Н. П. 6В07150-Электрэнергетикасы бб студенттері үшін «Автоматтандырылған электр жетегі теориясы» пәнінің зертханалық практикумына арналған әдістемелік нұсқау Шымкент, 2021 ж


Зертханалық жұмыстарды рәсімдеу ережелері



бет10/26
Дата29.09.2023
өлшемі446,9 Kb.
#111424
түріПрактикум
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26
Байланысты:
МУ-ТАЭ лаб каз

Зертханалық жұмыстарды рәсімдеу ережелері

Зертханалық жұмыс келесі реттілікпен жүзеге асырылады: жұмыстың мәтіні мұқият жазылады, қолмен, кітапша түріндегі А4 форматында орындалады, МЕСТ 2.105, МЕСТ 8.417, СТ ОҚМУ 4.02-2008 сақталу керек (жоғарыда айтылған стандарттарды сақтай отырып жұмысты компьютермен А4 не А5 форматында рәсімдеуге болады).


Зертханалық жұмысты рәсімдеу мұқаба парағынан басталады. Мұқаба парағында жоғарғы оқу орнының, кафедраның, пәннің, зертханалық жұмыстың атаулары, студенттің аты-жөні, тобы, оқытушының аты-жөні көрсетіледі.
Содан соң зертханалық жұмыстың атауы, мақсаты және мәселелері, жұмысты орындау реті көрсетіледі, зерханалық қондырғының схемасы, тәжірибе және есептеудің нәтижелері бар толтырылған кестелер, алынған нәтижелерді өңдеу, қорытындылар, бақылау сұрақтарына жауаптар, қолданылған әдебиеттер тізімі беріледі.
Зертханалық жұмыстың парақтарын номерлеу арап сандарымен жүзеге асырылады. Парақ номері әр парақтың ортасында нүктесіз қойылады. Мұқаба парағын парақтардың жалпы номерленуіне енгізеді. Мұқаба парағына парақтың номерін қоймайды.

1 Зертханалық жұмыс




Кернеу бойынша сыртқы контуры бар бағындырылып реттелетін жүйені зерттеу. Тұйықталмаған жүйенің реттегіш сипаттамаларын зерттеу.


Жұмыстың мақсаты: тиристорлы электр жетегінің тәуелді реттеу жүйесінің реттегіштерін жөнге салу (настройка) әдістемесін үйрену.


Қысқаша теориялық мәліметтер

Реттелетін тұрақты ток электр жетегіде қолданылатын түрлендірігіштер – нолдің не бірфазалы немесе үш фазалы көпірлі сұлба бойынша жиналған тиристорлы реверсивті немесе реверсивті емес түзеткіштер болып табылады. Көп емес және орташа қуатты электр жетегінде кернеуді реттеу үшін сонымен бірге транзисторлы түрлендіргіштер қолданылады.


Аз көлемді және арзан, жартылай өткізгішті, соның ішінде интегралды операциялық күшейткіштердің және тиристорлы түрлендіргіштердің пайда болуымен тізбектей коррекциясы бар тәуелді реттеу жүйелерін құрастыру мүмкіндігі туды. Онда тізбектей қосушы n күшейткіштер қолданылады. Бұл күшейткіштер тек қосып, сигналдарды күшейтіп қана қоймай, сигналдар үстінен кейбір математикалық операциялар орындайды, сондықтан қосушы күшейткіштерді бұл жүйелерде реттегіштер деп атайды. Көбінесе реттегіштердің екі түрі қолданылады: пропорционалды (П-реттегіш), пропорционалды-интегралды (ПИ-реттегіш).
ПИ-реттегіші шығысындағы сигнал кіріс сигналына және уақыт бойынша кіріс сигналының интегралына пропорционалды, яғни
(1)
немесе операторлы формада беріліс функциясы түрінде

(2)
мұнда ; ; ; р- оператор.
Тәуелді реттеу жүйесі саны реттелетін айнымалылар санына тең контурлар қатарынан тұрады, әр реттеудің ішкі контуры тәртіп бойынша келесі сыртқы контурға тәуелді. Кез келген ішкі контурдың реттелетін айнымалысының берілген мәні тәртіп бойынша келесі болатын контур реттегішінің шығыс сигналымен анықталады. Нәтижеде барлық ішкі контурлар жүйенің шығыс координатасының реттеу тапсырмасына тәуелді сияқты жұмыс істейді. Әр контур ауытқу бойынша реттеу принципімен құрылады және оның өз реттелетін айнымалысы бойынша қатаң теріс кері байланысы және өз реттегіші бар. Әр сыртқы контур үшін ішкі контур реттеу объектісі құрамына енеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет