Н. П. 6В07150-Электрэнергетикасы бб студенттері үшін «Автоматтандырылған электр жетегі теориясы» пәнінің зертханалық практикумына арналған әдістемелік нұсқау Шымкент, 2021 ж



бет9/26
Дата29.09.2023
өлшемі446,9 Kb.
#111424
түріПрактикум
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26
Байланысты:
МУ-ТАЭ лаб каз

Сұлбаны жинаудың суреттелуі

Студенттердің зертханалық жұмыстарды орындауын жеңілдету үшін берілген пунктте мысал ретінде роторы қысқа тұйықталған асинхронды электр қозғалтқышының сұлбасы қарастырылады.


Зертханалық жұмыстарды орындаудың алдында әдістемелік нұсқаудың берілген пунктімен танысып алу ұсынылады.
Асинхронды электр қозғалтқышын жіберу үшін статорға үш фазалы кернеу 3x380В беру керек. Жіберу тогын азайту үшін статор орамасына реттелетін үш фазалы кедергі енгізіледі, ол «∞» күйінен «0» күйіне бірізді шығарылады.
Стендте жиналатын сұлба 13-суретте берілген.



Сурет 13. Зерттелетін тізбектің сұлбасы

Зертханалық стендке кернеуді беру стендтің қоректендіру модулінің QF1 автоматты ажыратқышын қосумен жүзеге асырылады.


3x380В кернеуді беру қорек модулінің QF2 автоматты ажыратқышымен жүзеге асырылады (А,В,С клеммалары).
Асинхронды электр қозғалтқыш расында күштік модулге қосылған. Күштік модулде қозғалтқыштардың мнемосұлбалары, сонымен бірге АҚ статорына, ТТҚ якоріне және қоздыру орамасына күштік кернеулерді беруге арналған клеммалар орналасады. Одан басқа АҚ мнемосұлбасында фазалы ротор клеммалары бейнеленген, олар стендте сәйкес келетін қозғалтқыш қолданылғанда ғана пайдаланылады.
Ток пен кернеуді бақылау үшін АҚ статорлы тізбегіне күштік модулдің ток және кернеу датчиктері қосылған. Ток датчигі (XS7, XS8 клеммалары) бақыланатын тізбекке бірізді жалғанады, кернеу датчгі (XS5, XS6 клеммалары) – параллель.
Датчиктердің шығыстары енгізу/шығару модулінің ADC1, ADC2, ADC3 кірістеріне жалғанады.
Зертханалық жұмыстарда сұлбаларды жинаудың көрнекілігін жақсарту үшін модулді электр сұлбалары емес, қарапайымдандырылған электр сұлбалары берілген. Осындай сұлбаның нұсқасы 14-суретте қарастырылады.



Сурет 14. Қарапайымдандырылған электр сұлбасы


Берілген сұлбада стендті қоректендіру модулі көрсетілмеген, себебі СҚМ-ң беттік панелінен ешқандай қосылыстар орындалмайды.


Бірақ асинхронды қозғалтқыштың статоры мен роторы орамаларының шығыстары, сонымен бірге тұрақты ток қозғалтқышының якорь және қоздыру орамаларының шығыстары күштік модуль құрамына енеді, бірақ сұлбада (Сурет 14) қозғалтқыш бөлек элемент болып көрсетілген. Бұл суретті ыбырсытпау үшін жасалған.
Суретте енгізу/шығару модулі де көрсетілмеген, бірақ датчиктердің және күштік модулінің КЖТ (ПЧН) шығыстарында енгізу/шығару модулінің кірістері көрсетіледі.
Назар аударыңыздар! Зертханалық кешеннің техникалық сипаттамалары мынадай – бір уақытта кешеннің екі бөлігінің біреуімен ғана жұмыс істеуге болады. Модулдер орналасқан тұраққа электр қорегі қорек және стендті қоректендіру модулі арқылы беріледі. Кешеннің бір бөлінінде зертханалық жұмысты орындау барысында қолданылмайтын бөліктің электр қоректенуі өшірілу керек. Берілген жұмыс шарты бұзылса, бұл жеке компьютерді қолданған кездегі өлшеулер нәтижелеріне әсер етуі мүмкін.
«Электр машиналары» кешенінің бір бөлігінің электр қоректенуін өшіру стендті қоректендіру модулінің автоматты ажыратқышымен жүзеге асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет