Рұқсат беру» күштік бөлікті басқаруға рұқсат беруді қамтамасыз етеді.
- RP1 потенциометрі тумблерінің күйіне байланысты, кернеу немесе момент бойынша тапсырманың уставкасын қамтамасыз етеді.
ТТ модулінің индикаторы болады. Индикаторда оның шығыс кернеуі, якорь тогы және қоздырылуының мәндері бейнеленеді.
Түрлендіргіштің жұмыс режимінің индикациясы 4 жарық диодынан тұрады («Қорғаныс», «Жұмыс», «Көпір А» и «Көпір В»).
Достарыңызбен бөлісу: |