Параметр
|
Өлшеу диапазоны
|
Қателік
|
Кернеу, В
|
32...640
|
0,15%
|
Ток, А
|
0,05...5
|
0,15%
|
Жиілік, Гц
|
40...400
|
0,2%
|
Актив қуат, Вт
|
-
|
0,3%
|
Қуат коэффициенті
|
-
|
0,3%
|
Толық қуат, ВА
|
-
|
0,3%
|
Реактив қуат, Вар
|
-
|
0,3%
|
№1 қосымша кедергілердің модулі
№1 қосымша кедергілер модулі реттелетін үш фазалы активті жүктемені жасау үшін қолданылады.
Модулдің сыртқы көрінісі 5-суретте көрсетілген.
Сурет 5. №1 қосымша кедергілердің модулі
Фазалық токтардың әрекеттік мәндері ұзақ режимде 1А-ден аспау керек және қысқа уақытша 1,5 А-ге дейінгі жүктеме мүмкін.
№2 қосымша кедергілердің модулі
№2 қосымша кедергілердің модулі стендте тұрақты ток машинасының якорлі тізбегіне және қоздыру орамасы тізбегіне қосымша кедергілерді енгізу үшін қолданылады. Модулдің сыртқы көрінісі 6-суретте көрсетілген.
Сурет 6. №2 қосымша кедергілердің модулі
Якорлі тізбекке жалғануға арналған SA1 қайта қосқышының шкаласының 0, 20, 40, 160, ∞ Ом бөлінулері бар. Осы кедергілер арқылы өткен токтың мәні ұзақ уақытты режимде 1,0А аспау керек және уақытша 1,5 А дейін асқын жүктелуі мүмкін болады.
RP1 резисторларының ток бойынша қорғанысы қарастырылған, қорғаныстың іске қосылуы жарық диодымен дабылданады. Қорғаныс іске қосылған жағдайда SA1 қайта қосқышын «∞» күйіне келтіру қажет.
Қоздыру тізбегіне қосылуға арналған SA2 қайта қосқышының шкаласының 0, 220, 440, 660, 880, 1100 Ом бөлінулері болады. Осы кедергілер арқылы өтетін токтың мәні ұзақ уақытты режимде 0,25 А аспау керек және уақытша 0,3 А дейін асқын жүктелуі мүмкін болады.
Достарыңызбен бөлісу: |