Н. П. 6В07150-Электрэнергетикасы бб студенттері үшін «Автоматтандырылған электр жетегі теориясы» пәнінің зертханалық практикумына арналған әдістемелік нұсқау Шымкент, 2021 ж



бет4/26
Дата29.09.2023
өлшемі446,9 Kb.
#111424
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
МУ-ТАЭ лаб каз

Стендті қоректендіру модулі

Стендті қоректендіру модулі тораптан 380 В үш фазалы кернеуді зертханалық кешенге енгізу, кешенді қысқа тұйықталу тогынан қорғау, күштік және төменгі вольтті кернеулерді стенд модулдеріне беру үшін қызмет етеді. Модулдің сыртқы көрінісі 2-суретте көрсетілген.





Сурет 2. Стендті қоректендіру модулі

Модулдің QF1 ажыратқышы, +15В, +5В екінші ретті қорек көзі бар. Стендті қорек көзіне қосу, модулдерге күштік және төмен вольтты кернеуді беру модулдің арт жағынан қосылатын жалғау кабелдерінің көмегімен жүзеге асырылады.


Беттік бөлігінде А, В, және С фазалары бойынша күштік кернеуді беру, сонымен бірге қоректің +5В, +15В и -15В төмен вольтты кернеу индикациясы бар. Сонымен бірге төмен вольтты кернеулерді беттік панелден басқару да мүмкін (кернеулердің және ортақ сымның сәйкес келетін клеммалары шығарылған).


Қоректендіру модулі

Қоректендіру модулі сұлбаны жинау барысында модулдерге 380 В үш фазалы кернеуді беру, қосылған модулдерді қысқа тұйықталу тогынан қорғау үшін қолданылады.


Модулдің беттік панелінде QF2 автоматты ажыратқышы, А, В, С, N үш фазалы кернеу клеммалары, фазалық кернеулердің бар екендігінің индикациясы, -220В фазалық кернеуініңің және 220В түзетілген кернеу клеммалары орнатылған. Модулдің сыртқы көрінісі 3-суретте көрсетілген.



Сурет 3. Қоректендіру модулі




Қуатты өлшеу модулі

Қуатты өлшеу модулі (ҚӨ) айнымалы токтың үш фазалы торабының электр параметрлерін өлшеуге арналған. Модулдің сыртқы көрінісі 4-суретте көрсетілген.


Беттік панелде келесілер орнатылады:
- модулді жалғаудың А, В, С и N (генератор) кіріс және Al, Bl, С1 и N (жүктеме) шығыс клеммалары;

  • қуатты өлшеу модуліне қоректі беру үшін «Торап» батырмасы;

-модулді RS-232 бірізді порты арқылы жеке компьютерге жалғау разъемы;

  • аспаптың көрсеткіштерін бекіту батырмасы.




Сурет 4. Қуатты өлшегіштің модулі

Қуатты өлшеу модулінің үш қатарлы дисплейі бар. 1-кестеде өлшенетін параметрлер көрсетілген.


Кесте 1- Өлшенетін параметрлер



Жоғарғы қатар

V1 – кернеудің фазалық мәні;
V12 – кернеудің желілік мәні;
А1 – токтың фазалық мәні;
А – үш фаза тогының орташа мәні;
W – актив қуаттың мәні;
Vаг- реактив қуаттың мәні.

Ортаңғы қатар

V2 - кернеудің фазалық мәні;
V23 - кернеудің желілік мәні;
А2 - токтың фазалық мәні;
V – кернеудің орташа мәні;
WH – сағатына тұтынылатын актив қуаттың мөлшері;
VarH - сағатына тұтынылатын реактив қуаттың мөлшері.

Төменгі қатар

V3 - кернеудің фазалық мәні;
V13 - кернеудің желілік мәні;
Аз - токтың фазалық мәні;
PF – қуат коэффициенті;
HZ – тораптың жиілігі.

Үш қатарлы дисплей астында басқару батырмасы кнопкалары орналасады:


DISPLEY – өлшенетін шамалардың көрсеткіштерін қайта қосу;
CHANNEL – фазалар арасында берілгендерді қайта қосу (тек қана W, WH, Var, VarH мәндері үшін);
MAX – максималды, минималды және әрекеттік мәндердің арасындағы қайта қосу;
RESET – көрсеткіштерді өшіру;
HOLD – көрсеткіштерді бекіту.
Өлшегіштің техникалық көрсеткіштері 2-кестеде берілген.
Кесте 2- Өлшегіштің техникалық көрсеткіштері



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет